№1 есеп. «Алмас» АҚ жарғылық капиталы 8 млн теңгеге тең. Ол АҚ-ның негізгі қаражатынан да, сондай-ақ меншікті акцияларды сатудан түскен қаражаттан да тұрады



Дата16.05.2023
өлшемі14.91 Kb.
#473768
Тапсырма 12


№1 есеп. «Алмас» АҚ жарғылық капиталы 8 млн теңгеге тең. Ол АҚ-ның негізгі қаражатынан да, сондай-ақ меншікті акцияларды сатудан түскен қаражаттан да тұрады. Өндірісті кеңейтуді жүзеге асыру үшін жəне алынуы мүмкін кредитке байланысты əр акцияның номинал құны 20 теңге болатын 100 000 дана қосымша акция шығару ұйғарылды. Жылжымайтын мүлік нарығындағы жағымды өзгерістердің нəтижесінде, мүлік қайта бағаланғаннан кейін АҚ-ның өндірістік аудандарының құны 1 300 000 теңгеге өсті, ал құрал-жабдықтардың құны, керісінше, оның сапасының ескіруі нəтижесінде 200 000 теңгеге түсті. Эмиссия жүргізілгеннен кейін, қор нарығына кəсіби делдалдарды тартудың нəтижесінде АҚ əр акцияға номинал құнынан тыс 10 теңгеден алды. Делдалдың комиссиясы номинал құнынан тыс табыстан 10%-ды құрайды. Осы кезеңде бөлінбеген пайданың көлемі 10 млн теңгені құрайды. Мамандандырылған өнеркəсіп кешенінің құрылысына мемлекеттік тапсырыс алуға байланысты Ұлттық инвестициялық қор осы міндеттетрді жүзеге асыру үшін «Алмас» АҚ шотына бюджеттен бөлінген қаржыдан 15 млн теңгені аударды. Жоғарыда келтірілген мəліметтерді пайдалана отырып, «Алмас» АҚ меншікті капиталының көлемін анықтаңыздар.
Жауабы : Берілген тапсырманы шешу үшін жарғылық капиталы, қосымша капитал, бөлінбеген пайда, мақсатты қаржыландырудың қаражатынан тұратын меншікті капиталдың құрылымын анықтау қажет. «Алмас» АҚ жарғылық капиталы бастапқы қезеңде 8 млн.тг құрайды. Қосымша эмиссия жүргізілгеннен кейін ол 2 млн. тг ұлғайтылып, 10 млн.тг құрады (100 мың акция * 20 тг). Біздің жағдайымызда қосымша капитал толық бағалауға дейінгі жəне сату шығындарын шегергендегі акциялардың номиналды құнынан артық алынған сомадан мүліктің құнының өсімінен тұрады. Мүліктің құнының өсімі 1 100 000 тг құрайды (1 300 000 тг жер учаскелері мен ғимараттар бойынша бағалардың өсімінен 200 000 тг құрал жабдықтың бағасының төмендеуін шегергенде). Акциялардың номиналды құнынан артық алынған сома 900 000 тг құрайды. (10 тг. * 100 мың акциялар – (10%*10 тг*100 мың акция)). 100% Сонымен, қосымша капитал 11 000 000 тг + 900 000 тг = 2 000 000 тг құрайды. Өткен жылдардағы бөлінбеген пайдамен қосқанда жиынтықты бөлінбеген пайда 10 млн.тг құрайды, Ұлттық инвестициялық қордан алынған мақсатты қаржыландырудың қаражаты 15 млн тг.құрайды. Барлық меншікті капитал: МК = 10 млн.тг + 2 млн.тг + 10 млн.тг +15 млн.тг = 37 млн.тг– ге тең 
№2 есеп. «Жалын» АҚ меншікті капиталы 2019 жылдың басында 29 млн теңгені құрады. «Жалын» АҚ өрт сөндіргіштер дайындайтын ғимараттары мен жер телімдерінің құны 2019 жылдың басында 3,5 млн теңгені, құрал-жабдықтар құны 6 млн теңгені құрайды, ал қалған айналымнан тыс активтерге 2,5 млн теңгеден келеді. 2019 жылдың аяғында қайта бағалау нəтижесінде АҚ ғимараттары мен жер телімдерінің құны 40%-ға түссе, керісінше, құрал-жабдықтардың құны 20%-ға өскендігі анықталды. Ал айналымнан тыс басқа активтердің құны 2,7 млн теңгеге дейін көтерілген. АҚ меншікті капиталының басқа да элементтерінің құны өзгерген жоқ. 2009 жылдың бас кезінде кəсіпорын 5 млн теңге көлемінде ұзақ мерзімді кредит алу үшін кредит келісімшартын жасады. 2019 жылдың соңында пайыздарды есептегенде төлеуге арналған борыштың негізгі сомасы 3 млн теңгені құрады. 2019 жылдың 7 қаңтарында үш жылға төлеу күні əр айдың тоғызына келетін 250 000 теңге көлеміндегі айлық лизингтік төлемі бар лизингтік келісімшарт жасалды. Осы мəліметтерге сүйене отырып, меншікті негізгі капиталдың мөлшерін, таза айналым капиталының көлемін жəне оңтайландыру коэффициентінің мəнін анықтаңыздар.
Жауабы: Меншікті негізгі капиталдың мөлшері келесі формула бойынша анықталады: МНК = АТА – ҰМ, мұнда: АТА – 2019 ж. соңындағы баланс бойынша айналымнан тыс активтер. АТА 2019 ж. басы = 3,5 млн.тг. + 6 млн.тг. + 1,5 млн.тг. = 11 млн. тг. АТА 2019 ж. аяғы = 3,5 млн.тг. * 0,6 + 6 млн.тг. * 1,2 + 2,7 млн.тг. = 12 млн.тг. ҰМ – айналымнан тыс активтерді қаржыландыру үшін ұзақмерзімді міндеттемелер. ҰМ 2019 аяғы = 3 млн.тг. + 24 ай * 250000 тг. = 12 млн.тг. МНК = 12 млн.тг. – 9 млн.тг. = 3 млн.тг. МК мөлшерінің айналымнан тыс активтердің мөлшерінен артық болуы бос ақшалай қаражатты сипаттайтын таза айналым капиталды (ТАК) білдіреді, корпорация есепті жылы ол қаражатты оңтайландыра алады. 2009 жылдың аяғында меншікті капитал 1 млн.тг. өсті. (АТА 2019 ж. аяғы – АТА 2019 ж. басы ) жəне 30 млн. тг. құрады. ТАК = МК – АТА – ҰМ = 30 млн.тг. – 12 млн.тг. – 9 млн.тг. = 9 млн.тг. МК оңтайландыру коэффициенті (Кмск) =0,3
Коэффициент нормаға сəйкес, сондықтан «Жалын» меншікті капиталы оңтайлы жəне инкемді нысанда екендігі көрініп тұр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет