Кедендiк бақылау белгiленген тәртiп пен нысандар негiзiнде кеден органдары жүзеге асыратын iс-әрекет.
Кедендiк бақылау ұғымы Кодексте былай мәтiнделген “Кедендiк бақылау – Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарын сақтау бойынша Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын, орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген шаралардың жиынтығы” [2 бет].
Кеден заңының маңызды бөлімдерін құрайтын кеден құқығының институтына кеден рәсімдеуі мен кеден бақылауын жаткызуға болады.
Кедендік рәсімдеуі нақты анықталмаған кеден режимі бойынша тауарлар мен көлік құралын тасымалдау мақсатындағы әрекеттерді жүзеге асыру мен осы рәсімдеуді кеден заңына сәйкес аяқтауды білдіреді.
Қазақстанның кеден шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарлар мен көлік құралдары кеден бақылауына жатады. Ол белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі.
Құжаттар мен мәліметтерді тсксеру, тауарлар мен көлік құралдарын тексеру, жеке тексеріс, тауарлар мен көлік қүралдарының есебі, ауызша сұрау алу, есеп пен есеп беру жүйесін тексеру, коймалар ғимаратын және кеден бакылауына жататын тауарлар мен көлік кұралдары орналасқан басқа да орындарды (адам өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге қауіпсіз және тауарлар мен көлік құралдарына зиян келтірмейтiн техникалық құралдарды қолдану арқылы) тексеру - кеден бақылауының түрлері болып табылады.
Кеден рәсімдеуі кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының зандылығын анықтайды және бекітуте жол береді, тәртіптерін және оның сақталуын анықтайды, басқа да шаралар сыртқы сауда мәмілесінің заңға сәйкестігін нақтылайды және кеден бақылауын өткізуді қамтамасыз етеді.
Кеден бақылауының мақсаты – экспорттық ақша түсімдерінің өз уақытында түсуін және толықтығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ импорт мақсатында валюта қаражатын заңды және негізделген түрде пайдалануды қамтамасыз ету болып табылатын кеден органдарына жүктелген валюталық бақылаумен қатар жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарлар мен көлік қүралдары кедендік бақылауға жатады.
Кедендiк бақылау жүргiзудi кеден органдарының лауазымды тұлғалары жүзеге асырады. Оған жататындар:
-
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарын бақылау;
-
Тауарлар мен көлiк құралдары туралы кедендiк декларацияны, құжаттарды және мәлiметтердi тексеру;
-
Кедендiк қызмет көрсетушi тұлғалардың қызметiн бақылау;
-
Тауарларды пайдалануға және оларға билiк етуге белгiленген шектеулердiң сақталуын бақылау;
-
Кедендiк төлемдердi және салықтарды есептеуге және төлеуге қатысты кедендiк бақылау жүргiзедi.
Кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткен кезден бастап және еркін
айналыс үшін шығарылғанға, жойылғанға, мемлекеттің пайдасы үшін тауардан бас тартқанға не оларды мемлекеттік меншікке айналдырғанға, тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік
шекарасынан тысқары жерлерге нақты шығарғанға дейін кедендік бақылауда
болады.
Қазақстандық тауарлар мен көлік құралдары оларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде кедендік декларацияны берген немесе тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетуді жұзеге асыруға тікелей бағытталған өзге де әрекеттер жасаған кезден бастап Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткенге дейін кедендік бақылауда болады.
Кеден органдары тұлғалардың қазақстандық тауарлар мен көлік құрал-
дарын не оларды қайта өңдеу өнімдерін Кеден Кодексiнде айқындалған тәртіппен кедендік режимдердің талаптарына сәйкес қайта әкелу туралы міндеттемелерін орындауына кедендік бақылауды жүзеге асырады.
Кеден органдары Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан кеден органының рұқсатынсыз шығып кеткен көлік құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ теңіз, ішкі су және әуе кемелерін мәжбүрлеп қайтаруға құқылы. Бұл орайда шетелдік кемелер мен басқа мемлекеттердің аумағындағы кемелерді ұстау (қайтару) жөніндегі әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес жүргізіледі.
Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кедендік бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
Кедендік бақылауды жүргізу принциптерi:
-
iрiктеу принципі;
-
Қазақстан Республикасының кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету принципi.
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдары Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып табылатын кедендік бақылау нысандарын пайдаланады.
Кедендік бақылау нысандарын таңдау кезінде тәуекелдікті бағалау мен басқару пайдаланылады. Қажет болған жағдайда кеден органдары кедендік бақылаудың барлық нысандарын пайдалана алады.
Кедендік бақылау кедендік бақылау аймағында, сондай-ақ тауарлар, келік құралдары және олар туралы мәліметтер, оның ішінде электронды нысандағы мәліметтер бар құжаттар орналасқан, кеден органдары айқындайтын басқа да орындарда жүзеге асырылады.
Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру, және (немесе) кедендік тексеріп қарау арқылы кедендік бақылауды жүзеге асыру, оларды сақтау және кедендік қадағалаумен өткізу мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы бойында, кедендік ресімдеу, алдын ала операцияларды жүргізу орындарында, тауарларды қайта тиеу, оларды тексеру және кедендік тексеріп қарау орындарында, кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын уақытша сақтау, тұрақ орындарында, кеден қоймаларында, арнайы экономикалық аймақ аумағында, еркін қоймаларда, бажсыз сауда дүкендерінде, кеден органдары орналасқан орындарда кедендік бақылау аймақтары құрылады.
Кедендiк бақылау аймақтары тұрақты немесе уақытша құрылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен
келік құралдарын өткізуші не бақылауы кеден органдарына жүктелетін қызметті жүзеге асырушы тұлғалар кедендік бақылау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ауызша және (немесе) жазбаша, және (немесе) электронды нысанда кеден органдарына беруге міндетті.
Кедендік бақылауды жүргізу үшін кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан жүзеге асырылатын экспорттық және импорттық мәмілелер бойынша ақша операциялары туралы мәліметтер мен анықтамалар алуға құқылы.
Тауарлар мен келік құралдары шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында кеден органдары осы тауарлармен және көлік құралдарымен жасалатын сыртқы экономикалық операцияларға қатысты, ал Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарлар мен көлік құралдарына, сондай-ақ осы тауарлармен және көлік құралдарымен жасалатын кейінгі операцияларға қатысты коммерциялық құжаттарды, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің қүжаттарын және басқа да ақпаратты, оның ішінде эпектронды нысандағы ақпаратты декларанттан немесе тауарлармен және келік қүралдарымен жасалатын операцияларға қатысы бар немесе көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге иелік етуші кез келген тұлғадан сұратуға және алуға құқылы.
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, салық қызметі органдары және өзге де бақылаушы органдары, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, ұйымдарды тіркеуді жүзеге асыратын органдар, нотариустар кеден органдарының сұрау салуы бойынша оларға кедендік бақылау үшін қажетті қолда бар мәліметтер туралы хабарлауға міндетті.
Тұлғалар және кеден органдары кедендік бақылау үшін қажетті құжаттарды тауарлар мен көлік құралдарының кедендік бақылауда болуы аяқталған кезден бастап кемінде бес жыл сақтауға тиіс. Кеден брокерлері мен кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де тұлғалар қүжаттарды осындай тауарлармен кедендік операциялар жүргізілген жылдан кейін бес жыл бойы сақталады.
Кедендiк бақылау және қарау мерiзiмдерi. Кедендік ресімдеу, алдын ала операциялар және өзге де кедендік рәсімдер кезінде кеден органдары кедендік декларацияның ресімделуінің дұрыстығына және ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру үшін қажетті іс -әрекеттер жасайды.
Кедендік декларацияны, құжаттарды тексеруді және тауарлар мен көлік
құралдарын кедендік тексеріп қарауды, ал тауарларды алдын ала, уақытша
декларациялау кезінде жүктің кедендік декларациясы мен құжаттарды тексеруді кеден органдары тауарларды шығару үшін қажетті барлық құжаттар табыс етілген жағдайда, кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
Аталған мерзімді — жүктің кедендік декларациясын қабылдаған кезден бастап он жұмыс күніне дейін, ал тауарларды теңіз, ішкі су көлігімен тасымалдау кезінде жиырма жұмыс күніне дейін ұзартуға декларантқа тапсырылатын кеден органы басшысының ұзарту себептері кәрсетілген жазбаша рұқсатымен жол беріледі.
Тауарлар шығарылғанға дейін кеден органдары тауарлардың атауының,
шыққан жерінің, саны мен құнының жүктің кедендік декларациясында және
кедендік мақсаттар үшін пайдаланылатын құжаттарда керсетілген мәліметтерге сәйкестігін анықтау үшін қажетті операциялар жүргізеді. Егер кеден органдарына тауарлардың олар туралы мәліметтерге сәйкестігін анықтау үшін қажетті операцияларды жүргізуге мүмкіндік бермейтін бір тауар легінде түрі мен атауы әртүрлі тауарлар ұсынылса және мұндай тауарларға қатысты оларды жеке орап-түю орындарына бөлу жүргізілмесе, тауарлардың орамаларына таңбалау жасалмаса және тауарлардың ілеспе құжаттарында орап-түю және таңбалау туралы мәліметтер жазылмаса, мұндай тауарларды кедендік тексеріп қарау мерiзiмі қажет болған жағдайда, кеден органы басшысының жазбаша рұқсатымен тауарлар легін жекелеген тауарларға бөлу үшін қажетті уақытқа ұзартылады.
2. Кедендiк бақылаудың қызметiн сараптау әртүрлi көлiк құралдарын.
2.1 Кедендiк сараптама – кедендiк транспорттық бақылауды жүзеге асырудың арнаулы құралы
Сараптама – арнаулы бiлiмдi талап ететiн қандайда бiр мәселенi зерттеу. Сараптама объектiлерiне заттар, құжаттар, адамның денесi және жануарлар, сараптамалық зерттеулер үшiн алынатын үлгiлер, сонымен қатар iс қажетiне жататын мәлiметтер жатады.
Кедендік сараптаманың мақсаты Қазақстан Республикасының кедендік
шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың сапалық құрамын анықтау үшін,
олардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес
дұрыс жіктелуі үшін зерттеу жүргізу болып табылады.
Мына жағдайларда кеден органдары сараптама тағайындауы мүмкiн:
-
кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асырған;
-
алдын ала шешім қабылдаған;
-
кеден ісі саласында құқық бұзушылықтар анықталған;
-
тауардың сапалық құрамын айқындауы мүмкін болмаған кезде.
Кедендік сараптаманы кедендік зертханалардың сарапшылары жүргізеді.
Кедендік сараптаманы жүргізу негiздерi:
-
кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау сатысында немесе алдын ала шешім қабылдау кезінде, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өтініштері бойынша — кедендік сараптамаға жолдама;
-
кеден ісі саласындағы құқық бұзушылыкггар бойынша - кедендік сараптама тағайындау туралы қаулы.
Жолдамада не қаулыда мыналар көрсетiледi:
-
кедендік сараптама жүргізу үшін негіздеме;
-
кедендік сараптама жүргізілуге тиіс кеден зертханасының атауы;
-
сарапшының алдына қойылған мәселелер;
-
сарапшының қарауына берілетін материалдар тiзiлiмi.
Жолдама не қаулымен декларант таныстырылады. Оған құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiледi. Декларант танысқандығы туралы белгi соғады немесе қол қояды.
Кеден органдары кеден зертханаларында сараптама жүргізу мақсатында тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға қүқылы. Сынамалар мен үлгілер оларды іріктеп алу нормаларын көздейтін нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес зерттеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін
ең аз мөлшерде алынады. Кедендік бақылаудағы тауарлардың сынамалары
мен үлгілерін іріктеп алу туралы белгілеген нысан бойынша акт жасалады.
Декларант кеден органдарының лауазымды адамдары тауарлардың
сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуы кезінде қатысады. Декларант кеден
органдарының лауазымды адамдарына тауарлардың сынамалары мен
үлгілерін іріктеп алу кезінде жәрдем көрсетуге, оның ішінде сынамалар мен
үлгілер іріктеп алу үшін қажетті жүк және өзге де операцияларды өз есебінен
жүзеге асыруға міндетті.
Тауарлар берілгеннен кейін күнтізбелік он күннен соң декларант келмеген жағдайда, сондай-ақ кейінге қалдыруға болмайтын жағдайлар кезінде кеден
органдары декларант жоқ кезде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуы мүмкін. Мұндай жағдайда тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу туралы акт жасай отырып, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу екі куәгердің қатысуымен жүзеге асырылады.
Сынамалар мен үлгілер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жойылуға немесе кәдеге жаратылуға жататын жағдайларды қоспағанда, кедендік сараптама аяқталған соң сынамалар мен үлгілер декларантқа қайтарылады.
Кедендік сараптама кеден зертханасының үй-жайында да, егер бұл зерттеу сипаты бойынша қажет болса не зерттеу объектісін сараптауға жеткізу мүмкін болмауына байланысты, одан тысқары жерлерде де өткізіледі. Сарапшы кеден зертханасы басшысының жазбаша өкімі бойынша ғана кедендік сараптаманы жүргізуге кіріседі.
Кедендік сараптаманың нәтижесі бойынша сарапшының қорытындысы
беріледі.
Сарапшының құқықтары:
-
егер қойылған мәселелер өзінің құзыретіне жатпаса, сараптама жүргізу-
ден бас тартуға;
-
өзінің құзыретіне кірмейтін сұрақтарға жауап беруден бас тартуға;
-
кедендік сараптама жүргізу үшін қажетті қосымша материалдар табыс
ету туралы өтініш беруге құқылы.
Сарапшының міндеттері:
-
кедендік сараптамаға қатысты материалдармен танысуға;
-
сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кедендік сараптама
мәселелері бойынша консультациялар беруге;
-
бұл тұрғыда мәселе қойылмаған, іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы
ой-пікірін қорытындыға енгізуге;
-
кедендік сараптамаға ұсынылған тауарлардың сынамалары мен үлгілеріне зерттеу жүргізуге және зерттеулердің нәтижелерін толық, жан-жакпы және объективті бағалау негізінде қорытынды беруге;
-
іс жүргізуінде немесе қарауында кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар туралы іс бар тұлғаның шақыруы бойынша өзі берген қорытындыны түсіндіру немесе толықтыру үшін келуге;
-
кедендік сараптама нәтижесінде алынған мәліметтерді жария етпеуге.
Сарапшы өзінің міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Сарапшы қорытындыны жазбаша нысанда өзінің атынан береді. Сарапшының қорытындысында өзі жүргізген зерттеулер және қойылған
сұрақтарға негізді жауаптары жазылады.
Күрделі сараптамалық зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда
кеден зертханасы басшысының шешімі бойынша комиссиялық сараптама
жүргізіледі, ол бір мамандықтағы бірнеше сарапшыға тапсырылады. Сарапшылар арасында келіспеушілік болған кезде олардың әрқайсысы немесе бір бөлігі жеке қорытынды беруге құқылы.
Кедендік сараптамаларды өз құзыреттерінің шегінде әр түрлі мамандықтағы сарапшылар жүргізу қажет болған жағдайда, кешенді сараптама тағайындалады. Әр сарапшы қорытындының өзі кедендік сараптама жүргізген бөлігіне қол қояды.
Табыс етілген материалдар бойынша қорытынды беру мүмкін болмаған
кезде сарапшы кеден сараптамасын тағайындаған кеден органына бұл туралы, бас тарту дәлелін көрсете отырып, жазбаша хабарлайды.
Жаңадан ашылған жағдайлар бойынша қосымша кедендік сараптама
тағайындалады. Қосымша кедендік сараптама жүргізу бастапқы сараптаманы
орындаған сарапшыға немесе басқа сарапшыға тапсырылуы мүмкін.
Қайталап жүргізілетін кедендік сараптама алдыңғы қорытындыға декларант шағымданған жағдайларда сол объектілерді зерттеу және сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады. Қайталап жүргізілетін кедендік сараптаманы тағайындау кезінде жолдамада немесе қаулыда алдыңғы сараптама нәтижелерімен келіспеу себебі көрсетілуге тиіс.
-
Кедендiк бақылауға қатысты қосымша жағдайлар
Кедендiк бақылау жүргiзуде заңдарда көзделген қосымша шаралар белгiленген. Оларға кедендiк бақылаудың белгiлi бiр нысандарын қолданудан босату; тұлғалар туралы ақпарат жинау; техникалық құралдарды пайдалану;бақылау жүргiзу уақытының талаптарын сақтау;заңсыз зиян келтiрмеушiлiкке жол бермеушiлiк т.б. жатады.
Кеден органдарының кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қоланудан босатуы тек қана Кеден Кодексiнде белгіленеді. Осыған сәйкес кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолданудан босатылатындар:
-
Қазақстан Республикасы Президенті;
-
Қазақстан Республикасы Президентімен бірге жүретін оның отбасы мүшелері.
Қазақстан Республикасы шекарасынан қызметтiк мiндеттерiн немесе депутаттық өкiлеттiктерiн орындауға байланысты өтетiн тұлғалардың iшiнде кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолданудан босатылатындар:
-
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;
-
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы;
-
Қазақстан Республикасы Парламенті МәжілісініңТөрағасы;
-
ҚазақстанРеспубликасының Мемлекеттік хатшысы;
-
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы;
-
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы;
-
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы;
-
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры;
-
Қазақстан Республикасы Ұлпық Банкінің Төрағасы;
-
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері;
-
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары.
Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше кезделмесе, өз
жүрісімен бара жатқан шетелдік әскери корабльдер (кемелер), әскери әуе кемелері және әскери техника кедендік тексеріп қараудан босатылады.
Кеден органдарының кедендiк бақылау жүргiзген кезде тұлғалар туралы ақпарат жинауға құқығы бар. Ол ақпараттар мазмұнын мыналар құрайды:
-
олардың тіркелуі;
-
орналасқан жері туралы деректер;
-
азаматтардың деректері: тегін, атын, әкесінің атын, туған күні мен жері,
-
жынысы;
-
тұрғылықты мекен-жайы.
Кеден органдары түлғалар туралы ақпарат жинауды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде, сондай-ақ аталған ақпаратты салық органдарынан, ішкі істер органдарынан, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдардан алу арқылы және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да тәсілдермен жүзеге асырады.
Кедендiк бақылау жағдайында күрделi мәселелер туындауы мүмкiн. Бақылауды жүзеге асыруда техниалық құралдарды пайдалану осы мәселердi шешу үшiн маңызды орын алады.
Кедендік бақылау жүргізу уақытын қысқарту және оның оңтайлылығы мен тиімділігін арттыру мақсатында кеден органдары тізбесі мен қолдану тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін техникалық құралдарды пайдалана алады.
Көрсетілген техникалық құралдар адамның өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктердің өсіп-өнуіне қауіпсіз болуға және тұлғаларға, тауарларға және көлік құралдарына зиян келтірмеуге тиіс.
Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңізі) мен ішкі сулары-
ның шектерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына жапсарлас аумақта тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау кеден органдарының теңіз, ішкі сулар және әуе кемелерін пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Теңіз, ішкі сулар және әуе кемелерін пайдалана отырып кедендік бақы-
лауды жүзеге асырған кездегi кеден органдары қызметкерлерiнiң құқықтары:
-
көлік құралында кедендік бақылауға жататын тауарларды заңсыз өткізу
белгілері табылған жағдайда көлік құралын тоқтатуға және оны тексеріп қарауға;
-
көлік құралындағы қылмыс жасады деп күдік тудырған адамдарды Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдарында кезделген тәртіппен ұстауға;
-
егер ізіне түсу Қазақстан Республикасының ішкі суларында, аумақтық суларында (теңізінде) тоқтау туралы көру немесе есту сигналы оны көруге немесе естуге мүмкіндік беретін қашықтықтан берілгеннен кейін басталса және үздіксіз жүргізілсе, Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан кеден органдарының рұқсатынсыз Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына жапсарлас аумаққа аттанған теңіз ішкі сулар кемелерін олар өз елінің немесе үшінші мемлекеттің аумақтық суларына (теңізіне) енгенге дейін Қазақстан Республикасының аумақгық суларының (теңізінің) шегінен тыс жерде ізіне түсуге және ұстауға;
-
кеден ісі саласында құқық бұзушылықтар жасалған жағдайда, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес алып қою үшін ұстауға;
-
көлік құралдарын ілестіріп алып жүруге, оның ішінде кеден органдарының лауазымды адамдарын оларға отырғызып алып жүруге.
Қызметтік міндеттерін орындау кезінде кеден органдары кемелерінің экипаждарына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлетiн құқықтар мен өкiлеттiктер:
-
тиістілігіне және қандай мақсатқа арналғанына қарамастан, Қазақстан
Республикасының су және әуе кеңістігін, Қазақстан Республикасының аумағындағы теңіз және өзен порттарының айдындарын, сондай-ақ әуежайларды, әуежайлақтарды (қону алаңдарын) пайдалануға;
-
Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органымен келісілген тәртіппен портқа кіретін және порттан шығатын жерлерді пайдалануға;
-
кеден органдарына жүктелген міндеттерді шешу үшін қажетті навигациялық, гидрометеорологиялық, гидрографиялық және өзге де ақпаратты өтеусіз алуға құқық беріледі.
Тауарлармен және көлік құралдарымен жүргізілетін, кедендік бақылау үшін қажетті жүк операциялары мен өзге дө операциялар жүргiзiлуi мүмкiн. Оларға Кеден органының талабы бойынша декларант, қойманың иесі, кеден брокері және тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлға кедендік бақылауға жататын тауарларды тасымалдауы, өлшеуі немесе тауардың мөлшерін өзгеше айқындауы, тауарларды тиеуі, түсіруі, қайта тиеуі, бүлінген орамды тузетуі, орамды ашуы, тауарларды орауы не қайта орауы, сондай-ақ үй- жайларды, ыдыстарды және мұндай тауарлар бар немесе болуы мүмкін басқа да орындарды ашуы жатады. Тасымалдаушы өзі тасымалдайтын тауарлармен және көлік құралдарымен жүк және езге де операциялардың жүргізілуіне жәрдемдесуге міндетті.
Тауарлармен және көлік құралдарымен жүргізілетін жүк операциялары
мен өзге де операциялар кеден органы үшін қандай да болмасын қосымша
шығыстарға әкеп соқпауға тиіс.
Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын, үй-жайларды және басқа да орындарды бірдейлендіру жұмыстарын да атқарады. Кедендік бақылауға жататын көлік құралдарын, үй-жайларды, ыдыстарды және тауарлар мен көлік құралдары бар немесе болуы мүмкін басқа да
орындар мен бақылауы кеден органдарына жүктелген қызмет жүзеге асырылатын орындарды, сондай-ақ кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын кеден органдары бірдейлендіре алады.
Бірдейлендіру пломбылар қою, мөр басу, санмен, әріппен және өзге де таңба қою, бірдейлендіру белгілерін салу, мөртабандар қою, сынамалар мен үлгілерді іріктеп алу, тауарларды егжей-тегжейлі сипаттап жазу, сызбалар жасау, масштабтық бейнелер, фотосуреттер, иллюстрациялар жасау, тауардың ілеспе құжатын және өзге де құжаттаманы пайдалану жолымен және өзге де тәсілдермен жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |