1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым



бет1/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
паразит экзамен ответ 1


1.Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі

  • Энтомология (грекше – entomon – шыбын-шіркей және iogos - ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым. Ол арнайы бірқатар пәндерге бөлінеді, оған жалпы энтомология-теориялық ғылыми пән, ауыл шаруашылық және орман энтомологиясы – ол пайдалы жәндіктерді зерттеумен қатар, өсімдіктерге зиянды жәндіктерге қарсы қолданылатын әдістерді зерттейді, сондай-ақ медициналық және мал дәрігерлік энтомологиясы болып бөлінеді.

Паразиттік өмір сүретін, жануарлар дүниесіне жататын организмдерді уақытшалы жəне тұрақты деп жіктеуге болады. Уақытша паразит - өзінің бүкіл өсіп-өну айналымын, жұмыртқадан ересек сатыға дейін, иесінен тыс жерде өткізіп, оларды тек қоректенгенде ғана пайдаланады. Бұларға соналар, масалар, төсек қандалалары жəне кейбір кенелер жатады. Кейбір паразит мезгіл-мезгіл жануарларға яғни өз иелеріне шабуылдап, олардың қанын сорып қоректенеді. Бұлар əдетте эктопаразиттер яғни сыртқы паразиттер. Тұрақты паразиттер – иелерінде ұзақ уақыт өмір сүріп, оларды қоректену үшін ғана емес, мекендеу үшін де пайдаланады. Олар дене сыртын немесе ие организмінің ішкі мүшелерін мекендейді. Бұл паразиттерді үнемі жəне кезеңді деп екіге бөледі. Үнемі паразиттер (биттер, қотыр кенелері жəне т.б.) иесінің үстінде немесе оның оранизмінде өмір сүріп, барлық өсіп-өну айналымын осында өткізеді. Кезеңді паразиттер иесін өзінің өсіп-өну айналымының белгілі бір сатысында ғана мекендейді. Мысалы, бөгелектер ие организмін тек қана балапан құрт сатысында ғана мекен етіп, ал ересектері мен қуыршақ сатысы сыртқы ортада өмір сүреді.

2. Паразит жәндіктердің морфологиясы және биологиясы


Жəндіктердің дене құрылысы. Жəндіктер денесі 3 бөлімнен құралған: оған бас, кеуде жəне құрсақ жатады. Денесі бунақталып келіп, сыртынан хитинді қабыршақпен жабылған, ол сыртқы əсерден қорғаумен қатар, қаңқа міндетін де атқарады. Жəндіктер басы кеуде бөлімімен қозғалмалы түрде тіркеседі. Басы 6 буыннан құрылып, бас сүйек қорабын түзейді. Басында ауыз мүшелері мен 2 мұртшасы (антенна) бар. Мұртшалары көздерінің ортасында, бастың алдыңғы жағына орналасқан жəне бірнеше буыннан құралған, қозғалмалы. Ол иіс сезу жəне сезімталдық қызметін атқарады. Мұртшалардың құрылысы əртүрлі болғандықтан, оның ерекшелігін жəндіктердің түрлерін анықтағанда пайдаланады. Ауыз мүшелері бастың алдыңғы жəне астыңғы жағына орналасқан. Олар жоғарғы еріннен, 3 пар ауыз немесе жақтардан жəне жұтқыншақ астынан құралған. Тамақтану түріне байланысты жəндіктердің ауыз мүшелерінің кеміргіш, сорғыш немесе тікенекті сорғыш түрлері бар. Басының екі жағында күрделі көздері орналасқан, олар ұсақ көптеген жай көздерден құралған. Сондықтан оларды торлы көздер деп те атайды.
3. Қансорғыш жәндіктердің құрамы және олармен күрес шаралары.
Қансорғыштар - сүтқоректілер мен құстардың сыртқы паразиттері. Олар қосқанаттылар Dіptera тегіне, қуыршақ туғыш- Pupіpara тек тармағына, Hyppoboscіdae тұқымдасына жатады. Олар бірнеше түрге жіктеледі: Melaphagus ovіnus (қойда), Hyppobossa eguіna (жылқыда), H. canіs (итте), H. camelіna (түйеде), Lіpoptema cervі (бұғыда, бұланда), сондай-ақ Ornіthomya туысының түрлері (құста). Бұларды қуыршақ туғыштар деп атайды, себебі тұқым жолындағы жұмыртқалардан пайда болған балапан-құрттар жыныс бездерінің шырынын сорып жетіледі. Сыртқа олар жетіліп шығып, 2-6 сағаттан соң-ақ қуыршақтанады. Қансорғыштар мына ауруларды қоздырады: мелафагоз (қойда), гиппобоскоз (жылқыда, түйеде).

4. Беймазалармен күрес шаралар.


Беймаза - мазасыз қос қанатты, уақытша тоғышар етіп күнелтетін бір топ жәндіктерді (сона, шақпа шыбын, маса, шіркей, құмыты, тас шыбын) айтады. Олар көптеген инфекциялық және инвазиялық аурулардың тасымалдаушылары болып табылады.
Беймазалармен күресу шаралары
Бұл жұмыс екі бағытта жүзеге асады.
1. Беймазаны биотоптарда жою:
1. Гидромелиоративтік шаралар - шаруашылыққа қажеті жоқ, майда өзендерді, көлдерді құрғату; оның орнына жасанды жайылым жасау; гидрогеологиялық режимді ұстау. 2. Химиялық шаралар:

а) ларвоцидтік дәрілер: Цифлунит-ON («Нита фарм», Ресей) дәрісін мал қораларында масаны жою үшін 1:400 қатынасында 1 л суға 2 мл дәріні қосып, сіңбейтін беткі қабатқа 1 м2 50 мл мөлшерінде ерітіндіні шашу; сіңетін беткі қабатқа 1 м2 100 мл мөлшерінде ерітіндіні шашу.


б) Ересек сатыларды жою үшін: 2,5% Диазивет 60% (Ветсинтез, Украина) дәрісін мал қораларының 1м2 аумағын 25-50 мл мөлшерінде шашу арқылы эктопаразиттерге қарсы өңдеу үшін (1 л Диазивет 60% ерітіндісін 24 л суға қосамыз). Шашуды 15-200С 10-20 күндік интервалмен шашу арқылы екі рет жүргіземіз (200С болса 2 рет 5-8 күндік интервалмен).
Цифлунит-ON («Нита фарм», Ресей) дәрісін мал қораларында масаны жою үшін 1:400 қатынасында 1 л суға 2 мл дәріні қосып, сіңбейтін беткі қабатқа 1 м2 50 мл мөлшерінде ерітіндіні шашу; сіңетін беткі қабатқа 1 м2 100 мл мөлшерінде ерітіндіні шашу.
Диакан 300 СS (1л мөлшердегі суспензия) – дезинсекция жүргізу үшін суспензияның 50 мл/м2 жүргізу үшін, сонда дәрінің 0,6% жұмсаймыз ( 1 л дәріні 50 л суға қосамыз); Неопитроид ЕС 20 (флакондағы эмульсия) – 0,1% ерітінді түрінде ( 25 мл эмульсияны 5 л суға қосамыз) 500-1000 мл мөлшерінде ірі қараға шашамыз; Пирвол (2% аэрозольды баллондағы эмульсия) – 385 мл мөлшерінде 40-45 м2 жерге баллонмен шашамыз.
3. Биологиялық шаралар. Шаруашылыққа керекті өзендерде, көлдерде пайдалы балықтар өсіру. Балықтар беймазалардың балаңдары мен қуыршақтарын жеп көректенеді.
2. Беймазаларды малдың денесінде жою: Инсектицидтерді қолдану: Цифлунит, Адвантикс, Байофлай Пур-он 1% және Неоцидол 600 дәрілерін қолдануға болады.

5. Соналардың морфологиясы, биологиясы, зияндығы және олармен күрес шаралары


Соналар-ірі қансорғыштардың бірі. Олар жылдың ыстық кезеңінде жануарларға жаппай шабуылдайды. Сондай-ақ, соналар су-ауру, топалаң жəне т.б. аурулардың қоздырғыштарын тасымалдайды. Соналардың 3500-дей түрі белгілі. Ол Dіptera қосқанаттылар тегіне, Brachіcera қысқа мұрттылар тек тармағына, Tabanіdae тұқымдасына жəне 65 туысқа бөлінеді. Евразия аймағында соналардың 190 түрі бар.
Мал дəрігерлік маңызы барлары: 1. Tabanus - нағыз соналар; 2. Chrysops - ала соналар немесе алтын көздер; 3. Haematopoda – жауын соналары немесе қан жалағыштар.
Морфологиялық құрылысы. Соналардың дене тұрқы 1-3 см дейін болады. Басқа жəндіктер сияқты соналардың да денесі үш бөлімнен тұрады: бас, кеуде жəне құрсақ. Сыртқы түсі əр түрлі. Басы жалпақ, оның екі жағында ірі күрделі (фасеткалы) көздері бар. Көптеген түрлерінің төбесінде нүкте тəрізді 3 қарапайым көздері де баршылық. Ауыз мүшелері тікенді-сорғыш болып, қан соруға бейімделген (ұрғашы соналарда). Еркек соналардың ауызы сорғыш түрлес, себебі олар тек қана өсімдік шырынымен қоректенеді. Кеудесі жақсы дамыған, оған ірі қанаттары жəне үш жұп аяқтары бекиді. Құрсағы қап тəрізді, 7 буылтықтан құралған. Tabanus туысына жататын соналар ірі, оған T. bovіnus жəне т.б. түрлер жатады. Chrysops туысының (ала соналар, алтын көздер) дене тұрқы орташа. Олардың негізгі түрлері: Ch. relіctus,Ch. pіctus жəне т.б. Мұртшалары ұзындау, қанаттары ала. Haematopoda туысы (жауын соналары) қан жалағыштар. Бұл туыстың түрлері: H. fluvіalіs, H. crassіcornіs. Өсіп-өнуі. Соналарға тіршілік қабілетін сақтау үшін өсімдіктер шырыны да жетеді. Бірақ аналық бездеріндегі жұмыртқаларының жетілуіне жануарлар қаны қажет. Сондықтан малға ұрғашы соналар ғана шабуылдайды. Соналар əдетте су қоймалары маңында көптеп кездеседі. Ұшу мерзімі мамырдың аяғында басталып, тамызда аяқталады. Негізінен олар 8-ден 18 сағатқа дейін, 160С-тан жоғары жылылықта (орташа 25-30 0С), кейбір түрлері ымырт жабылғанша ұшады. Олардың аналықтары көбінесе жылқы, ірі қара, түйе, бұғы малдарына шабуыл жасайды. Қан соруының ұзақтығы 2-20 минут, олар терінің жұқалау жерін таңдап, 50-200 мг қан сорады. Ұрықтанған сонаның аналығы қансорғаннан соң 4-5 күннен кейін су қоймалары мен шалшық сулар жиегіне өскен өсімдіктердің жапырағына не сабағына үйіп-үйіп жұмыртқа салады. Жұмыртқалары бір-біріне жəне өсімдікке желімделіп жабысып қалады. Əр аналық 3-5 рет жұмыртқалағанда 1000 жуық жұмыртқа салады. 6-10 тəуліктен соң жұмыртқалардан балапан-құрттар шығып, суға не ылғалды жерге түседі де онда олар жыртқыштық өмір сүреді. Балапан-құрттар 6 рет түлеп, дене тұрқы 20 мм-ге жетеді. Қыс бойы су қоймасының түбіндегі лайсаңға еніп, ұсақ құрттар жəне қарапайымдылармен қоректенеді. Жазғытұрым мұз еріп, күн жылыған соң жағалауға бауырымен жорғалап шығып, құрғақ жерде қуыршақтанады. Қуыршақ сатысы 4-6 аптаға созылады. Қуыршақтан имаго, яғни ересек соналар шығып, қанаты кепкен соң ұша бастайды. Имаго сатысында соналар 1-2 ай өмір сүреді. Соналардың толық өсіп-өнуіне 1-2 жыл керек. Ал мұның өзі қоршаған ортада ауа райына байланысты.
Зияндылығы. Соналар теріні жарақаттайды, денеге улы жəне антикоагулинді сілекейін енгізеді. Мұндай жарақаттардан қан сорғалайды, оған шыбын қонады. Соналардың əртүрлі жануарлардың қанын бөліп-бөліп соруы жəне өлексенің ұйымаған қанын соруы, олардың өте қауіпті ауырулар тасымалдаушы екенін дəлелдейді. Соналар топалаң, жылқының инфекциялық анемия, қарасан, туляремия, су-ауру жəне анаплазмоз аурулары қоздырғыштарын тасымалдайды. Сона шаққан мал арықтайды, сауын сиырдың сүті 15-20 % кемиді, жұмысқа қабілетін жоғалтады. Жануарлар тынышсызданады, аяқтары жəне құйрығымен қорғаныс қимылдар жасайды. Олар көлеңке қораларға немесе ағаш ішіне қашады. Жылқы қышынады, денеде көлемі кішірек ісіктер пайда болады. Кейде жылқының жүйкесі қозып, жерге жата кетеді, аунайды.
Дауа жəне күрес шаралары. Соналарды жайылымда жоюды ең алғаш орыс энтомологы Порчинский ұсынған. Кіші-гірім шалшық суларды “өлім шалшығына” айналдыруға болады. Кішкене шалшық суларға дизель жанар майы немесе мұнай өнімі 50 мл м2 м өлшерінде шашылады. Мұндай жерлерді шарбақпен қоршап қояды. Мұнайланған шалшық суларға қонған соналар денесін былғап, ұша алмай жерге құлап түсіп өліп қалады. “Өлім шалшықтарында” Tabanus жəне Chrysops туыстарына жататын соналар қырылады, ал Haematopoda туысына жататын соналар суға жоламайды. Жануарлар үстіне қонған соналарды жою үшін дезинфекциялық машина арқылы оларға хлорофостың 1 % ерітіндісін ДДВФ-ның 0,15 % эмульсиясын, үшхлорметафостың немесе карбофостың 1 % эмульсиясын шашады. Репеллент (үркіткіш) дəрілерден гексамид немесе карбоксидтің 3 % эмульсиясы, оксоматтың 3 % ерітіндісі қолданылады. Дəрі мөлшері: жылқы мен сиырға 1,5-2 л жəне бұзау мен құлынға 0,5-1 л. Экологиялық əдістерден мелиорация (жер құрғату), жер жыртып, мəдени өсімдіктер егу қолданылады. Сонасы көп жерлерде малды түнде жаю ұйымдастырылады.
6. Масалардың морфологиясы, биологиясы ветеринариялық маңыздылығы және күрес шаралары.
Масалар жылы қандылардың уақытша сыртқы паразиттері жəне олар əртүрлі инфекциялық жəне инвазиялық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылар. Евразия аймағында Culіcіdae тұқымдасының 70-тей түрі бар.
Ж.Есімбектің Ертіс өңірінде жүргізген зерттеулеріне қарағанда олардың бірқатары Қазақстанда да кездеседі. Əсіресе Aedes, Culex жəне Anopheles туыстарының ветеринариялық маңызы зор.
Морфологиясы (дене құрылысы). Масалардың денесі ұзынша келген, дене тұрқы 4-11 мм. Түсі əртүрлі, көпшілік жағдайда: сары жəне сары-қоңыр. Басы кішкентай дөңгелек пішінді, күрделі көздері үлкен. Мұртшалары 15 буылтықтан құралған. Мұртшаларын қысқа (ұрғашыларында) жəне ұзын (еркектерінде) түк басқан. Ауыз мүшелері тікендісорғыш түрлі, екі 5 буылтықты қармалауыштары бар. Кеудесінің төменгі жағы өркештенген, мөлдір. Anopheles туысына жататын масалардың қанаттарында қоңыр дақтар бар. Аяқтары ұзын, екі тырнақшалары бар. Құрсақ бөлімі ұзынша келген, 10 буылтықтан тұрады.
Өсіп-өнуі. Жануарлардың қанын тек қана ұрғашы масалар ғана сорады, ал олардың еркектері өсімдік шырынымен қоректенеді. Əрбір қан сорған сайын ұрғашы масалар ақпайтын қара суларға (Anopheles, Culex) немесе ылғалды жерге (Aedes) 150-450- ден жұмыртқа салады. Олардан 2-12 тəуліктен кейін балаң құрттар өрбіп шығады. Балаң құрттар қозғалымпаз, өздігінен өмір сүре алады, тыныс алады, ол үшін су үстіне тыныс түтікшелерін шығарады. Су ішінде олар төрт рет түлеп қуыршаққа айналады. Олардың денесі қара, пішіні үтір тəрізді. Маса қуыршақта-рының тыныс түтікшелері денесінің алдыңғы жағына орналасқан. Қуыршақ кезеңі 2-4 тəулікке созылады. Масалардың бір ұрпағының толық дамуына 3-6 апта уақыт керек. Қуыршақтан шыққан масаның ұрғашылары су жиегіндегі өсімдіктерге қонып, бірнеше сағат қозғалмай отырады. Сонан соң олар “үйірленуге” қатысып, еркек масалармен жұптасады да, жануарларды іздеуге кетеді, себебі масаның жұмыртқалары қан сорғаннан кейін ғана жетіледі. Масалардың ұрғашылары жылына 1-2 ден 17-28 ұрпаққа дейін береді, ал еркек масалар 10-15 тəулік қана өмір сүреді. Масалар жұмыртқа немесе имаго сатысында қыстап шығады.
Эпизоотологиялық деректер. Масалар шалшықты, ылғалды алқаптарға кеңінен тараған. Олар малдың барша түлігіне шабуыл жасайды. Масалар 2-3 км қашыққа ұша алады. Масалар 150-ге жуық адам мен жануарлар ауруларының қоздырғыш-тарын тасымалдайды. Мысалы: безгек ауруының қоздырғышын Anopheles туысына жататын масалар тасымалдайды. Aedes туысына жататын масалар құстар плазмодийін жұқтырады. Сондай-ақ масалар құстың шешек (күл) ауруы жəне үй қояндары миксоматозының, адамда болатын Боткин ауруының вирустарын жəне т.б. тасымалдайды.
Патогенезі. Масаның патогендік əсері олардың малға жабылған санына байланысты. Малға масалар жаппай жабылса, жануарлардың қаны азаяды, сондай-ақ олардың сілекейіндегі уытты заттар денеге тарап бүкіл организмді уландырады. Маса қан сорғанда денеге 1-14 мкг сілекейін жібереді. Сілекей құрамында парез, қабыну жəне ісік тудыратын уытты заттар бар. Ісіктің аумағы 10-15 мм. Маса шаққан жер қатты қышығандықтан мал қасынады, терісі зақымданып, инфекцияға жол ашылады. Егер 5-7 мыңдай маса жабылса 1 сағатта 100-120 г-дай қан сорады. Жаз айларында бір малдан олар 7-9 л-дей қан сорады. Маса сілекейінің уытты заттары орталық жүйке жүйесіне, қанға, қан түзетін мүшелерге əсерін тигізетіндіктен жоғалған қан мөлшері қайта толықтырылмайды. Масаның нағыз көп шабуылы кезінде, мал не күндіз, не түнде тыныштай алмай, арықтайды, сауын сиырлардың сүті кемиді, төлдің өсіп-жетілуі төмендейді. Əр сиырдан орта есеппен жаз айларында 1 центнердей сүт кем алынады, ал төлдің салмақ қосуы 8 кг төмендейді. Масалар қанды бөліп-бөліп бірнеше жануардан соратындықтан олар жылқының инфекциялық энцефаломиелитін, филяриатоздарын, құс безгегі мен т.б. ауруларды механикалық жəне биологиялық жолмен таратады.
Сыртқы белгілері. Маса шаққан жер қышынады, қабынып ісінеді жəне папула түзіледі. Мал қасынып, қабырғаға, ағашқа жəне т.б. заттарға үйкеп терісін зақымдайды. Организмнің жалпы реакциясы əр қилы, кейде қысқа уақытқа дене ыстығы көтеріледі, тіршілік тонусы төмендейді.
Дауа шаралары. Масаның өсіп-өнуіндегі барша сатыларына қарсы күрес жүргізу қажет. Жер құрғату (мелиорация), шабындықты мəдени суғару (ирригация) шараларын жүргізу қажет. Шаруашылыққа керексіз су қоймаларын жоюдың да маңызы бар. Балығы жоқ су қоймаларына 10 мл м2 мөлшерінде 1 % хлорофос ерітінідісі шашылады. Отызыншы жылдары масамен күрес үшін биологиялық əдіс те қолданылған. Ол үшін 1924 жылдан бастап Италиядан гамбузия балықтары əкелініп, су қоймаларына жіберіліп өсіп-өндірілген. Бұл балықтар негізінен масалардың балаң құрттарымен қоректеніп, оларды тез арада жойып жібереді. Соңғы жылдары маса жəне т.б. қансорғыш “беймаза” жəндіктермен күресте экологиялық əдіс кеңінен қолданылып жүр. Ол үшін мал тұрақтары мен уақытша жаздық шарбақтарын дөңдеу жерге, жел өтіне жəне маса биотоптары болатын шалшықты жерлерден аулақ (4-5 км) жерлерге қоныстандыру; сондай-ақ, жайылымдарға жеңіл құрылыстар ретінде көлеңкелі жəне жақсы желденіп тұратын лапас тəріздес уақытша тұрақтарды салу жақсы нəтиже береді. Күндізгі уақытта осы уақытша тұрақтағы малды жасыл желеңмен, салқын сумен үзбей қамтамасыз етудің де масалармен күресте маңызы өте зор.

7. Ін-шіркейлерінің (москиттер) морфологиясы, биологиясы, зияндығы және олармен күрес шаралары


Ін шіркейлері (москиттер) (Phlebotomіdae) Ін шіркейлері-субтропикалық жəне тропикалық аудандарда көп таралған, ұсақ қансорғыштар. Олар Dіptera тегіне, Nematocera тек тармағына, Phlebotomіdae тұқымдасына жəне Phlebotomus туысына жатады. Жануарлар жəне адам паталогиясында мына түрлерінің патогендік маңызы бар: Phlebotomus papatasі, Ph. sergentі, Ph.caucasіca.
Морфологиялық құрылысы. Ін шіркейлерінің дене тұрқы 1,5-3 мм, сары қоңыр түсті, денесі түктес келеді. Басы үлкен емес, көздері күрделі, фасеткалы, мұртшалары 16-буылтықты, аузы тікенді-сорғыш кейіпті, кеудесі жоғары қарай бүкірейген, қанаттары жалпақ жəне түктес. Тыныш отырғанда қанаттары 400 -тай көтеріңкі тұрады. Аяқтары ұзын, құрсағы ұзындау –10 буылтықтан тұрады. Міне олар осы белгілері арқылы басқа қансорғыштардан ажыратылады.
Өсіп-өнуі. Ін шіркейлері- ымырт жəндіктері. Олар күн шығарда жəне күн батқан соң бірер сағат жаппай ұшады. Күн ыстық кезде олар көлеңкелі жерлерде тығылып қалады. Ін шіркейінің сулы жерлермен ешқандай қатынасы жоқ. Ұрықтанып, қанға тойып алған ұрғашылары ылғалды, органикалық заттары бар жерлерге жұмыртқа салады. Ол үшін кеміргіштердің інін, ағаш кеуектерін, тас жарықтарын, ал елді мекендерде еден астын, мал қораларды пайдаланады. Бұлардың ұрғашылары 1 ретте 30-100 жұмыртқа салады. Олар 1-3 рет жұмыртқалайды. 7-9 тəуліктен кейін жұмыртқа-лардан балапан-құрттар шығады да 4-5 аптада 4 рет түлегеннен соң қуыршақтанады. Қуыршақ сатысы 10-12 тəулікте дамиды. Қуыршақтардан имаго, яғни ересек ін шіркейі жетіліп шығады. Бұл жəндіктердің 4 сатыдағы балаң құрттары қыстап шығады. Имаго сатысы көкек айынан бастап, қазан айына дейін ұшады.
Зияндылығы. Ін шіркейлері Орта Азия республикаларында, Қазақстанның оңтүстігінде, Солтүстік Кавказ бен Қырымда таралған. Иелеріне далада да жəне қора ішінде де шабуылдайды. Олар жылы қанды жануарлар мен адам қанын сорады. Шаққан жерлерінің терісі қышиды, қасып тастаудан дерматит дамиды. Жануарлар өнімдерін төмендетеді. Əсіресе бұл жəндіктердің шағуын жылқы, ит жəне құстар ауыр көтереді. Сондай-ақ, ін шіркейлері-ит, адам жəне кеміргіштердің лейшманиоз ауруы қоздырғышының биологиялық тасымалдаушысы. Қоянның микоплазмоз ауруын таратады.
Дауа шаралары. Тың жерлерді жырту, бұталарды ору, кеміргіштермен күресу арқылы ін шіркейлерінің биотоптарын, яғни өніп-өсетін жерлерін жою шарт. Бұл жəндіктердің жануарларға жаппай шабуыл жасау кезеңінде оларға қарсы арнайы аэрозольдармен немесе инсектицид ерітінділерімен бүрку əдісін қолданып, сақтандыру шараларын жүргізеді.

8. Шіркейлердің морфологиясы, биологиясы, ветеринариялық маңыздылығы және күрес шаралары


Шіркейлер-дене сырты паразиттері. Егер малды шіркейлер жаппай шабуылдаса, олардың сілекейіндегі уытпен мал уланады. Мұндайда симулиотоксикоз ауруы дамиды. Бұл ауруға шалдыққан малдың жүйке жүйесі қозады, күйзеледі, терінің шелі жайылып ісінеді, жүрек қызметі əлсірейді жəне көбінесе өлімге ұшырайды. Көптеген шіркейлер жаппай жабылғанда мал оттан қалады, олардан қорғануға тырысады. Сауын сиырдың 10-20 % -ке дейін сүттілігі кемиді.
Шіркейлер қосқанаттылар-Dіptera тегіне, ұзынмұрттылар Nematocera тек тармағына, Sіmulііdae тұқымдасына жатады. Көп тараған түрлері: Sіmulіum galeratum, S. columbaczense, Odagmіa ornata жəне т.б.
Морфологиясы. Шіркейлер ұсақ шыбындарға ұқсас, дене тұрқы 2- 4 мм. Түсі көбінесе қара, сұр немесе көк. Басы аздап төмен қарай иілген, мұртшалары ұзын 11 буылтықты, тұмсығы тікенді-сорғыш түрлі, қан соруға бейімделген, кеудесі бүкір, қанаттары жалпақ, аяқтары қысқа жəне жуан.
Өсіп-өнуі. Шіркейлер, ағыны қатты суларда ғана өсіп-өнеді. Ұрықтанған жəне қанға тойынған аналықтары, ағын су жағалауындағы шайынды тастарға жəне өсімдіктерге 100-800 мөлшерінде жұмыртқа салады. Жұмыртқалары жəндіктердің жыныс мүшелерінен шыққан желім тəріздес затпен тастар мен өсімдіктерге жабысып қалады.
4-12 тəуліктен соң жұмыртқалардан шөлмек пішінді балаң құрттар шығады. Олар жабысқақтарымен жəне артқы буылтығындағы ілгектерімен шайынды тастарға жəне т.б. заттарға жабысып қалады. Балаң құрттардың бас жағында бірнеше қармауыштары бар. Қармауыштары сумен ағып келетін органикалық заттарды сүзіп қалуға мүмкіндік береді. Олар ұсақ қарапайымдылармен, өсімдік бөлшектерімен қоректенеді жəне суда еріген оттегімен тыныс алады.
3-4 апта ішінде балаң құрттар 5 рет түлеп кебіс тəрізді пілла түзейді де, соның ішінде қуыршақтанады. Қуыршақ сатысы 3 аптаға созылады. Қуыршақ ішінен қанаттанған шіркейлер су астынан шығады. Ауа қалдықтары көмегімен судан шығып, жер бетінде өмір сүре бастайды. Бір жыл ішінде шіркейлер 1-5 ұрпақ береді.
Шіркейлер 15-250 , ал кейбір түрлері 50 жылылықта ұша алады. Шіркейлер орман жəне жағалаудағы өсімдіктер маңына көптеп жиналады. Ұшу қабілеті төмендеу, сондықтан оларды ауа толқынымен жел оңдаған, ал кейде жүздеген км жерге алып кетуі мүмкін
Дауа шаралары . Малды түнде немесе жел өтіндегі жайылымдарға жаю шарт. Мал үстіндегі шіркейлерді құрту үшін əрбір 6 күн сайын 1 % хлорофос ерітіндісі немесе 1 % үшхлорметафос-3 эмульсиясы жəне т.б. инсектоцидтер бүрку əдісімен қолданылады. Репеллент дəрілерден 3 % гексамид немесе оксомат ерітінділері қолданылады. , Шіркейлердің балапан-құрттарын жою үшін бактокулицид дəрісі 0,15 г/л мөлшерінде қолданылады. Бактокулицид шіркейлердің балапан-құрттарына қарсы тиімді жəне болашағы бар препарат.
9. Құмыты шыбындардың ветеринариялық маңызы және олармен күрес шаралары.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет