Жаттығу жұмыстары
1-жаттығу.Төмендегі мысалдардан кейінді ықпалды тауып, астын сызыңыздар.
Дауысының көркінен именбейді. Абай қыз көңілінің жүйріктігін тағы көрді. Бұлардың бесеуі жылқышы, алтауы қойшы, екеуі атқосшы ылғи малшы мен жалшы екен. –Торы болса неге ақ ала, -Ақала емес, балам, үстінде тұрған қырау ғой. Қазанғап екеуіміз қос басында қалып қойдық. Бұны жұмысшылардан шыққан төре деп атайды.
2-жаттығу. Көп нүктенің орнына қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстарды қойыңыздар:
Ма...ына, ә...гіме, ...аржы, нары..., ...а...арман, көле...ке, желто...сан, таби...ат, ...алым.
3-жаттығу. Төмендегі өлеңді жаттап алыңыздар, дауысты дыбыстардың жазылу емлесіне назар аударыңыз.
Орта жолда бүріп тастап, от-құзғын
Құлап жатып құшағында құз-мұздың
Қасиетімді – қазақ тілін қанат қып
Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.
Көкірегінен атылса да оқ – күздің
Жаз етіп мен күздің өзін өткіздім
Шаттығымды – қазақ тілін қанат қып
Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.
Т.Айбергенов.
4-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден 4 сөз таңдап алып, фонетикалық талдау жасаңыз.
Бұл қойлармен бұдан былайғы жүргізілетін жұмыс шаруашылыққа пайдалы негізгі белгілерді нығайтуға және жақсартуға бағытталуы тиіс. Жүннің сапалық көрсеткіштерін жақсартуға көңіл аудару қажет. Жүннің түсі ақ және ақ сұр болуы керек, оларда түсті талшықтар аз, ал өлі және құрғақ талшықтар болмауға тиіс. Тәжірибелердің көрсеткеніндей, 1 класты жартылай қылшық жүнді қойлар Орталық Қазақстанның жағдайында жоғары класты жүні бар қойлармен салыстырғанда анағұрлым тұрақты болып келеді. Осыған байланысты мұндай қойлардың санын көбейту аса маңызды.
1. Негізінен сөздің бірінші буынында және бір буынды сөздерде жазылатын әріптерді көрсетіңіз:
А. Я,ю,э,е,и
В. Я,ю,а,е,і
С. А,ю,я,і,ү
D. Ә,о,ө,ұ,ү
Е. Ы,і,у,э,и
2. Ы,І әріптерінің емлесіне байланысты дұрыс жазылған сөздердің қатарын көрсетіңіз:
А. Ылашын, ырух, ірет, ірең
В. Ілеген, ылашын, іреңк, ірің
С. Ылаж, ірең, ырас, ылақ
D. Ырым, ырық, іріту, ілігу
Е. Ілеп, ылақап, ырақым, ыласайық
3. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз:
А. Сыяды
В. Сияды
С. Сыйады
D. Сиады
Е. Сыйяды
$$$ 4 B
4.Қазақтың байырғы сөздерінде қай дыбыс сөздің соңында келмейді?
А. Ы
В. О
С. А
D. Е
Е. І
5. Орфография бойынша дұрыс жазылған сөзді табыңыз
A. Бүгінгі
B. Бұрұңғұ
C. Жұмұшшұ
D. Көмөсү
E. Бұрұу
6. Қай буынға екпін түседі?
A. Ортаңғы буын
B. Бірінші буын
C. Соңғы буын
D. Ортаңғы ашық буын
E. Ешбір буын
7. Сөздің соңындағы қосарлы дыбыстарға қосымшаның дұрыс жалғанғанын көрсетіңіз:
А. Публицистке
В. Публициске
С. Публицистқе
D. Публицистқа
Е. Публицисқа
8. «И» - дыбысына тән қасиет
А. Қысаң, езулік
В. Ашық, еріндік
С. Ашық, езулік
D. Қысаң, еріндік
E. Еріндік, қысаң
9. дауыстылар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?
А. 3
В. 4
С. 5
D. 2
Е. 6
10.Екпін түспейтін қосымшаны табыныз
A. Септік жалғауы
B. Жіктік жалғауы
C. Тәуелдік жалғауы
D. Көптік жалғауы
E. Жұрнақ
11. Сөзді айтқандағы дауыс толқынын не дейді?
A. Тасымал
B. Әріп
C. Дыбыс
D. Буын
E. Екпін
12. Қай буын тасымалданбайды ?
A. Бір дауыстыдан тұрған ашық буын
B. Екі дыбыстан тұрған ашық буын
C. Үш дыбыстан тұрған ашық буын
D. Соңғы буындағы тұйық буын
E. Бірінші буындағы бітеу буын
13.Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?
А. 12
В. 10
С. 11
D. 9
Е. 15
14. Жуан дауыстыларды тап:
А. А,ы,і,у
В. А,ө,ұ,у
С. А,о,ұ,ы
D. А,у,ұ,і,й
Е. А,о,ү,у
15. Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап:
А. Қы-зғал-дақ
В. Ба-ла-лар-дың
С. Бал-а-лардың
D. Жұд-ыр-ық
Е. Балап-ан
16.Буынның неше түрі бар?
А. 4
В. 3
С. 2
D. 5
Е. жоқ
17. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды көрсетіңіз:
А. –Лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер
В. –Қор,-кеш,-нікі,-мен,-қой,-паз
С. –Ға,-та,-да,-қа,-па,-ба
D. –Сыз,-сіз,-шы,-ші,-ша,-шя
Е. –Дай,-лай,-тай,-сай,-қай,-ғай
18. -ог, -уг дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша қалай жалғанады?
А. Жіңішке
В. Жуан
С. Естілуіне қарай
D. Буын үндестіігне қарай
Е. Айтылуына қарай
Достарыңызбен бөлісу: |