1-жоба. «2500 басқа дейін асыл тұқымды репродуктор және мал бордақылау алаңын құру»



Дата03.07.2016
өлшемі51.38 Kb.
#174525
Индустрияландыру Картасының бес инвестициялық жобасы
1-жоба.

«2500 басқа дейін асыл тұқымды репродуктор және мал бордақылау алаңын құру», жобаның бастамашысы «Сахновское» ЖШС.

Жобаның мақсаты мен идеясы: ІҚМ жалпы мал басын 2500 басқа дейінгі асыл тұқымды репродуктор және мал бордақылау алаңын құру.

Жүзеге асыру кезеңі 2013 жылғы сәуір – 2017 жылғы қазан.

Жобаның жалпы құны – 800,0 млн. теңгені құрайды. Өз қаражаттары: 275,4 млн. теңге. Қарыз қаражат: 70 млн. теңге «ҚазАгроҚаржы» АҚ, 454,6 млн. теңге «KAZМЕАТ»ЖШС.

Жалпы сомасы 70 млн. теңгеге «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы саны 201 бас мал лизингі пысықталды, 204,6 млн. теңге сомаға репродуктор үшін мал басын арттыру бойынша бизнес жоспарды жасау аяқталуда, мал бордақылау алаңын құруға 250 млн. теңге кредит алу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде, 2012 жылғы көктем-күз кезеңдерінде қазіргі уақытта бар мал шаруашылығы базаларын жөндеу және қайта жаңғырту бойынша дайындық жүргізілуде.

40 тұрақты жұмыс орнын, құрылыс кезеңінде 30 жұмыс орнын құру.

Күтілетін нәтиже: жыл сайын асыл тұқымды төлдерді сату. Ет өндірісі.

Кәсіпорынның қолайлы географиялық орналасуы, ауданмен және облыс орталығымен тікелей көлік қатынасының болуы, сондай-ақ Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасына жақындығы шығарылатын өнімді өткізу аймағын кеңейтуге едәуір септігін тигізеді.

Осы жобаны жүзеге асыру үшін субъектіде – өтініш берушіде барлық қажетті өндірістік-экономикалық алғышарттар бар: материалдық-техникалық және еңбек ресурстары.
2-жоба.

«1200 бас асыл тұқымды репродуктор құрылысы», жобаның бастамашысы «Лазарев и К» ЖШС.

Жобаның мақсаты мен идеясы: 1200 бас қазақи ақбас асыл тұқымды репродуктор құрылысы.

Жүзеге асыру кезеңі 2011 жылғы желтоқсан – 2014 жылғы қаңтар.

Жобаның жалпы құны - 100 млн. теңге. Қаржыландыру көзі жоба бастамашысының өз қаражаттары болып табылады.

Күтілетін нәтиже: қазақи ақбас тұқымды ірі-қара мал басын өсіру.

30 тұрақты жұмыс орнын, құрылыс кезеңінде 25 жұмыс орнын құру.

Жобаны жүзеге асыру Новошульба ауылының ірі шаруашылық базасында жүзеге асырылуда.

Жоба ішкі нарыққа бейімделген.

2010 жылғы қазан айынан 2011 жылғы желтоқсан айы аралығында «Лазарев и К» ЖШС өз қаражаты есебінен 128 бас қазақи ақбас тұқымды ІҚМ сатып алды, 2011 жылы желтоқсанда «ҚазАгроҚаржы» АҚ лизингі нәтижесінде 200 бас қазақи ақбас тұқымды қашар мен тұмса құнажын сатып алды. Осылайша, табын 328 басқа дейін өсті. 2014 жылға қарай «Лазарев и К» ЖШС толық қуатқа шығуды жоспарлауда және жыл сайын 300 басқа дейін асыл тұқымды қашарлар мен жас бұқаларды сата алатын болады.

Жоба қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Селекциялық-асыл тұқымды жұмыстар 2011 жылдан бастап «Научно-инновационный центр животноводства и ветеринарии» ЖШС жасалған шарттың негізінде жүргізілуде. Зоотехникалық және асылтұқымды есептеу Ақпараттық-аналитикалық жүйе «Мал шаруашылғындағы ірі масштабтағы селекция» бағдарламасы бойынша асыл тұқымды етті мал шаруашылығының талаптарына сәйкес нысандар бойынша реттелген.

350 бас асыл тұқымды репродуктордың бірінші блогының құрылысы аяқталды. Барлығы 27 млн. теңге жұмсалды.
3-жоба.

«Сүтті тереңдетіп қайта өңдеумен сүт-тауарлы фермасын кеңейту» бастамашы «Алмакос» ШҚ.

Жобаның мақсаты мен идеясы: мал басын 500 басқа дейін өсіру, күтіп ұстауға, саууға және сүт құю линиясына арналған жабдықтарды монтаждаумен базаны қайта жаңғырту.

Жүзеге асыру кезеңі 2011 жылғы қыркүйек – 2013 жылғы желтоқсан.

Жобаның жалпы құны - 300 млн. теңге.

Қаржыландыру сызбасы: «АграрлықКредиттік Корпорация» АҚ арқылы қарыз қаражат 244 млн. теңге, өз қаражаттары 56,0 млн. теңге.

Күтілетін нәтиже: мал басын 500 басқа дейін өсіру, сүтті қайта өңдеу.

30 тұрақты жұмыс орнын, құрылыс кезеңінде 20 жұмыс орнын құру.

Семей қаласы мен Жезкент кентін сүт өнімімен қамтамасыз ету.

2013 жылға қарай «Алмакос» ш/қ толық қуатқа шығуды жоспарлауда және жыл сайын 100 тонна ет пен 15 мың тонна сүт сата алатын болады.

Жобаны жүзеге асыру ірі шаруашылық базасында жүзеге асырылуда, малды күтіп ұстау мен саууға арналған база бар.

Қазіргі уақытта 382 бас асыл тұқымды қашарлар мен 12 бұқа сатып алынды. Саууға арналған неміс өндірісінің «Vestfalle» фирмасының және суытуға арналған Италия өндірсінің жабдықтары.


4-жоба.

«Сүт-тауарлы фермасын кеңейту» бастамашы «КХ «Новая Заря» ЖШС.

Жобаның мақсаты мен идеясы: 150-200 бас галштино-фриз тұқымдас асыл тұқымды мал сатып алу, сүт линиясын орнату.

Жобаның жалпы құны – 200,0 млн. теңге.

Қаржыландыру сызбасы: «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы қарыз қаражат 150,0 млн. теңге, өз қаражаттары 50,0 млн. теңге.

Күтілетін нәтиже: мал басын 150-200 басқа дейін өсіру, сүтті қайта өңдеу.

10 тұрақты жұмыс орнын және құрылыс кезеңінде 25 жұмыс орнын құру.

Ауданның 8 ауыл шаруашылық құрылымдарында жалпы 7348 бас ІҚМ басымен 10 сүт-тауарлы фермасы жұмыс істейді, соның ішінде сиырлар 2211 бас. 2011 жылы 7381,37 тонна сүн өндірілді, сүтті өндіру үшін 82,7 млн. теңге сомасында субсидия алынды.

Жоба жоспарына сәйкес жыл сайын шығарылатын сүттің көлемі 1 мың тоннаны құрайды, аудан қажеттілігі 3303,95 тоннаны құрайды.

«КХ «Новая Заря» ЖШС жобаны жүзеге асыру үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, өйткені сүт-тауарлы ферма жұмыс істейді.

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде жыл сайын 1 мың тонна сүт өндіру жоспарланған, 2011 жылы аудан өндірісі 7,3 мың тоннаны яғни 15% құраған.

Кеңейту «КХ «Новая Заря» ЖШС жұмыс істеп тұрған сүт-тауарлы фермасының базасында жоспарланған.

Техникалық шешімдер 150-200 бас галштино-фриз тұқымдас асыл тұқымды мал сатып алу, қуаты жылына 1 мың тонналық сүт линиясын орнату. Сүт блогын салу бойынша жұмыс басталды.

5-жоба.

«ЖЕМШӨП ДАҚЫЛДАРЫН СУАРУ»

Бастамашы: «Е.Зайтенов» ш/қ.

Жобаның негізгі мақсаты мен идеясы: жер суландыратын шеңбер бойымен қозғалатын қондырғыларды қолдану арқылы жемшөп дақылдарын суару.

Күтілетін нәтиже: ең жоғарғы көрсеткіш 3 орым алумен жемшөп дақылдарын суару (жүгері, жоңышқа, козлятник, судан шөбі).

Жобаның жалпы құны – «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 250 мың АҚШ доллары.

2 тұрақты жұмыс орнын және құрылыс кезеңінде 5 жұмыс орнын құру.



Суару ауданы: 190 га, болашақта суару ауданын тағы 200 га ұлғайту жоспарлануда.

Жоба құнына кіреді: 2 жер суландыратын шеңбер бойымен қозғалатын қондырғыдан тұратын кешенді, дизельді сорғы станциясын сатып алу және орнату бойынша жұмыстарды орындау.

Жобаны жүзеге асыру кезеңі: 2012 жылғы ақпан – 2014 жылғы қыркүйек.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландыруды кешіктіруіне байланысты, жобаны жүзеге асыру мерзімі 2012 жылғы маусымнан 2013 жылғы қыркүйекке ауыстырылған болатын.



Алайда, шаруашылықтың германиялық AGROTEC фирмасымен тығыз жұмыс істеуіне байланысты америкалық әзірлеуші-зауытқа кешенді жинақтауға алдын-ала өтінім берілді, бұл оны жеткізу мерзімін 2айға қысқартуға септігін тигізді.

Қазіргі уақытта құны 208 мың долларлық (104 мың*2 бірлік) REINKE америкалық маркалы 2 жер суландыратын шеңбер бойымен қозғалатын қондырғыдан тұратын кешен (374,3 м шеңберлі, тіркемелі, дизель-генераторымен, су сепкіші бар), сонымен қатар құны 42 мың долларлық SCOVA дизельді сорғы станциясы (238 ЛС 480 текше метр/сағ., панель) сатып алынды (жабдықтар «ҚазАгроҚаржы» АҚ кешірек қаржыландыруына байланысты тамыз айының басында жеткізілді).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет