Жоспар
Кіріспе
1. Экскурсияны даярлау методикасы.
2. Экскурсия методикасының негізгі ережелері.
3. Экскурсия маршрутын жасау.
4. Жаңа экскурсияны дайындау.
5. «Әдіс», «Әдістеме», «Әдіснама» түсініктері.
1.Экскурсияны даярлау методикасы.
Экскурсия (лат. excursіo – сапар) – ғылыми, білім беру, танымдық, мәдени-ағарту, демалу, т.б. мақсаттарда белгілі бір орындарға ұйымдастырылатын ұжымдық сапар немесе жорық. Экскурсияның мазмұны зерттеу нысанына байланысты. Тақырыбы бойынша мәдени-тарихи, ғыл. жаратылыстану, өндірістік, өлкетану, т.б. Экскурсиялар болады. Экскурсияны оқу жүйесіне байланысты мектептерде жиі қолданылады. Мұндай жағдайларда Экскурсия оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге бейімдейтін оқу-бағдарламалық және мектептен тыс экскурсиялар болып бөлінеді. Экскурсия негізіне оның ақпараттық бөлімі, коршаған ортамен байланысы, ғылыми мәні, адамдардың бір-бірімен байланысы, оның идеялығы сияқты спектлерді қарастырады.
Сөз тұлғасы орыс тіліне XIX ғасырда енген. Басында бұл сөз «әскери шапшаңдық» деген мағынада қолданылып, кейін сөз мағынасы «серуенге шығу», «жорық», саяхаттау деген ұғымға ауысқан.
Бұл пән оқу үрдісіне Батыс Европа және Ресей оқытушылары арқылы ХVIII-ХІХғғ енгізілген. 1910 жылы оқушылар мен оқытушыларға қызмет көрсету үшінМәскеуде «Орталық экскурсиялық комиссия» құрылды. Совет өкіметі экскурсияны оқу үрдісіне ең қажет элемент ретінде қарастырды. 1918 жылы Мәскеуде «Оқушылардың орталық экскурсиялық бюросы» құрылды. Экскурсиялар туризмнің мәдени-танымдық түрі және құрама бөлігі ретінде 1920-30 жылдарда қарқынмен өрлей бастады. 1928 жылы «Советский турист» АҚ құрылды, 1930 жылы «Бүкілсоветтік пролетарлық туризм және экскурсия еркін қоғамы» (ОПТЭ) болып өзгертілді. Көптеген қалаларда «Норкомпросаның» эксурсиялық-туристік орталықтары ашылды. 1936 жылдан бастап туризм және экскурсияны дамыту төрағалығы ВЦСПС-ке өткізілді [1].
Экскурсиятанудың пән ретінде дамуы Кеңестер Одағында педагогика, өлкетану, мұражайтану, туризмнің дамуымен тығыз байланысты болды. Өткен ғасырларда оқу-білім беру ісінің белгілі мамандары экскурсияны оқу процесінің белсенді түрі ретінде санаған. Экскурсия бастапқы кезде мектептегі белгілі бір пәндердің бағдарламаларына енгізіліп, табиғатқа шығу, айналамен танысу сипатында өткізілген. Кейін оқу экскурсияларымен қатар оқудан тыс экскурсиялар да жолға қойыла бастаған. Бірақ мұндай экскурсияларға алғашында тек ауқатты адамдардың ғана шамасы келген. Олар сол кезде Қырымға, Кавказға, шетел курорттарына саяхат жасаған.Экскурсия кезінде танымдық білім алу мақсатын XVIII ғасырдағы алдыңғы қатардағы прогрессивті адамдар қойған. Ол үшін түрлі қоғамдық бірлестіктер құрып, қаржы мәселелерін ірі демеушілер арқылы шешкен.
Экскурсия — білім алудың негізгі формасы. Экскурсиялардың түрлі қоғамдық формацияда да, мемлекеттің түрлі кезеңдерінде де өзіндік орны болған. Сондықтан экскурсия өткізген уақыты бойынша емес, тақырыбы бойынша жүйеленген. Экскурсияның тарихи, кәсіптік, табиғи, архитектуралық, әдеби және т.б.бірнеше түрлері бар. Алғашқы экскурсиялар өткен ғасырлардың қоғамдық өмірімен танысуға қызығушылықтан жүзеге асқан. Бұл сол кезеңде діни, әулие жерлерге қажылық жасау сапары арқылы көрініп отырды.
«Методика» деген сөз грек тілінен пайда болған «метод» деген сөз – «бір нәрсеге жол» деп аударылады. Методиканың жалпы ұғымы – алдына қойған мақсатқа жетуі. Ал, «экскурсия» (excursio) латын тілінен аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді. Экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көруі. Негізінен бұл пән оқу үрдісіне Батыс Европа және Ресей оқытушылары арқылы ХVIII-ХІХғғ енгізілді. 1910 жылы Мәскеуде «Орталық экскурсиялық комиссия» құрылды оқушылар мен оқытушыларға қызмет көрсету үшін. Совет үкіметі экскурсияны оқу үрдісінде ең қажет элементі деп қарастырды. 1918 жылы Мәскеуде «Орталық оқушылар экскурсиялық бюро» құрылды. Экскурсиялар туризмде мәдени-танымдық түрі ретінде, құрама бөлігі ретінде 20-жылдардың сонымен 30-жылдардың басында өрлей бастады. 1928ж «Советский турист» АҚ құрылды, 1930 ж «Бүкілсоветтік пролетарлық туризм және экскурсия еркін қоғамы» (ОПТЭ) болып өзгертілді. Көптеген қалаларда «Норкампросаның» эксурсиялық-туристік орталықтары ашылды. 1936 ж бастап туризм және экскурсияны дамыту төрағалығын ВЦСПС және оның өкілдігіне иық артылды [2].
2.Экскурсия методикасының негізгі ережелері.
1. Экскурсантқа көруге, тыңдауға және сезуге көмек беру;
2. Экскурсантқа объекті көрудің, түсінудің практикалық дағдысын беру;
3. Тақырыпқа, әңгімеге, көрсетуге бүкіл экскурсия бойы тұрақты назар қамтамасыз ету.
Бұл ережелерді іске асыру үшін экскурсоводтан тек қана экскурсия мазмұнын ғана білу емес, оны өткізу және жүргізу методикасын білуін қажет етеді (сызба-1.).
Сызба-1. Экскурсия методикасы.
3.Экскурсия маршрутын жасау.
Экскурсия маршрутын жасағанда экскурсиялық топтың қозғалыс кезінде уақытты үнемді пайдалануды есте сақтау керек. Бірқалыпты объектілерді көрсете беруде сақ боду керек. Экскурсияның уақытын көрсетумен, әңгімелеумен және паузалармен толықтыру қажет. Көрсету мен әңгімені пайдаланудың 4 варианты бар:
1. Әңгіме мен көрсетудің бірге жүріп отыруы – экскурсанттар бейнеленіп жатқан объектіні зерттейді;
2. Тек қана әңгіме айтылады – қалаға сипаттама бергенде және тарихи оқиғалар қарастырылғанда;
3. Тек қана көрсету жүргізіледі – объектіні экскурсовод көмегімен зерттеу;
4. Көрсету де, әңгімелеу де жоқ – экскурсанттардың өзіндік жұмысы (бақылау, алған әсер мен білімді меңгеру).
Экскурсия кезінде тек қана әңгімелей берсе біраз уақыттан кейін экскурсияға деген қызығушылық төмендейді, одан кейін тіпті жоғалады. Сондықтан объектілерді көрсетудің, әңгімелеудің арасында үзілістің болуы тиіс.Экскурсия жасаған кезде маршрутқа байланысты үзілістерді жоспарлайды. Қала сыртына жасалған экскурсияла үзілістер ұзақтау болады. Үзілістерді дұрыс пайдалану керек. үзіліс кезінде пікір алысуға, көргенді талқылау дұрыс емес. Өйткені, кейіннен аудиоториялық қызығушылығы төмендейді. Лекция тыңдаушыларының зерттеуі бойынша 14-ші, 25-ші, 34-ші минуттарда тыңдаушылардың назары төмендейді екен. Сондықтан экскурсиялық методика осы уақыттарда жаңа объектті енгізеді. Одан басқа назар аударарлық тәсілдерді пайдаланылады (жазылған дыбысты тыңдау, слайдтарды көрсету).
4.Жаңа экскурсияны дайындау.
Жаңа экскурсияны дайындау шығармашылық топқа жүктеледі. Оның құрамын экскурсияның қиындығына қарай 3-7 адам кіргізіледі. Топ жетекшісі тағайындалады. Көп жағдайда ол сол мекемелер жұмыс істеп жүрген экскурсоводтар кіреді. Кеңесші ретінде әр түрлі салалардың мамандары шақырылады (сурет-1). Жаңа экскурсияны дайындау 3 кезеңнен тұрады:
1. Алдан-ала жұмыс – келешек экскурсияға мәліметтер жинау және сол мәліметтерді зерттеу, сонымен қатар экскурсияда көрсетілетін объектілерді таңдау;
2. Тікелей экскурсия дайындау – бұл дегеніміз экскурсиялық маршрутты құру, нақты мәліметтерді өңдеу, бірнеше негізгі сұрақтардан тұратын экскурсияның негізгі бөлігінің мазмұнын құрастыру, бақылау мәтінін жасау, экскурсия методикасын жинақтау, әңгімелеудің, көрсетудің тиімді методикалық тәсілдерін анықтау;
3. Қорытынды кезең – экскурсияның маршрутты қабылдау мекеменің басшысымен жаңа экскурсияны бекіту және экскурсияның алдында шығармашылық топ экскурсияны қорғайды. Жаңа экскурсияны дайындаудың кезеңдерін бейнелеуге болады. Олардың өзіндік реті бар. экскурсия тәжірибесінде қалыптасқан жүйелілік бойынша қарастырамыз (
Объект болып бір оқиғамен байланысты ғимараттар, түрлі құрылыстар, археологиялық ескерткіштер, өнер туындылары саналады. Экскурсия кезінде объекті көрсету басты орын алады. Дұрыс таңдалған объектілер олардың саны, көрсетудің кезектілігі экскурсия сапасына әсер етеді.
Объектілерді келесі топтарға бөлуге болады:
1. Біздің халқының өмірінде болған тарихи оқиғалармен, қоғаммен, мемлекеттің дамуымен байланысты орындар;
2. Ғимараттар мен құрылыстар, мемориалды ескерткіштер, белгілі адамдардың өмірі мен қызметіне байланысты орындар: архитектуралық ансамбльдер, қоғамдық-инженерлік құрылыстар, мәдени саласындағы ғимараттар және т.б.;
3. Табиғи объектілер: ормандар, саябақтар, өзендер, көлдер, қорықтар мен қорықшалар және реликті өсімдіктер;
4. Мемлекеттік және халық мұражайлардың сурет экспозициясы, тұрақты және уақытша көрмелер;
5. Археология ескерткіштері: ежелгі тұрақтар, қоныстар, қорғандар, киелі орындар және т.б.;
6. Өнер ескерткіштері: бейнелеу өнерінің туындылары, қолтаңбалы өнер, мүсін және т.б.
Экскурсияға кіргізілген объектілерге баға беру үшін келесі ережелерді пайдалану ұсынылады:
1. Танымдылық құндылығы – бұл дегеніміз объектінің бір нақты оқиғамен белгілі мәдени қайраткерлердің өмері мен шығармашылығына байланысты.
2. Объекттің әйгілігі – оның халық арасында белгілігі.
3. Объектінің әдеттігіден тыс болуы – объектінің қайтланбас ерекшелігі бір аңызбен немесе оқиғамен байланыстылығы.
4. Объекттің айқын көрінуі – сыртқы айқындығы қоршаған ортамен, ғимаратпен, құрылыстармен, табиғатпен өзара байланыстылығы.
5.«Әдіс», «Әдістеме», «Әдіснама» түсініктері.
Әдіс , метод— көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.
Әдіснама ,методология (грек. methodos - зерттеу жолы, теория және logos - ілім):
-ғылыми таным әдісі;
-ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Психология теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы психологиялық болмысты өзгеріске түсіру. Зерттеуші психологтың нәтижеге жетуі оның ғылыми құрал-жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан таңдап алуына байланысты;
-дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория игертуге және озгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы.
Әдіснама - әдістер туралы ілім, әдістер теориясы, зерттеліп отырған объекті жоніндегі мәліметтерді және жаңалықтарды бірізге келтіру тәсілдсрінің жүйесі. Ғылыми әдістің негізгі мақсаты — объtктивтік ақиқатты aшy. Зерттеудің нәтижесі де, оған апаратын жол да, әдіс те ақиқат болуы қажет. Әдіснаманын негізінде белгілі бір білімдер (ұғымдар, заңдылықтар) жүйесі жатады. Әдіснаманың ақиқаттығы оның негізінде жатқан теорияның ақиқаттығына байланысты. Ғылыми әдіснаманың дүрыс құрылған теорияға негізделгендіктен, қате болуы мүмкін емес. Дегенмен, объектіні тану кезінде әдіснаманы қолданүда қателік болуы мүмкін. Әдіс пәннің ерекшелігі арқьшы анықталғанымен, олар бір-бірімен қарама-қарсылықта болады. Пән мен әдістің бірлігі қарама-кайшылықтардың бірлігі болып табылады. Әдіс зерттелетін пәннің ішкі завдылықтарын біртіндеп қарау арқылы ғана ашады. Әдіс пен пәннің толық сәйкес келуі субъектінің объектіге біртіндеп жақындауы нәтижесінде болуы мүмкін. Әдіснама ғылыми-танымдық іс-әрекеттің формасы мен әдістері, әдістемелер бірлігі мен байланысының теориялық негіздеулері туралы ілім. Ғылым әдіснамасы зерттеу компоненттеріне (объектігі, затқа, мақсатқа және зерттеу мәселелеріне) сипаттама береді
Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту әдістемелері бар.
Әдістеме ғылымы тек тәрбие туралы ілім — дилактикаға ғана негізделіп қоймайды. Ол психология, педагогика, физиология т.б. ғылымдардың жетістіктеріне сүйеніп, білім беру жүйесіндегі озат тәжірибелер мен мәселелерді жедел ғылым талдаудан өткізіп отырады.
Әдістемені жалпы және жеке түрлерге бөледі. Жалпы әдістеме көптеген ғылымдарды оқудың негізі болып табылатын әдістерді (тізбектілік және оқу материалдың мазмұндамасының айқындығы, оның аудиторияға қолжетімділігі) қамтиды. Жеке әдістеме жалпы әдістеменің әдіс – тәсілдері шеңберінен шықпай, адамдарды тәрбиелеудің, оқытудың әдісін қарастырады. Осылайша, әрбір жеке әдістеме нақты ғылыммен өзара тығыз байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |