1. Маршруттық кітапша. Туристік жорықтың жасалу жолы



бет1/6
Дата03.01.2022
өлшемі375.64 Kb.
#450413
  1   2   3   4   5   6
22a2ba30-e30f-482b-a536-b5309de9564e


САЯХАТ ТУРАЛЫ БІЛІМ




Жоспары

1. Маршруттық кітапша.

2.Туристік жорықтың жасалу жолы

3. Туристік құрал – жабдықтар.Турист гигиенасы

4. Тамақтану. Жорық кезіндегі қауіпсіздік.

5.Туристік алау

6. Шатыр.

7. Компас. Медициналық көмек

Туризм – бұл табиғат орындарына саяхат жасау, өңірдегі туризм орталықтарында демалу, сол аумақтағы табиғи және мәдени-тарихи нысандар туралы мағлұмат, түсініктер алу.

Туризмнің бағыттары алуан түрлі:

- ізденушілік

-өлкетану бағытында туған өлкеге жасалатын оқутақырыптық экскурсиялар; - спорт бағытында өткізілетін жарыстар мен слеттер;

- туристік жорықтар;

Білім беру ұйымдарындағы туристік – өлкетану бағытындағы шаралар - оқушылардың бойында өз туған өлкесіне деген қызығушылықты, сүйіспеншілікті, өткені мен қазіргі тарихын оқып-үйрену негізінде патриоттық, азаматтық тәрбиені қалыптастырады. Сонымен қатар, баланың сана – сезімін, ойлау қабілетін, зеректілігін дамытып қоймай, достыққа, жолдастыққа үйретеді.

Туристік жорықтар – туристер үшін қолайлы туризмнің жұмыс формаларының бірі.

Туристік жорық дегеніміз – алдын – ала дайындалған жаңа немесе белгілі бір маршрут бойынша сауықтыру, танымдық, спорттық бағытта өткізілетін жұмыс. Туристік жорықтар ұзақтығына қарай бір, екі, үш немесе көпкүндік болып бөлінеді. Туристік жорыққа шықпастан бірнеше күн бұрын жетекші барлық қатысушыларды жорықтың мақсатымен таныстырып, қажетті жеке немесе топтық құрал – жабдықтармен, азық – түлік тізімімен, алып шығатын киімдермен хабардар етуі керек. Бұл құралда туристік жорықты ұйымдастыруда көмектесетін құжаттар, құрал – жабдықтар, тамақтану, жорық кезіндегі қауіпсіздік, көрсетілетін алғашқы медициналық көмек, топографиямен және компоспен бағдарлау туралы мағлұматтар беріліп отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет