1 — Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар және оқушылар!
Сонау ежелгі өркениет кезеңдерінен — ақ адамзаттың дамуы мен қалыптасуы жайында көптеген ғалымдар ғылыми әрі теориялық, тәжірибелік ізденістерін, пікірлерін ұстанумен келеді. Бұл тұрғыдан қазақ халқы да кем де емес.
Ұлы Абай, Шәкәрім, Ыбырай сынды алыптарымыздың осы жолда көрсеткен тәлімі мен білімі еш ұмытылмақ емес.
Ал тұңғыш президент Н. Ә. Назарбаев «Біз өмір бойы жететін білім моделінен өмір бойы білім алу моделіне көше алуға тиіспіз» — деп білімнің маңызын айрықша жоғары бағалаған. Ендеше, құрметті жас достар! Ғылым мен білім бәсекесі туындаған ХХІ ғасырдың тәуелсіз, егеменді еліміздің болашақтары қош келдіңіздер! ХХІ ғасырдың қазақстандық көшбасшылары, құрметті қонақтар, тарих, география пәндер апталығына байланысты мектепішілік «Білімді ұрпақ-жарқын болашақ» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!.
2- жүргізуші: Инттеллектуалды ойынымызды бастамас бұрын
Әділ қазы ақ қазыға бер сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар, сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл, — дей отырып, әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1.___________________________________________________________
2.___________________________________________________________
3.___________________________________________________________
1- жүргізуші:
Ал енді сайысымыздың өту барысымен таныстырайық.
І- кезең «Қанат қақты» - бұл кезеңде оқушылар қима әріптерден топтың атын құрап, сол шыққан сөздің мағынасын ашып постер жасайды.
ІІ- кезең «Жылдар сөйлейді» — оқушыларға математикалық амалдармен есептер беріледі, есепті шығарып, шыққан сан қандай тарихи оқиғамен байланысты екенін анықтайды және сол оқиға туралы ақпарат береді.
Сергіту. Оқушылар суретке қарап,мақалды табады.
ІІІ кезең «Өткел». Қораптарды дұрыс орналастыру арқылы сурет құрайды.
ІҮ- кезең «Тұлғаны таны».Оқушылар тарихи тұлғаларды танып, тұлғалар туралы білетін мәліметті айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |