Терминдерді жаттап ал



Дата24.05.2024
өлшемі36.7 Kb.
#501825
9-сынып ДЖТ 4-тоқсан 3-сабақ


Дүниежүзі тарихы Мектеп баспасы 2019ж, Авторлары Н.А.Алдабек, К.Н.Макашева, Қ.И. Байзақова
Адамзат үшін лаңкестік несімен қауіпті?
9.3.2.7 қазіргі кездегі халықаралық лаңкестік және экстремизм проблемасын талдау;
9.2.1.1 қоғам өміріндегі дәстүрлі және деструктивті діни ұйымдардың іс-әрекетіне баға беру;
9.2.1.2 қазіргі қоғамдық-саяси мәселелерді түсіну және интерпретациялау үшін дін туралы білімдерін пайдалану
Тапсырма 1 Терминдерді жаттап ал
Жахандану-
Лаңкестік-
Экстремизм-
Діни фанатизм-
Тапсырма 2 ТСН

Лаңкестіктің сыртқы шарттары


Тапсырма 3 Кітапты қолданып, кестені толтырыңдар
Х\қ лаңкестіктің негізгі белгілері





Тапсырма 4 Хронологиялық кесте

Уақыты

Елі

Адам өлімі

2001 ж11 қыркүйек







2002 ж қазан







2002 ж қазан







2003 ж қараша екеу







2003 ж наурыз








Тапсырма 5 Шығармашылықпен жұмыс.Талдау
Неліктен жахандану жағдайында лаңкестік көбейіп кетті? Сұрақты талқылау
Дұрыс жауаптары
Тапсырма 1 Терминдерді жаттап ал
Жахандану- жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт.
Лаңкестік- адамдардың мерт болу қаупін тудыратын, елеулі мүліктік зиян келтіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де әрекеттер жасау немесе қоғамға қауіпті зардаптары бар өзге де әрекеттер. Егер де бұл әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту немесе билік органдарының шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалған болса, сондай-ақ осы әрекеттер дәл осындай мақсатта жасалады деп қоқан-лоққы жасалса, лаңкестік әрекет болып саналады.
Экстремизм- бұл өзге көзқарасты, әсіресе шараны ұстану. Осындай шаралардың ішіне тәртіпсіздіктерді насихаттау, азаматтық бағынбаушылықтар, террори¬сттік акциялар, методы партизандық соғыс әдістерін жатқызуға болады. Ал «діни» қосымшасы қандай да бір дінге сену дегенді аңғартады.
Діни фанатизм- бeлгілі бір діни қағидаларға баc ұрып, coған тәуeлді бoлуды білдірeді.
Тапсырма 2 ТСН

Қолайсыз геосаяси жағдайдың теріс ықпалы

Этноаумақтық шиеленістер

Есірткі тасымалы

Сыртқы қаржылық қолдау

Лаңкестіктің сыртқы шарттары


Тапсырма 3 Кітапты қолданып, кестені толтырыңдар
Х\қ лаңкестіктің негізгі белгілері

  1. Бір аймақ шеңберінде шектелмейді

  1. Бұл топтардың қызметі орталықсыздандырылған

  1. Жанкешті шабуыл


Тапсырма 4 Хронологиялық кесте

Уақыты

Елі

Адам өлімі

2001 ж11 қыркүйек

АҚШ

2974 адам

2002 ж қазан

Ресей

130

2002 ж қазан

Индонезия

202

2003 ж қараша екеу

Стамбул

25+28

2003 ж наурыз

Испания

191


Тапсырма 5 Шығармашылықпен жұмыс.Талдау Оқушылар талдайды
Неліктен жахандану жағдайында лаңкестік көбейіп кетті? Сұрақты талқылау


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет