1. Функцияларды реттеудегі рефлекстік принципі. Рефлекстік теорияның даму тарихы



Дата03.08.2023
өлшемі1.82 Mb.
#475935
ОЖЖ 2 лекц

Тақырыбы: «Физиологиялық қызметтің қалыптасуы мен реттелуінің негізгі принциптері. Рефлекс».

ЖОСПАР:

1.Функцияларды реттеудегі рефлекстік принципі.

2. Рефлекстік теорияның даму тарихы.

3. ОЖЖ зерттеу әдістері.

4. Рефлекс.

5. Рефлекстік доға.

6. Рефлекс түрлері.

Функцияларды реттеудегі рефлекстік принципі.

Функцияларды реттеудегі рефлекстік принципі.

  • Тітіркендіргіш әсерінен пайда болған рефлекстік реакция организмнің іс-әрекетінің негізін құрайды.
  • Рефлекстік теорияның даму тарихы.
  • Рефлекстік теория дамуында бірнеше кезеңдерді ажыратады:
  • Декарт (1664 ,Прохаска 1817ж.);
  • Сеченов(19 ғ.);
  • Павлов(19-20 ғ.ғ.);
  • Қазіргі, нейрокибернетикалық (20-21 ғ.ғ.).

Жүйке жүйесі екіге бөлінеді: орталық және шеткі. ОЖЖ жатады: бас ми және жұлын. Шеткі жүйесі- түйіндер мен жүйке талшықтары.

Жүйке жүйесі екіге бөлінеді: орталық және шеткі. ОЖЖ жатады: бас ми және жұлын. Шеткі жүйесі- түйіндер мен жүйке талшықтары.

ОЖЖ маңызы:

  • Жеке организмнің сыртқы ортаға бейімделуін.
  • Организмнің қызметін үйлестіру, біріктіру.
  • Организмнің бағытталған іс-әрекетін қалыптастыру.
  • Түскен тітіркендірулерді талдауын, қортуын өткізу
  • Эфференттік импульстарды қалыптастыру.
  • Организм жүйелерінің тонусын қамтамасыз ету.
  • Рефлекстік және өткізгіштік

ОЖЖ зерттеу әдістері.

ОЖЖ зерттеу әдістері.

  • Экстирпация-алып тастау ( толық, толық емес).
  • Қоздыру (электрлік, химиялық).
  • Радиоизотоптық әдіс.
  • Модель жасау (физикалық, математикалық, концептуалдық).
  • ЭЭГ (электр потенциалын тіркеу).
  • Стереотаксикалық әдіс.
  • Шартты рефлекстерді қалыптастыру.
  • Компьютерлік томография.
  • Патологиялық-анатомиялық әдіс.

ОЖЖ екі қызмет атқарады: 1. Рефлекстік;

2. Өткізгіштік.

Рефлекстік қызметтің негізін рефлекстер құрайды.

Рефлекс - дегеніміз ОЖЖ-нің сыртқы

немесе ішкі тітіркендіргіштерге беретін

күрделі жауабы.

Рефлекстік жауап - рецептивтік өрістің табалдырықтық немесе табалдырықтан жоғары күшпен тітіркендіруден пайда болады. Рецептивтік өріс - дегеніміз әрбір рефлекстің рецепторлары орналасқан аймағы.

Рефлекстің морфологиялық негізі – рефлекстік доға, яғни қозуды рецепторлардан жүйке орталығына, онан шеткі ағзаға (эффекторға) жеткізетін жол. Ол бес бөлімнен тұрады.

Рефлекс уақытырефлекс орындалатын уақыт, ол 5 компоненттен құралады: - рецептордың жасырын (латенттік) кезеңі; - қозудың афференттік жүйке талшықтарымен өтетін уақыты; - орталық уақыт – қозудың ОЖЖ-ден афференттік нейроннан эфференттік нейронға өтетін уақыты; - қозудың эфференттік жүйке талшықтарымен өтетін уақыты; - эффектордың латенттік кезеңі.

РЕФЛЕКСТЕР ЖІКТЕЛІСІ


1. Пайда болу түріне қарай:
- шартсыз (туа біткен);
- шартты (жүре біткен).
2. Рецепторлардың орналасуына (орнына) қарай:
- экстероцептивтік (ауру сезімді, температураны,
жанасу сезімді қабылдайтын);
- интероцептивтік (ішкі ағзаларда, тіндерде, қан
тамырларында);
- проприорецептивтік (сіңірде, буын қабында).
3. Рефлекстер қатысатын ми бөліміне қарай:
- жұлын;
- сопақша ми
(булбарлық);
- ортаңғы ми
(мезенцефальдық);
- аралық
(диенцефальдық);
- алдыңғы ми
(қыртыстық).

4 . Биологиялық маңызына қарай:

4 . Биологиялық маңызына қарай:

- ас қорыту;

- қорғаныс;

- жыныс және т.б.

5. Жауаптар түрі бойынша:

- моторлық;

- секреторлық (сөл бөлу);

- тамыр қозғалтқыш.

6. Жауаптың созылу уақытына қарай:

- фазалық;

- тонустық.

7. Рефлекстік доғаның орталық бөлімінде қатысатын

нейрондар санына қарай:

- екі;

- үш және көп нейронды.

8. Синапстар санына байланысты:

- моносинапстық;

- полисинапстық;

9. ОЖЖ қатысуымен:

- нағыз (нейрондар қатысады);

- жалған (нейрондар қатыспайды).



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет