1 дәріс Қазіргі білім, оның даму тенденциялары, білім берудің негізгі тұжырымдамалары мен тәсілдері. Педагогикалық қызметтің ерекшелігі және «Педагог» мамандығы
1 дәріс Қазіргі білім, оның даму тенденциялары, білім берудің негізгі тұжырымдамалары мен тәсілдері. Педагогикалық қызметтің ерекшелігі және «Педагог» мамандығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ Шашаева Гүлбақыт Қадыржанқызы PhD, аға оқытушы Алматы, 2024 Жоспар
ПЕДАГОГИКА – білім беру, оқыту және адам тәрбиесі жайлы ғылым.
«Педагог» деген сөздің өзі гректің «paida» - бала, «gogas» – жетектеу, яғни баланы жетектеуші деген мағынаны білдіреді.
Қазіргі кезде бұл сөздің мағынасы өзгеріп, баланы болашақ өмірге жетектеу, әлеуметтік тәжірибелерді меңгертіп, қоғамдық өмірге дайындау деген мағынаны білдіреді.
ХХІ ғасырда өндірістік, әлеуметтік қатынастардың күрделенуіне қатысты адами ресурс сапасын жақсарту мәселесі өзектеніп, білім беру ұғымына деген көзқарас әлемдік деңгейде өзгере бастады, себебі:
Білім беру – мемлекет өркендеуінің маңызды қозғаушы күші;
Білім беру – мемлекеттің адами капиталын қалыптастырудың іргетасы;
Білім беру – әр тұлға үшін де, қоғам үшін де баға жетпес құндылық;
Білім беру – адамның тұлғалық және кәсіби дамуының басты факторы.
Әр мемлекеттің дамуындағы негізгі көрсеткіштердің бірі – адами капиталдың даму деңгейі, адами құндылықтар сапасы. Осыған орай атақты Абылай ханымыздың «Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік. Білімге сенер заманда – қапы қалып жүрмейік» - деп ескерткен сөздері бүгінгі күні де білім беру жүйесінің алдында тұрған өте жауапты әлеуметтік міндет. Сондықтан күні бүгінге дейін педагогика ғылымының негізгі категорияларының бірі ретінде саналып келе жатқан «білім беру» ұғымын қазіргі таңда кең мағынадағы әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырған дұрыс.