1 Карипова М. Р


  А. Смит «көрінбейтін қол» деп нені түсінген



Pdf көрінісі
бет53/159
Дата27.12.2023
өлшемі3.61 Mb.
#488150
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   159
Экономикалық-теория.-Карипова

9. 
А. Смит «көрінбейтін қол» деп нені түсінген: 
А) Еркін бәсекені 
В) Мемлекеттік реттеуді 
С) Салық салудың принциптерін 
D) Ақшаларды және олардың айналу шапшаңдығын 
Е) Адамдардың сана-сезімі мен ойлау қабілеттіліктерін 
10. 
Нарықтық экономика теориясының негiзiн калаушы кiм? 
А) Аристотель В) Томас Ман С) Роберт Оуэн 
D) Адам Смит Е) Карл Маркс 
6. КАПИТАЛ: МӘНІ ЖӘНЕ НЫСАНДАРЫ. КӘСІПКЕРЛІК 
Мақсаты: фирманың теориялық бағыттарын зерттеу және кәсіпкерлікті 
ұйымдастырудың негізгі нысандарын, сонымен қатар, Қазақстандағы кәсіпкерліктің 
дамуын қарастыру. 
Сұрақтар: 
1. Фирма немесе кәсіпорын: мәні және теориялық бағыттары; 
2. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары; 
3. Кәсіпкерлік капитал. Толық айналым және ауыспалы айналым. Инвестициялар; 
4. Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы. 
 
Фирма немесе кәсіпорын: мәні және теориялық бағыттары 
Экономикалық теория мен тәжірибеде «фирма» ұғымы коммерция- лық қызметпен 
айналысатын шаруашылық құрылымдар-дың атауын белгілеу үшін қолданылады. 
Фирма деп өзінің мүліктік жауапкершілігімен коммерциялық іс-әрекетті жүзеге асыруына 
мүмкіндік беретін белгілі бір мүлкі мен бекітілген құқықтары бар шаруашылық бірлікті 
айтады. 
Экономикалық теорияда фирманың бірнеше теориялық бағыттары бар. 
Фирманың неоклассикалық теориясы. Бұл теория бойынша фирма өз пайдасын 
максималдауды көздейтін және қызметі өндірістік функциямен анықталатын 


52 
технологиялық бірлік ретінде қарастырылады. Фирманың басты міндеті болып өндіріс 
шығындарын минималды деңгейге жеткізетін өндірісі ауқымы мен ресурстардың оңтайлы 
үйлесімділігін таба білу және өндірістің тиімділігін анықтау табылады. Фирманың 
неоклассикалық 
тұжырымдамасы 
нарықтың 
тиімділігін, 
ондағы 
ақпараттың 
толықтылығын, бағаның 
автоматты реттеушілік рөлін, экономикалық субъектілердің ұтымды тәртіптерін
фирмалар көлемі мен шығындар деңгейінің бірдей бол- уын есепке алады. Алайда, бұл 
жерде фирманың ішкі ұйымдасушы- лық ерекшеліктері мен шешім қабылдаудың балама 
нұсқалары ескерілмейді. Сондықтан осы тұрғыда бұл теория тәжірибеде қатты сыналады. 
Сонымен қатар ол фирманың нақты экономикалық субъект ретіндегі шығу тегі, оның 
өзгерісінің себептері мен тетіктері туралы сұрақтарға жауап бере алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет