ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
СМЖ 3-деңгейдегі құжаты
|
ОӘК
|
ПОӘК 042-18-7.1.56/03-2013
|
«Былғары және үлбір өнеркәсіптері өндірісін жобалау және жоспарлау» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
|
№1басылым
«18» 09 2014
|
«БЫЛҒАРЫ ЖӘНЕ ҮЛБІР ӨНЕРКӘСІПТЕРІ ӨНДІРІСІН ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығы үшін
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2014
ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ
№ 1 Лекция.
1 тарау. Жобалаудың жалпы сұрақтары.
1.1. Кіріспе
Курстық және дипломдық жобалау – инженер-технологты дайындауда оқу процессінің маңызды бөлігі. Бұл жұмыстар студенттің өзіндік жұмысы болып табылады, онда олар техникалық тапсырмалардың бір-бірімен байланысты кешенін шешеді.
Жобамен жұмыс істеу жүйеленуге, негізгі дисциплиналар бойынша теориялық білім мен тәжірибелік жұмытарды тереңдетіп жақсартуға, техникалық кругозорды дамытады, жалпы білім беретін сабақтар, базалық және профилдеуші дисциплина білімдерді қолдану арқылы өндірістік-техникалық тапырмаларды өздік жұмысында дамытады, шығармашылық ойлауға үйретеді және т.б.
Өңдеу өндірісінің негізгі мақсаты шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту болып табылады, себебі өңдеу өндірісі жоғары сапалы өнімге сұранысы көп азық-түлік тағамдарын шығаруға негізделген. Осыған байланыты курстық және дипломдық жобалардың тарауларында жобада жоспарланған өнімнің сапасын арттыруға арналған жағдайларды қарастыру қажет. Диплом алдындағы тәжірибеде өндірісті оқу барысында, студент өндірітік процесстің кейбір этаптары өнім сапасына әсер ететініне назар аудару қажет, яғни өндіріті оқып және өндірітің барлық этаптырының жұмысын бақылау қажет.
Берілген методикалық нұсқауда курстық және дипломдық жобаны орындау кезінде керек теоретикалық материалдар жүйеленген. Оқулық студентке өзіндік жұмы барысында әдістемелік және техникалық көмек көрсете алады.
Оқу құралы курстық және дипломдық жобаның орындауына бойынша нұсқау сияқты жасалған және студенттермен жобаның үстiнде жұмыс iстегенде кездесе алған теориялық және жаттығу сипатының барлық сұрақтарын қамти алмайды.
Оқулық әрбір тарау бойынша керекті материалдар көлемін дұрыс анықтауға және жобаны ғимараттың шарттарына сәйкес дұрыс орындауға мүмкіндік береді.
Курстық және дипломдық жобаға тапсырма кафедрада беріледі. Студент өзінің тақырыбын да ұсына алады. Сырттай оқитын студентер студенттің жұмыс істеу орнына байланысты тақырыптарда курстық жобаны орындайды.
Курстық және дипломдық жобаның тақырыптары цехтарды қайта құру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның техникалық жаңарту болуы мүмкін. Шығарылатын өнімнің ассортименті 3-тен кем болмау керек.
Курстық жобалардың тақырыптары кафедра отырысында, ал дипломдық жобаның тақырыптары жоғары оқу орнының ректорының бұйрығымен бекітіледі.
1
|
1.2. Жалпы жағдай, КЖ және ДЖ орындау және рәсімдеу
|
|
|
Былғары және үлбір зауыттарын жобалау мәселесі халық шаруашылығының және өндірістің дамуына байланысты шешіледі.
Оларды құрылыс бойынша негізгі белгіл шарттар бойынша жобалайды, монтаж, қауіпсіздік және санитарлық техникасы, өртке қарсы шаралар және т.б. бойынша жобалайды. Типтік және жекелендірілген жобалар болып бөлінеді.
Курстық және дипломдық жобалаудың негізгі шартты былғары және үлбір зауыттарынының қуаттылығы және орны белгілі ғимараттар немесе тек қуаттылығы не тек орны белгілі ғимараттар болып табылады.
Дипломдық жобаларға жаңа кәсіпорынның құрылыс жобасы, сондай-ақ екі кәсіпорындардың жобаларын қайта құру жобалары жатады.
Дипломдық жұмыстың түсіндірме хаттамасында тақырыптың негізі, оның өзектілігі баяндалуы керек. Түсіндірме хаттамада өндірісті құру мәселесі туралы тарау болу керек.
Курстық және дипломдық жобалар үшін материалдар тәжірибе кезінде жинаған материалдар бола алады.
Студенттерге курстық және дипломдық жобалар орындау кезіндегі ұсынылатын әдебиеттердің барлығын келесі топтарға бөлуге болады:
- мемлекеттік стандарттар;
- құрылыстық нормалар мен ережелер (СНиП);
- «технологиялық жабалаудың»;
- Жоғары оқу орнындағы дипломдық жұмысқа (жобаға) қойылатын талаптар;
- инструкциялар мен нұсқаулар, сондай-ақ техникалық ережелер;
- оқулықтар;
- жабдықтар мен машиналардың альбомдары;
- анықтама әдебиеттер;
- ақпаратттық әдебиеттер;
Дипломдық және курстық жобалар түсіндірмелік хаттамадан және графикалық бөлімнен тұруы керек. Түсіндірме хаттаманың көлемі тапсырмаға байланысты және келесідегідей болуы керек:
- курстық жоба – 25 бет және одан көп;
- дипломдық жоба – 60 бет және одан көп;
Оқу жоспары бойынша дипломдық жұмысты орындау 4 курста 15 аптаның ішінде орындау қарастырылған. Уақыттың бөлінуі мен дипломдық жобаның әрбір бөлімін орындаудың кезектілігі келесідей:
Технологиялық бөлім (есептеу) - жалпы көлемнен 22 %.
Компоновтық шешімнің таңдалуы - жалпы көлемнен 18-22 %.
Архитектурлық-құрылыстық бөлім - 4 %.
Өндірістік санитария - 10 %.
Жылутехникалық бөлімі - 4 %.
Технологиялық үрдісті автоматтау - 2%.
Электротехникалық бөлім - 4 %.
Өмір қауіпсіздігі - 3%.
Экономикалық бөлім - 8 %.
-
Жобаны безендіру - 10 %.
-
Графикалық бөлімді безендіру - 11-15 %
Бітірілген дипломдық жобаны студент кеңесшілер мен жетекшілерге қол қойғызады, жетекшіден дипломдық жобамен жұмыс істегені туралы пікір алады, кафедраға көрсетіп қорғау үшін рұқсат алады, жобаны рецензирлеу үшін бағыт және оны МЕК қорғауға жіберіледі.
Түсіндірме хаттама келесіден тұру керек:
-
Кіріспе.
-
Кәсіпорын құрылысының негізі және ауданның мінездемесі.
-
Технологиялық бөлім:
- өңдеуге кететін дәннің сапалы мінездемесі;
- ұн тарту париясының құрамын анықтау;
- дәнді ұнға тарту схемасының негізі мен таңдауы;
- дайындау бөлімінің жабдықтарын таңдау және есептеу;
- қалдықтарды бақылау схемасын таңдау, жабдықтарды таңдау және есептеу;
- дәнді тарту схемасының негізі және оны таңдау;
- ұн тарту бөлімінің жабдықтарын таңдау және есептеу;
- дайын өнім цехының жабдықтарын таңдау және оны есептеу, дайын өнімге мінездеме;
-
Қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және қоршаған ортаны қорғау.
-
Кәсіпорынның экономикалық тиімділігін есептеу.
-
Қорытындылар.
-
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
-
Қосымшалар.
Жобаның графикалық бөлімінің мазмұны:
-
Бас жоба.
-
Өңдеудің технологиялық схемалары.
-
Бөлімдердің компоновкалары: дайындау, ұн тарту, дайын өнім цехы.
-
Қиықтар: тігінен А-А, көлденең Б-Б.
Түсіндірме хаттамада және сызбаларда стандартты шарттар сақталмаса, онда жобаның бағасы төмендеуі мүмкін. Жобаның графикалық бөлімі «контрукторлық документацияның бірыңғай жүйесінің» шарттарына сәйкес орындалуы керек.
Курстық және дипломдық жобаның түсіндірме хаттамасы А4 форматтағы ақ қағаздың бір жағында бір немесе екі интервалда кез келген баспа тәсілімен жазылуы керек. Шрифт –Times New Roman, кегль 14.
Курстық және дипломдық жобаның түсіндірме хаттамасы рамкада баспа түрде, келесі жолақ размерлерін сақтай отыра жазылуы керек:
- сол жақ – 2,5см;
- оң жақ – 1,5см;
- жоғарғы жақ – 2,5см;
- төменгі жақ – 2,5см.
Түсіндірме хаттаманың әрбір тарауын жаңа беттен бастау керек.
2-дәріс. AutoCAD және КОМПАС-3D бағдарламаларымен жұмыс жасауды үйрену
Дәріс сұрақтары:
-
AutoCAD бағдарламасының сипаттамасы
-
КОМПАС-3D жүйесінде сызба жасау
Дәріс мақсаты: Бағдарламаларға сипаттама беріп, жұмыс барысында қолдануды үйрету
Бүгінгі күнде AutoCAD 2002 – автоматты проекциялау жүйелері арасында ең мықтысы болып табылады. Техникалық проекциялаудың әртүрлі аймағында керек болған, кез-келген сызба жұмыстарын орындай алады. Программаның ішкі компоненттерінің жетілдіруінен басқа, көп жаңа функция пайда болды. Бұл функциялар қолданушының жұмыс уақытын қысқартып, сызба сызуды біршама жеңілдетті.
AutoCAD курсында – сызбаларды нақты өлшемде сызуды және дизайн –макеттерін құруды үйретеді. Бағдарламада – сызбаларды құру, қабаттармен жұмыс, өңдеу құралдары, блоктарды құру және оларды қолдану, өлшемдерін қою, масштабтау жүзеге асады.
AutoCAD бағдарламасы сызбаларды құруға, оларды дәлдеп түзетуге, бұрынғыларын жинақтауға мүмкіндік береді. Ол үш негізгі компоненттен: графикалық редактордан, AutoLISP жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілінен және қолданушының графикалық интерфейсін құрудың аспаптық құралынан тұрады. Бағдарламаның басты компоненті графикалық редактор болып табылады
AutoCAD-ң бірінші версиясы 1982ж. Жарық көрді және ол DOS жүйесінде жұмыс істеген болатын. Бұл шынында дербес компьютерде жақсы жұмыс істей алатын алғаш автоматты проекциялау бағдарламасы еді. Ол кездерде бұл сияқты жүйелерді мықты жұмыс станциялары ғана қолданған. Бірінші версияның басты ерекшелігі, файлдардың көбісі, ASCII форматындағы жай мәтіннен құрылған еді.Жоғарыда айтылып өткендей, AutoCAD АПРЖ(САПР)-гі қолданымда ең көп болған программа, түрлі техникалық проекциялау облыстарында эффектілі түрде жұмыс істеуге мүмкіндігі бар графикалық программалық жүйе. Латын емес тілдерді қолданғандар да бұл программаға тез арада үйрене алады. Сол себебті AutoCAD дүниежүзінде конкуренциядан тыс болып, ол дүниенің 150 мемлекетінде қолданылады және 2 миллионнан астам регистрацияланған қолданушыға ие.
AutoCAD 2002 түрлі техника облыстарында, ерекшеленген АПРЖ-де қолданылады:
Архитектуралық АПРЖ-де;
Машина жасау АПРЖ-де;
Географиялық ақпараттық жүйелерде;
Ресурстарды бақылау автоматты жүйелерде;
Электротехника және электроникада;
Мультимедиа жүйелерінде;
AutoCAD жеңіл көрінуі мүмкін, бірақ бұл программаның да қиын жерлері бар. AutoCAD өте үлкен программа болғандықтан, оны 20-30 бетте толығымен ашу мүмкін емес. Бұл программаға жүздеген, мыңдаған бетті кітаптар шығарылып жатыр.
КОМПАС-3D - график деген сызу редакторы өндірістің түрлі салаларында жобалау-конструкторлық жұмыстарын автоматтандыруға мүмкіндік береді. Ол машина жасау жобалауда, жобалау-құрылыс жұмыстарда, алуан жоспарлар мен жобалар құрағанда тиімді пайдаланылады.
КОМПАС-график сызбалар мен эскиздермен жұмыс істеуге аналған КОМПАС-3D жүйесіне толығымен интегралданған модуль ретінде де және 2D-жобалау мен құжат шығару барлық есептерін орындайтын жеке өнім ретінде қолдана алады.
КОМПАС-график үш өлшемдік үлгілерінің ассоциациялық көріністерін оның арасында тіліктер, қималар, жергілікті тіліктер, жергілікті көріністер, жебе бойынша көріністер, үзілісі бар көріністерді автоматты түрде орындайды. Олар бәрі үлгімен ассоциацияланған: үлгідегі өзгерістер сызбадағы кескіннің өзгеруіне әкеліп соғады. Стандартты көріністер автоматты түрде проекциялық байланыста салынады.
Сызбаның негізгі жазудағы дерек (бұйым белгілеуі, атауы, массасы) үш өлшемдік үлгінің дерегімен үйлестіріледі, синхрондалады.
Айналу денелер жобалайтын КОМПАС-Shaft-2D жүйесі «айналу денелер» типті бөлшектерді – біліктер, төлкелер, цилиндрлік және конусты тісті дөңгелектер, червяктар мен червякті дөңгелектер, белдікті және тісті-белдікті берілістердің шкивтерді параметрлік жобалау үшін арналады. Үлгінің цилиндрлік, конус тәрізді, сфералы сатыларын, соңдай-ақ қимасы болып дұрыс көпбұрыш табылатын сатыларын салу мүмкіншілігі қарастырылған. Сол сатыларда шлицты, шпонкалы және бұрандалы учаскелер, ойықтар, тегіс жерлер (лыски) мен тұйық және орталық тесіктер жасау қамтамасыз етіледі. Біліктер мен төлкелер үлгілерінің күрделілігі шеттелмейді, сатылар саны кез келген болу мүмкін. КОМПАС-Shaft-2D жүйесі «Жадығаттар мен сортаменттер» және «Стандартты бұйымдар» корпоративті анықтамамен үйлестірілген.
КОМПАС-Shaft-2D көмегімен цилиндрлі және конусты тісті доңғалакты, шынжырлы, червякті, белдікті берілістердің жобалау мен тексеру есептерін істеуге және солар үшін техникалық шарттар, көрсеткіштер кестелерін, тіс пішінімен шығарылған элементтерін автоматты түрде қалыптастыруға болады. Берілістердің есепті параметрлер өзгергенде олар автоматты түрде қайта құралады. Жүйе құрамына КОМПАС-ShaftCalc модулі кіреді. Ол КОМПАС-Shaft-2D-де жасалған біліктер мен подшипниктерді есептеуге арналады.
FastReport деген есеп берулер дизайнері механикалық берілістер элементтерінің көрсеткіштері бар кестелерінің пайдаланушы формаларын құруға мүмкіндік туғызады.
Біліктердің параметрлік кескіндер тікелей сызбада сақталады, сонымен КОМПАС-Shaft-2D жүйесі құралдарымен келесі редакциялауға келеді. Құру және редакциялау кезінде білік сатыларының орналасу тәртібін (тышқан арқылы Drag&Drop тәсілісен жай тасымалдау арқылы) және сатының кез келген параметірін өзгерту немесе сатыны жою мүмкін. Жүйе айналу денелерінің он және сол жақ көріністерін автоматты түрде салуға, қималар жасауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |