Дәріс №2. Тақырыбы: Оқыту процесі тұтас жүйе. Дәріс мақсаты



бет1/2
Дата29.09.2022
өлшемі16.57 Kb.
#461552
  1   2
Дәріс 2


Дәріс №2.
Тақырыбы: Оқыту процесі тұтас жүйе.
Дәріс мақсаты: Оқытудың мәні мен құрылымының қазіргі кезеңдегі түсінігі,оқыту екі жақты процесс, оқыту процесінде бастауыш білім беру жасындағы оқушылардың өз бетінділігін қалыптастыру мәселесіне тоқталу.


Жоспар:
1. Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері.
2. Оқытудың мәні мен құрылымының қазіргі кездегі түсінігі.
3. Оқыту екі жақты процесс.
4. Іс әрекет оқытудың мәндік сипаттамасы.
5. Тұтас оқыту процесіндегі оқу оқушының танымдық іс әрекеті.
6. Оқыту функциялары.

Дидактика балаларды және үлкендерді оқытудың міндеттері мен мазмұнын ашатын, білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру процесін суреттейтін, оқытуды ұйымдастыру ұстанымдарын, әдістерін және формаларын сипаттайтын, оқыту мен білім беру мәселелерін жасайтын педагогиканың құрамдас бөлігін құрайды.


Оқыту процесі қоғам дамуының әлеуметтік экономикалық және саяси жағдайлармен, адамдардың әрекеттері және тіршілік қажеттіліктерімен, қазіргі таңдағы ғылыми техникалық прогрестің жетістіктерімен және күн сайын артып отырған оқушы тұлғасына қойылатын талаптармен детерминделеді.
Дидактика ғылым ретінде пән өрісінде әрекет ететін заңдылықтарды зерттейді, оқыту процесінің барысын және нәтижесіне жағдай жасайтын тәуелділіктерді сипаттайды, жоспарланған мақсат міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін әдістерді, ұйымдастыру формаларымен құралдарын анықтайды. Олардың негізінде ол екі басты қызмет атқарады:

  1. Теориялық (диагностикалық және прогностикалық);

  2. практикалық (нормативтік, құрал ретінде).

Дидактиканың алдынды шешімі ең алдымен, онымен тығыз байланысты басқа ғылымдардың (философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, этнология, педагогикалық психология, адам физиологиясы, нақты әдістеме және т.б.) жетістіктерін біршама тиімді пайдалауды қажет ететін жаңа мәселелер туындап отырады. Дидактика педагогиканың негізгі бөлімі, бөлім оқыту теориясы деп аталады.
Дидактиканың негізін қалаған, дамуына зор үлес қосқан- чехтың ұлы ағартушысы Я.А. Коменский.
Оқыту туралы айтылған және жазылған пікірлер өте көп...
Оқыту- күрделі процесс, яғни оқытушы мен оқушылардың өзара әрекеті, қарым-қатынасы, оқушылардың ғылыми білімдермен дағдылармен қаруландыруға бағытталған, оқу танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын, дүние таным мен адамгершіліктік әсемдік көзқараспен сенімді қалыптастыратын, шығармашылық қабілетін дамытатын белгілі мақсат көздейтін процесс.
Педагогикада білім беру мазмұны өте күрделі көп қырлы түсінікті білдіреді. Ол жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың ғылыми негізі. Әр түрлі оқу пәндеріндегі материалдарды оқушылардың игеру үшін оқу бағдарламасының негізі етіп пәнаралық байланысты башылыққа алуда.
Білім берудегі көрсетілген мақсат білімге, дағдыға,іскерлікке деген қатынас жеке тұлғаның физикалық және ерікті құндылық , ақылдылық жан-жақты жетілген азамат қалыптастыруға негізгі құрал болып табылады. Өмірдегі қажетті мәдинетті, өнерді, ғылымды игеру әркімнің өз мақсаты түрлі әдіс –– тәсілдердің көмегімен игерілуі тиіс.
Оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу- тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері.
Әдіс деген ұғым гректің –жол, құрал, тәсіл деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан.
Оқыту әдісі дегеніміз- мұғалім мен оқушылардың оқыту, оқу мен дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған бірлескен іс-әрекеті. Ертеректе біреуге ұқсау, соның іс-әрекетін қайталау әдісі көп қөлданылған, әсіресе, еңбек әрекеті, сөздік әдістер, сөйлеу іс-әрекеті. Қазіргі кезде оқыту әдістерінің оннан астам классификациясы бар. Оқыту шектен тыс ауыспалы, дидактикалық процесс. Ертедегі философиялық және педагогикалық жүйелерден алатын дәстүрлі оқыту әдістері. Мұнда жалпы белгісі, негізі ретінде білімнің бастауы алынады. Ал бұған практика, көрнекілік, сөздік әдістер жатады. Мәдениеттің дамуына байланысты кейінен бұларға кітап, аудиовизиоақпараттар және компьтер жүйесі қосылды.
Оқытуды ұйымдастырудың формасы- ол педагогикалық категория яғни ұғым. Оқытуды ұйымдастырудың формасы- дидактикалық түсінік ретінде, белгіленген жерде, белгіленген уақытта, білімалушылардың, яғни оқушылардың белгілі бір тобымен (тұрақты саны), белгілі бір тәртіппен ұйымдастырылған оқыту процесінің сырт көрінісі. Орта ғасырда- жеке дербес оқыту, жеке топтық оқыту болған. Мәнісі- жеке оқушылармен жұмыс істеген жеке топтың-мұнда жас шамасы әртүрлі болғандықтан әр балаға жеке үйретіп, жеке жұмыс жасауға тура келгендігінде.
Класс-ссабақтық жүйенің негізін салған Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский өз еңбектерінде сол жүйенің мәні мен маңыздылығын атап көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет