1. Жылуалмастырғыштар



бет1/2
Дата05.10.2022
өлшемі174.47 Kb.
#462034
  1   2
Мұстафа Жылуалмастырғыш


КІРІСПЕ
1. Жылуалмастырғыштар. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Құбыр ішіндегі құбыр жылу алмастырғыштар ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Ауамен салқындату аппаратары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 U тәрізді құбырлы қапты жылуалмастырғыштар ... ... ... ... ... ...
1.4 Ирек құбырлы жылуалмастырғыштар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Мұнай өңдеу және мұнай өндірісінің негізгі міндеттерінің бірі – мұнайды қолдану тиімділігін арттыру және оны ары қарай терең өңдеуді қамтамасыз етіп, белгілі қуатты реконструкцияжәне интенсификация есебінен прогрессивті қалдықсыз өңдеу технологиясын, шығарылатын өнімнің көлемін көбейтіп, оның сапасын жоғарылату болып табылады.
Мұнай өңдеу өндірісіндегі технологиялық процестерде сапасы нашар мұнайдан мотор отындарының, майлағыш майлардың, майлағыштардың және басқа мұнай өнімдерінің ассортиментін кең көлемде шығымын жоғарылатуды қамтамасыздандыру қажет [1].
Ең негізгі талаптардың бірі - мұнайды рационалды пайдалану, яғни отындық дистилляттарды АҚ және АВҚ қондырғыларында айдау арқылы шығымын жоғарылату болып табылады. 3500С-қа дейін қайнайтын ашық фракциялар және АҚ қондырғысындағы ашық мұнай өнімдерінің жиынтығы арасындағы потенциалдар айырмасы өңделуші мұнайдың сапасына, алынатын өнімдер ассортиментіне байланысты, және олардың қатынасы мұнай массасының 5-7 % (масс.)құрайды [2].
Мұнай өңдеу зауытында мұнайды алғашқы өңдеу қондырғылары үлкен роль атқарады. Газды бөлу, каталитикалық крекинг, кокстеу және т.б. тазалау процестерінің тиімділігі оның жұмыс істеу көрсеткіштеріне байланысты болады.
Еңбек өнімділігін арттыру, тауар өнімдерінің құнын төмендету, энергетикалық шығындарды, металдың меншікті шығынын, капиталдық салымдар және эксплуатациялық шығындарды қысқарту қондырғылардың техника-экономикалық көрсеткіштерін жақсартады.
Алғашқы айдау қондырғыларын жинақтау құрылысы үлкен экономикалық артықшылық болып саналады. Мұнай өңдеу зауытындағы процестерді жинақтау негізгі өндіріс аумағының шағын орналасуына, технологиялық және энергетикалық коммуникациялардың санын азайтуға, жалпы зауыттық шаруашылықтың көлемін қысқартуға, қызметшілер санын азайтуға мүмкіндік береді.
Мұнайды алғашқы өңдеу процестерін ары қарай жетілдіру үшін қондырғының тиімділігі барынша жоғары және негізгі құрал-жабдықтарды автоматтандыру қажет [3].
Мұнай өңдеу өнеркәсібінің дамуы басқа сала өнеркәсіптері сияқты ғылыми-зерттеу және жобалау-құрылыстық жұмыстармен тығыз байланысты. Мұнайды зерттеудің негізгі мақсаты - өндірістік шикізат ретінде отындар, майлар, битумдар және басқа тауарлық өнімдер алу болып табылады
Жылуалмастырғыш мұнай өңдеу және мұнай – химия зауыттарының барлық технологиялық қондырғыларының аппараттарының негізгі құрамына кіреді. Олардың құны технологиялық қондырғылар құрал – жабдықтарының жалпы құнының шамамен 15 % құрайды. Жылуалмастырғыштарды процеске қатысушы өнімдерді қыздыруда, буландыруда, конденсациялауда, кристалдауда, балқытуда және қатыруда, сонымен қатар бу – генераторы және пайдаланушы – қазан есебінде қолданылады. МӨЗ қолданылып келе жатқан жылуалмастырғыштар, оның ішінде алғашқы өңдеу қондырғыларындағылар мынандай топтарға бөлінеді :
1) құбыр құбырдағы типтес жылуалмастырғыштар;
2 ) қанталма құбырлы жылуалмастырғыштар;
3 ) ауамен суыту аппараттары;
4 ) тікелей араласумен жылуалмастырғыштар.
Құбыр құбырдағы типтес жылуалмастырғыштар тазалау үшін жеңіл бөлшектенеді және жылу алмастырушы ортаны кез келген температура айырмашылығында пайдалана алады. Олар алғашқы айдау қондырғыларында мұнайды мазут немесе гудрон сияқты қалдық өнімдермен қыздыру үшін қолданылады. Қанталма құбырлы жылуалмастырғыштар қазіргі МӨЗ көп қолданылуда. Қанталма құбырлыжылуалмастырғыштардың құбырлы мекеме бекітілген және айнымалы басты түрлері болады. Айнымалы басты жылуалмастырғыштар – қазіргі жаңа МӨЗ жылуалмастыру аппаратының негізгі түрі. Мұнайда алғашқы айдау қондырғыларында олар мұнайды шығушы өнімдер жылуы арқылы қыздыруға су конденсатор – тоңазытқыш,, шикі затты тұрақтандыру қыздырғыштары және т.б есебінде қолданылады. Айнымалы тордың болуы құбыр шоғырының корпус ішінде бос қозғалуына жағдай жасайды, құбыр шоғырын тазалау және ауыстыру жеңіл іске асырылады
Мұнай өңдеу зауыттарында тура айдау қондырғыларында қолданылатын жылуалмастырғыштар келесі топтарға бөлінеді:
1. Құбыр құбырдың ішінде типті жылуалмастырғыш;
2. Кожухотрубчатые жылуалмастырғыш;
3. Ауамен салқындату аппараты;
4. Тікелей араластыру аппараты
Ж
ылу алмастыру процесі айнымалы басты аппараттар мынындай кезекте іске асырылады. Сұйық бөлуші камераға түскеннен кейін құбыр шоғырымен айнымалы бөлігіне түседі және онда бұрылып қайтадан құбыр шоғырына түседі. Бөлуші камерада бірнеше қалқан орнатуға болады және осының нәтижесінде ағымның құбырмен жүруінің санын өсіруге болады. Жылу алмастырудың тиімділігін арттыру үшін құбыраралық кеңістікте көлденең қалқандар орналастырылады. Құбыр құбырдың ішінде тіпті жылуалмастырғыштар тазартуға өте ыңғайлы және жылуалмастырушы ортаның кез келген температурасында қолданыла береді. Олар тура айдау қондырғыларында мазут пен гудронды қыздыру үшін қолданылады.Бір – біріне жалғанған құбыр элементтерден тұрады. Бір жылу тасымалдағыш ішкі құбырмен екінші құбырмен жылжиды немесе ішкі және сыртқы құбырлар арасындағы кеңістікпен жылжиды. Ішкі құбырлар диаметрі 57 – 108 мм қалаштармен жалғаады. Сыртқы құбырлар диаметрі 76 – 159 мм құбыршалармен жалғанады

Ауамен салқындату аппаратурасы қондырғыны және негізгі бөлікті бір қалыпта ұстайтын құбырлар жиынтығынан, электрқозғалтқышы бар желдеткіштен тұрады. Ауа желдеткіш арқылы құбыр аралық кеңістікке жіберіледі. Құбыр жиынтығы сырттан салқындатады.Бет арқылы өтетін жылу есебінен құбырдан ағып өтетін өнім салқындайды. Ауа құбыр арасындағы кеңістікке біркелкі таралу үшін желдеткіш құбырмен диффузор арқылы таралады. Құбырлар, коллекторлар және рамалар секцияны құрайды. Коллекторлар ашылып жабылатын қақпақтармен қамтамасыз етілген, ол құбырлардың ішкі қабырғаларын тазартуға мүмкіндік береді. Қаптама құбырлы жылуалмастырғыш. Қаптама құбырлы жылуалмастырғыштың қатаң құбырлы типті және басы қозғалмалы түрі бар. Басы қозғалмалы жылуалмастырғыштар қазіргі замандағы мұнай өңдеу зауыттарында қолданылатын жылуалмастырғыштардың негізгісі. Біріншілік айдау қондырғыларында жылуалмастырғыштар мұнайды өнімнің жылуы арқылы қыздыруға, су конденсатор – салқындатқыш ретінде қолданвлады. Беттік жылуалмастырғыштардағы өнімдерді конденсациялау және салқындату үшін су қолданылады.
Зауыттардағы судың сапасы жоғары емес, олардың минералдалығы жоғары. Сондықтан салқындатқыш құбырларында кеуек және органикалық тұнбалар бар, судың әсерінен каррозияға ұшыраған. Бұл кемшіліктер су салқындатқышты ауа салқындатқышына алмастырғанда жойылады. Жылу алмастырғыш қаптамадан, құбырлардан, құбыр торларынан тұрады. Құбырлар торларына құбырлар шоғы орнатылған.



U тәрізді құбырлы жылуалмастырғыштар. Мұндай жылуалмастырғыштарда U тәрізді құбырдың екі шеті де бекітілген. Бір құбыр қорған болады. Ол температура өзгерген кезде құбыр ұзындығынын еркін ұзартуға мүмкіндік береді. Мұндай аппараттардың құбырларының ішкі және сыртқы жақтарын тазарту қиын болғандықтан тек таза өнімдер үшін қолданылады. Бу кеңістігі бар буландырғыш қабы және 31 құбыр жиыннан тұрады. Рибойлерде қалқымалы головканың немесе U тәрізді құбырларды аппараттарды секілді құбырлар жиыны қолданылады. Қос құбырлы құбыр қапты жылуалмастырғыштарда 2 құбырлы қорған болады. Ол аппараттың бір жағында болады. Бір құбыр қорғанда жоғары жағы ашық, кіші диаметрлі құбырлар. Ал екіншісінде төменгі жағы бекітілген үлкен диметрлі құбырлар қолданыла бастайды. Мұндай аппарттарда бір жылуалмасушы орта қақпақпен жоғары құбыр қорған арасындағы кеңістікке штуцер арқылы келіп түседі. Мұннан кіші диаметрлі құбыр арқылы төменге бағытталады. Одан шығар кезде ағыс құбырлар арасындағы кеңістікке қайта келеді. Содан соң аппараттан шығарылады
Ирек құбырлы жылуалмастырғыштар. Диаметрі 15 – 20 мм құбырларын спираль тәрізді орамалар жасалынады. Батырмалы ирек құбыр жылуалмастырғыштарда аппараттар ішінде батырылған спиралды ирек құбырмен сұйық, газ және бу өтеді. Аппараттың ішіндегі сұйық көмірсутектердің көптілігімен сұйықтың жылдамдығын ың өте аз болады. Ирек құбырдың сыртындағы сұйықтың жылдамдығын көбейту үшін аппарат ішіне ішкі стакан орнатады. Мұндай аппараттарда жылу мөлшері төмен болады. Бұл аппараттың артықшылықтары: құрылымның қарапайымдылығы, арзандығы, тазалау мен жөндеудің оңа йлығы, жоғары қысымда және химиялық активті ортада пайдалану мүмкіндігі. Егер қаныққан су болса, ондай ирек құбыр ұзындығының диаметрге қатынасы 200 – 275 аралығында болуы керек, ал егер одан көп болса бу конденсаты ирек құбырлардың төменгі жағына жиналып, жылуалмасу процесінің жылдамдығын азайтады гидравликалық кедергіні көбейтеді. Кемшіліктері: өлшемі үлкен, құбырдың ішкі бетін тазарту қиын, жылу беру коэффициенті аз. Араластырғыш жылу алмастырғыштар аппараттарда жылу берілісі тікелей соқтығысумен араласу нәтижесінде жүреді. Мұндай аппараттарды буларды конденсациялауда, газдарды сумен салқындатуда және суды ауамен салқындатуда қолданады




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет