Ас қорытудың маңызы



Дата22.05.2023
өлшемі443.07 Kb.
#474076
Ас қорыту физиология

Ас қорытудың маңызы

Орындаған: Жұмабек Назерке

Топ: ТХ-11

Қабылдаған: Хамитова К.К

Жоспар:

  • Ас қорыту, түрлері
  • Ас қорытудың маңызы, қызметі
  • Қолданылған әдебиеттер

Ас қорыту

  • Ас қорыту– қоректік заттардың ыдырауы мен сіңірілуі. Ас қорыту жолында қоректік заттар физикалық, химиялық және биологиялық өңдеулерге ұшырап, төменгі молекулалық қосылыстарға (т.м.қ) дейін ыдырайды.

жасушалық ас қорыту- тығыз немесе сұйық заттарды жасуша ішіне сіңіріп, оларды цитоплазма ферментінің әсерімен ыдырату процесі. Мысалы: амеба.Фагоцитоз– тығыз заттарды сіңіру,пиноцитоз- сұйық тамшы сіңіру.
жасушадан тыс ас қорыту– қоректік заттарды ыдырату процестері маманданған жасушадан тыс;Қуыстық– қарын мен ішектің қуысына бөлінген сөлдердегі ферменттермен ыдырайды.Мембраналық– жасушаның сыртқы бетінде мембрана ферменттерімен ыдырайды.
сыртта ас қорыту– қоректік заттардың ағзадан тыс ыдырайды. Бұл буынаяқтылар - өрмекшілер де кездеседі.
ұжымдық ас қорыту– топтасып азықты қорытады. Мысалы: ара, термит, құмырсқа.
Ас қорыту

Ауыз қуысындағы ас қорыту, оның маңызы.

  • Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап қорытылады, мұнда тамақтың дәмі, температурасы, басқа да қасиеттері анықталады. Сұйық тамақ бірден жұтылады, ал қою тамақ шайналып ұсақ талады, сілекеймен араласып ас қоймалжыңына айналады. Асты шайнау ас қорытудың алғашқы кезеңі. Астың әрі қарай қорытылуы оның шайналу дәрежесіне сай болады. Егер ас жеткіліксіз шайналса, онның құрамындағы қоректік заттар толық қорытылмайды, сіңуі де нашар болады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, шала шайналған астың 35-40% қорытылып үлгермей, организмнен сыртқа айдалады. Сондықтан тамақты мұқият ұзақ шайнайтын адамдарға азғантай тамақ жеткілікті болады да, шала шайнайтын кісіге ондай мөлшер жеткіліксіз болады.

Ас қорыту мүшелерінің негізгі қызметі– қоректік заттарды т.м.қ. дейін ыдыратып, ішек қабырғалары арқылы қанға өткізу.

  • Ас қорыту мүшелерінің негізгі қызметі– қоректік заттарды т.м.қ. дейін ыдыратып, ішек қабырғалары арқылы қанға өткізу.
  • Механикалық өңдеу– ауыз қуысында шайнау, сілекеймен шылану.
  • Химиялық өңдеу– АІЖ ферменттерінің көмегімен қоректік заттардың химиялық өзгерістерін шапшаңдатып СО2, H2O, NH3 –қа дейін ыдырауы.
  • Биологиялық өңдеу– қарында және бүйенде алуан түрлі микроорганизмдер ірі азықты тездетіп ыдыратуға көмектеседі.

Белок
Амин қышқылы
Көмірсу
Глюкоза
Жоғары май қышқылы
Глицерин
Қоректік заттарды сіңіру қызметі, ішек-қарын түтігінде болады. Адамға қажет қоректік заттар әбден ыдырап қарапайым қосындыларға айналады да, түтік қабырғасындағы биологиялық мембраналардан өтіп, қанға немесе лимфаға сіңеді.
Тіршілікке қажетсіз заттарды сыртқа шығару қызметі ( экскреция). Қорытылмай қалған ас қалдықтары, қорыту барысында қанға, лимфаға сіңіп үлгірмеген түрлі өнімдер, қаннан ас қорыту түтігіне өткен заттар (несеп қышқылы, мочевина, дәрі-дәрмек, басы артық түздар, су), өт құрамындағы заттар нәжіске ілесіп сыртқа шығады.
Эндокриндік қызмет. Ішек-қарынның кілегейлі қабығында, әсіресе қарын пилорусы мен он екі елі ішекте (ұлтабарда) көптеген гормондар түзіледі. Олар қанға енеді де, алдымен ас қорыту үрдісін, зат алмасу, өсіп-өну, есею үрдістерін реттеп, басқарып отырады.
Сөл шығару (секреция) қызметі. Оны асқорыту, сілекей, ішек-қарын бездері, ұйқы безі, бауыр атқарады. Сөл құрамында органикалық қоректік заттарды ыдырататын ферментер (гидролазалар) бола-ды. Олар үш топтан, атап айтқанда, протеаза, липаза, карбогидролазадан тұрады.
Ас қорыту қызметі:

Ас қорытудың маңызы, қызметі

Адам өз тіршілігіне қажетті қоректік заттарды тамақтану арқылы алады. Желінген тамақ сол күйінде бойға сіңбейді. Сондықтан ол ас қорыту мүшелерінде қорытылып, ыдырап, соның нәтижесінде гіайда болған заттардан организм өзіне тән бейімделген заттарды құрады. Тамақтың құрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу — өте күрделі заттар. Олар ас қорыту жүйесінің мүшелерінде қорытылып, организмнің өсуіне, жұмыс істеуіне қажетті материал ретінде пайдаланылады. Тамақтың құрамындағы — қоректік заттар — организмге аса қажетті қуаттың (энергияның) көзі. Тамақтың құрамындағы витаминдер, тұздар мен су да организм үшін аса маңызды. Олар түрлі химиялық реакциялардың жүруіне, денедегі клеткалардың тірлігіне қажетті жағдайларды тудырады және өздері де тікелей сол реакцияларға қатысады. Тамақтың құрамындағы заттардың физикалық және химиялық қорытылуының нәтижесінде олар жай және еритін заттарға айналады да, ас қорыту мүшелерінің қабырғасы арқылы қанға сіңіп, қанмен күллі клеткаларға тасылады.

Қолданылған әдебиеттер

  • О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
  • Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009.
  • Несіпбаев Т.Н. Адам және жануарлар физиологиясы. Оқулық, Алматы, «Ғылым», 2005ж.

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет