Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану және Жер Кодексінің талаптарын орындау



Дата23.02.2016
өлшемі89.99 Kb.
#8275


Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану және Жер Кодексінің талаптарын орындау

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану және Жер Кодексінің талаптарын орындау туралы мәселенің маңыздылығы ескеріле отырып, оны аудан әкімдігінің отырысынд қарауға дайындау үшін жұмыс тобы құрылып, мәселе толығымен талқыланып, қажетті материалдар дайындалды.

Бұған қоса, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер аграрлық экономиканы ұстап тұрған негізгі тіректердің бірі екендігіне аудан әкімдігі мүшелерінің назарын аударғым келеді.

Осы жерлерді ұтымды пайдалану бойынша соңғы төрт жыл ішіндегі сараптамаға қарайтын болсақ, осы бағытта динамиканың бірқатар оңды динамиканың белгілері байқалады. 2011 жылы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру бойынша әр 100 гектарға 2,8 млн.теңгені құрады, немесе 2008 жылмен салыстырғанда 67,5 пайызға өсті. Пайдаланылмай тың жатқан егістік алқаптарының көлемі 17268 гектардан 235 гектарға дейін азайды. Аудан аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы егістік алқаптарының 99,8 пайызы шаруашылық айналымына тартылып отыр.

Осыған қарамастан, тексерудің және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану мәселесінің қазіргі талдауы көрсеткендей шешілмеген проблемалар және атқарылмаған жұмыстар осы жерлерді ұтымды пайдалануға мүмкіндік бермей отыр.

Жер қатынастарын басқаруға қажетті нормативтік базалармен және нормативтік құқықтық актілермен белгіленгеніне қарамастан, жер қатынастары мәселелерін

шешу неліктен екен әрқашанда екінші кезеңге қалдырылады.

Оны мыналар растайды:



Ағымдағы жылдың 6 наурызында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Кыдыркан Махмутұлы Отаров және Шағыс Қазақстар облысының әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың қатысуларымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1297 қаулысымен бекітілген және 2012 жылдың наурызынаң күшіне енген «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын» іс жүзінде жүзеге асыру туралы жиын өтті. Осы жиында жерді пайдалану барысында көп кемшіліктің бар екендігі айтылды. Өнір басшысы Б.М. Сапарбаев өз сөзінде осы кемшіліктерді жоюдың және нақты тапсырмалар берді. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша осындай жиын сәуір айының 6 жұлдызында біздің ауданда болып өтті. Осы жиында облстын жер қатынастары басқармасының бастығы Қоныспай Қойшыбайұлы Төлеубеков өз сөзінде біздің ауданның жер пайдаланушылары жер пайдалану барысындағы кемшіліктерге тоқталып және осы кемшіліктерді жою бағыттарын белгілеп берді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1297 қаулысымен бекітілген және 2012 жылдың наурызынан күшіне енген «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану Қағидалары (бұдан әрі – Қағида) көпшілік селолық округтерде күні бүгінге дейін меншік иелері мен жер пайдаланушыларға толықтай жеткізілмей отыр. Ағымдағы жылдың наурыз айының басында аудан әкімінің орынбасарымен бекітілген кестеге сәйкес барлық селолық округтерде жер пайдаланушылармен кездесулер өткізілген болатын. Өкінішке орай бұл жиналыстарға селолық округтерінің әкімдері немқұрайлы қарап, жер пайдаланушылардың тек 1/5 немесе 20 пайызының ғана қатысуын қамтамасыз ете алды. Жоғарыда аталған бұл нормативтік-құқықтық актіде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдаланудың ұтымдылық 5 көрсеткіштері нақты көрсетілген (өнімнің өсу деңгейін жоғарлату, ауыспалы егістік, топырақтың құнарлылығы, ауыл шаруашылығы алқаптарының шаруашылық айналымынан шығып қалмауы, дақылдардан қалған қалдықтарды және жанама өнімдерді өртеуге жол бермеу).

Осылардың бірін сақтамау, тіпті өңделетін жерде дақылдардың қалдықтары мен жанама өнімдерді өртеген жағдайда, жалдау шарттарын бұзып, жер телімдерін қайтарып алуға болады, мұндай бұрын болып көрмеген.

Қағидада белгіленген ережеге сәйкес топырақтың құнарлылығы мен мелиоративтік жайкүйінің айтарлықтай нашарлауына жол берілмейді (гумс құрамының, азоттың, фосфордың және калийдің төмендеуіне, жердің осы элементтермен төмен қамтамасыз етілуіне, пестицидтермен және минералды тыңайтқыштармен ластануы рұқсат етілген шектен жоғары асуына, эрозия нәтижесінде жоғарғы гумс қабаты қуатының көп төмендеуіне, топырақ қабатындағы уытты тұздар жиынтығының көбеюіне және арам шөптердің көп өсуіне байланысты жер телімдерінің шаруашылық айналымынан шығып қалуына). Дүйсенғазы Мағауянұлы! Көкпекті, Үлкенбөкен, Шұғылбай, Белое селолық округтерінде арам шөптердін көп өсуіне байланысты қазіргі уақытта жер учаскелері шаруашылық айналымынан шығып қалу қаупі бар.

. Бүгінгі күні жер пайдаланушылардан бекітіліп берілген жерлердің пайдалануының ұтымдылығын сөз жүзінде емес, нақты жасаған істері бойынша құжаттарға сәйкес растауын талап ете аламыз.

, осы баяндалған мәселелерге сәйкес селолық округтері әкімдері жұмыстарының рейтигісін бағалағанда жерді ұтымды пайдалану көрсеткіштерін енгізуді ұсынылса деймін.

Тоқсаныншы жылдардың аяғындағы ауыл шаруашылығын реформалау және жер реформасын жылдамдатып өткізу барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шартты жер үлестері бойынша берілуіне байланысты ауылдарда көптеген ұсақ шаруа қожалықтары құрылды. Бүгінгі күні аудан бойынша мұндай шаруашылықтар саны 782, бекітіліп берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 164933 гектарды құрайды, немесе орташа әр қожалыққа 211 гектардан айналады. Жерлері 500 гектардан жоғары ірі деп саналатын қожалықтардың саны 47, бекітіліп берілген жерлердің көлемі 128949 гектар, немесе орташа әр қожалыққа 2744 гектардан айналады. Аудан бойынша ірі қожалықтардың салмақ үлесі бар жоғы 5,6 пайызды ғана құрайды, бекітіліп берілген жерлері 43,9 пайыз, ұсақ қожалықтардың салмақ үлесі 94,4 пайыз, бекітіліп берілген жерлер 56,1 пайыз.

Аудан бойынша егістік алқаптарының көлемі 1000 гектардан жоғары қожалықтардың саны бар жоғы 19, немесе жалпы қожалықтардың 4,9 пайызы, 500 ден 1000 гектарға дейін 20, немесе 5,2 пайызы, 100 ден 500 гектарға дейін 95, немесе 24,8 пайыз, 100 гектарға дейінгі 249 немесе 65,1 пайыз.

Егістік алқаптарында 1000 гектардан жоғары дәнді дақылдар себетін шаруа қожалықтарының саны 4, немесе егістікпен шұғылданатын жалпы шаруа қожалықтардың үлесі1,4 пайыз. 500 гектардан 1000 гектарға дейін дәнді дақылдар себетін қожалықтардың саны 6, немесе 2,1 пайыз, 100 гектардан 500 гектарға дейін 43, немесе 14,8 пайыз, ал 100 гектарға дейін себетін қожалықтардың саны 237, немесе егістікпен шұғылданатын қожалықтар үлесінен 81,7 пайызды құрайды. Егістік алқаптарында 1000 гектардан жоғары майлы дақылдар себетін шаруа қожалықтарының саны 1, немесе күнбағыс өсімдігін егумен шұғылданатын жалпы шаруа қожалықтардың үлесінен 0,5 пайзыды құрайды, 500 гектардан 1000 гектарға дейін майлы дақылдар себетін қожалықтардың саны 9, немесе 4,5 пайыз, 100 гектардан 500 гектарға дейін 62, немесе 31,1 пайыз, ал 100 гектарға дейін себетін қожалықтардың саны 127, немесе күнбағыс өсімдігін егумен шұғылданатын қожалықтардың үлесінен 81,7 пайызы.

Ауданда күні бүгінге дейін шаруа қожалықтарының шағын мөлшері бекітілмей, жер телімдерін беру бұрыннан қалыптасқан тәжірибе бойынша жалғасып келеді. Мұның салдары қаражатты төмен және кепілдікке беретін дүние-мүлкі жоқ несиеге және басқа да инвестицияға қолы жеткіліксіз ұсақ тауарлы шаруа қожалықтарының санының көбеюіне әкеліп соқтырады. Ұсақ шаруа қожалықтары Шұғылбай, Теректі, Үлкенбөкен, Көкпекті, Казнаковка селолық округтерінде тіркелген. Осы орайда ірілендіру жұмыстары Мариногорка, Самар селолық округтерінде атқарылуда. Мысал келтірсек «Агрокешен Бек» ЖШС (директоры Е.Д. Мамбетов), «Қалисаттарұлы» шаруа қожалығы (басшысы С.Қ. Жотабаев) атауға болады.

Біздің көзқарасымыз бойынша бұл мәселені шешу үшін мын мәселеге көңіл бөлуіміз керек:

1. Өкілетті және жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің, оның соңғы өзгерістері мен қосымшалары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1297 қаулысында берілген құқықтарды қолдана отырып, ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіру бойынша жұмысты қолға алу керек.

2. Шаруа қожалықтарына бекітілген төменгі мөлшерін есепке алмай, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тұлғаларға беруді тоқтату.

3. Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға енгізу үшін ірі инвесторларды тартуды кеңінен қолдану.

4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді конкурстар арқылы жалға беруді кеңінен қолдану және оларды сату арқылы жерге жеке меншік институтын енгізу. Конкурс осы бағытта жер қатынастары бөлімі біршама жұмыстар атқарды. Мамыр айында Семей қаласымен Улан ауданының бөлімі мамандары барып конкурс арқылы жер телімдерін жалға беру жұмыстары мен танысып тәжірбие алып келді.

Осы конкурс бойынша ұйымдастыру және өткізу схемасы жасалды, осы схема – 26 тараудан тұрады. Бүгінгі күні 55 жер учаскесі конкурсқа дайындалды, жалпы көлемі 6038,7 оның ішінде егістік - 1534,5 гектар, шабындық – 992,2 гектиар, жайылым – 3512 гектар. Сонымен қатар конкурстық комиссия

Жер пайдаланушылар иеліктерінде үлкен көлемде ауыл шаруашылық алқаптары бола тұра және бірінші кезекте егістік пен табиғи азықтық алқаптары (шабындық және жайылымдық) мал шаруашылығын дамытпай, жалғыз егіншілікпен ғана айналысады, бұл ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін ұтымды пайдалануды қамтамасыз етпейді. Осы жағдайға қарамастан көпшілік селолық округтерде бұрынғы жасасқан шарттар талданбайды және кейінгі қабылданған заңнамаларға сәйкес өзгерістер мен қосымшалар енгізілмейді.

Бүгінгі күнге аудандағы 877 ауыл шаруашылығы құрылымдарының тек 19,9 пайызы ғана мал ұстайды.

Қарағандыкөл селолық округі бойынша бұл көрсеткіш – 2,7%, Казнаковка – 3,7%, Белое – 7,2% , Самар - 8,3% , Мариногор – 9,8 % , Бастаушы - 11,1%. Сарыбел селолық округіне 14411 гектар жайылымдық, 1534 гектар шабындық, ал Миролюбовка селолық округтеріндегі ауыл шаруашылық құрылымдарына 12041 гектар жайылымдық, 274 гектар шабындық жерлер берілсе де бұл екі округта бірде-бір мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар жоқ.          Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердегі ауыл шаруашылығы алқаптары жылдан жылға артып отырғанымен жердің бір бірлігіне ет пен сүт өндіру өспей отыр.

2011 жылы ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 23,3 пайызға артқан, осы салыстырмалы уақыттың ішінде ауыл шаруашылығы алқаптарының 100 гектарына өндірілген ет 28,2 пайызға, сүт 4,7 пайызға төмендеп отыр.

Осындай қалыптасқан жағдайда ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану, егістік құрылымдарын және барлық ауыл шаруашылығы өндірісін диверсификациялау туралы айтудың өзі қиын.

Сондықтан осы уақытта шалғайдағы мал шаруашылығы мен жайылымды реттейтін мәселе қаралған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану туралы заңның әзірленгені кездейсоқ нәрсе емес.

Егістік алқаптарын ұтымды пайдалануға және осының негізінде өнімнің түсімділік деңгейін жоғарлатуға себетін тұқымдардың сапасы елеулі әсер ететі.

Ағымдағы жылда тұқымдардың сапасы өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай жақсарған. 1 және 2 класстық тұқымдар 64,2 % өткен жылғы 58,0 % , 3 класстық тұқым 35,8%, өткен жылғы 42 %, немесе 1 және 2 класстық тұқымдар өткен жылмен салыстырғанда 6,2 пайызға артып, 3 класстық тұқым керісінше 6,2 пайызға кеміген.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемін арттыруды қамтамасыз ету үшін тың жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тартып егістік алқаптарының көлемін ұлғайту қажет.

2011 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша тың жерлердің көлемі 16521 гектарды құраса, жылдың аяғында 235 гектарға дейін азайып 16286 гектар тың жерлер шаруашылық айналымына тартылды.

Ауыл шаруашылығы жерлерi аумағының таяудағы перспективада ұйымдастырылуы мен орналастырылуын анықтайтын және онда әрбiр жер учаскесiнiң жеке сипаттамаларын (құнарлылығы, технологиялық қасиеттерi, орналасқан жерi, табиғи-тарихи, экологиялық және басқа ерекшелiктерi) есепке ала отырып, оны неғұрлым ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететiн iс-шаралардың негізгі кешені болып саналатын ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларының болмауы да ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалануға мүмкіндік туғызбайды. Ауданда бүгінгі күнге шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобасы тек «ӨРНЕК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ғана дайындалған.

Бұрынғыдай егістік құрылымындағы күнбағыстың үлестік салмағы аудан бойынша 32,4 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш ғылыми негіздемелер бойынша және агротехникалық талаптарға сәйкес 15-18 пайызынан аспауы керек.

Теректі селолық округінде - 46,2 пайыз, Көкжайықта – 36,0 пайыз, Бастаушыда – 38,2 пайыз, Белое селолық округында – 45,7 пайыз, Миролюбовкада - 37,5 пайыз, Казнаковкада – 61,3 пайыз ал Шұғылбайда 73,2 пайыз. Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 38 бабының 5 тармағына сәйкес жер пайдаланушылар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін мемлекеттен уақытша жалға алып, оны екінші біреуге жалға беру (субаренда) жол берілмейді, ал бірақ мұндай жағдайлар селолық округтерде қалыптасып отыр.



Мысалы: Бастаушы селолық округінде 11 шаруа қожалықтары уақытша пайдаланылуға берілген 397 гектар егістік алқаптарын кейінгі басқа жер пайдаланушыларғы субарендаға берілген.

Үлкенбөкен селолық округі бойыша 5 шаруа қожалығы өздеріне уақытша пайдалануға берілген 773 гектар егістік алқаптарын субарендаға берген.

Мариногорка селолық округі бойынша 17 шаруа қожалықтары өздеріне уақытша пайдалануға берілген 1332 гектар егістік алқаптарын субарендаға берген.

Сонымен қатар егістік алқаптарына органикалық және минералдық тыңайтқыштар өте төмен мөлшерде енгізіледі. 2011 жылы аудан бойынша бар жоғы 9250 гектарға 740 тонна минералдық, 3600 гектарға 9000 тонна органикалық тыңайтқыштар енгізілген. Бұл егістік алқаптарының 9,0 пайызын ғана құрайды. Биғаш, Қарағандыкөл, Көкжайық, Үлкенбөкен, Үлгілімалшы, Шұғылбай, Белое, Миролюбовка, Палатцы селолық округтарында бірде бір гектар егістік алқаптарына тыңайтқыштар енгізілмеген. Ағымдағы жылы 1000 тонна минералдық тыңайтқыштар енгізу жоспарланған болатын бүгінгі күнге 800 тонна сатып алынып алқаптарға енгізілген.



Шешуін тапса, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді анағұрлым ұтымды пайдалануға болатын проблемалардың толық емес тізімі осылар

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет