1. Инклюзивті білім беру пәні бойынша глоссарий



бет1/5
Дата24.09.2023
өлшемі22.22 Kb.
#478452
  1   2   3   4   5
СӨЖ-3 Турганбекова Жақсыгул (ЕШТ-302)


СӨЖ-1:
1.Инклюзивті білім беру пәні бойынша глоссарий.
Авторитарлық қарым-қатынас - мұғалімнің оқушылар пікірімен
санаспай, қызығушылықтарын ескермей шешім қабылдауы, тек өзінің айтқанын
орындауға бағытталуы.  
Аксиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға
жеткізу процесі (мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қатынас).  
Аксиология (грек тілінің «ахіа» - құндылық және «logos»-ілім) – құн
дылықтардың табиғаты жайлы және дүниедегі құндылықтар жүйесі туралы
философиялық ілім.  
Антипатия - адамда басқа бір адам туралы теріс көзқарастың
қалыптасуы,оны жақтырмауы.  
Әлеуметтік фрустрация- адамдардың болашақтың белгісіздігіне алаңдау-
шылығы, мақсатқа жете алмауындағы торығып күйзелуі, жеке тұлғаның өзін
дәрменсіз, ешкімге қажетсіз сезінуі, балалар мен ересектердің әлеуметтік
қорғаныссыздығынан абыржуы, уайымға салыну сияқты психологиялық
жағдайы.
Вербальды қарым-қатынас - бір адамнан екінші адамға не болмаса бір
топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процессі.  
Вербальсыз қарым-қатынас - мимика, ым-ишара, пантомима (дене
қозғалысы, қол қимылдары) арқылы жасалатын сөзсіз қарым қатынас.  
Гуманизм - адам тұлғасын ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауға
негізделген көзқарастар жиынтығы; тұлғаның құқығы мен бостандығын
қорғауға бағытталған жане тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын
қарастыратын ілім. Гуманизм-адамның өмірлік ұстанымы, ол адамның адами
қасиеттерін сақтап қалуға, тек жағымды, жақсы істерге бағыттайды.  
Даралылық - адамды басқа адамдардан ерекшеліндіріп тұратын айрықша
қасиеттері, ешкімге ұқсамастығы, оның қайталанбастығы.  
Демократиалық қарым-қатынас - оқушы білімді іздестіруде қарым- 
қатынаста тең құқылы субьект ретінде қарастырылады. Оқушылар мен мұғалім
ынтымастық қарым-қатынаста болады.  
Жеке тұлға - индивидтің әлеуметтік маңызды сапалар жүйесі, оның
әлеуметтік құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды меңгеруі және
сол құндылықтарды іске асыру қабілеттері. Жеке тұлға ретінде адам өзінің
санасының даму деңгейімен, өз санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен
сипатталады. Жеке тұлға-қоғамдық мәні бар адам. Кез келген адам өмірге
индивид болып келіп, тек саналы қоғамдық және еңбек іс-әрекеттері арқылы
ғана жеке тұлғаға айналады.  
Инклюзив (лат.includio кірістіремін, қосамын) — адресат сөзінің 1-жақ
көпше есімдікке қатыстылығын білдіретін есімдік формасы. Мысалы, сенімен
біз, біз сенімен. Инклюзив тілдерде әр түрлі жолмен жасалуы мүмкін
Инклюзия – бұл тек білім алу ғана емес, сонымен бірге адамды өмір
қатарына ергізу құрылғысы деп түсінуіміз керек. Инклюзивті үрдіс мектепке дейінгі және мектептегі ортада басталады, бұл уақытта өсіп дамуында
ерекшелігі бар балалар мен қалыпты балалар бірі-бірімен қарым-қатынас
жасауға үйреніп, бірге әлеуметтік дағдыларды иемденеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет