«Экологиялық ақпаратты ұсыну»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер паспорты
1
|
Көрсетілетін қызмет атауы
|
«Экологиялық ақпаратты ұсыну» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер)
|
2
|
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасы Заңнамалары, Қаулылары, Бұйрық, Стандарт және т.б. негізінде жүзеге асырылады, қолданыстағы нормативті-құқықтық актілердің толық тізбесі көрсетіледі
|
«Экологиялық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ҚР Энергетика министрінің 2015 жылдың 23 сәуіріндегі №301 бұйрығымен бекітілді
|
3
|
Көрсетілетін кызметті ұсынушы мемлекеттік орган
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Энергетика министрлігі «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді
|
4
|
Көрсетілетін қызметті тұтынушылар
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі
|
5
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны
|
Қағаз түрінде
|
6
|
Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беруді жүзеге асырады
|
Көрсетілетін қызмет беруші кеңсесіне
|
7
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі
|
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін еркін үлгідегі өтінішті көрсетілетін қызмет берушіге қағаз түрінде жолдайды.
|
8
|
Көрсетілетін қызмет құны және төлем тәртібі
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі
|
9
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті рәсімдеуде қандай жеңілдіктер бар
|
Жеңілдіктер жоқ
|
10
|
Көрсетілетін қызмет үдерісінің сипаттамасы
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне келесі құрылымдық бөлімшелер қатысады:
1) көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің маманы;
2) көрсетілетін қызмет беруші басшысы;
3) көрсетілетін қызмет беруші маманы.
Көрсетілетін қызмет үдерісі келесідей бірізділікпен жүзеге асырылады:
кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
бірінші басшының құжат мазмұнымен танысуы және бұрыштама қоюы. Орындау үшін құжатты маманға беру;
сұратылған ақпараттың Экологиялық ақпараттың мемлекеттік қоры мәліметтер базасында болуы;
сұратылған ақпараттың Экологиялық ақпараттың мемлекеттік қоры мәліметтер базасында болмаған жағдайда, көрсетілетін кызмет алушы хабарлама хат арқылы тараптық ұйымдарға, мемлекеттік органдарға жеке тұлғаларға сұрау салу;
көрсетілетін қызмет басшысымен қол қойылған құжат;
экологиялық ақпаратты беру немесе дәлелдi бас тарту.
|
|
Көрсетілетін қызмет мерзімі
|
көрсетілетін қызмет мерзімі:
көрсетілетін қызмет алушыға құжаттар пакетін өткізгеннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде
|
11
|
Көрсетілетін қызмет нәтижесі
|
Көрсетілетін қызмет нәтижесі болып экологиялық ақпаратты беру табылады
|
12
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімін ұзарту рәсімі
|
Қарастырылмаған
|
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратқа
Көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін көрсетілетін қызмет беруші басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі (сол жағалау), Орынбор көшесі № 8, № 14-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-08-44.
Шағымдар жазбаша үлгіде почта немесе көрсетілген қызмет беруші немесе министрлік кеңсесі арқылы қолмақол қабылданады.
Қызмет берушінің, министрлікте шағымды қабылдап алғанының дәлелі ретінде оны тіркеу (шағымның екінші данасына немесе шағымның ілеспе хатына мөртабан, тіркелген кіріс нөмірі және күні қойылады).
Портал арқылы жүгінген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымда:
1) жеке тұлға – оның тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы;
2) заңды тұлға – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Көрсетілген қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні аралығында қарастыруға жатады. Шағымды қарастырудың нәтижесі туралы дәлелді жауапты қызмет алушының почталық байланысы арқылы жолданады немесе Министрліктің, қызмет берушінің кеңсесінен қолмақол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
_________________
Достарыңызбен бөлісу: |