Қазақстан коммерциялық банктерінің жағдайы М. Е. Жумина



Дата05.07.2016
өлшемі87.5 Kb.
#180689
Қазақстан коммерциялық банктерінің жағдайы

М.Е.Жумина,

әл-Фараби атындағы ҚазҐУ-нің

маркетинг жэне коммерция

кафедрасының ізденушісі

ҚР банк жүйесінің даму қарқыны соңғы 10 жылда көптеген сарапшыларды ойландырып отыр. Қаржы секторының өсуі елдегі ЖІӨ өсу деңгейінен алда, жыл сайын 10%-ға қарсы 30-40% көрсеткішіне ие [1]. Тұрғын ел депозиттері іс жүзінде 10 есеге өсті.

Қазіргі таңда Қазақстан нарығында екінші деңгейлі 35 банк бар, салыстыру үшін 90-жылдардың басында 230 банк болған, олардың 16-сы еншілес шетел банкі де, екеуі мамандандырылған мемлекеттік банк болды. Осылайша, қазақстандық коммерциялық банктер саны – 17.

Қазақстанда нарықтық қатынастар жүйесі дамыған және банк негізгі болмаса да, ең маңызды құрылымдардың бірі болып келеді. Егер бұрын банк ісі мейлінше төмен деңгейде болса, қазір бұл – едәуір қарқынмен дамып келе жатқан салалардың бірі (1-сурет).

1-сурет. Банк қызметтерінің оның бүкіл ұсынылатын қызметтер
спектрі ішіндегі үлесі – 01.01.2008 ж.

Мемлекеттің экономикалық стратегиясын іске асыру, қаржыны экономиканың нақты секторын дамыту, түрғын ел жағдайын көтеру, тұтынушылық мәдениетті, банк қызметінің жаңа технологияларын дамытуға жұмсау мен қайта бөлуде коммерциялық банктерге көп мүмкіндік береді.

Егер Қазақстан банктері соңғы жылдары шағын және орташа бизнес пен жеке нарық салаларына басым көңіл беруде. Бұл ірі корпоративті клиенттердің іс жүзінде өспейтіндігімен түсіндіріледі, бұл кезде тұрғын елдің табыс деңгейінің өсуі тауарларға, жылжымайтын мүлікке, қайта көшіру құралдарына деген сұраныстың өсуіне әкеледі, ал мемлекеттің шағын және орташа бизнесті дамыту бойынша саясаты банктің банкпен бірге өсуге қабілеті әлеуетті клиенттері санының өсуіне әкеледі. Яғни коммерциялық банктер осы нарықтарды меңгеру жағына өздерінің бар күш-жігерін салады.

Қазақстанда банктің жеке өнімдер нарығы белсенді дамып келеді. Мұның алғышарттары қанағаттандырылмаған тұтынушы сұранысы, несие мекемелері арасындағы қатаң бәсекелестік күрес, банк қызметін диверсификациялау қыжеттігі болды. Осылайша, Қазақстан банк жүйесі кейбір көрсеткіштер бойынша ТМД елдеріндегі банк жүйелерінің даму деңгейінен алға шығып, өз дамуында айтарлықтай нәтижелерге жетті.

Қазіргі қазақстандық капитал нарығын әзірге банк нарығы ретінде топтастырған жөн. Осыған орай банк жүйесі ұлттық қор нарығының ең ірі институционалдық инвесторы және ипотекалық несие берудің негізгі субъектісі ретінде қарастырылуы тиіс, өйткені осы салалардың дамуына бірінші мән беріледі.

1995 жылдың 31 тамызындағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңға 08.07.2005 жылы жағдайы бойынша өзгертулермен және толықтырулар ендірілген. Оның «банк қызметін қүқықтық реттеу» деп аталатын 4-бабына сәйкес «банк қызметі» ҚР Конституциясы және заңнамасымен, ҚР бекіткен халықаралық келісімшарттар – келісімдермен, сонымен қатар өкілетті орган мен Ұлттық банктің ҚР Президентінің олардың құүзіретіне қатысты мәселелер бойынша қабылдаған заңнамалық актілері және жарғыларының негізінде орындалуы үшін жасалған нормативті қүқықтық актілерімен реттеледі [2].

Сонымен қатар осы заңда банк операцияларының негізгі түрлеріне мыналар жатады: депозиттер қабылдау, заңды және жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу; касса операциялары: аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақша аудару бойынша тапсырмаларын орындау; қарыз беру операциялары: төлем, жеделдік және қайтарушылық жағдайларында ақша түрінде несиелер беру; сейф операциялары; ломбард операциялары; төлем карточкаларын шығару; ақшалай орындалатын банк кепілдіктерін беру; лизинг қызметін жүзеге асыру; жеке құнды қағаздар шығару (акцияларды қоспағанда); факторинг операциялары; форфейтинг операциялары. Банктер брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру, инвестициялық қоржынды және кастодиалдық қызметті басқару қүқығына ие [2]. Яғни Қазақстан коммерциялық банктерінің өнім қатары өте кең және сәйкес өнім стратегиясын жоспарлау түсімді көбейтуге және қаржы операцияларын жүзеге асыру үрдісінде туындайтын тәуекелдіктерді азайтуға мүмкіндік береді.

Осылайша, Қазақстандағы банк бизнесінің негізгі мәселелері жоғары заң шығарушылық деңгейде, еліміздің қаржы саласында қабылданған және әрекет ететін нормативті-құқықтық актілермен реттеледі.

Қазақстандағы банктер ұсына алатын қызметтер спектрінің жеткілікті түрде кеңдігіне қарамастан, осы заң ережелеріне сәйкес қазіргі таңда олар, негізінен дәстүрлі қызметтер жинағымен шектеліп отыр. Бұл еліміздің банк секторының даму деңгейімен де, Қазақстандағы банк қызметтеріне қатысты тұтынушылық мәдениетке де байланысты.

Қазіргі ҚР банк жүйесіндегі банктер бірнеше категорияға жіктеледі:

1) Шетелде банкі жүйесінің барлық шоттарының нақты ұстаушылары –сыртқы әлеммен қатынас жасай алатын және экспортшылардың валюттық түсімін сатуда және алуда делдал бола алатын банктер. Жүйе түзгіш банкілер – бұл толық нақты ұғым. Олар еліміздің қаржы өмірінің күретамыр жүйесін құрайды, экономиканы несиелеу бойынша негізгі жүктемені мойнына алады, олардың елеулі капиталы болуы қажет.

2) Ірі салалық кәсіпорын – экспортшылармен жасалған келісімшарттар бойынша банкілер есептік және әмбебаптық функцияларды орындайды. Әдетте, бұл банкілердің әлсіздігі өз саласының бақылауында болуында және осының салдарынан проблемалық несие қоржындары болады.

3) Қазақстанда жұмыс істейтін ұлттық компаниялар мен шетелдік клиенттердің экономикалық айналымына қызмет көрсететін шетелдік банкі топтарының еншілес құрылымдары.

Банктік сектордың дамуындағы негізгі тенденциялар еліміздің банкілеріне аса жоғары қарқынмен дамуға мүмкіндік берген әлемдік қаржы нарығындағы салыстармалы тұрақтылық пен жалпы қолайлы экономикалық факторлармен анықталды.

Қазақстан банктер үлкен дәрежеде ресурсты базаны өсіру мүмкіндігін пайдаланды, бұлар келесілермен анықталады:

жұртшылық тарапынан отандық банкілерге сенімнің өсуі, бұл жеке тұлғалардың салымдары көлемінің күрт өсуіне келтірді, соның ішінде алдымен жеке депозиттер көлемі саны артты, бұл елімізде макроэкономикалық тұрақтылықтың нығаюымен және халықтың табысының өсуімен анықталды;

отандық кәсіпорындарда бос қаржы ресурстарының көлемі өсе бастауымен олардың қаржылық нәтижелері елеулі жақсарды, бос қаржыны банкілерге депозит шоттарына орналастыруға мүмкіндік болды.

Бұдан басқа Қазақстан банкілері әлемнің жетекші рейтингтік агенттіктері тарапынан елеулі рейтингтік бағалар алу көрсеткіштері санының бір уақыт артуымен қызметі сапасының айтарлықтай жақсару нәтижесі елеулі рөлге ие болды. Бұл біздің банкілерімізге әлемдік қаржы рыноктарынан қымбат емес қаржы ресурстарын алуға мүмкіндік берді.

Қазақстан банктері бірте-бірте жеке бизнеске көбірек көңіл аудара бастады, ол туралы келесі деректерді келтіруге болады: 2008 жылдың 1 қаңтарында банк филиалдарының саны ағымдағы жылдың басындағы 324-тен 343-ке өсті, осы 2008 жылдың 1 қаңтарында есептік-кассалық бөлімдер саны 2007 жылдың басындағы 1489 бірліктен 1749 бірлікке өсті.

Шетелдік ірі қаржы капиталы Қазақстан рыногында өз қатысуын елеулі түрде күшейтті, бұл жеке алғанда ірі итальяндық Uni Credit Group тобының отандық ең ірі банкілерінің бірін сатып алуында көрінді. Сондай-ақ, еліміздің банкілік секторында қосылу және жұтылу процестерінің жеткілікті дамуда.

Бірақ біртіндеп еліміздің банкі секторының шоғырлану дәрежесі төмендей бастады. 2006 жылдың басында 2-деңгейлік банкілердің несиелік қоржынының сапасының төмендеуі басталды: 2006 жылы стандарттық несиелер үлесі 2005 жылы 58,2% қарағанда 52,7% төмендеді, күмәнді несиелер үлесі 39,6% -тен 45,7%-ке дейін өсті. 2007 жылдың 1 маусымында стандартты несиелер үлесі 46,0 % құрады, ал күмәнді несиелер үлесі 52,8%-ке дейін өсті. Қазақстан банкілерінің халықаралық рынок капиталына кең шығу нәтижесінде отандық банк секторының сырт қарыздар көлемінің елеулі ұлғаюы жүрді. Соңғы деректер бойынша қайта қаржыландыруға қажетті берешек сомасы жобамен $3 млрд. құрайды. Сөйтіп, экономикамыздың тарихында алғаш рет Қазақстан банкілерінің әлемдік қаржы рыногының өзгерулеріне жеткілікті жәрежеде тәуелділік жағдайы туындады.

Ұзақ уақыт бойы банк жүйесі сапалы өсті және ТМД елдерінде жақсыларарының біріне айналды. Өткен 6-7 жыл еліміздің банк секторының жоғары қарқынмен дамуымен сипатталды. Әсіре жоғары активтердің өсу қарқыны соңғы үш жылда жоғары болды: 2004 жылы – 160,3%, 2005 -167,89%, 2006 – 196,5%. 2007 жылдң басында банктердің жиынтық активтері Т 8 872,0 млрд. құрады, бұл көрсеткіш 1999 жылы (341,1 млрд) 26 есе артық болды. Жиынтықтықты міндеттемелері Т 8 001,6 млрд. құрады, с.і. заңды түлғалардың салымдары - Т 3 680,7 млрд. теңге, жеке тұлғалардың салымдары - Т 1 034,2 млрд. Өткен 2007 жылы қарқынды өсім жалғаса берді. 2007 жылы 1 желтоқсанында банкілердің жиынтықты активтерінің көлемі Т 1000,3 млрд. құрады, жыл басымен салыстырғанда – 13,8 %.

Екінші деңгейдегі банктердің 01.01.07 жылы салымдарының көлемі Т 4714,9 млрд. құрады. Жеке және заңды тұлғалардың салымдарының арақатынасы: 78,0% және 22,0% сәйкесті болды [3].

ЕДБ салымдарының мүндай қарқынды өсімі Қазақстан экономикасының жағдайының тағы бір келеңсіз жағын көрсетті, мұның себебі қаржы нарығының жеткіліксіз дамуында жэне қаржы құралдарының инвесторлар үшін әртүрлі және тиімді жеткілікті үлкен санды баламалы банк депозитінің болмауына байланысты болды. Сондай-ақ, бүгінгі күні Қазақстан рыногындағы қолданыстағы қаржы құралдар туралы халықтың жеткіліксіз хабардар болуы себепті екенін атау қажет.

2007 жылдың 1 қаңтарында салымдар көлемі Т 5948,6 млрд. құрады. Жыл басымен салыстырғанда өсім – 26,2%, бүл ағымдағы жылдың өткен кезеңінде депозит базасының өсімі қарқынының біршама баяулағанын көрсетеді. Жыл басымен салыстырғанда жеке және заңды тұлғалар салымдарының ара қатынасы өзгерген жоқ және сәйкестігі 78,3:21,7% құрады.

2007 жылдың тамызында Қазақстан банктері АҚШ ипотекалық несиелеу рыногының дағдарысына байланысты өз өсімін жедел баяулатты. Сөйтіп, АҚШ ипотекалық несиелеу нарығындағы дағдарыстың басталуына және әлемдік қаржы рыноктарында Қазақстан банк жүйесінің белгісіздік жағдайының тууының келесі белгілері ерекшеледі:

1. Тұтастай банк жүйесінің дамуы аса жоғары қарқынмен жүрді, әсіресе банктер беретін несиелер көлемі аса жоғары өсу қарқынымен дараланды.

2. Банктердің несиелік қоржынының аса жоғары қарқынмен өсу жағдайында оның сапасы елеулі нашарлауы қатар жүрді. Несие қоржынының сапасының нашарлауы АФН банктері ұсынатын есептемелерде көрінді, бұл орайда халықты және заңды тұлғаларды бүркемелеп несиелеу жүріп жатты, осы себепте қайта берілетін несиелердің үлкен көлемі несие үлесінің нашар сапасын белгіледі. Сөйтіп рестрикциялық несиелеу жағдайында несие қоржынының сапасының нашарлауын болжауға болады, бұл ЕДБ есептемесінде көрінеді және жұмыс істеуші несиелер бойынша төлемсіздіктердің дағдарысының пайда болуы қауіпті сипат алады.

3. Егер 2006 жылы ЕДБ салымдарының жоғары қарқынды өсімі байқалса енді 2007 жылдың алғашқы бес айында банктердің депозиттік базасының қарқынының өсімінің елеулі баяулағаны байқалды. Бұдан біздің көзқарасымызша, ішкі рынокта банктердің қаржыландыру мүмкіндіктерінің елеулі қысқаруы туралы қорытынды туады. Қаржылаудың ішкі ресурстарының қымбаттығы сондай-ақ өткен жылдардағы бірте-бірте қысқаруы Қазақстан банктерін элемдік қаржы рыногына келтірді, ал мүнда пайыздық мөлшерлемелер онша жоғары болмады.

4. Қазақстан банктері 2006 жылдың барысында, сондай-ақ 2007 жылдың өткен кезеңінде өз капиталының өсу қарқындарымен салыстырғанда активтерінің жоғары өсу қарқынының жағдайын бірте-бірте өзгертуге қол жеткізді. Өз капиталының өсу қарқыны активтерінің өсуінен арта бастады.

5. Банк секторының өтімділік деңгейі бұрынғы өткен жылдардағыдай деңгейде сақталды. ЕДБ артық өтімділігі орын алды, бұл да банк жүйесінің тұрақтылығының белгілерінің бірі.

6. 2006 жылдағы Қазақстандағы банк бизнесінің табыстылығы, сондай-ақ өткен 2007 жылғы жоғары қарқынды өсімі шетелдік инвесторлар үшін еліміздің банк секторының инвестициялық тартымдылығының басты факторларының бірі болып табылады.

7. Банк секторының шоғырлану деңгейінің бірте-бірте төмендеуі жүрді, бұл банк қызметі рыногындағы нақты бэсекелестік ортаның пайда болу үшін қажетті негіздердің бірі болып табылады.

8. Қазақстан банктері бөлшексауда секторындағы бизнестің жүруіне айтарлықтай көңіл бөле бастады. Жеке түлғаларды несиелеу, соның ішінде ипотекалық несиелеу, кепілдікті жедел несиелеу көлемдері арта бастады. Мүның терістігі экономикалық дағдарыстар туындаған жағдайда халықтың төлем қабілетінің түсу себебі бойынша алған несиелерін төлей алмау дағдарысына соқтығуы мүмкін. Тәуекел – менеджменті іске асыру процесінде банк менеджментінің елеулі қателіктерге соқтығуы мүмкін. Ал ипотекалық несиелерге қатысты мүнда борышкерлердің төлем қабілетінің болмауынан басқа жылжымайтын мүлік нарығында дағдарыс туған жағдайда банктердің кепілділік базасының құнсыздану тәуекелі туады, яғни жылжымайтын мүлік нысандарына бағаның елеулі құлдырауы сипаты болады.

9. Бұдан басқа Қазақстан банк секторы халықты ипотекалық несиелеуді дамыту арқылы құрылыс секторына жанама несиелеуді іске асырды, сондай-ақ 2007 жылдың өткен кезеңінде құрылыс секторының компанияларын тікелей несиелеу көлемін ұлғайтты. Еліміздің банк секторының жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдайға тәуелділігі елеулі артты. Жылжымайтын мүлік рыногы нарықтық бағалық түзетулердің елеулі ауытқуларына ұрынатыны белгілі. Тіпті қазіргі жағдайларда бұл рынокта бағаның жаппай құлдырауы мүмкіндігін басқа елдер тәжірибесі көрсетуде.

10. Қазақстан банк жүйесі елеулі дәрежеде әлемдік қаржы нарығындағы жағдайларға тәуелді бола бастады, себебі алған несиелер көлемі үлкен және отандық банктер үшін ішкі қор көздері жүдеген.

Бүгінгі күні Қазақстан экономикасындағы бірқатар іргелі белгілер қандай да бір дағдарыстық құбылыстарға ойдағыдай қарсы түруға қажет: макроэкономикалық тұрақтылық; ВІӨ өсімінің жоғары қарқыны; ел үшін сыртқы экономика конъюнктура тиімді болса да, Ұлттық банкінің таза алтын валюталық резервінің елеулі қысқара бастады.

Күрделі нарық жағдайында Қазақстан банктері жаңа кезеңде одан әрі дамитыны анық. Рыноктар тұрақтандырылады, рыноктардың тарихи айналымы оның құлдырау және қайта қалпына келу кезеңдерімен ауысатынын куаландырады. 2008 жыл өте күрделі үлкен жұмыс жылы болады, ол көптеген елдерде барлық рынокқа қатысушылар тарапынан үлкен күш жігерді талап етеді. Бұл жаңа сипаттарға бейімделу және қайта ойлану кезеңі болады, әсіресе бұл Қазақстан банк жүйесіне тікелей қатысты. Қазір банктер алдында жаңа міндеттер тұр, атап айтқанда ішкі нарықты тереңірек игеруді одан әрі дамытуда жаңа бизнес-үлгілер жұмыстың жаңа принциптер түрлері қажет болады. Бұған азық-түлік сызығын арттыру және кеңейту, әр жеке клиент үшін өнімдік жүктемені арттыру, ішкі рынок ресурстарын дамыту, жеке алғанда активтерді басқару саласында күрделірек өнімдер арқылы дамыту жатады. Қазіргі сәтте Қазақстан банктері негізінен бизнесті қайта құрудың қысқа мерзімді проблемаларына бағдарланған, оны жаңа сипаттарға бейімдей сондай-ақ активтер сапасының жеткілікті деңгейін сақтау және өтімділік жағдайын басқару мәселелерін шешуге саяды.

Бұл процесті ойдағыдай іске асыру банк саласында маркетингті дамытумен айқындалады, мүндағы өзара қатынастар әртүрлі банктер арасындағы, банктер және олардың клиенттері арасындағы қатынастар, сондай-ақ банк қызметтерінің және т.т. нарығының қалыптастыруымен жасалатын болады. Жоғарыда көрсеткеніміздей, Батыс елдерінде банк саласындағы маркетинг дамыған оның базасы бар компаниялардың маркетингтік қызметінің көп жылғы бай тәжірибесі негізінде қалыптасады.

Қазақстан коммерциялық банктерінің маркетингтік әлеуеті жеткілікті деңгейде үлкен. Қазіргі сәтте белгілі бір прогреске қол жеткізді, маркетинг саясатын әзірлеу және іске асыру саласында арнайы дағдылар мен білімдерге ие, ал соңғы жылдары банктердегі маркетинг корпоративті деңгейге көтерілді және стратегиялық бәсекеге қабілетті даму міндеттерін шешуде.

Соған қарамастан, банктер үшін шектеуші факторлар мен банк қызметі ерекшелігінің ықпалы салдарынан ұсынылатын қызметтерді жіктеу деңгейінің төмендігі мәселесі туып отыр. Сондықтан өсудің перспективті мүмкіндіктері маркетинг кешенін жетілдіруден, анағұрлым жеке тұлғаландырылған банк өнімін, с.і. жоғары тұтыну құндылығын, тұтынушы шығындарының тіркелуін, қол жеткізу ыңғайлылығын, тұтынушымен байланысуды ұсынудан тұрады. Қосымша тоғыспа сауда мен аталмыш элементтердің ықпалын күшейтетін жаңа қызметтер ұсынылуы мүмкін. Мұндай стратегия қажеттіліктерді өзара тиімді қанағаттандыру үрдісіндегі тұтынушымен өзара қатынастарды қүруға және дамытуға негізделген.

Әдебиеттер
1. Статистический ежегодник Казахстана / Под ред. А.А.Смаилова. - Алматы: Агентство РК по статистике. - 2007. - 572 с.

2. Республика Казахстан. Закон О банках и банковской деятельности. - Казахстанская правда. - 2005. - № 54, с. 3-5.

3. Динамика развития активов коммерческих банков Казахстана // Статистический бюллетень Национального Банка РК. - 2007. - № 12 (85).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет