Зайсан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі бойынша 2012 жылы атқарылған жұмыстар



Дата01.07.2016
өлшемі105.5 Kb.
#170289
Зайсан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі бойынша 2012 жылы атқарылған жұмыстар
Зайсан аудандық ТЖБ 2012 жылдың жұмыс жоспарына және Министрліктің Операциялық жоспары аясында, Министрліктің жүйелік потенциялының артуы, тәжірибелік, құқықтық және әлеуметтік – экономикалық, кешенді ұйымдастырушылық бағытта жұмыс атқаруда.

Зайсан аудандық Төтенше жағдайлар бөлімімен белгіленген уақытта Үкімет бағдарламасымен негізгі бағыттарының орындалуы бойынша, Қауіпсіздік Кеңесінің, шешімдері, төтенше жағдайларды жою және алдын алу бойынша ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның, Министрліктің Коллегияларының алқа қаулыларында көрсетілген іс-шараларын орындау қамтамасыз етілуде.

Зайсан аудандық ТЖБ 2012жылға арналған жылдық жұмыс жоспары жасалынып, ШҚО ТЖД бастығымен бекітілген.Жоспарда қамтылған негізгі стратегиялық бағыттар:


  • Азаматтық Қорғаныс жүйесін дамыту, төтенше жағдайларда күштер мен материалдық ресурстардың тиімді резервін құру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • Төтенше жағдайлардың алдын алу және оның ауыртпалығын азайту;

Мақсаттар:

  • Техногендік авариялардан болатын қауіпті азайту және шығынды барынша төмендету;

  • Мемлекеттік материалдық резертер базасын құру;

  • Апаттар мен дүлей зілзалалардан болатын қауіп-қатерді азайту;

  • ТЖ қаупі мен туындауы туралы уақытында хабар беру;

Міндеттер:

  • ТЖ кезінде халыққа көмек көрсету тиімділігін арттыру;

  • ТЖ ден қою жөніндегі күштер мен құралдарды басқаруда жеделдікті арттыру;

  • Табиғи сипаттағы ТЖ алдын алу бойынша қызметтің тиімділігін арттыру;

  • Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметін жақсарту мақсатында аудан аумағындағы қалыптасқан өрттердегі жедел жағдай мен олардың салдарын есепке ала отырып себептеріне талдау жүргізу;

  • Аудан аумағындағы орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жою жөнінде іс- шаралар жоспарын әзірлеу;

  • Адамдар көп келетін орындарға, тіршілікті қамтамасыз ету мекемелеріне, сауда орындарына ҚР Бас прокуратурасының бектікен жұмыс жоспарына сай өрт-техникалық тексерулер жүргізу;

  • ТЖ туындау қаупі туралы халық пен органдарға орталықтан хабарлаудың автоматтандырылған жүйесінің жағдайы;

  • ТЖ-ға ден қою жөніндегі күштер мен құралдарды басқару жеделдікті арттыру тізбесіне сәйкес тасқын салдарына жол бермеу немесе жеңілдету жөніндегі уақтылы шараларды қабылдау өзендерге маниторингті,мұздар мен қарларға талдау жүргізуді қамтамасыз ету

Зайсан ауданында Төтенше жағдайлар бөлімінің ықпалымен 2012 жылы 4 рет төтенше жағдайлар комиссиясының шешімі қабылданды, атап айтқанда:

1. 06.01.2012жыл № 1 хаттамадағы күн тәртібі

«Аудан жолдарында төтенше жағдайлар туындаған жағдайда мекемелердің өзара бірігіп, іс-қимыл жасауы туралы»

Қаралған мәселелер:

- Ауа-райының қолайсыз кезеңдерінде республикалық, облыстық маңызы бар жолдарда жауапты тұлғалармен күндіз- түні кезекшілік атқару, 10 қаңтардан бастап;

- Қара тазалағыш техикалары бар мекеме, жеке кәсіпкерлермен келісім шарт жасау, мерзімі 15 қаңтарға дейін;

- тайғаққа қарсы жолдарға арнайы материалдар қорын жасап жеткізу;

2. 21.02.2012жыл № 2 хаттама күн тәртібі

« Аудан аумағын, тұрғындарды су тасқынынан қорғауға бағытталған шараларды жүзеге асыру туралы.»

Қаралған мәселелер:

-Су басуы мүмкін қауіпті аймақтарды үнемі бақылауға алу, техникамен, құрал-жабдықтарменжарақталған шұғыл әрекет жасау топтарын құру;

- Тұрғындарда сақтандыру шараларымен таныстыру, түсініктеме жұмыстарын жүргізу;

- Құлақтандыру схемасын әзірлеу;

-Су тасқыны қауіпті кезеңде кезекшілік ұйымдастыру;

- Қазселденқорғау мекемесінің филиалына қар еру жағдайын үнемі хабарлап отыру;

- ЖПУ-33 мекемесіне су ағарлар мен көпірлерқұрылыстарын тазарту, су тасқынына лайықты қамтамасыз ету;

-ІІБ-не көліктердің тасқын кезінде қауіпсіз қозғалысын ұйымдастыру

3.17.04.2012жыл № 3 хаттама күн тәртібі

«Орман және дала өрттерінің алдын-алу және жою жөніндегі атқарылатын іс-шаралар туралы»

Қаралған мәселелер:

- Барлық ауыл әкімшіліктерінде өрт қауіпсіздігін сақтау, орта мектептер мен мекемелерде отқағарлар әзірлеу

- Ерікті өрт сөндіру жасақтарының дайындығын тексеру, тірек пунктеріндегі автокөліктерді жоғары дайындыққа келтіру, жайлауға шығатын малшыларды өрт қауіпсіздігі ережесі негізінде арнайы нұсқамадан өткізу

- Жол жиектеріндегі шөптерді шабу және жол шеттерін 4 метр ендікпен жырту жұмыстары

- Орман шаруашылығымен бірлесіп, орманды алқаптарға кірер жерлерге шлагбаум орнату жұмыстары

4.08.12.2012.жылы № 4 хаттама күн тәртібі

«Қыс мерзіміндегі дайындық жұмыстары туралы»



2012 жылғы бөлімнің қызметтік жағдайы мен ұйымдастырылуы, атап айтқанда:

2012жылғы жұмыс жоспарына сай Министрліктің 2011жылғы 8 шілдедегі Алқа қаулысын орындау үшін және қар көшкіндерінен болатын шығындарға жол бермеу мақсатында;

-Қазселденқорғау филиалымен бірлесіп 2011жылдың қортындысы бойынша талдауды ескере отырып, көшкін қауіпті аймақтарға қайта шолу жасалынды.

-Қазселденқорғау филиалымен бірлесіп тұрақты бақылау жұмыстары жүргізілуде, әр апта сайын ауданның Қазселденқорғау филиалымен хат алмасу ұйымдастырылған.

2011-2012жылдың қыс айларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімінің шешімен республикалық, облыстық маңызы бар жол учаскелеріне уақытша бекеттер қойылып, кезекшілік ұйымдастырылды.

Төтенше жағдайдың алдын алу және жою бойынша, су-тасқынының алдын алу үшін 2012жылдың әр тоқсанына өткізілтетін оқу-жаттығулардың жоспар-кесте жасалынған, осы жоспарға сәйкес аудандағы шұғыл әрекет ету тобымен жаттығулар жүргізілуде.

Зайсан аудандық ТЖБ 2012 жылдың жұмыс жоспарына енгізілген ауданның қауіпсіздік паспорты жасалынып бекітілген.Сонымен қатар ШҚО ТЖД нұсқауы бойынша Зайсан ауданының ТЖК бастығы атына аудандағы авариялық жағдайдағы ғимараттарға сейсмикалық күшейту жүргізу және көктемгі тасқынның алдын алу мақсатына комиссия отырысында қарауға 2 рет ұсыныс жасалып, жоспарға енгізілді. Зайсан аудандық ТЖБ мен № 43ӨСБ көктем айларында мүмкін болатын төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында бөлімнің жеке құрамы осы уақыттарда күшейтілген тәртіпте жұмыс жасады, сонымен қатар 15.03.2012ж-16.03.2012ж күндері «Көктем -2012 », 25.05.2012ж күні «Землятресения» командалық –штабтық жаттығу өткізілді .

Ағымдағы жылдың 06.08.2012ж-11.08.2012ж күндері аралығында ШҚО ТЖД АҚ басқармасының қатысуымен Зайсан ауданында АҚ және ТЖ бойынша барлық қызметтердің, ауыл,қала әкімдерінің жұмыстарын тексеру мақсатында ауданның жедел ден қою отрядымен оқу-жаттығу өткізіліп, нәтижесінде «Дайын» деп бағаланды.

Аудан көлемінде барлық 8 ауылдық округте ерікті өрт сөндірушілер құрылымдары құрылған, 3 елді мекенде тірек пункттері құрылған, атап айтқанда:

1. Қаратал ауыл округі бойынша Қаратал ауылында

2. Шілікті ауыл округі бойынша Шілікті ауылында

3. Біржан ауыл округі бойынша Біржан ауылында

Аудандағы тірек пункттері мен өрт сөндіру жасақтарының дайындығын аудан әкімшілігінің ТЖ маманымен бірлесіп 2012жылдың мамыр айында толық тексеруден өткізілген.

2012 жылға аудан бюджетінен төтенше жағдайларды жоюға:

- 3 млн теңге,

- кезек күттірмейтін шығындарға 6 млн 884 мың теңге,

- барлығы 9 млн 884 мың теңге бөлінді.

2012жылы Зайсан ауданындағы төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жоюға арналған материалдық-техникалық резервтер:

- бензин 25000 литр,

- дизель отыны 5000 литр,

- 3 млн 200 мың теңгенің дәрі-дәрмегі,

- 500 мың теңгенің азық түлігі, 3080 дана қаптар дайындалған.

2011-2012 жылғы төтенше жағдайлардан қорғану, қыстың күндері қолайсыз ауа-райы кезінде далада қалған адамдарға көмек көрсету, жолдардың уақытылы тазалануы, ауданнан шығатын елді мекендердің шетіне бекет орнатылып, уақытында өз қызметтерін атқарды және т.б мәселелері қамтылған Зайсан аудандық ТЖБ жоспары жасалды, аудан әкімімен бекітілді.

Аудан көлемінде табиғи және техногендік қауіптерден халықты қорғау мақсатында аудан халқының білімін көтеру үшін Зайсан аудандық ТЖБ аудандық «Достық» газетіне 2012жылы 37 мақала жарияланып, жарық көрді. Халықтың көп жиналатын орындарында «Төтенше жағдайлар кезіндегі елді мекендерде атқарылатын іс- қимылдар» атты үгіт- насихат парақтары ілінді, нысандарда 1594 адам қамтылған 103 дәріс оқылды, аудан ұйымдарында 274 адам қамтылған 137 тәлімдеме жүргізілді, 3155 адам қамтылған 18 жиын (сход) өткізілді.

2012 жылы ШҚО ТЖД нұсқауы мен жұмыс жоспарына сәйкес, Зайсан аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің инженерлік-инспекторлық құрамымен «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңын, ҚР Үкіметінің Қаулысының, аудандық және облыстық әкімшіліктің өкімдері мен шешімдерін жүзеге асыру, елді мекендерде өрт қауіпсіздігін жоғары деңгейде сақтау мақсатында бекітілген жылдық жоспарға сай кешенді түрде белгілі бір жұмыстар атқарылды.

Барлық нысандар саны – 619

Нысандардың тәуекел тобына бөлінуіне байланысты Зайсан аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі 2012 жылы ҚР Прокуратурасы сайтына жоспарлы түрде 213 нысанды тексеруді жоспарлаған. Қазіргі таңда тексерілген жалпы нысан саны –302 оның ішінде жоспар бойынша 139 нысан, жоспардан тыс 163 нысан тексерілді. Тексеру нәтижесі бойынша прокуратура мен жергілікті атқарушы органдарына 71 хабарлама жолданды.

2012 жылдың жоспары негізінде қаңтар айында Зайсан ауданындағы жеке кәсіпкерлік субъектілері тексеріліп, өрт қауіпсіздігі өрескел орын алған 5нысан (4 дүкен, 1жабық базар) ШҚО ауданаралық экономикалық сотына жұмысын тоқтату үшін жолданды.



Сонымен қатар 2012 жылдың қаңтар айында ҚР Парламент депутаттарының сайлауы қарсаңында 37 сайлау учаскелерінің өрт қауіпсіздік жағдайлары толық тексерілді.Бұл ретте адамдар көп жиналатын нысандарда ӨТТ жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарына ерекше көңіл бөлінді. Өрескел кемшіліктер орын алған ұйымдардың басшыларына әкімшілік шаралар қолданылып, кемшіліктерді орындауға уақыт берілді.

2012 жылдың жоспары негізінде ақпан айында Зайсан ауданындағы Қорғаныс министрлігіне қарасты 1 нысан және ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетіне қарасты 13 нысандар толық тексеруден өткізілді. Тексеру қортындысы бойынша ШҚО ТЖД нұсқауымен арнайы әзірленген үлгі бойынша есеп берілді, заң бұзушылықтарға жол берген өрт қауіпсіздігіне 12 жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2012 жылдың жоспардан тыс наурыз айында білім министрлігіне қарасты аудандағы барлық 40 нысанның өрт қауіпсіздік жағдайы тексеруден өткізілді, тексеру қортындысы бойынша наурыз айынның соңында ШҚО ТЖД есеп беріледі. Мектептердегі қаржы мәселесіне тірелетін кемшіліктер бойынша, атап айтқанда автоматты өрт сигнализациясын орнату, өртке қарсы сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу, ықпал ету мақсатында аудан әкіміне, прокуратураға, аудан білім бөліміне хабарлама жазылды.

2012 жылдың жоспары негізінде тамыз айында аудан көлеміндегі сауда орындары , жеке кәсіпкерлік субъектілері, және Зайсан ауданының ішкі істер бөлімі ММ, жоспардан тыс Білім беру мекемелері мен 10 әскери заставаларын өрт қауіпсіздік жағдайы тексеруден өткізілді.

2012 жылдың жоспары негізінде қыркүйек айында аудан көлеміндегі сауда орындары , жеке кәсіпкерлік субъектілері, және Қаржы полиция ММ мен Шығыссушар мекемесін өрт қауіпсіздік жағдайы тексеруден өткізілді.

2012 жылдың жоспары негізінде қазан айында аудан көлеміндегі сауда орындары , жеке кәсіпкерлік субъектілері, және Денсаулық сақтау Министрлігіне қарасты нысандардың өрт қауіпсіздік жағдайы тексеруден өткізілді.

2012 жылдың жоспары негізінде қараша айында аудан көлеміндегі сауда орындары , жеке кәсіпкерлік субъектілері, және жоспардан тыс ШҚО ТЖД нұсқауы бойынша адамдар көп жиналатын нысандардың өрт қауіпсіздік жағдайы тексеруден өткізілді.

Жалпы өрт қауіпсіздік ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін 169 адам әкімшілік жауапқа тартылып, соның ішінде 169 адамға 1179522 теңге мөлшерінде айыппұл салынып, оның 169 нен 1179522 теңге өндірілді, бұл өндірілген айыппұлдың 100 % құрайды.

Зайсан ауданының ТЖБ қызметкерлерінің бастамасымен 2012жылы аудандық жеке кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында ҚР «Мемлекеттік қадағалау және бақылау», «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңдары аясында және күзгі астық жинау, шөп шабу және тасу кезіндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылық нысандарының басшыларымен, шаруа қожалықтарыныцң жетекшілерімен 3 рет «дөңгелек үстел» өткізілді.

Зайсан ауданының ТЖБ тоқсан сайын атқарылған жұмыстар бойынша сараптама жасалып, сараланады.

2012 жыл лауазымды тұлғаға айыппұл салынған, 122/1003160 т.

жеке тұлғаға айыппұл салынған, 47/176362 т.

Барлығы 169/ 1179522 тенге айыппұл.

2012 жылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 312 бап 1 тармақ бойынша салынған 163тұлғаға айыппұл салынды.

2012 жылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 249 бап бойынша салынған 6 тұлғаға айыппұл салынды.

2012 жылы Зайсан ауданының ТЖБ және № 43 ӨСБ-де ӨАЕК-да 108 өтініш хабарлама тіркелген.

ҚР ҚК-нің 187 бабы бойынша «Біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру»-11.

ҚР ҚК-нің 188 бабы бойынша «Біреудің мүлкін байқаусызда жойып алу немесе бүлдіру»-18.

ҚР ҚК-нің 256 бабы бойынша «Өрт қауіпсіздігін бұзу» - 16.

45 хабарлама бойынша процессуалдық шешімдер шығарылды, оның ішінде:

1.қылмыстық іс қозғаудан бас тарту – 34.

2.әрі қарай реттеп тексеруге – 11.

2012 жылы 26-жеке тұлға өрттің және жанулар шығуына кінәлі болып анықталып, әкімшілік жауапқа тартылып 105 17 0 теңге айппұл салынды.

Өртке қарсы нормалар бойынша.

Зайсан аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің нормативтік-техникалық жұмысына бұйрық бойынша Зайсан аудандық ТЖБ бас маманы М.А.Қаскенов жауапты болып тағайындалған.

2012 жылы 36 АӨС қондырғысы қабылданды.

ТЖБ тарапынан қойылған өрт қауіпсіздігі кемшіліктері толық орындалған, техникалық регламент талаптарына сай жаңадан салынған, қайта жаңғыртылған 16 нысан және аудан бойынша 56 тұрғын үйлер пайдалануға қабылдаудан өткізілді. Салынып жатқан нысандардың құрылысшыларымен 8 рет дәріс өткізілді, 14 азаматқа өрт қауіпсіздігі жөнінен кеңес берілді.

Зайсан ауданындағы «Шығыс-жоба» мекемесімен бірлескен құрылыс салу кезіндегі жобалауда өрт қауіпсіздігі талаптарына жол бермеу мақсатында 1 рет сабақ өткізілді.

Анықтау жұмыстары бойынша:

«Арыздарды, хабарламаларды, шағымдарды, қылмыс туралы хабарламаларды есепке алу және қарау, тіркеу, қабылдау туралы» ҚР Бас Прокурорымен бекітілген № 83 бұйрыққа сәйкес (ары қарай №26 нұсқама) ӨАЕК ашылып, жүргізілуде.

№ 83 нұсқаманың талаптарын орындау мақсатында азаматтарды қабылдайтын көрнекі жерде қадағалаушы аудан прокурорының және Төтенше жағдайлар бөлімінің кезекші қызметінің көрсетілген сенім телефондарымен қоса, азаматтарды қабылдау тәртібі, уақыты, тіркеу, өтініштерді қарау тәртібі толық жасалып, ілінген.

2012жылы ӨАЕК-да 108 хабарлама тіркеліп, төмендегідей процессуалды шешім шығарылды:


  • қылмыстық іс қозғаудан бас тарту- 34

  • әрі қарай реттеп тексеруге – 11

15-қылмыстық іс қозғаудан бас тарту құжаттары бойынша кінәлі болып табылған тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, қаулы шығарылды. Жалпы тіркелген 45 өрттен келген шығын 3898000 теңгені құрайды.

Зайсан ауданы бойынша суда құтқару қызметінің 2012 жылы атқарған іс шаралары:

2012 жылы аудан көлемінде суда адам қайтыс болуы туралы факт тіркелген жоқ. Жыл басынан бері аудан көлемінде суда және мұзда адамдардың өмірін қорғау мақсатында 292 профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, 6733 адам қамтылды, 162-адам нұсқамадан өткізілді. Мекеме, балаларды сауықтыру алаңдары мен оқу орындарында суда және мұздағы сақтық шаралары бойынша 65 жадынама, 45 бейнекөрілім таспалары таратылды. Аудандық «Достық» газетінде 9 мақала жарық көрді.



Өрт сөндіру бөлімінде 2012 жылы атқарылған жұмыстар:

Зайсан ауданында 2012 жылы көлемінде өртке шығу –45 . Өрт салдарынан адам қайтыс болған жоқ, өртте құтқарылғандар жоқ. Жануға шығу – 62, АҚЖ – 0, 4-командалық штабтық жаттығулар, 12 өрт-тактикалық жаттығу және 48 өрт-тактикалық оқу өткізілді. 4 шұғыл жоспар және 8 шұғыл карточка жасалып, 29 шұғыл жоспар және 139 шұғыл карточка ойналды. жылу түтін камерасында -4 және 15 таза ауада жаттығулар жүргізілді. Құжаттамаларды жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді. ҚР ТЖМ КТИ-на 3 үміткер оқуға түсті.

- Өрт-техникалық жарақтар сынақтан өткізілді.

-Аудандық өрт сөндіру жоспарлары мен орман-дала өрттерін сөндіру жоспарларына өзгерістер еңгізіліп аудан әкімінің шешімімен бекітілді және соның негізінде өрт-тактикалық жаттығу өткізілді.

- Өрт сөндіру депосының жайлары косметикалық жөндеуден өткізілді.

-Гараждағы стендтер , оқу сыныбындағы стендтер жаңаланды.

- Жеке құрамға оқу сабақтарын жүргізуіне қатаң бақылау жүргізілді.

- техника техникалық қараудан өткізуге дайындалды

- жеке құрамының құлақтандыру схемасы түзетіліп, тексерілді

- есептен шығару құжаттары дайындалды

- жеке құрам салық декларациясын 100% тапсырды

- Қазахстан Республикасы Президентінің Жолдау бойынша № 43 ӨСБ жеке құрамы толық таныстырылды

- жеке құраммен аттестациядан 100% өтті.

- № 43 ӨСБ-нің ғимараттары қысқы мерзімге дайындалды. «Сайкан» ЖШС –тен келісім-шарт бойынша 110 тонна көмір алынды.



6.Бөлімнің әлеуметтік дамуы.

2012жылы еңбек жағдайын жақсарту мақсатында іс-шаралар жоспарланған, негізгі іс-шаралар техника қауіпсіздігін сақтауға арналған.2012жылдың наурыз мерекесіне жеке құрамның ұйымдастыруымен мерекелік іс-шаралар , киіз үй тігу, мерекелік дастархан мәзірін жасау және өрт сөндіру мекемесінің ардагерлерін шақырту шаралары атқарылды. 2012жылда Күршім,Тарбағатай , Көкпекті аудандарында аймақтық жарыстар өткізілді. Қазақстан Республикасының рәміздерінің 20 жылдығына орай салтанатты жиналыс өткізілді. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенттің күніне орай футболдан жарыс өткізілді. Зайсан ауданының акиматы арқылы №43 ӨСБ-нің 2 қызметкерлеріне 2-бөлмелі пәтерлер берілді.



7. Персоналды басқару жұмыстары.

Зайсан ауданының ТЖБ-де штат бойынша 4 жоғары білімді қызметкержұмыс атқарады, оның 2 жоғары арнайы білімі бар. Осы уақытқа дейін 2 қызметкер АҚ бойынша деңгейін дамыту курстарында и 1 қызметкер ТЖМ Көкшетау Техникалық институтында оқыды. 2012 жылдың мамыр айында 1 қызметкер анықтаушы бағыты бойынша оқу оқып келді.



№ 43 ӨСБ-де штат бойынша 33 қызметкер . Басшы құрам 8 адам, оның 7 жоғары білімді.Қарауыл бастықтары ҚДМ-де оқыды. Зейнеткерлікке шыққан қызметкерлердің орнына 2 қызметкер жаңадан алынды және 2 қызметкер басқа өрт сөндіру бөлімдерінен ауысып келді. 2012 жылда қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.


Зайсан ауданының төтенше жағдайлар бөлімі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет