БӨЖ
Пәні:Шығыс мәдениетінің ерекшілігі
Қабылдаған:
Орындаған: Маханбет Әсемай
Тобы: ЖИА-211
Түркістан қаласы 2023 жыл
Жоспар
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
3.Шығыс елдерінің зерттелуі
4.Шығыс мәдениеті
5. Шығыс мәдениетінің ерекшелігі
6. Шығыс елдерінің мәдениеті
7.Қорытынды
Ежелгі Шығыс адамды ертедегі дүние аясынан алып шыққан ұлы мәдениеттер отаны болды. Ертедегі дүниеден шыға отырып, Шығыс адамның дүниеге қатынасының мифологиялық тәсілін жеңе алмады. Бірақ ежелгі шығыс мәдениеттерінің әлемі – бұл табиғат апаттарының ғана емес, озбыр мемлекет қуатының құдайдай көрінуі. Ежелгі шығыс мәдениетінің негізі адамның дербестігі мен еркіндігін мойындамайтын абсолютті бірлік идеалы болып табылады. Мемлекеттің бұл типі қатаң біріктіру қажеттілігінен туды, ол нақты табиғат жағдайларына жауап болды. Осы мемлекет – шығыс озбырлығы зор төрешілдік аппаратпен басқарылады, оның бірлігі қол астына қарайтын адамдардың өмірі мен өліміне абсолютті билік етуге ие билеушімен бейнеленеді. Мемлекеттің мұндай типі Ежелгі Шығыс елдері Египет, Месопотамия, Үнді, Қытайға тән.
Шығыс елдерінің шынайы зерттелуі Пекинде әмір сүрген иезуиттердің еуропалықтарды Конфуций ілімдерімен, таң қаларлық «қытайдың салтанатты рәсімдерімен» таныстырған ХVІІІ ғасырдан басталды. Мұсылман дінін таратушылар шапқыншылығы салдарынан Үнді елін паналаған зороастрларда сақталған беймәлім қолжазба осы кезде Францияға әкелінеді. Ғасыр соңына қарай Үндістандағы британ әкімшілігі жергілікті брахман абыздарының көмегімен қасиетті кітап мазмұнын ежелгі және орта ғасырлық үнділердің әдеби тілі үлгісінде (санскрит) оқуға қол жеткізеді. Осылайша, ежелгі Иран діні зороастризмнің қасиетті кітабы – Авеста мазмұнының сыры ашылады. Оның санскриттегі мәтінінің ежелгі дәуірде ұлы өркениет ошағына айналған елдер тілдерімен көптеген ортақ белгілерінің бары анықталады.
Отарлау саясатының етек алуымен Шығыс елдеріне қызығушылық арта түседі. ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басында Наполеонның Мысырға жорығы нағыз ғылыми экспедиция ретінде ерекше дайындықпен жүргізіліп, әскермен бірге іс-сапарларға арнайы жіберілген суретшілер ескі бедерлерді, сыры беймәлім иероглиф, таңбаларды көшіреді. Тарихи дәуірде Мысыр өнерінің болмысы, әуені, сазы жалпы еуропалық үлгілерге айналады. Мұражайлар ежелгі Мысыр жәдігерлерінің коллекциясы болғанын мақтаныш тұтады. Зерттеушілер Францияның Лувр, Италияның Туриндік мұражайлары жинағын ең бай деп айтуға болатынын көрсетеді.
ХІХ ғасыр соңында Вавилонда қазба жұмыстарын жүргізген неміс экспедициясы б.д.д. VІІ-VІ ғасырларда өмір сүрген жаңа Вавилон державасы астанасының орнын, көлемін анықтады. Вавилон қорғанының түрлі-түсті изразецтермен (изразец – түрлі-түсті жылтыр бояумен сырланған жұқа қам кесек немесе қыш кесек) безендірілген Иштар құдай қақпасы Берлиннің Алдыңғы Азия мұражайының көркіне айналды. Мысырдың әл-Амарне елді мекенінен қазба жұмыстары кезінде табылған реформатор перғауын Эхнатонның (б.д.д. ХІV ғ.) әйелі Нефертити патшайымның мүсіндік бейнесі де Германияға әкелінеді. ХХ ғасыр басында француз экспедициясының Элам астанасы Суз қаласында (оңтүстік-батыс Иран) жүргізілген қазба жұмыстары 4 кезінде қара базальт (жанар таудан шыққан тау жынысы) бағанаға ойып жазылған, б.д.д. ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Вавилон патшасы Хаммурапи заңдарын тапты. Інжілде айтылатын Моисей заңдарынан да ескі Хаммурапи заңдарының ежелгі Шығыстағы ең жетілген құжат болғаны анықталды.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында көңіл аударарлық бірнеше археологиялық жаңалық ашылды. Соның ішінде, Говард Картер (1873-1939) патшалар аңғарынан, Фива қаласы маңынан Мысыр перғауыны Эхнатонның жас мұрагері Тутанхамонның тоналмаған қабірін тапты. Онда б.д.д. ІІ мыңжылдықтың екінші жартысында өркендеген Мысыр мәдениетінің айғағы болатын құнды мәліметтер бар еді.
Зерттеу жұмыстарының қарқыны артқан сайын, ежелгі Шығыс мәдениетінің ғасырлар қойнауына сіңген тамыры көне замандарға тереңдеп, б.д.д. І мыңжылдыққа жататын жаңа Ассирия сарайларының орындары аршылады. Қосөзен аңғарындағы (Тигр мен Евфрат өзендері арасы) ежелгі мекендер орнын терең қазып, зерттеу нәтижесінде археологтар Шумерлер мәдениеті туралы деректерге кезігеді. Леонард Вулли (1880-1960) Ур қаласындағы шумерлер қабірінен б.д.д. ІІІ мыңжылдықтың лазуриттен жасалған керемет зергерлік өнер ескерткішін: жорық, той салтанаты көрсетілген «штандартты» (ескіше штандарт –жалау) және сақалы бар бұқаның басы түрінде бейнеленген алтынмен безендірілген арфаны тапты.
Солтүстік-батыс Үнді жерінен ірі Хараппа және Мохенджо-Даро қалаларының орындары табылды. Зерттеу жұмыстары олардың кӛнелігі, ежелгілігі жағынан Ур қабірлерімен және Египет пирамидаларымен қатар тұратынын көрсетеді. Әсіресе, археологтарды қыш кесектен тұрғызылған үйлердің жоғарғы дәрежеде жабдықталу деңгейі және қолданыстан шыққан лас су мен нәжісті қала сыртына шығаратын құбырлардың, жетілген кәріз жүйесінің болғаны таңдандырады.
Сондай-ақ, солтүстік Қытайдың Аньян қаласы төңірегінде жүргізілген қазба жұмыстары Хуанхэ өзенінің бойында Шан-инь мемлекетінің болғанынан, ежелгі Қытай мәдениетінің б.д.д. ІІ мыңжылдықтың екінші жартысында өмір сүргенінен мәліметтер береді.
Адамзат мәдениеті бастауының өте тереңге кететінін алғашқы қауымдық құрылыстан соң өмірге енген мәдениет тарихы, меншік сипатының өзгеруі, көпшілікке танымал билік жүйелерінің қалыптасуы көрсетеді. Осы уақытта адам санасы мен әлеуметтік қатынастардың түпкілікті өзгергенін айғақтап, дүниеге жазу өнері енеді. Б.д.д. ІV мыңжылдықтың соңында ежелгі Шығыста мәдени дамудың жолына түскен халықтар тарихы болашақ адамзат үшін негіз, өркениеттің бастауы ретінде қарастырылады.
Ежелгі мәтін түпнұсқасына барынша жақын болу үшін оның өзіндік ерекшелігін, тілдік оралымдарын сақтауды мақсат еттік. Деректерде хронологиялық даталар болжаммен алынуына орай әр түрлі кӛрсетілетіне және құдайлар аттарының өзгеріп отыратынына назар аударамыз.
Шығыс елдерінің мәдениеті мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан, оның әр алуандығы мен байлығы, құпияға толы әлемі, көз жауын алатын әсемдігі жайлы өз алдына әңгіме етуге болады. Шығыс мәдениетінің әлемдік мәдениет сахнасында алар орны айрықша, ол ешбір басқа халықтардың мәдениетіне ұқсамайды, дара жолы мен сара жолы қалыптасқан, ерекше тылсым әлем. Сол себепті де адамзат баласының қыр-сыры шексіз ориентализмге деген қызығушылығы мен таңдануы уақыт өткен сайын толассыз күшеймесе, бәсеңдеген емес.
Шығыс мәдениеті- кемел шыңына жеткен аса бай құндылықтарға толы тылсым әлем. Замана парақтары ашылған сайын оның қайталанбас өрнектері мен айшықтары өзінің жұмбаққа толы сырларымен адамзат назарын баурап алатын қасиеттеріннен арылмақ емес. Шығыс мәдениетінің сан түрлі қатпарларға ие күрделi әлемi, бай мифологиясы, қолданбалы өнеріндегі айшықтардың қайталанбас формалары, ұлттық әуендері - Шығыс мәдениетiнiң айырмашылығы болып табылады. Таңғажайып өлең нақыштары –ғазалдары, сырға толы би элементтері, сәнді де салтанатты сәулет өнері, мүсiндер образы, шығыс ұсталарының қолынан шыққан зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдері мен ас мәзірі, көнеден мұра болып келе жатқан шәй салтанаты өз әдемiлiгi мен қағылез тартымдылығын ешқашан жоғалтпайды, қайта уақыт өткен сайын өз бояуын қанықтыра түсетіні көңілді ерекше сезім айшықтарымен тербейді.Бұл - Шығыс мемлекеттерінің мәдениеті мыңжылдықтар аясында дамып, өзінің алуан түрлілігі мен, талғампаздығын, тартымдылығын мәңгі сақтайтының бірден бір куәсі.
Бүгінде осындай көркі көз тартарлық сұлу Шығыс мәдениетіның тылсым дүниесі әл –Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультетінің төрінде көрініс тапты. Факультет өмірінің айнасына айналған Шығыс мұражайы күннен күнге нұрланып, мұражайы қоры толықсып жатыр. Мұражай тек шығыстану мамандар немесе университетіміздің студенттері мен магистранттары ғана емес, сонымен бірге шығыс мәдениетіне қызығушылық танытқан әрбір жан үшін танымдық, тәрбиелік мәні зор құнды мағлұматтарады бере алады.
Тамыры тереңге кететін, зерттеушілері топшылап болжаммен айтатын ежелгі Шығыс мәдениетінің таңғажайып құбылыстары мен сан қатпарлы әлемінің шеңбері кең, оны зерттеудің өзектілігі айдан анық. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінде орын тепкен Шығыс Мұражайы – бүгінде шығыс халықтарының рухани және материалдық мәдениетінен жан-жақты хабардар ететін жәдігерлер жинақталған жерге айналды. Егер одан да әріге бойлайтын болсақ, 1989 жылы елімізде ең алғаш рет шығыс тілдерін оқытатын оқу орны да осы қара шаңырағымыз – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті болуы да тегін емес еді. Данышпан бабамыз әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті атына заты сай шығыс мәдениетін бойына терең сіңірген, білім мен ғылым нәрін сусындаған кемел жас буынды тәрбиелеуді басты мақсаттарының бір тармағы ретінде санайды. Білімді тәрбиемен терең ұштастыра білген біздің шығыстану факультеттің басты ұстанымы – жас ұрпақ бойына шығыс тілдерімен қатар шығыс мәдениетін де терең сіңіру, өйткені біз- шығыс мәдениетінің өкіліміз, шығыс топырағынан нәр алып өскен өскелең ұлттың ұрпағымыз. Жаһанданудың қарышты қадамдары аясында біз өзіміздің шығыстық ділімізден қол үзіп қалмай, қайта қаймағын бұзбай сақтап, келесі буынға мұра қылып қалдыруымыз керек. Демек, бұл сонау көнеден келе жатқан дәстүр жалғастығы, ал біздің мақсатымыз – дәстүр жалғастығын әрі қарай дамыту.
Биылғы 2015-2016 жылғы оқу жылы – шығыс мәдениеті өнерін көпшілік қауымға насихаттаумен ерекшеленді. Фестиваль аясында факультеттің орталық залында шығыс ұлттарының ұлттық киімдері көрсетілімі өткізіліп, зал этнографиялық тұрғыда жабдықталды. Сонымен қатар факультеттің оқытушылары мен студенттері, магистранттары дайындаған шығыс ұлттарының ас мәзірі көрмесі өткізілді және фольклорлық концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Факультет оқытушылары мен студенттері жоғары орындаушылық шеберлікпен өнер көрсетіп жиналған көпшілікті тәнті етті. Тылсым әрі таңғажайып Шығыс мәдениетімен етене араласуға сеп болған фестиваліміз ендігі кезде жыл сайын өтетін нұрлы дәстүрге айналмақшы. Факультет жанында құрылған «Шығыс музейі» шетелдік қонақтардыңда үлкен қызығушылығын туғызуда. Мәселен, университетімізге кезінде арнайы келгенҚытайдың Formasa television (Тайван) телеарнасының репортерлері сұхбат алды. Тайвандық қонақтар құнды жәдігерлер жиналған музейді таспаға тартты. Осы істің басы-қасында жүрген қытайтану кафедрасының доценті Дәулетова Фатима «Шығыс музейінің» құрылуы туралы тыңғылықты әңгімелеп берді. Тайван журналистері жалпы шығыстану факультетінің құрылу тарихымен танысып, факультеттегі кафедраларды, оқу аудиторияларын, оқу залдарын, лингофон және видеокабинеттерді аралап, факультет басшылығымен, оқытушылармен, студенттермен жолығып, тілдесті.
Бүгінде мұражай қорына 3000-нан астам жәдігер жиналып отыр. Бұл көңілге қуаныш ұялатар жайт.Жиналған жәдігерлер қытай, корей, түрік, араб, үнді, жапон мәдениеттерінен жан-жақты ақпарат беретін құнды заттар. Әрине, мұндай күрделі істің жүйелі түрде жолға қойылып, нық қадам басуына аталған елдердің мәдени орталықтары, елшіліктері, консулдықтары, жеке фирмалары және жеке тұлғалардың қосып отырған үлестері орасан зор. Мұражайды ашудағы факультетіміздің мақсаты – жұртшылық қауымды (тек сол саланы зерттеуші ғалымдар мен мамандар ғана емес) шұғылалы шығыс мәдениетінің көп қырлы, сан-салалы болмысымен таныстыру еді. Өйткені белгілі бір елдің тілін меңгеру үшін міндетті түрде сол елдің мәдениетін, өткен –кеткен тарихын терең меңгеру шарт, сонда ғана аталған мемлекетпен арадағы қарым қатынастардың қарқынды дамуы заңды құбылыс.
Осылайша біздің факультет жетістіктері шетел телеарнасы арқылы төрт тарапқа таралып жатыр. Алдағы мақсат – аталған жетістіктер аясын кеңейтіп, жаңа белестерді бағындыру болып қала бермек.
Ніл аңғары – әлемде ең алғашқы қалыптасқан мәдениет орталықтарының бірі. Атап айтқанда б.д.д. ІV мыңжылдықтың екінші жартысында адамзат тарихының жаңа институты, алғашқы мемлекеттік белгілер пайда болады. Мысырлықтар Алдыңғы Азия мен көне Грек елдеріне үлкен әсерін тигізген жоғары дамыған мәдениет үлгісін жасады. Дін жүйелері, бай әдебиет өзіндік ерекшеліктерімен, шығармашылық жетістіктерімен, терең мазмұнымен кӛзге түседі.
Мысыр әлемде тұңғыш рет тас сәулет өнерін жасады, шынайы мүсіндік портретті, хас шеберлікпен істелген қолӛнер бұйымдарын берді. Сәулетшілер мен мүсіншілер тас өңдеуді шегіне жеткен шеберлікпен меңгерді. Бұған тұрғызылған пирамидалар, үлкен ғибадатханалардың ұстын залдары, салмағы жүздеген тонна болатын алып тұтас тас мүсіндер куә. Сонымен қоса, ұзақ ізденістер, шеберлік дағдылары арқылы ағаш пен сүйекке ою салу, металл ӛңдеу, зергерлік алтын, күміс бұйымдар, түрлі-түсті шынылар, жұқа маталар жасау жоғары дәрежеге көтерілді.
Б.д.д. ІІІ мыңжылдықта Мысырмен қатар, Қосөзен аймағы жоғары дамыған мәдениет жетістіктеріне қол жеткізеді, тарихи дәуірдің ең дамыған елдеріне айналады. Мұнда көптеген қала-мемлекеттер пайда болып, күрделі қоғамдық қатынастар қалыптасады, теңдесі жоқ жоғары дамыған мәдениеттер өмірге келеді. Әлеуметтік - экономикалық және саяси жетілу басқа елдер үшін үлгі болады.
Қосөзен өзіне көптеген халықтардың назарын аударған құнарлы аймақ болды. Оны әр түрлі этникалық топтар: шумерлер, ассириялықтар және аморейлер алма-кезек жаулап алып қоныстанған. Кейбір тарихи деректер оларды вавилондықтар немесе халдейлер деп атайды. Тигр мен Евфрат сынды үлкен екі өзен көктем сайын арнасынан шығып, аймақты суландырады, құнарландырады. Су тартылған соң осы өзендер арасындағы кең жазық егін шаруашылығына тиімді жерге айналады. Осы құнарлы жерде адамзат тарихына белгілі ең алғашқы мәдениеттер өркендеді. Сол мәдениеттің негізгі қалаларының бірі болған Ур қаласы Евфратқа жақын орналасты. Осы ежелгі қала орнында қазба жұмыстарын жүргізген археологтар гүлденген баубақшалар, өрнектерге бай сарайлар, елдің көптеген құдайларына арналған ғибадатханалар орындарын тапты. Ол әр түрлі жақын және алыс аймақтардан келген адамдар үшін ірі сауда орталығы да болды. Сол тарихи дәуірде қалада көптеген суретшілер мен ғалымдар тұрды. Осы қала астрономдары алғашқылардың бірі боп, жұлдыздар әлемінің құпияларын зерттеп, әр түн сайын биік мұнаралардан аспан денелерін бақылағаны жайлы деректер бар.
Абыздар ежелден сақталған аңыздарды жаңаша жырлап, ал қолөнершілер тастан нәзік құмыралар және қолданбалы өнер туындыларының басқа да бұйымдарын дайындады. Оның тұрғындары тастан, саздан әр түрлі құдай мүсіндерін жасап табынды және оларға құрбандықтар шалды. Ежелгі халықтардың діни түсініктерден ажыратылатын жазба деректері 198 әдебиетке жақын болады. Дегенмен, сыртқы сәйкестіктер кейбір түсініктер мен рухани дәстүрлер туыстығының куәсі ғана емес, сонымен қоса, ежелгі жеке мәдениеттер арасында терең айырмашылықтар да болғанын кӛрсетеді. Діни кӛзқарастарда, сондай-ақ, сырттай бір-біріне ұқсас ескерткіштерде жүзеге асырылған мұндай айырмашылықтар көзге түседі, алға шығады, қалыптасқан өркениеттердің өзіндік ерекшеліктерінен хабар береді.
Ежелгі Шығыс мәдениетінің таң ғажайып ерекшеліктері, қайталанбас құндылықтарының пайда болу себептері беймәлім. Рухани мұра болатын жылнамалық мәліметтер сыры әлі күнге ашылмай отыр. Оның дәстүрлерімен танысу ғажайып бейнелер әлеміне енуге, адам мен оның қабілеті туралы терең күйзелісті көруге мүмкіндік береді.
Зерттеушілер ортасында бұл елдердің әртүрлі этно-мәдени аймақтарында пайда болған дамудың осы мәдениеттердің қалыптасуына тигізген әсері туралы пікірталастар әлі тоқтаған жоқ. Соңғы археологиялық қазба жұмыстары мен лингвистер зерттеулері жалпышығыстық дәстүрлер қалыптасуының алғашқы сатыларына арийлерге дейінгі халықтардың үлкен ықпалы болғанын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |