өтіп кеткен замандаңы жазба тілді зерттеу емес, қазіргі қоғамдағ ы заманның
сөйлеу тілін зерттеп, қадағалау барынша болашаққа пайдалы жəне дұрыс
деген. Олар тілді табиғи организм деп, тілді жаратылыстану ғылымына қосу
керек деген тұжырымның терістігін дəлелдейді . Осылайша, Жас
грамматистер тіл білімінің дамуына, зерттелуіне аталмыш жаңалықтар
енгізіп, үлестерін қосты.
17. 20 ғасырдағы тіл білімі
Жаңа дəуір, кезең əр уақытта ескімен күресте болады. Ескімен күрес
нəтижесінде жаңа дүние, кезең туындайды. 20 ғасырға дейін де жалпы тіл
біліміне байланысты өте көп тың ашылулар, жаңалықтар енгізілді. Кейбір
уақыттарда ескі дəуір өкілдерін мен жаңа дəуір өкілдерінің ой-пікірлері бір
жақтан шықса, кейбір ашылуларда керісінше. Тарих сахнасында 20 ғасырдың
бірінші жартыжылдығынан бастап Батыс Европадағы жас грамматистердің
мектебі, өкілдері сынның астында қалған уақыттары да боған жағдай.
Зерттеулер процессінде көптеген амал, тəсіл, əдістер қарастырылған.
Əрбіреуінің мақсаты, мен көзқарастары бар жəне əртүрлі. Жалпы 20
ғасырдағы тіл білімі кезеңіне: Сөздер мен заттар мектебі, эстетизм,
Неолингвизм, Социологиялық мектеп, Структурализм, Прага мектебі,
Копенгаген мектебі, Дескриптивтік мектеп, Этнографиялық тіл білімі, Кеңес
өкіметі тұсындағы тіл білімі жатады.
Достарыңызбен бөлісу: