1. Кеден режим түсінігі және мәні 1Дәріс. 1-тақырып Кеден режим ұғымы және оның түрлері Кеден режим түрлері олапрдың қолданылуы


-Дәріс.6-тақырып Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу



бет2/3
Дата04.07.2016
өлшемі276.5 Kb.
#177212
1   2   3

6-Дәріс.6-тақырып Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу

1.Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің мәні

2.Тауарларды кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу режиміне тауарларды орналастыру

3.Тауарларды қайта өңдеу операциялары

Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу - тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай және кедендік баждарды және салықтарды алмай, қайта өңдеу өнімдерін кейіннен Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкете отырып, Қазақстан Республикасының кедендік аумағында шетелдік тауарларды қайта өңдеу үшін пайдалануға арналған кедендік режим.

Тауарларды кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу режиміне тауарларды орналастыруталаптары:

Тауарларды кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу режиміне тауарларды орналастыруға:

1) Кедендік Кодексте белгіленген тәртіппен кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің талаптары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы берілген жағдайда жол беріледі. Егер қайта өңдеудің мақсаты жөндеу болса, аталған қорытындыны беру талап етілмейді;

2) кедендік режим осы Кодекстің сәйкес қайта өңдеу өнімдерін, балама тауарларды әкетумен аяқталатын жағдайды қоспағанда, кеден органдары шетел тауарларын қайта өңдеу өнімдерінде бірдейлендірген жағдайда жол беріледі.

Егер тауарларды Қазакстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбе бойынша кедендік қайта өңдеу режиміне орналастыруға тыйым салынса, кедендік аумақта тауарларды кедендік қайта еңдеу режимін пайдалануға жол берілмейді.

Кедендік аумақта тауарларды кедендік қайта еңдеу режимін осы Кодекске сәйкес декларант ретінде болуы мүмкін тулға мәлімдеуі мүмкін.

Шетел тауарларын қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде қазақстандық тауарлар пайдаланыла алады.

Қайта өңдеу өнімдеріндегі шетел тауарларын бірдейлендіру:Әкелінген тауарларды қайта өңдеу фактісін белгілеу мақсатында мынадай тәсілдердің бірін пайдалана отырып қайта өңдеу өнімдеріндегі әкелінген тауарларды бірдейлендіру жүргізіледі:

- тиісті уәкілетгі мемлекеттік орган берген қорытындыда аталмаған тауарларды өндірістік процесте пайдалануға жол бермеу мақсатында, белгілі бір технологиялық операцияларды орындайтын қойма үй-жайларына, технологиялық желілер учаскелеріне пломба түрінде кедендік қамтамасыз етуді орнату;

- декларанттың, қайта өңдеушінің немесе кеден органдары лауазымды адамдарының қайта өңдеуге арналған шетел және (немесе) қазақстандық бастапқы тауарларға мөрлер, мөртабандар, цифрлық және басқа да таңбаларды қоюы;

- өндірісте пайдаланылатын шикізат, материалдар және жинақтаушы заттар туралы мәліметтерді қоса алғанда, қайта өңдеуге арналған тауарларды сипаттау;

- қайта өңдеуге арналған тауарларды ауқымында суретке түсіру, кескіндеу;

- тауарлардың алдын ала іріктеп алынған сынамаларын, үлгілерін қайта өңдеу өнімдерімен салыстыру;

- тауарлардағы (двигательдердің, шанақ бөлшектерінің және басқаларының) зауыт нөмірлері түріндегі бар таңбаларды пайдалану.

Тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар:

1) бірдейлендіру қайта өңдеудің міндетті шарты болып табылатын кезде, шетел тауарлары қайта өңдеу өнімдеріндегі әкелінген тауарларды бірдейлендіруге мүмкіндік беретін қайта өңдеу өнімдеріндегі сипаттамаларды сақтай отырып, жеке сипатын жоғалтатын, тауарларды қайта өңдеуді немесе өңдеуді;

2) әкелінген тауарлардың негізгі сипаттамасы сақталатын монтаждау, жинау мен шақтауды қоса алғанда, тауарларды дайындауды;

3) тауарды, оны қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, жөндеуді;

4) егер бұл тауарлар қайта өңдеу процесінде толық немесе ішінара тұтынылса да, қайта өңдеу өнімдерінің өндірісіне жәрдемдесетін немесе оны жеңілдететін тауарларды шикізат ретінде пайдалануды қамтиды.

Тауарларды қайта өңдеу операцияларына:

1) тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі, сатуға және тасымалдауға даярлау жөніндегі операциялар;

2) төл алу, малдарды, құстарды, балықтарды өсіру және бордақылау, сондай-ақ шаян тәріздестер мен моллюскілерді өсіру;

3) ағаштар мен өсімдіктер өсіру;

4) пайдалы қазбаларды өндіру;

5) балықты, шаян тәріздестер мен моллюскілерді аулау;

6) аңшылық;

7) саңырауқұлақгар мен өсімдіктер жинау;

8) ақпаратты, дыбыс - және бейне жазбаларды ақпарат жеткізуші көздердің кез келген түрлеріне көшіру және көбейту;

9) шетел тауарларын технологиялық процесте көмекші құралдар ретінде (жабдық, станоктар, тетіктер және басқаларын) пайдалану жатпайды.

Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің мерзімдері:

1.Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу тауарлар кедендік режимге орналастырылған күннен бастап үш жылдан аспайтын мерзімде жүргізіледі.

2. Қайта өңдеу мерзімін декларант немесе қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлға белгілейді және ол:

1) тауарларды қайта өңдеудің өндірістік процесінің ұзақтығын;

2) қайта өңдеу өнімдерін нақты әкету үшін қажетті уақытты қамтиды.

3.Тауарларды қайта өңдеу мерзімін үш жыл шегінде ұлғайту туралы мәселені шешу үшін декларант бақылауды жүзеге асырушы кеден органына қайта өңдеу мерзімінің аяқталуына дейін бір айдан кешіктірмей, тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қайта өңдеу мерзімін ұлғайтудың орындылығы туралы қорытындысын қоса тіркеп, осындай ұзартудың қажеттілігі туралы өтініш береді.

4.Қайта өңдеу мерзімін ұлғайту туралы өтінішті қарау мерзімі өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспауға тиіс.

5. Егер мерзімді мұндай ұзартуды тиісті уәкілетті мемлекеттік оргау орынсыз деп таныған жағдайда, сондай-ақ декларант кедендік ережелерді бұзған жағдайда, қайта өңдеудің мерзімін ұлғайтудан бас тартылуы мүмкін.

6. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағында қайта өңдеу мерзімін ұлғайту туралы кеден органының шешімі өтініш берушінің назарына жазбаша нысанда жеткізіледі.

Әкету кезінде тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын және (немесе) кеден баждары өндіріп алынатын қазақстандық тауарлар пайдаланылған жағдайда тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің талаптары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысында олардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес атаулары, тауарлардың жіктемесі, саны және құны көрсетілуі тиіс.

Кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеу талаптары туралы қорытындының нысанын тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

1. Қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормасы деп қайта өңдеу процесінде абсолюттік мәнде немесе проценттік қатынаста пайдаланылатын тауарлар санының бір бірлігінен өндірістік процеске сәйкес алынатын қайта өңдеу өнімдерінің саны түсініледі.

Кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің кедендік режиміне тауарларды орналастырған тұлға қайта өңдеу мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде кеден органына кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимін пайдаланғандығы туралы толық есеп беруге міндетті. Есеп беру нысанын кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

Қайта өңдеу өнімдерін дайындау кезіндегі өндірістік процесс нәтижесінде құралатын өндірістік шығындар кедендік ресімдеуге жатпайды.Шетел тауарларының қайта өңдеу өнімдері әкетілімдік кеден баждарынан босатылады. Аталған өнімдерге тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды.

Қайта өңдеу өнімдерін еркін айналыс үшін шығарудың кедендік режиміне орналастырған жағдайда, кедендік баждар және салықтар, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шаралары қайта өңдеу өнімдеріне қолданылады.

Кедендік аумақта қайта өңдеу мерзімінің аяқталу күнінен кешіктірілмей, қайта өңдеу өнімдері Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетілуі немесе өзге кедендік режимге мәлімделуі тиіс.

Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетілетін қайта өңдеу өнімдерін кедендік ресімдеу кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

Кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимінде мәлімделген шетелдік тауарлар, оның ішінде оларды қайта өңдеу өнімдері осы режимнің талаптарын сақтау шартымен өзге кедендік режимге орналастырылуы мүмкін. Кедендік аумақта тауарларды кедендік қайта өңдеу режимінің қолданылуы осы Кодекске сәйкес аталған кедендік режимнің қолданылу мерзіміне аяқталады.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1.С.Т.Әлібеков «Кеден құқығы».Алматы-1998г.

2.Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі,А-2005жыл.

3.Д.Б.Назарбеков,З.М.Мирзабеков, «Кеден ісі Экономикасы»

1. Баққұлов С.Д «Құқық негіздері» Алматы,2004ж

2. Оспанов Қ.И «Құқық негіздері» ,2007 ж ,Жеті жарғы.
7.Дәріс.7-Тақырып Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу
1.Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік режиміне тауарларды орналастыру талаптары

2.Қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормалары

3.Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу мерзімі

Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу - қайта өңдеу өнімдерін тауарларды еркін айналыс үшін шығарудың кедендік режиміне кейіннен орналастыра отырып, кедендік баждар, салықтар алынбастан және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, кедендік бақылаумен кедендік аумақта шетел тауарлары қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырайтын кедендік режим.

Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік режиміне тауарларды орналастыру талаптары

1. Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік режиміне тауарларды орналастыруға:

1) тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің талаптары белгіленген тәртіппен тиісті уәкілетті мемлекеттік орган қорытындысы ұсынылған;

2) кеден органдары шетел тауарларының қайта өңдеу өнімдерінде бірдейлендірген;

3) кедендік бақылаудан тыс, тауарлар мен қайта өңдеу өнімдерін алып қою мүмкіндігін болдырмауды қамтамасыз етуді, кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін жағдайлар жасауды, тауарларға кеден органдарының қол-жетімділігін қамтамасыз етуді, тауарларды есепке алу және олармен операцияларды жүргізуді, сондай-ақ есептілік беруді қоса алғанда, Қазақстан Республикасы кеден заңдарының талаптарын орындау қамтамасыз етілген;

4) қайта өңдеу өнімдерін экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы жағдайдағы қалпына келтіру мүмкін болмаған;

5) қайта өңдеу жөніндегі операцияны тікелей жүзеге асыратын тұлға тауарларды қайта өңдеу үшін әкелген жағдайда жол беріледі.

Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік режиміне бұрын өзге кедендік режимдерге орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырыла алады.Қазақстан Республикасының Үкіметі тауарларды еркін айналыс үшін кедендік қайта өңдеу режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлар тізбесін белгілейді.

Қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормалары

1. Шығарылу нормасы деп абсолюттік мәнде немесе проценттік қатынаста қайта өңдеу процесінде пайдаланылатын тауарлар санының бір бірлігінен өндірістік процеске сәйкес алынатын қайта өңдеу өнімдерінің саны түсініледі.

2. Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормасын тиісті уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу мерзімі

1.Еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеу осы баптың 2-тармағына сәйкес белгіленетін, бірақ кедендік режимге тауарларды орналастырған күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімде жүргізіледі.

Қайта өңдеу мерзімін декларант немесе қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлға белгілейді және ол:

1) тауарларды қайта өңдеудің өндірістік процесінің тиісті уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ұзақтығын;

2) еркін айналыс үшін тауарларды шығарудың кедендік режиміне қайта өңдеу өнімдерін орналастыруға қажетті уақытты қамтиды.

Тауарларды қайта өңдеу мерзімін бір жыл шегінде ұлғайту туралы мәселені шешу үшін декларант қайта өңдеу мерзімінің аяқталуына дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей кеден органына растаушы құжаттарды қоса тіркеп, мұндай ұзартудың қажеттілігі туралы өтініш береді.Қайта өңдеу мерзімін ұлғайту туралы өтінішті қарау мерзімі өтінішті алған күннен бастап он бес жұмыс күнiнен аспауға тиіс.Еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұлғайту туралы кеден органының шешімі өтініш берушінің назарына жазбаша нысанда жеткізіледі.

Қайта өңдеу мерзімін ұлғайтудан бас тартылған жағдайда еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастырылған тауарлар өзге кедендік режимге мәлімделуге жатады, ал алынған қайта өңдеу өнімдері еркін айналыс үшін тауарларды шығарудың кедендік режиміне орналастыруға жатады.Қайта өңдеу нәтижесінде алынған қалдықтар мен артық қалдықтар өңделмеген шетелдік тауарлардың қалдықтары, сондай-ақ қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған артық қалдықтар, аталған қалдықтар мен артық қалдықтар оларды одан әрі пайдалануға жарамсыз күйінде қайта өңделген жағдайды қоспағанда, осындай қалпында Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінген шетел тауарлары ретінде кедендік бақылауға және кедендік ресімдеуге жатады.

Еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимін аяқтау

еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимі еркін айналыс үшін тауарларды шығарудың кедендік режиміне қайта өңдеу өнімдерін орналастырумен аяқталады. Қайта өңдеу өнімдерін еркін айналыс үшін шығару кезінде кедендік баждар және салықтар қайта өңдеу өнімдеріне қолданылатын ставкаларды негізге ала отырып есептеледі. Қайта өңдеу өнімдерінің құны мен мөлшері оларды еркін айналыс үшіншығарудың кедендік режиміне өтініш берген күнге орай белгіленеді.

Бұл ретте тауарды қайта өңдеу өнімдерінің кедендік құны қайта өңдеу үшін әкелінген тауардың құны ретінде айқындалады.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі

1.Драганова В. Г. Основы таможенного дела. Алдматы – 1998

2. Сарсембаев М. А. Таможенное право РК. Алматы – 2002

3.Некрасов В. А., Джандарбеков И. А. Основы таможенного дела в РК. Астана – 2002

4.ҚР Кеден кодексі //заң газеті 2002 ж - 31 шілде, 5 бет; Егемен Қаазқстан 2002 - 1 тамыз

4.Сапарбаенв Б. Экономикалық қауіпсіздік кепілі//Егемен Қазақстан – 2004 , 16 қаңтар

5.Нұрахметов Б. Кеденнен кедергісіз өту//Егемен Қазақстан – 2004, 31 наурыз
8-Дәріс.8-тақырып Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелу,уақытша әкету

1.Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелу

2.Тауарларды уақытша әкелу мерзімдері

3.Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкету

4.Уақытша әкетілген тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулер

Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелу - шетелдік тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік аумағында, тауарлар қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан, кедендік әкелу баждарын және салықтарды төлеуден толық немесе ішінара босатыла отырып пайдаланылатын, тауарлар мен көлік құралдары кейіннен Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкетілетін кездегі кедендік режим.

Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режиміне тауарлар мен көлік құралдары:

1) тауарлар мен көлік құралдарын бірдейлендіру қамтамасыз етілген;

2) уәкілетті орган белгілейтін нысан бойынша тауарлар мен көлік құралдарын белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкету туралы міндеттеме берілген;

Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режиміне:

1) жекелеген даналарын жарнама және (немесе) көрсету мақсатында уақытша әкелуді қоспағанда, қосалқы бөлшектер мен жинақтаушы заттарды (олар уақытша әкелінген көлік құралдарына арналмаған жағдайда), шығыс материалдарын және үлгілерді, шикізатты, жартылай фабрикаттарды;

2) жекелеген даналарын жарнама және (немесе) көрсету мақсатында уақытша әкелуді қоспағанда, алкоголь, темекі өнімдерін қоса алғанда, тамақ өнімдерін, сусындарды;

3) өндіріс қалдықтарын;

4) Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған тауарларды орналастыруға жол берілмейді.

Уақытша әкелінген тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулертауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режимі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасының кедендік аумағында уақытша әкелінген тауарды басқа тұлғаға пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беруге не иеліктен шығаруға бұл тұлға кедендік режимді мәлімдеген тұлғаның міндеттемелерін өзіне қабылдаған жағдайда жол беріледі.Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режимі аяқталғанға дейін жер қойнауын пайдаланушы уақытша әкелінген тауарды басқа тұлғаға пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беруге не иеліктен шыға руға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығы берілген және (немесе) әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен жер қойнауын пайдалану құқығы ауысқан жағдайда жол беріледі.Уақытша әкелінген тауарлар, тасудың (тасымалдаудың), сақтаудың немесе пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайларында табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан өзгеруін қоспағанда, өзгеріссіз қалпында қалуға тиіс. Тауарларды кері әкету кезінде кеден органы оларды бірдейлендіруді қамтамасыз еткен жағдайда, ұсақ жөндеу операцияларын, техникалық қызмет көрсетуді және тауарларды қалыпты жағдайда ұстау үшін қажетті басқа да операцияларды қоса алғанда, олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операцияларды жасауға жол беріледі.

Тауарларды уақытша әкелу кезінде кедендік баждарды және салықтарды қолдану

Кедендік баждар және салықтар төлеуден толық босатыла отырып уақытша әкелінетін тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген лизинг нысаналары Қазақстан Республикасының қаржы лизингі туралы заңдарының талаптары сақталған жағдайда кедендік баждарды және салықтарды төлеуден толық босатылады.

Тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағында болуының әрбір толық және толық емес күнтізбелік айы үшін кедендік баждарды және салықтарды төлеуден ішінара босату кезінде тауарлар еркін айналыс үшін шығарылғандағы төленуге тиіс соманың үш проценті төленеді.

Ішінара босату кезінде төлеуге жататын кедендік баждардың және салықтардың сомасын есептеу кеден декларациясын тіркеу күніне орайлас келісім-шарт валютасымен жүргізіледі. Кедендік баждардың және салықтардың сомасын төлеу кезеңділігін декларант белгілейді. Бұл ретте кедендік баждар және салықтар сомасын төлеудің нақты мерзімдері бұл соманы төлеудің тиісті кезеңі басталғанға дейін жүргізілуге тиіс екендігіне орай белгіленеді.

Уақытша әкелінген тауарлар еркін айналыс үшін тауарлар шығарудың кедендік режиміне орналастырылған жағдайда кедендік баждарды және салықтарды төлеуден ішінара босату кезінде төленген кедендік баждардың және салықтардың сомасы еркін айналыс үшін тауарлар шығарудың кедендік режиміне сәйкес төленуге жататын кедендік баждардың және салықтардың сомасына есепке жатқызылады.

Тауарды уақытша әкелу мерзімдерін декларант мұндай әкелудің мақсаттары мен мән-жайларына сәйкес белгілейді, бірақ оны осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды уақытша әкелудiң кедендiк режимiне орналастыру күнінен бастап үш жылдан асыруға болмайды.

Декларанттың жазбаша өтініші бойынша тауарларды уақытша әкелу мерзімдерін кеден органы ұзартуы мүмкін. Декларант тауарларды уақытша әкелу мерзімдерін ұзарту туралы мәселені шешу үшін аталған мерзімдердің аяқталуына дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей кеден органына растаушы құжаттарын қоса тіркеп, мұндай ұзартудың қажеттілігі туралы өтініш табыс етеді. Тауарларды уақытша әкелу мерзiмiн ұзарту туралы өтінiшті қарау мерзiмi өтініш алынған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиiс.Тауарларды уақытша әкелудің мерзімдерін ұзарту кезінде кедендік ресімдеу үшін кедендік алымдар алынбайды, кедендік декларация берілмейді.Кеден органының уақытша әкелу мерзімін ұзарту туралы шешімі декларантқа жазбаша нысанда беріледі, шешімнің екінші данасы кедендік жүк декларациясымен бірге кеден органында сақталады.Тауарларды уақытша әкелу мерзімін ұзарту туралы өтініш берген кезде декларант кедендік тексеріп қарау үшін кеден органына осы тауарларды, ал тауарлар кедендік ресімдеуді жүзеге асырған кеден органының қызмет аймағынан тыс жерде болған жағдайда, өздері тұрған қызмет аймағында тауарлардың бар-жоғы және өзгеріссіз қалыпта тұрғандығы туралы кеден органының қорытындысын ұсынуға міндетті.

Шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің, сондай-ақ бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, олардың қызметкерлерінің ресми және жеке пайдалануы үшін әкелінетін тауарларды олардың Қазақстан Республикасында аккредиттелуінің бүкіл мерзіміне Қазақстан Республикасына уақытша әкелуге жол беріледі.

Уақытша әкелінген тауарларды кедендік бақылаудың ерекшеліктері

Уақытша әкелінген тауарларды кедендік бақылауды уақытша әкелінген тауарлардың кедендік ресімделуін жүргізген кеден органы жүзеге асырады.

Уақытша әкелінген тауарларды уақытша әкелінген тауарлардың кедендік ресімделуін жүзеге асырған кеден органы қызметінің аймағынан басқа кеден органы қызметінің аймағына үш айға және одан астам мерзімге өткізу жағдайында тауарды уақытша әкелген тұлға уақытша әкелінген тауарлардың кедендік ресімделуін жүзеге асырған кеден органын басқа кеден органы қызметінің аймағына оны әкету ниеті туралы хабардар етуге тиіс.

Хабарлама тауарлардың межелі орнын және уақытша әкелінген тауарлардың кедендік ресімделуін жүзеге асырған кеден органының қызмет аймағынан тыс жерде орналасу мерзімін көрсете отырып еркін нысанда жазбаша жүргізіледі. Ұқсас хабарлама өз қызметі аймағына уақытша әкелінген тауарлардың өткізілуі жүргізілетін кеден органына беріледі.

Тауарлар Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге кері әкетілген жағдайда уақытша әкелінген тауарлардың кедендік ресімделуін жүзеге асырған кеден органының қызмет аймағынан тыс кедендік ресімдеу уақытша әкелінген тауарларды кедендік бақылауды жүзеге асырған кеден органының уақытша әкелінген тауарларға қатысты кедендік баждар және салықтар бойынша берешегі жоқтығы туралы растауы болған жағдайда жүргізіледі.

Тауарларды кедендік ресімдеу аяқталғаннан кейін және оларды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге нақты әкеткеннен кейін кедендік ресімдеуді жүзеге асырушы кеден органы уақытша әкелінген тауарлардың кедендік ресімделуін жүзеге асырған кеден органын бұл туралы хабардар етеді.

Жаңа кедендік декларация уақытша әкелінген тауарды пайдалану және (немесе) оған билiк ету не иеліктен шығару құқықтары берiлген күннен бастап күнтiзбелік он бес күннен кешіктірiлмей берiледi.Жаңа кедендік декларацияны ресімдеу жүргізілген кеден органы уақытша әкелінген тауарларды кедендік ресімдеуді жүзеге асырған кеден органына оның көшірмесін бақылаудан алып тастау үшін жібереді және одан кейін мұндай бақылауды өз бетімен жүзеге асырады.

Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режимін қолдануды аяқтау және тоқтата тұру. Декларант белгілеген тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелу мерзімінің өтуінен кешіктірмей тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс әкетілуге не осы Кодекске сәйкес өзге кедендік режимге мәлімделуге тиіс. Уақытша әкелінген тауарлар мен көлік құралдарының кері әкетілуі не бір немесе бірнеше лекпен өзге кедендік режимге мәлімделуі мүмкін.Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режимі уақытша әкелінген тауарларды әкету жолымен аяқталған жағдайда, уақытша әкелінген тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге нақты әкетілгенін растайтын тауарларды жеткізуді бақылау құжаты мұндай аяқтауды растау болып табылады.Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режимі еркін айналыc үшін тауарларды шығарудың кедендік режиміне тауарларды орналастырумен аяқталуы мүмкін. Бұл ретте кедендік баждардың және салықтардың сомасын есептеу келісім-шарт валютасында жүргізіледі. Еркін айналыс үшін тауарларды шығару кезінде тауарларды уақытша әкелудің кедендік режиміне тауарлар мәлімделген күнгі тауарлардың кедендік құны мен саны, ал кедендік баждардың және салықтардың ставкалары - еркін айналыс үшін тауарларды шығарудың кедендік режимінің талаптарына сәйкес кедендік декларацияны тіркеу күніне қолданылады.

Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режимінің қолданылуы:

1) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес уақытша әкелінген тауарлар мен көлік құралдарына тыйым салу немесе оларды алып қою кезінде;

2) декларанттың өтініші бойынша уақытша әкелінген тауарларды кеден қоймасының кедендік режимінің шарттарына сәйкес кеден қоймасына орналастыру кезінде тоқтатыла тұрады.

Бұрын тауарларды уақытша әкелудің кедендік режиміне орналастырылған тауарларды оларды осы режимге сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік аумағында одан әрі пайдалану мақсатымен кеден қоймасынан шығару кезінде уақытша әкелу мерзімінің өту ағымыжаңартылады.Бұл ретте кеден қоймасы режимін аяқтау және тауарларды уақытша әкелу мерзімін жаңарту үшін пайдаланылмаған мерзімге жаңа кедендік жүк декларациясы ресімделеді.

Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкету - қазақстандық тауарлар мен көлік құралдары кедендік әкету баждарын төлеуден толық немесе ішінара босатыла отырып, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан, Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарлар мен көлік құралдарын кейіннен әкеле отырып Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан тыс жерлерде пайдаланылатын кедендік режим.

Тауарлар мен көлік құралдары тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкетудің кедендік режиміне:

1) тауарлар мен көлік құралдарын бірдейлендіру қамтамасыз етілген;

2) тауарлар мен көлік құралдарын уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қайта әкелу туралы міндеттеме берілген;

2. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкетудің кедендік режиміне:

1) жекелеген даналарын жарнама және (немесе) көрсету мақсатында уақытша әкетуді қоспағанда, қосалқы бөлшектер мен жинақтаушы бұйымдарды (олар уақытша әкетілген көлік құралдарына арналмаған жағдайда), шығыс материалдары мен үлгілерін, шикізатты, жартылай фабрикаттарды;

2) жекелеген даналарын жарнама және (немесе) көрсету мақсатында уақытша әкетуді қоспағанда, алкоголь, темекі өнімдерін қоса алғанда, тамақ өнімдерін, сусындарды;

3) Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетуге тыйым салынған тауарларды орналастыруға жол берілмейді.

Уақытша әкетілген тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулер:Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкетудің режимі аяқталғанға дейін басқа тұлғаға уақытша әкетілген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын беруге не иеліктен шығаруға бұл тұлға тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкетудің кедендік режимін мәлімдеген тұлғаның міндеттемелерін өзіне қабылдаған жағдайда жол беріледі. Уақытша әкетілген тауарлар тасудың (тасымалдаудың), сақтаудың немесе пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан болатын өзгерістерді қоспағанда, өзгеріссіз қалпында қалуға тиіс.

Кедендік баждарды төлеуден толық босатыла отырып уақытша әкетілетін тауарлар санаттарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.Ішінара босату кезінде төлеуге жататын кедендік баждардың сомасын есептеу келісім-шарт валютасында жүргізіледі. Кедендік баждардың сомалары тауарларды тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкетудің кедендік режиміне орналастырған кезде немесе декларанттың таңдауы бойынша кезең-кезеңмен төленеді. Бұл ретте кедендік баждардың сомаларын төлеудің нақты мерзімдері бұл сомаларды төлеу тиісті кезеңнің басталуына дейін жүргізілуге тиіс екендігіне орай белгіленеді. Уақытша әкетілген тауарларды тауарлар экспортының кедендік режиміне орналастырған жағдайда, кедендік баждар төлеуден ішінара босатылған кезде төленген кедендік баждардың сомасы тауарлар экспортының кедендік режиміне сәйкес төленуге жататын кедендік баждардың сомасына есепке жатқызылады.

Тауарларды уақытша әкету кезінде кедендік баждарды төлеуден ішінара босатыла отырып алынатын кедендік баждардың жалпы сомасы, егер тауарлар экспортталар болса, тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкетудің кедендік режиміне орналастыру кезінде төленуге тиіс кедендік баждардың сомасынан аспауға тиіс.Тауарларды уақытша әкету мерзімдерін мұндай әкетудің мақсаттары мен мән-жағдайларына сәйкес декларант белгілейді, бірақ оны тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкетілу күнінен бастап үш жылдан асыруға болмайды.Декларанттың дәлелді өтініші бойынша уақытша әкету мерзімдерін кеден органы ұзартуы мүмкін. Декларант тауарларды уақытша әкетудің мерзімдерін ұзарту туралы мәселені шешу үшін, аталған мерзімдердің аяқталуына дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей кеден органына растау құжаттарын қоса тіркеп, осындай ұзартудың қажеттілігі туралы өтініш табыс етеді. Тауарларды уақытша әкету мерзiмiн ұзарту туралы өтінішті қарау мерзімі өтініш алынған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс.Тауарларды уақытша әкетудің мерзімдерін ұзарту кезінде кедендік ресімдеу үшін кедендік алымдар алынбайды, кедендік декларация берілмейді.Уақытша әкетілген тауарлар мен көлік құралдарын белгіленген мерзімдерде қайтармау:

1) тауарлар мен көлік құралдары аварияның немесе ырық бермес күш әсерінің салдарынан жойылған немесе қайтарымсыз жоғалған;

2) тауарлар мен көлік құралдары болған мемлекеттің мемлекеттік органдарының немесе лауазымды адамдарының іс-әрекеттері салдарынан иеліктен шыққан жағдайларда ғана мүмкін болады.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі

1.Сарсембаев М. А. Таможенное право РК. Алматы – 2002

2.Некрасов В. А., Джандарбеков И. А. Основы таможенного дела в РК. Астана – 2002

3.Козырин А. Н. Таможенные режимы. Москва: Статут – 2000

4. Томоженные режимы. Алматы – 2002

5. Мадияров Д. М. Кеден ісін ұйымдастыру және басқару. Алматы – 2000

6. Диденко Л. В. Құдайбергенов М. Б. Таможенное право РК. Алматы – 2000



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет