1 жалпы мәлметтер



бет10/11
Дата14.10.2022
өлшемі297.5 Kb.
#462693
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жалпы паразит- гельминт-22-27

Жануар (адам) табиғи ошақтылық ауруларға келесі жағдайларда шалдығады:
А) жануар өлексесімен тікелей жанасқанда немесе кәсіпшілік ауру аңдардың (оба, туляремия, лейшманиоз, токсоплазмоз) терісін сыпырғанда, ластанған су, азық, тағам, жайылымда қалған сұйықтықтар (Ку-қызбасы) ішке түскенде.
Б) жабайы аңдардан үй малдары жұқтырып адам олармен жанасқанда.
В) қан сорғыш буынаяқтылар арқылы (орман энцефалит, пироплазмидоздар, спирохетоз, боррелиоз) таралады.
5 Инвазиялық аурулардың экономикалық және әлеуметтік зияны келесілерден құралады:
  • малдың жаппай қырылуынан;


  • өнім түрлерінің (ет, сүт, жүн, жұмыртқа) төмендеуі және сапасыздануы;


  • өнімді өндіруге жұмсалатын азықтың артуы;


  • жануарлардың өсу қабілетінің тежелуі, басқа ауруларға бейім болуы.


ИНВАЗИЯЛЫҚ АУРУЛАРМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ


1 Инвазиялық ауруларға қарсы шараларды жоспарлау және болжамдау
2 Инвазиялық ауруларды дауалаудың негізі
3 Дауалаудың биологиялық тәсілдері
4 Химиопрофилактика
5 Сыртқы ортаны дезинвазиялау
6 Академик К.И.Скрябиннің девастация жөніндегі ілімі
1 Шараларды жоспарлау және болжамдау. Кез келген, соның ішінде инвазиялық ауруларға қарсы ғылыми-негізделген шаралардың кешенін жасау ауруды уақытылы жоюға мүмкіндік береді және жұмсалатын қаражатты үнемдейді. Ветеринариялық шаралардың жоспары көзделген мақсаты мен міндеттеріне қарай перспективті (5-10 жылға) және ағымды (0,5-1 жылға) түрлеріне бөлінеді. Жоспар екі бөлімнен (жалпышаруашылық және арнайы шаралар) тұрады. Жалпышаруашылық бөлімі қожалықтарында ұйымдастыру, шаруашылық шараларын басқаратын шаруа жетекшілеріне жүктеледі. Арнайы шаралар тарауында ауруға (ларға) қарсы жан-жақты қамтылған және тек ветеринариялық маманның қатысуымен орындалатын (балау, дауалау, дезинвазия, дезинсекция, дезинфекция, вакциндеу, ветеринариялық объектілерді салу және т.б.) шаралар қамтылады.
2 Инвазиялық ауруларды дауалаудың негізі нақтылы ауру қоздырушысының даму биологиясын және жергілікті жердің ерекшеліктеріне байланысты болады. Шаралар кешені ауруды алдын алуға, мал басын аурудан сауықтыруға бағытталады. Жалпы ветеринариялық-санитариялық, биологиялық және химиялық шаралар дұрыс жүргізілген жағдайда аурудың таралуын тоқтатуға мүмкіндік беріп, ауру ошағын тазартуға жол ашады. Дауалау әртүрлі препараттарды қолдану арқылы іске асырылады. Сондықтан, олардың сыртқы ортаны ластамау жақтары ескеріле пайдаланылады.
3 Биологиялық тәсілдер әдетте кез келген ауру қоздырушысының табиғи жауларын қолдану арқылы іске асырылады. Мысалы, жайылым жағдайында нәжіспен сыртқа түскен гельминт (паразит) жұмыртқалары, личинкалары және т.б. тікелей түскен күн сәулесінен қырылады. Сондықтан осыны пайдалана отыра жайылым кесімдерін әр 5-6 күн сайын ауыстыру, жайылымға көпжылдық өсімдіктер өсіру, жыртқыш саңырауқұлақтарды пайдалану қарастырылса, қан сорғыш жәндіктердің суда дамыған личинкаларын жоюға олармен қоректенетін балықтарды (дөңмаңдай, амур балығы), кенелер малға қадалып қанын сормас үшін олар оянбай малды таулы жайылымдарға ауыстыру шаралары іске асырылады.
4 Қазіргі уақытта гельминтоздарға қарсы көптеген антипаразитарлық препараттар ұсынылған. Оларды қолданар алдында ветеринариялық маман міндетті түрде нұсқауымен танысып, экономикалық тиімділігі, мал организмі мен сыртқы ортаға жағымсыз әсерінің болмауы, аз дозада бірнеше паразитке қарсы ықпалы, қолдану әдісінің жеңілдігі, ұзақ сақталуы сұрақтарына көңіл бөлуі қажет.
5 Химиопрофилактика дегеніміз химиялық препараттардың көмегімен малды аурудан сауықтыру. Сондықтан, бұл жұмыстың бірі түрі – дегельминтизация болып табылады және ол сақтық, лажсыз, преимагиналды және диагностикалық түрлеріне бөлінеді. Дегельминтизация жүргізу барысында оның терапевтикалық тиімділігі көрсеткіші ең маңызды болып саналады және екі критерийдің көмегімен: экстенсэффективтілік (ЭЭ) және интенсэффективтілік (ИЭ) бағаланады. ЭЭ – толығымен гельминтоздан арылған жануар санының дәріленген барлық малдың санынан арақатынасын білдіріп, % түрінде есептелінеді. ИЭ – дегельминтизациядан кейін сыртқа бөлінген паразит санының барлық организмде болған санына арақатынасын білдіріп, % түрінде есептелінеді.
6 Акад.К.И.Скрябин ветеринарлық гельминтологияның жетістіктерін ескере, девастация жөніндегі ілімін ұсынды. Девастация – деп паразиттің барлық даму сатыларына қарсы жан-жақты қамтылған ветеринариялық шараларды кезеңді және жүйелі жүргізу. Девастация тоталды (түбегейлі) және парциалды (бөлшектелген) болып екіге бөлінеді. Тоталды девастация – кейбір паразиттің нақтылы бір территорияда толығымен жойылуы. Парци-алды девастация – нақтылы ауданда, аймақта паразит санының шұғыл төмендеуі.
Бақылау сұрақтары


  1. Инвазиялық аурулардың систематикасы мен номенклатурасы қалай жүргізіледі?


  2. Инвазиялық аурулардың географиялық таралуы және оның эпизоотологиясы дегеніміз не?


  3. Паразитоценоз және ассоциативтік аурулар дегеніміз не?


  4. Е.Н.Павловскийдің трансимиссивтік аурулардың табиғи ошақтылығы жөніндегі ілімін қалай түсінесіз?


  5. Инвазиялық аурулардың экономикалық және әлеуметтік зияны неден құралады?


  6. Жоспарлау, жоспар түрлері, ауруларды болжамдау қалай жүргізіледі?


  7. Инвазиялық ауруларды дауалау негіздерін атаңыз.


  8. Дауалаудың биологиялық тәсілдері дегеніміз не және оның қандай түрлерін білесіз?


  9. Дегельминтизация түрлері. Химиопрофилактика дегеніміз не?


  10. Сыртқы орта объектілерін дезинвазиялау қалай өткізіледі?


  11. Академик К.И.Скрябиннің девастация жөніндегі ілімін қалай түсінесіз?



№ 2 дәріс ЖАЛПЫ ГЕЛЬМИНТОЛОГИЯ



  1. Гельминттер жөніндегі жалпы түсініктер

  2. Гельминттерді жүйелеудің негізі

  3. Гельминтоздардағы иммунитет

  4. Балау әдістері

1 Гельминттер жөніндегі жалпы түсініктер. Гельминтология – тоғышар құрттар мен олардың адам, жануар және өсімдіктерде тудыратын ауруларын зерттеумен шұғылданатын ғылым саласы. Паразитологияның мақсаты: гельминттердің морфологиясын, физиологиясын, экологиясын және даму биологиясын зерттеу, індеттанулық ерекшеліктерін анықтау, малдың тірі және өлгеннен соң анықтау әдістерін жетілдіру, емдеу және дауалық мақсатта қолданылатын тиімді препараттарды ұсыну.


2 Гельминттерді жүйелеудің негізі. Гельминттер және олардың тудырған аурулары жануарлар патшалығынан болуына байланысты паразитологияның гельминтология тарауында қарастырылады. Сондықтан, гельминттерді екі: жалпақ және жұмыр типке жіктеу қабылданған. Жалпақ құрттар типіне (Plathelmintes) келесі кластар: Monogenea, Trematoda және Cestoda, ал жұмыр құрттарға (Nemathelmintes) Nematoda мен Acanthocephalа класс өкілдері енгізілген. Барлық гельминттердің ішінде 67 түрі (трихинелла, токсокара, эхинококк, альвеококк, тениаринх, тения, дифиллоботрии, фасциола, описторх және т.б.) адамға жұғудан қауіпті. Гельминттер даму ерекшеліктеріне қарай екі топқа: геогельминт (аралық иелерінің қатысуынсыз дамитын) және биогельминт (аралық иелерінің қатысуымен дамитын) бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет