Лекция тезистері 1-Тақырып. Спорттың мәні мен әлеуметтік қызметі. Спорттық жарыстар жүйесі



бет1/15
Дата05.10.2022
өлшемі148.5 Kb.
#462012
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
866467047058 7 Лекция тезистер


Лекция тезистері


1-Тақырып. Спорттың мәні мен әлеуметтік қызметі. Спорттық жарыстар жүйесі.
Дәріс мақсаты: спорттың мәні, әлеуметтік қызметі және спорттық жарыстар жүйесін, топтануы мен мазмұнын анықтау.
Тақырып сұрақтары:
1. Спорттың мәні мен әлеуметтік қызметі
2. Спорттық жарыстар жүйесі

Дене мәдениеті және спорттың мемлекеттегі орны, қоғамдағы маңызы. Дене мәдениеті және спорт Қазақстан мемлекетінде, оның мәдениет, денсаулық, білім беру салаларында ең бір негізгі орындарды алады. Өйкені дене мәдениеті адамның сыртқы келбетіне, қимыл қозғалысына, мәдениеттілігіне, денсаулығына өте жоғары талаптар қоятын мәдениет саласы. Спорт жарыстарында, спорт түрлерінен әлем біріншіліктерінде, Азия, Олимпиада ойындарында мемлекеттің алған орнына байланысты мемлекет мәртебесі сыналатын болғандықтан спорттың мемлекеттегі орны ерекше болмақ. Сондықтан да дене мәдениеті қызметкерлері, бапкерлер, спортшылар қоғамда, әлеумет арасында силы, құрметті. Олардың атақтары ақындар, әншілер, музыканттар, қоғам қайраткерлерімен қатар келіп, ел аузында аңыз болып жүреді.


Негізі дене мәдениеті мен спорттың мемлекеттегі орны осы салаға жауап беретін спорт және туризм, білім және ғылым министрліктерімен тіке, денсаулық және қорғаныс миністрліктерімен жанама байланысты. Басқа министрліктермен адам арқылы оның қызметкерлерін сауықтыру, денсаулықтарын нығайту, спорттық жарыстарға қатысу, президенттік сынамалар тапсыру арқылы байланысады.
Дене тәрбиесі мен спорт маманының кәсіби қызметінің мәні мен мағынасы. Дене тәрбиесі мен спорт мамандарының кәсіби қызметі мәні мен мағынасы өте зор. Еліміздегі бірнеше мыңдаған жалпы білім беру метептерінде, төрт жүзден артық спорт мектептерінде, өнеркәсіп орындарында, орта, арнайы білім беру орындарында, әртүрлі спорт және туризм басқармаларында жұмыс істейтін дене тәрбиесі мен спорт мамандары миллиондаған Қазақстан мемлекетінің адамдарын сауықтырып, денсаулықтарын нығайтып жатыр.
Спорттық жарыс негізгі, жақындататын, іріктеу, бақылау, көпшілік және комерциялық деп бөлінеді: Негізгі жарыстар – Олимпиадалық және Азиялық ойындар, әлем, Азия, еліміздің біріншілігі. Жақындататын жарыстар негізгі жарыстарға дайындық түрінде орындалады. Іріктеу жарыстары – спортшыларды құрама командаға іріктеу шін жүргізіледі. Бақылау жарыстары спортшыларды дайындау, олардың спорттық дайындық үрдісіне түзетулер енгізу түрінде жүргізіледі. Көпшілік және комерциялық жарыстар спортта бұхаралық және көрініс, насихаттау, жарнамалауды қамтамасы ету түрінде жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет