Қазақстан Республикасы — IV Бап бойынша 2008 жылғы Консультациялар
ХВҚ миссиясының алдын ала қорытындылары1
2008 жылғы 30 сәуір
ХВҚ миссиясының Қазақстанда 2008 жылғы 21 – 30 сәуір аралығындағы кезеңде IV Бапқа сәйкес жыл сайынғы консультациялар жүргізу үшін сапары орын алды. Миссияның мүшелері ресми органдарға сапар кезінде мәселелерді мазмұнды және ашық талқылағаны және ықыласпен қарсы алғаны үшін алғыс білдіреді. Әлемдік қаржы нарықтарында жалғасып отырған тұрақсыздық аясында миссия Қазақстандағы қалыптасып отырған макроэкономикалық жағдайды қарастырды және ресми органдармен жауап ретіндегі экономикалық саясатты талқылады. Төмендегі мәлімдеме миссия мүшелерінің көзқарасын білдіреді.
-
Әлемнің қаржы нарықтарындағы өткен жазда басталған сілкіністер Қазақстанға қатты әсер етті. Нарықты қабылдағанда Қазақстан активтеріне байланысты тәуекел банк облигациялары және кредиттік дефолттың тәуелсіз своптары бойынша спрэдтер өскен және банк акцияларының бағасы төмендеген кезде ұлғайды. 2006 жылы және 2007 жылдың бірінші жартысында халықаралық нарықтарда қарқынды қарыз алғаннан кейін банктер қазіргі уақытта сыртқы қаржыландыруға шектеулі түрде кіреді. Ресми органдардың жедел жауап қатуы экономикаға сілкіністердің алғашқы салдарларына төтеп беруге көмектесті. Айырбас бағамға оны төмендету бағытындағы, өткен жылы бастан кешірген қысым әлсіреді және ақша нарығының пайыздық ставкалары ең жоғары мәнінен төмендеді.
-
Капитал ағынының «кенеттен тоқтатылуы» болашақта дамудың шамалы жоғары қарқыны болатын кезеңді күтетін экономикаға әсер етеді. Қорландыруға байланысты қиындықтарының әсер етуімен банктер кредиттеуді шектеді және қыркүйектен бастап кредиттің өсуі тоқтады. ЖІӨ-нің нақты көрсетілген өсуі соңғы екі тоқсанда күрт бәсеңдеді, жылжымайтын мүліктің бағалары төмендеді және қызмет көрсетілмейтін кредиттер өсуде. Миссия 2009 жылы 6 пайыздан сәл жоғары қалыпты деңгейде көтерілгенше, ЖІӨ-нің нақты көрсетілген өсуі 2007 жылғы 8,5 пайыздан 5 пайызға дейін төмендейді деп болжайды. Біз осы перспектива үшін тәуекелдер күтіліп отырған деңгейге қол жеткізбеуден тұрады, әсіресе әлемдік экономика одан әрі әлсіреген немесе ішкі банктік сектордағы шиеленіс сақталған кезде.
-
Экономикалық өсу қарқыны төмендеген және азық-түліктің ішкі бағасының күрт өсуі бәсеңдеген кезде инфляциялық қысым бәсеңдей бастады. Бірінші тоқсандағы баға деректері біршама үміттендіреді және тұтынушылық бағалар инфляциясының 2008 жылдың аяғындағы 10 пайыздан (жылдық есептелген) төмен деңгейге дейін төмендеуімен және 2009 жылы одан әрі төмендеуімен салыстыруға болады. Сондай-ақ ағымдағы операциялар шотының айтарлықтай дефицитінің азаятыны болжанады, себебі мұнай мен биржалық тауарлар экспортының жақсы дамуы жалғасуда және импорттың өсуі бәсеңдеуде. Салық түсімдері бойынша алдын ала деректер импорттың өсу қарқынының 2008 жылы күрт төмендегенін растайды.
4. Қалыптасқан ахуал оңай емес, бірақ Қазақстанның ахуалды бастан кешу үшін сүйенетін едәуір қаржы ресурстары бар және оның экономикалық өсуінің орташа мерзімді перспективалары бұрынғысынша өте қолайлы. Елдің сыртқы активтері (мұнай қоры және халықаралық резервтер) 2007 жылғы тамызда туындаған нарықтың құбылмалылығы кезінде қол жеткізген деңгейден едәуір асып, 18 сәуірдегі жағдай бойынша 43,4 млрд АҚШ доллары болды. Таяудағы перспективада экономикалық саясат орталығында экономиканың перспективаларына қауіп төндіретін тәуекелдерді басқару және өсудің жоғары әрі тұрақты қарқынын жаңарту үшін жағдайлар жасау тұруы тиіс, осы саясаттың түрлі аспектілері: ақша-кредит, бюджеттік-салық және қаржы секторындағы қадағалау осы мақсаттарға қол жеткізу үшін бағытталуы тиіс. Біз бұл үшін банк секторын нығайту бойынша одан әрі алға басуымыз және макроэкономикалық саясат өсуді қолдауы қажет деп пайымдаймыз. Бұл бағыт жоғары инфляциямен күрестің мәнін жоққа шығармайды, бұл негізді түрде Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚҰБ) және үкіметтің экономикалық саясатының орталық міндеті болып табылады. Ол жоғарыда аталған біздің көзқарасымызды көрсетеді, оған сәйкес инфляциялық қысым әлсіреуде.
5. Банк секторының жай-күйінің экономиканың перспективалары (дамуы) үшін маңызы бар. Кредитке қол жеткізу шарттары өсуінің баяулауына және қатаңдануына байланысты таяудағы айларда қызмет көрсетілмейтін кредиттердің өсуі байқалады. Банктерге ағымдағы жылдың аяғына дейін едәуір көлемдегі сыртқы борышты өтеу керек және бұл бұрынғысынша олардың өтімділігіне қысым көрсететін болады. Бұл міндеттер аясында банктердің осалдық факторларының нақты картинасын жасау және тәуекелдерді төмендету бойынша қадам жасау қажет. Түзетулердің мерзімін ұзартуға барынша тырысу, мысалы, өтеу мерзімі жақындаған сыртқы қарыз алуды неғұрлым қымбат және қысқа мерзімді кредиттермен ауыстыру болашақта осалдықты күшейтуі ықтимал. Банктердің өтімділікті қолдау, активтердің сапасын сақтау және оның ішінде, қажет болған жағдайда, қосымша капиталды тарта отырып, төлем қабілеттілігі нормаларын одан әрі орындау бойынша жоспарлары болуы тиіс. Қадағалау органдары өз тарапынан банктердің өздерінің бизнес-модельдерін шынайы бағалауын, өспелі қызмет көрсетпейтін кредиттерді жабуға арналған ойдағыдай резервтердің болуын, жылжымайтын нарықтағы шектеулі өтімділік және бағаның түсуі жағдайында қамтамасыз етудің құндық бағалауын және баланстан тыс операциялар нысанында қабылданған барлық тәуекелдерді мұқият қарап отыруын қарастыруы керек.
6. Банктерді қадағалауды және реттеуді нығайту қажет. Біз ҚҚА-нің банктерді қадағалауды нығайту және жүйелерді неғұрлым қатаң стресс-сынақтан өткізу жөніндегі соңғы шараларын табанды түрде қолдаймыз. Үкіметтің агенттіктің басқаруындағы ресурстарды ұлғайту жөнінде жақында берген уәдесі осы бастамаларға көмегін тигізеді. Әсіресе, талдаудың және кезек күттірмейтін, оның ішінде алаңдаушылық тудыратын мәселелер туындаған жағдайда қосымша инспекциялар түріндегі шаралардың барынша айтарлықтай рөлі болған кезде формулярларды толтыруға азырақ көңіл бөле отырып, аралық қадағалау әлуетін дамытуды пысықтау қажет. Біз сондай-ақ банктердің қаржылық жай-күйі нашарлаған кезде қажет болған жағдайда ҚҚА-нің жауап түріндегі іс-әрекеттерінің бостандығын кеңейтетін заңнамаға өзгерістер енгізуді қолдаймыз. Банктердің олардың қорландыру базаларын, әсіресе ішкі ресурстарға шоғырландырумен кеңейтуді ынталандыру бойынша реттеу шаралары құпталады, дегенмен кейбір басқа салаларда шамадан тыс реттеу делдалдықтың нарық күштерінің бұрмаланбауының және тәуекелді қабылдаумен қоса банк қызметінің әдеттегі сипатына кедергі болмауының маңызы зор.
7. Ресми органдар өздерінің қаржылық қорғау жүйесінің негіздерін әзірлеуде біршама жетістіктерге қол жеткізді. Орталық банктің өтімділікті қолдау негізі соңғы сілкіністер кезінде банктерге қажетті қолдау көрсетуде өзінің тиімділігін дәлелдеді. Осы негізді одан әрі пысықтауды, қамтамасыз ету ретінде қолдануға болатын бағалы қағаздар түрлерін және өтімділікті беру мерзімін қоса, қарастыру тиімді, алайда орталық банк балансының сенімділігі өтімділікпен жүргізілген оның операциялары нәтижесінде зардап шекпегені маңызды. Миссия Үкімет, ҚҰБ және Қаржылық қадағалау агенттігі (ҚҚА) қол қойған Қаржылық тұрақтылық жөніндегі уағдаластық туралы меморандумды (УтМ) қызу қолдайды. УтМ қағидаттары орнықты және банк жүйесінде туындауы мүмкін кез келген қиындықтарды басқару үшін негіз құруға ықпал етеді.
8. Миссия ағымдағы айқындалмаған кезеңдегі тұрақты айырбастау бағамын сақтау жөніндегі ҚҰБ-нің саясатын толық қолдайды. Өткен жылдың қазан айынан бастап теңге бағамы негізінен АҚШ долларына байланысты болып отыр. Отандық салымшылардың сенімділігін сақтау маңыздылығына, корпорация секторының біршама ашық валюталық көзқарасына және инфляцияны төмен түсетін траекторияда ұстап қалу қажеттілігіне байланысты осындай айырбастау бағамының тұрақтылығы қазіргі кезде біршама басымдылыққа жол беріп отыр. Біздің пікірімізше, бұл тұрақтылық қаржы нарығындағы жағдай жақсармайынша экономика саясатының негізгі міндеті болып қалуы тиіс. Ал сол кезде анағұрлым икемді айырбастау бағамы саясатына қайта оралуға болады. Төмендету жағына қарай қысым қайта пайда болған жағдайда айырбастау бағамын қолдау үшін бірқатар қадам жасауға болады, оның ішінде: белгіленген кезеңде мұнай қорына қаражат ағынын теңгеден долларға айырбастауға арналған қолданыстағы шекте икемділікті күшейту; коммерциялық банктерді сыртқы борышты өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындау үшін олардың өз валюталық активтерін пайдалануға көтермелеу; және айырбастау бағамын қорғауға бөлінген резервтер сомасын шектейтін нақты операциялық ереже бойынша болса да, валюталық нарықтағы өктемдік.
9. Ақша-кредит саясаты қаржылық тұрақтылыққа көмек көрсету, айырбастау бағамын қолдау және инфляцияны төмен түсіретін траекторияның тұрақтылығын қамтамасыз ету арасында тепе-теңдікті ұстап тұруы тиіс. Біздің осы жылы айтарлықтай өсу қарқынын күтуімізге және инфляциялық қысымның бұдан әрі бәсеңдеуіне байланысты миссия ҚҰБ-нің ақша-кредит саясатының ағымдағы бағытын қазіргі кезеңде орынды деп есептейді. Бұл ретте орталық банк оқиғалар барысына мұқият мониторингті жүргізуді жалғастыруы және қажет болғанда, өз саясатының бағытын түзетуі тиіс. Осыған байланысты, егер өтімділіктің жағдайы біршама шиеленісіп тұратын болса, шілде айына белгіленген ең төменгі резервтік талаптарды көтеруді, қайта қарау қажет (мысалы, «бұдан былайғы нұсқауға дейін мерзімін кейінге қалдыру») болуы ықтимал. Екінші жағынан, күтіліп отырылғандай, егер инфляциялық қысым әлсіремесе, жалақы тарапынан қысым күшейеді немесе айырбастау бағамы төмендеу бағытына қарай қатты қысымға ұшырайды, сол кезде ақша-кредит саясатын қатаңдатуды қайта қарау қажет.
10. Айтарлықтай бюджет профицитінің болуы, мемлекеттік борыштың төмен деңгейі және елеулі мемлекеттік жинақ ақша жағдайында Қазақстандағы бюджеттік позиция өте орнықты болып отыр. Сондықтан үкімет экономиканың өсу қарқынының баяулауы нәтижесінде болуы ықтимал кез келген салықтық кірістердің толық түспеуінің орнын толтыруға ұмтылмай, автоматты бюджеттік тұрақтандырушыларды толық көлемде жұмыс істеткізуге мүмкіндігі бар. Мәселен, қалыптасқан жағдайларда салық ставкаларын көтеру немесе бұрын берілген бюджеттік мақсатты көрсеткіштерді орындауға арналған шығыстарды кеміту бойынша шаралар, бәлкім, экономикалық белсенділіктің төмендеуін тереңдете отырып, кері нәтижелерге әкеліп соғуы мүмкін, себебі олар циклды ауытқуларды күшейтеді. Өсу қарқынының күткендегіден де күрт төмендеуі жағдайында біз оны адрестік етіп жасау және даму әрі бюджеттік реформа міндеттерімен үйлестіру маңызды болғанына қарамастан, биылғы жылы бюджеттік ынталандыру пакетін қолдану мүмкіндігін қарастырамыз. Мысалы, егер осындай пакет қажет бола қалса, көлік инфрақұрылымына арналған шығыстарды ұлғайту экономиканы қысқа мерзімге ынталандырады, сондай-ақ таяу жылдарда өнімділікті ынталандыруға көмектеседі.
11. Соңғы уақытта Қазақстанда және бүкіл әлемде азық-түлік бағаларының күрт өсуі экономикалық саясаттың негізгі мәселесі болып саналуы орынды. Бағаның халықтың күнкөрісі нашар бөлігіне тигізетін жағымсыз әсерін жұмсарту үшін, болашақта азық-түлік өнімдерін өндірудің өсуін көтермелей отырып, жақсылап ойластырылған жауап шаралар қажет. Бюджет позициясының берік болуына байланысты, кіріс деңгейі төмен үй шаруашылықтарына атаулы мемлекеттік субсидиялар енгізуге мүмкіндік бар, мұның өзі азық-түлік құны жоғарылауының орнын толтыруға көмектесер еді. Біз мұндай жауап шаралар өндірісті ұлғайтуға арналған ынтаны азайтатын саудаға шектеулерді немесе тыйым салуды қосқанда, бағаға ықпал етуге ұмтылатын шаралардан артық болар еді деп есептейміз. Ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыруға ұмтылу және бөлу жүйелерін жетілдіру де болашақта баға қысымын әлсіретуге көмектескен болар еді.
12. Қорыта келгенде, біз басқа екі мәселеге назар аударғымыз келеді. Біріншіден, Өндіруші салалардың айқындылығы жөніндегі бастама (EITI) шеңберіндегі Қазақстанның бірінші есебінің жариялануын құптаймыз, бұл үкімет мұнай секторындағы компаниялардан алған кірістердің айқындылық дәрежесін арттыруға маңызды қадам болып табылады. Екіншіден, БОД/ПФТ туралы заңнаманы оңтайлы халықаралық тәжірибеге сәйкестендіруге әкелетін заң жобасы әлі қабылданған жоқ, біз соны тезірек қабылдауға шақырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |