1-нұсқа
1. Дұрыс жазылған сөзді белгілеңіз.
А) Жәмила В) Күлай С) Күләндә Д) Дүдамал Е) Ләззат
2. Туынды зат есімді көрсетіңіз
А) Аға В) Күй С) Іні Д) Әнші Е) Үй
3. Күрделі сан есімді көрсетіңіз.
А) Алтау В) Үшінші С) Тоғыз жүз елу Д) Мың Е) Жеті
4. «Тарс» сөзі қай сөз табына жататынын белгілеңіз.
А) Еліктеу сөз В) Қос сөз С) Көп мағыналы сөз Д) Кәсіби сөз Е) Біріккен сөз
5. Берілген сөйлем жай сөйлемнің қай түріне жататынын белгілеңіз.
Мені танимысың?
А) Толымды В) Жақты С) Жалаң Д) Атаулы Е) Жақсыз
6. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз.
Білімді өлмес - қағазда аты қалар
Ұста өлмес – істеген заты қалар.
А) Ерлік В) Достық С) Адамгершілік Д) Денсаулық Е) Өнер – білім
7. Жұп құрауға қабілеті жоқ дыбыстарды көрсетіңіз.
А) т, д В) ц, щ С) ж, ш. Д) қ, ғ Е) х, с
8. Қосымшаның түбір сөзге дұрыс жалғанған түрін белгілеңіз.
А) Граммы В) Граммі С) Граммы Д) Грамі Е) Грамми
9. Күрделі сөзді табыңыз.
А) Күркілдек В) Бақташылық С) Парасат Д) Ақмола Е) Толқымалы
10. Жіктеу есімдігін табыңыз.
А) Неше В) Емен С) Мен Д) Өзі Е) Ел
11. Етістік құрамына қарай нешеге бөлінетінін табыңыз.
А) 2 В) 5 С) 3 Д) 6 Е) 4
12. Сөйлемдегі анықтауыштың жасалу жолын белгілеңіз.
Мектепте алты жүз бала оқиды.
А) Зат есім В) Етістіктің есімше түрі С) Сан есім Д) Есімдік Е) Сын есім
13. Шешенге ең қажетті қасиетті табыңыз
А) Келісімпаз болу В) Көп тіл білу С) Сөзге тапқырлық Д) Көп сөйлеу Е) Өзін көрсету
14.Синонимдік қатарды табыңыз.
А) Біреу, кейбіреу, әркім В) Келесі, ендігі, бұрынғы С) Кенет, тосын, мүлде
Д) Жақсы, тәуір, оңды. Е) Көкшіл, көгілдір, жасыл.
15. Біріккен сөздегі кейінді ықпалды белгілеңіз
А) Бірқазан В) Шалкөде С)Жетіген Д) Дауылпаз Е) Сазсырнай
Достарыңызбен бөлісу: |