Психология — адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.
Мазмұны
1Этимологиясы
2Психологияның зерттеу объекті
3Психологияның тарихы
3.1Ежелгі дамуы
3.2Ерте жаңа заман
3.3Жаңа заман
4Психология мәселелері
4.1Психология ғылым ба?
4.1.1Психология ғылым
4.1.2Психология ғылым емес
5Психология салаларының таптастыруы мен оның әдістемелері
6Психолог
7Дереккөздер
8Сыртқы сілтемелер
Этимологиясы
Этимологиялық деңгейде психология рух пен руханиятты (көне грекше: ψυχή — рух) зерттеу (көне грекше: -λογία — сөз, ғылым, тану) деп танылады. Өзінің грекше мағынасында бұл зерттеу вегетативттік (жан дүниесі мен рухани болмысы), сезімдік (ниет-пиғыл, байым, әрекет), интеллективттік (ақыл-ой) функцияларымен шектеледі. Бұл "жан туралы ілім" деген ұғымды білдіреді. Алайда психология — ақыл-ой қызметтерін зерттеумен бірге, рухани себеп-салдар әдістемесі, рухани жекешілдігінің, тұлға ішіндегі ақиқатты зерттеу. Ақыл-ой — тек комбинация мен арақатынас мекені емес, ол абстракция мен материалдық қатынас арқылы адам затын ойлау әрекетіне икемді нәрсе ретінде анықтайды. Осы тұста адам мен жануар арасындағы айырмашылық көрінеді.
Психологияның зерттеу объекті
Психологияның зерттеу объекті — осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объекті — мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т.б.
Психологияның әртүрлі тараулары қолданған әдіс (клинакалық немесе тәжірибелік), немесе адамның әрекеті (жұмыс, еске салу, есте сақтау, еске түсіру, сезу, тәлім тану, т.б), немесе зерттеу бағыты (бала дамуы мен руханияты, Келбет руханияты, жануар жан дүниесі) арқылы ажыратылады.
Психологияның кей тараулары басқа ғылымдармен бірге немесе өзара көрші зерттеу өрістері ретінде немесе бір зерттеу өрісінің салалары ретінде үйлеседі. Бұл тараулар, мысалы психологияның бір тарауы — рухани бұзылыстарды зерттеу үшін патологияны белгілеу өте күрделі, тұлға патологиясын ақыл−ой паталогиясынан ажырату — одан әрі күрделі.
Ақыр соңында психология мен философия арасында көп уақыт бойы қарым—қатынас өте жақын болды, ажыратылмас десе де болар, себебі бұрын психология пәлсапаның бір бөлімі болған, ал пәлсапафизиканың ескі мағынасында (ағлақ, сана, іс әрекет, т.б. қалыптасқан пәлсапа тақырыптары психологияда кездеседі) бір бөлімі екендігін де ұмытпау қажет. Осылай психологияның кей салалары пәлсапалық тақырыптарды зерттеуге бағытталған (персонализм, гуманизм, биологизм, т.б.).
Психологияны зерттеу өрісінде басқа да антропология, социология сияқты қоғамдық ғылымдармен де соқтығыстыруға болады.
Ең аяғында психологияны теориялық немесе практикалық жағынан анықтау — бүгінгі күннің шешілген мәселесі емес.
Психологияның тарихы
Достарыңызбен бөлісу: |