Ауыз қуысы
Ауыз қуысында үш пар сілекей бездері сілекей сөлін бөледі. Адамның сілекейі үнемі бөлінеді, оның мөлшері тәулігіне 1 литрге дейін жетеді. Сілекейдің бөліну мөлшері және оның химиялық құрамы астың құрамына байланысты. Егер ас құрғақ болса, сөл аз бөлінеді. Сілекей асты дымқылдап, оны ыдыратуға қатысады және астың жұтылуын жеңілдетеді. Ауыз қуысында сілекей безі екі рефлекс арқылы реттеледі: шартты және шартсыз. Шартсыз рефлекс тамақты ауызға апарғанда, шартты рефлекс тамақтың иісін сезгенде, дәмін көргенде пайда болады.
Сілекейдін, кұрамына бейорганикалық заттар: су және минералды тұздар (натрий, калий, хлор иондары және т.с.с.), органикалық заттар, ең бастысы, сілекейдің белогы: лизоцим (сілекей затын залалсыздандырады), муцин (табиғи белокты зат) енеді.
Асқазан қызметі
Асқазан қорытылмаған тағамды сақтайды және асқорытуды жалғастырады. Сонымен қатар, асқазанда тамақтағы микробтарды өлтіретін тұз қышқылы болады. Механикалық түрде асқорыту асты асқазанның араластыруы арқылы, ал химиялық түрде ақуызды протеаза ферменттерінің аминқышқылдарына айналдыруы арқылы жүзеге асады. Тамақ аш ішекке түскенше, бірнеше сағат бойы асқазанда сақталады
Аш ішекте қандай процесстер жүреді?
Асқорыту аяқталады және ас бөлшектері аш ішектен сіңіріледі. Амилаза, протеаза және липаза сияқты ферменттер ұйқы безінен және ішек қабырғаларынан аш ішекке бөлінеді. Өт асқазан сөліндегі қышқылдарды бейтараптандырады және майларды эмульсияға айналдырады. Біртіндеп крахмал қантқа, ақуыз аминқышқылдарына, майлар глицерин мен май қышқылдарына айналады. Бұл қорытылған ас аш ішектің астары арқылы қанға сіңеді. Аш ішектің астары саусақ тәрізді кішігірім шығыңқы бүрлермен қапталған. Олар астың сіңуі үшін үлкен беттік аудан түзеді, және қоректік заттарды дененің басқа бөліктеріне тасымалдайтын қанмен байытылған.
Сіңірілген тамақ қайда барады?
Қанға сіңген астың бөлшектері қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық ұлпаларына тасымалданады. Бұл ұлпалардағы жасушаларға тыныс алу үшін, ферменттер, гормондар секілді жаңа заттар түзу үшін және өсіп-бөліну үшін қажет.
Кейбір тағамдарды қорыту қиыншылық тудырады. Ас тоқ ішекке жетіп, миллиондаған бактерияларды қоректендіреді. Ал бұл бактериялар ас қорытуға көмектеседі және витаминдер секілді пайдалы заттар түзеді. Тоқ ішек судың көп бөлігін сіңіргендей бұл витаминдерді де сіңіреді. Талшықтар және өлі бактериялар секілді сіңірілмеген заттар ағзадан фекалия түрінде шығады. Бұл процесс экскреция немесе дефекация деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |