1. Жіктеу есімдігін табыңыз:
А) Бұлар В) қайдан С) ешкім Д) олар Е) кейбіреу
2. Тәуелденген тұлғадағы сілтеу есімдігін табыңыз:
А) Кіміңіз? Несі? В) Бұнысы, мынауымыз С) Соның, анаған
Д) өздерің, өзіңіз Е) Барлығынан, бәрінің
3. Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз:
А) Бірнеше В) Саған С) Дәнеңе Д) өзің
4. Есімдік сөйлемде қандай жағдайда анықтауыш болады?
А) Зат есім орнына қолданылса В) сын есім, сан есім орнына қолданылса
С) Мезгіл, мекен мағынасын білдірсе Д) Сөйлем соңында келсе
Е) Үстеу сөздердің орнына қолданылса
5.Дұрыс септелген есімдікті табыңыз:
А) менге В) сенмен С) сода Д) бұдан Е) сеннің
6. Болымсыздық есімдігін тап
А) дәнеме В) бірдеме С) сода Д) әлдекім Е) біреу
7. Есімдік қалай қолданылады?
А) сұрақтарға жауап беру арқылы В) қолданылмайды С) есім сөздердің орнына қолданылады
Д) етістік сөздерінің орнына қолданылады Е) мұндай сөз табы жоқ
8. Жіктеу есімдіктерін белгілеңіз:
А) ендеше, соңдықтан В) туралы, үшін С) оның, сіздер Д) Және, әрі Е) да, де, та, те
9. «Мен» жіктеу есімдігінің барыс септігінде түрленіп тұрғанын көрсетіңіз:
А) менің В) менде С) менімен D) маған Е) мені
10. Өздік есімдігін табыңыз:
А) бәрі, барлығы В) біреу, әркім С) мен, сен D) мынау, анау Е) өзіміз, өзге
11. «Біреу, әркім, әлдекім» сөздері қандай есімдікке жатады?
А) жалпылау В) болымсыздық С) белгісіздік Д) өздік Е) сұрау
12. «Ешқашан» сөзінің орыс тіліндегі баламасын көрсетіңіз:
А) нет В) никуда С) никогда Д) нельзя Е) ничего
13. Орыс тіліндегі « весь, все, всякий» сөздері қандай есімдікке жатады?
А) жалпылау В) белгісіздік С) болымсыздық Д) өздік Е) жіктеу
14. «Қазақ тілін білу- өзіміз үшін керек», - деген сөйлемнің есімдігі қайсы:
А) үшін В) өзіміз С) білу Д) қазақ тілін Е) керек
15. Қай сөйлем сілтеу есімдігінен құралған:
А) Менің кітабым таза. В) Кітап - білім бұлағы. С) Кітап не үшін керек?
Д) Бұл кітапты мен оқимын! Е) Қазақ тілі кітабын таза ұста!
16.Жалпылау есімдікті көрсетіңіз.
A) Сен. B) Өзінің. C) Анау. D) Бәрі. E) Ешкім.
тапсырма. Жырдан есімдіктерді тап. Түрлерін жаз.
Достарыңызбен бөлісу: |