1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы


Мембраналық потенциал. Әрекет потенциалы, оның фазалары. Нерв талшығының әрекет потенциалының сипаттамасы (нерв импульсі)



бет17/23
Дата07.02.2024
өлшемі69.68 Kb.
#491096
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
1РК Физио группамен (1)

20.Мембраналық потенциал. Әрекет потенциалы, оның фазалары. Нерв талшығының әрекет потенциалының сипаттамасы (нерв импульсі)
Мембраналық потенциал - цитоплазма потенциалымен клетканың сыртқы бетіндегі потенциалдың арасындағы айырмашылық.
Әрекет потенциалы - тітіркендіргіштің әсерінен белгілі бір тінде қозу үрдісі пайда болған сәтте туатын потенциал.
Мембраналық потенциал – бұл жасуша мембрана беті мен оның протоплазамасы арасындағы потенциалдар айырмасы.
*Мембрананың сыртқы беті «+» зарядталған; Мембрананың ішкі беті «-» зарядталған.
*МЕМБРАНАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛ СИПАТЫ:
1 өте тұрақты ток;
2 бір фазалы бағытты ток;
3 бұлшық ет талшығының мембраналық потенциалы мөлшері: – 60 - – 90 mV.


Әрекет потенциалы – бұл қозу кезеңіндегі мембраналық потенциалдың тербелісі (мембрана зарядтары өзгереді).
*Қозу (әрекет) потенциалы сипаты
•Екі фазалы ток;
•Қысқа мерзімді ток;
•Көлемі – 100-120 mV
*Әрекет потенциалы кезеңдері
1. Жергілікті жауап.
2. Деполяризация.
3. Реполяризация.
4. Теріс іздік потенциал.
5. Оң іздік потенциал.
Қозу кезіндегі қозғыштықтың өзгеру кезеңдері
1. Абсолюттік рефрактерлік кезең
2. Салыстырмалы рефрактерлік кезең.
3. Супернормалды кезең.
4. Субнормалды кезең.
1. Абсолютті рефрактерлік кезең. Бұл кезеңде ұлпалар ешқандай тітіркендіргішке жауап бермейді. Бұл кезеңнің ұзақтығы: жүйке талшығында – 1-2 мсек; бұлшық етте – 4-5 мсек;
2. Салыстырмалы рефрактерлік кезең. Бұл кезеңде табалдырық күшінен жоғары тітіркендіргішке жауап реакциясы туады.
3. Супернормалды кезең. Бұл кезеңде ұлпа табалдырықтан төмен күшкеде жауап береді.
4.Субнормалды кезең. Бұл кезеңде ұлпаның қозғыштық қасиеті күрт төмендейді де, тек табалдырық күшінен жоғары тітіркендіргішке жауап береді.
Қозуды (ӘП) өткізу мембрананың қызметі. Миелинді және миелінсіз жүйке талшықтарының қозуды өткізу механизмі бірдей емес. Миелинсіз талшықта қозу процесі (теріс заряд ) оның тітіркендірген жерінен қасындағы жерге, одан әрі қарай үхдіксіз, өте жай жылжиды. Ал миелин қабығы бар жүйкеде теріс заряд бір Раиье үзілісінен екіншісіне секіріп өтеді. Яғни сальтаторлық өту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет