1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Нақты Ереже «ХХІ ғасырдың көшбасшысы» ойынының форматында «Эрудит-2012» интеллектуалды олимпиадасын ұйымдастыру мен өткізудің жалпы тәртібін, сонымен қатар жеңімпаздарды анықтау ережелерін айқындайды.
1.2. «ХХІ ғасырдың көшбасшысы» ойынының форматында «Эрудит-2012» интеллектуалды олимпиадасын өткізудің негізгі мақсаттары – жалпы білім беру мекемелері қатысушыларының шығармашылық қабілеттіліктерін айқындау және дамыту, олардың оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандырып, олардың кәсіби бағдарлануы мен білім алуын жалғастыруға ықпалдасу.
1.3. «ХХІ ғасырдың көшбасшысы» ойынының форматында «Эрудит-2012» интеллектуалды олимпиадасын өткізудің міндеттері:
- бірнеше пәндердің білімін игеру дәрежесін анықтау (оның ішінде география, ағылшын тілі, дүниежүзі тарихы, экономика негіздері) мен ойын қатысушыларының креативті ойлау қабілеттіліктерін дамыту деңгейін анықтау;
- жалпы білім беру мекемелері қатысушыларында пәндердің кең шеңберін оқуға деген қызығушылықтарын дамыту;
- орта мектеп қатысушыларының танымдық іс-әрекетін, шығармашылық қабілеттіліктері мен дербестік қасиеттерін ынталандыру.
2. «ЭРУДИТ–2012» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЛИМПИАДАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ МЕН ӨТКІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ
2.1 Жалпы әдістемелік, ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз ету Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Экономика және басқару факультетінің «Экономикалық теория және халықаралық экономика» кафедрасымен жүзеге асырылады.
2.2 Мектеп оқушылары үшін интеллектуалды олимпиада 2 кезеңде өткізіледі:
1 кезең: тестілік тапсырма түрінде география, ағылшын тілі, дүниежүзі тарихы, экономика негіздері пәндері бойынша іріктеу турын өткізу. Тестілік тапсырмалар әр пән бойынша бес жауап нұсқалары (олардың ішінде тек бір жауап ғана дұрыс) бар 20 сұрақтан құралады. Тестілік тапсырмалардың барлығы 80 сұрақтан құралады. Тестілік тапсырмаларды орындауға 2 сағат беріледі (120 минут). Әр дұрыс жауап үшін бір балдан есептеледі. Тапсырманы орындағаны үшін алынатын балдар қосылады. Неғұрлым жоғары балл жинаған қатысушылар «ХХІ ғасырдың көшбасшысы» ойынының форматында «Эрудит-2012» интеллектуалды олимпиадасына қатысады.
2 кезең: жартылай финал мен финал ойындарынан құралатын «Эрудит–2012» интеллектуалды олимпиадасын өткізу.
ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛ ОЙЫНЫ 3 ТУРДАН ТҰРАДЫ:
Тур 1. «БӘЙГЕ».
-
Жүргізуші қарапайым жауаптарды талап ететін қарапайым сұрақтар қояды.
-
Қатысушыла дұрыс жауап үшін 10 балдан алады;
-
Сұраққа жауап беру құқығына батырманы бірінші болып басқан ойыншы ие болады.
-
Бірінші ойыншының сұраққа дұрыс жауап бермеуі барысында жауап беру мүмкіндігіне батырманы екінші болып басқан ойыншы ие болады.
Тур 2. «ПОЛИГЛОТ».
Турда табылған сөздің дұрыс аудармасы мен айтылуы бағаланады.
1. Экранға 4 квадраттан құралатын тор шығарылады. Әр квадратта бір сұрақ болады. Қатысушы сөзді тауып, оны қазақ (немесее орыс), ағылшын (немесе неміс) тілдеріне аударуы тиіс.
-
Жауап 2 тілде қабылданады: орыс (немесе қазақ) және шет тілдерінде.
-
Дұрыс емес жауап және орыс тіліндегі (орыс мектептері үшін) және қазақ тілдеріндегі (қазақ мектептері үшін) жауаптар қабылданбайды.
-
2 сөздің дұрыс аудармасы үшін - 20 балл, 1 сөз - 10 балл беріледі.
-
Екі тілде де қатесіз айтылған жауап үшін қатысушы қосымша 10 балл алады.
-
Сұраққа жауап беру құқығына батырманы бірінші болып басқан қатысушы ие болады
-
Бірінші ойыншының сұраққа дұрыс жауап бермеуі барысында жауап беру мүмкіндігіне батырманы екінші болып басқан ойыншы ие болады.
Тур 3. КЕРЕМЕТ ЖЕТІЛІК
-
Ең төмен балл жинаған ойыншы сұрақты бірінші болып таңдайды.
-
Экранда 9 шағын торларға бөлінген тор пайда болады. Әр квадратта бір сұрақтан болады. Іріктеу ойындарында – келесі пәндер бойынша 6 сұрақ болады: математика, Қазақстан тарихы, тілдер (қазақ немесе орыс), дүниежүзі тарихы мен география, ағылшын (немесе неміс) тілдері + 1 бейне сұрақ + «сұрақсыз бонус» + Қарағандыға шолу (Қарағанды тарихы).
3. Жоғарғы қатарда 20 балдан бағаланатын 3 сұрақ орналастырылады, ортаңғы қатарда 30 балмен бағаланатын күрделілігі орташа сұрақтар, төменгі қатарда 10 балмен бағаланатын күрделі сұрақтар орналастырылады.
4. Бір шағын торда танымдық сипаттағы бейне сұрақ жасырылады. Аталмыш сұрақ ашылған кезде сұраққа барлық 4 қатысушылар жауап береді. Жауап жазбаша түрде қабылданады. Дұрыс жауап берген қатысушылар сұрақ деңгейіне байланысты балдарын алады.
-
«Сұрақсыз бонус» сұрағы ашылған кезде қатысушыға
қосымша 10 балл тағайындалады.
-
Қалған шағын торларда аталған пәндер бойынша күрделілік деңгейі әртүрлі сұрақтар жасырылады.
-
Сұраққа жауап беру құқығына батырманы бірінші болып басқан қатысушы ие болады
-
Бірінші ойыншының сұраққа дұрыс жауап бермеуі барысында жауап беру мүмкіндігіне батырманы екінші болып басқан ойыншы ие болады.
ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛ ОЙЫНЫ АЯҚТАЛҒАНДА ӘДІЛ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРЫП, ОЙЫННАН ШЫҚҚАН ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАЙДЫ.
ФИНАЛДЫҚ ОЙЫН 3 ТУРДАН ҚҰРАЛАДЫ:
Тур 4. «ЕГЕР ДЕ МЕН ».
-
Стол үстінде сұраққа жауап беру үшін қажетті заттар немесе ішіндегі затты табу қажет болатын қара жәшік болады.
-
Сұрақ қандай да бір жаңалықты, ашылымды қайталауды немесе логикалық жұмбақты шешуді қарастырады.
-
шешімге 1 минут уақыт беріледі. Жауабын жазып, жүргізушіге тапсыру қажет.
-
Әр қатысушы жауаптың өз нұсқасын түсіндіреді.
-
Тағайындалатын балдар: 0-70. Жауаптың дұрыстылығы, логикалық ілеспеліліктің құрылуы, сұрақ шешімінің әмбебаптылығы, өз ойын нақты жеткізе білу ептілігі бағаланады.
Тур 5. «ОРАТОР».
Ораторлық өнерге ие болу ептіліктерін көрсете отырып, қатысушылар таңдалған мамандықтың өзектілігін баяндайды.
«Оратор» турының тақырыбы - «Менің болашақ мамандығым…».
Тур 6. «ЖОРҒА».
Бір минут ішінде ойынша сұрақтардың максималды санына жауап беруі тиіс.
ФИНАЛ ОЙЫНЫ АЯҚТАЛҒАН КЕЗДЕ ӘДІЛ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ ОЙЫН ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРЫП, ОЙЫН ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАЙДЫ.
2.3 «Эрудит–2012» интеллектуалды ойынын өткізу регламенті:
10.00 - 10.30 - ойын қатысушыларын тіркеу;
11.00 – бірінші іріктеу турының басталуы;
13.00 – бірінші іріктеу турының аяқталуы;
13.00 – 14.00 – түскі ас уақыты;
14.30– 1 іріктеу турының қорытындыларын шығару;
14.30 – 15.30 – «ХХІ ғасырдың көшбасшысы» ойыны форматындағы интеллектуалды ойынның 2 турын өткізу;
16.00 – марапаттау.
3. «ЭРУДИТ–2012» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫНА ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ
3.1. «Эрудит–2012» интеллектуалды ойынына қатысуға Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының жалпы білім беру мекемелерінің 11 сынып қатысушылары жіберіледі.
3.2. Интеллектуалды олимпиаданың қатысушылары мектеп басқармасымен куәландырылған бекітілген мерзімде өтініш беру арқылы ойынды ұйымдастырушылармен бекітілген мерзімдерде Қарағанды экономикалық университетінде алдын ала тіркеуден өтуі тиіс.
3.3. Эрудит–2012» интеллектуалды ойынын өткізудің жұмысшы тілі болып мемлекеттік және орыс тілдері табылады.
3.4. Қатысу тәртібі, «Эрудит-2012» интеллектуалды олимпиадасының бағыттарына сәйкес қатысушылар санының есебі туралы ақпарат ойынды өткізу басталғанға дейін бір апта бұрын қатысушыларға хабардар етіледі (2012 жылдың 20 сәуірі).
4. «ЭРУДИТ–2012» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫН ӨТКІЗУ МЕН ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ
4.1. Ойынның ашылуы, қорытындылар шығару мен қатысушыларды марапаттау «Экономикалық теория және халықаралық экономика» кафедрасымен жүзеге асырылады.
4.2. Іріктеу туры қатысушыларының тестілік тапсырмаларының дұрыстығын тексеру үшін комиссия (тестілік тапсырмалар нәтижелерін етксеру үшін) және әділ қазылар алқасы (ойын қорытындыларын шығару үшін) тағайындалады.
Іріктеу турының 1 кезеңінің жеңімпаздары болып балдарының сомасы барлық қатысушылардың ішінде максималды болып танылатын оқушылар саналады.
2 турдың қорытындылары бойынша әділ қазылар алқасы «Эрудит-2012» интеллектуалды олимпиадасының жеңімпаздары арасында сыйлық берілетін орындарды анықтайды.
4.3. Интеллектуалды олимпиаданың лауреаттары болып балдар сомасы бойынша бірінші төрт орынға ілікпеген, бірақ әділ қазылар алқасының ерекше пікірімен сипатталған қабілеттіліктер мен дағдыларды көрсете білген қатысушылар танылады.
Сыйлық берілетін орындардың саны:
1 орын – 1 дәрежелі диплом + құнды сыйлық – бір қатысушы;
2 орын – 2 дәрежелі диплом + сыйлық – бір қатысушы;
3 орын – 3 дәрежелі диплом + сыйлық – екі қатысушы.
5. «ЭРУДИТ -2012» ИНТЕЛЛЕКТУЛДЫ ОЙЫНЫНЫҢ ӘДІЛ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ
5.1. Әділ қазылар алқасы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің өкілдерінің ішінен құрылады. Әділ қазылар алқасының мүшелері «Экономикалқ теория және халықаралық экономика» кафедрасымен анықталып, экономика және басқару факультетінің деканымен бекітіледі.
5.2. Әділ қазылар алқасы тапсырмаларды бағалау критерияларын бекітеді, қатысушыларды 1 іріктеу турының орындалған тестілік тапсырмаларының нәтижелерімен таныстырып, «Эрудит-2012» интеллектуалды ойынының 2 туры бойынша қорытындыларды шығарады.
5.3. Әділ қазылар алқасы қатысушылар жұмыстарын бағалаудағы даулы мәселелерді шешіп, «Эрудит-2012» интеллектуалды ойынының жеңімпаздарын анықтайды.
6. ЭРУДИТ-2012» ИНТЕЛЛЕКТУЛДЫ ОЙЫНЫНЫҢ ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛУЫ
Барлық ұйымдық шығындарды (тестілік тапсырмаларды, дипломдар, марапаттау қағаздары, кеңсе заттарын даярлау) Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономика және басқару факультеті, экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасы қаржыландырады.
Ұйымдастырушы комитет – «Экономикалық теория және халықаралық экономика» кафедрасы
Анықтама телефондары: 44-16-34, 44-16-24 (ішкі 143), ұялы 87009974353.
Атқарушылар: кафедра оқытушылары - Жанбекова З.Х., Аркенова Ж.Р., Талимова Г.У., Мусатаева А.А., Сыздыкбеков Е.С., Юсупов М.Т.
Достарыңызбен бөлісу: |