1. Мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде)



Дата27.07.2022
өлшемі21.13 Kb.
#459808
Интерактивті оқыту


Интерактивті оқыту – түсіндіру мен өзара қарым – қатынас диалог ретінде топқа бөлініп оқыту әдіс – тәсіліне негізделген оқытудың түрі. Нәтижесінде оқушы жинақталған тәжірибесін сыртқа шығарып, оны өмірде пайдаланаалады. Интерактивті оқыту әдісінің бір ерекшелігі – оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үдерістерді, яғни жауабының алуан түрлерін , ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілеттерін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, қарым — қатынас ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, сөздік қорын белсенді дамытуда бағытталуында.
«Интерактивті оқыту» бұл ағылшынның «interact», “Inter”» — өзара, «асt» — әрекет ету деген сөзінен шыққан. Сондықтан, интерактивті оқыту ең бірінші диалогтық оқыту, оқыту барысында оқушы мен оқытушы арасындағы өзара байланысуы. Интерактивтік әдістеме өзара қарым – қатынастың мол ауқымын қамтиды. Дегенмен, әдістемелік амал қандай болса да, оқушылардың өздерінің өмірлік тәжірибелерін білім берудің негізгі көзі саналады. Оқу процесінің барысында мынадай қарым – қатынасқа түседі:
1. Мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде);
3. Өзге балалармен (қосақталып жұмыс істеу барысында)
4. Шағын топтармен (3-5 баламен);
5. Балалардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас, сынып болып әлдебір мәселені талқылау барысында);
6. Балалардың тобымен және халықпен (топ әлеуметтік сауалнама жүргізеді);
7. Кейбір техника түрлерімен (мысалға , компьютермен);
Белсенді оқыту әдістемесінде топтағы балалардың сандық құрамы өзара қатынастың не оқудың сапалылығын білдірмейді. «Өзара қатынас» әдісінің ерекшелігі оқушылардың өзін – өзі ашуы, ашылу үрдісімен байланыстылығында. Оның мәні – балалар білім алу дағдыларын өзара қарым — қатынас арқылы меңгереді. Белсенді әдістеме білім берудің сапалы, нәтижелі болуына көмектеседі.
Белсенді әдістемені пайдаланудың факторлары :
Балалар ақпарат алып қоймай, сол сұрақтың шешімін табу жолы мен шешімнің дұрыстығын түсіндіре білуі, өз ойларын талдауы, бағалауы және дәлелдеуі; талқыланып отырылған мәселе бойынша дұрыс емес шешімдер қабылдау дау туғызатындықтан балалар өз көзқарастарын, пікірлерін терең талдайды, сараптаудан және қорғаудан өткізеді, сөйтіп олардың ойлау белсенділіктерінің деңгейі жоғарылайды.
Оқушылар кейбір мәселені шешу барысында өздерінің күнделікті өмірде алған тәжірибелерін не басқалардың тәжірибелерін пайдаланады. Балалардың жұп болып немесе шағын топпен жұмыс жасағандары өте тиімді. Балалар өздерінің жеке көзқарасынан не пікірінен басқа, дұрыс пікірлердің бар екендігін біліп, түсінеді .
Педагогикалық еңбектерге қарасақ, «адам өзі істеген нәрсе немесе заттың 80 пайызын, оқығанының 20 пайызын, ал естігенінің 10 пайызын есте жақсы сақтайды екен».
Бала мен мұғалімнің өзара қатынасы .
* Бала пікірлері мен идеяларын еркін айтуға үйрету , айтқан көзқарастарына үнемі қолдау жасап отыру ;
* Мұғалімдердің көпшілік жағдайда жақсы оқитын оқушылардан сұрап ,енжар оқушыларға көңіл аудармайтынын жиі байқаймыз , сондықтан оларға жиі сұрақтар беріп , тапсырма бойынша көзқарасын тыңдау қажет , ол балада басқа балаларға ұқсамайтын пікір де болуы мүмкін .
Интерактивтік әдісті жүргізу кезеңдері:
* Диагностика кезеңі- Жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын, қатысушы өзінің бұрыннан таныс білімдерін, тақырып туралы не білетіндерін, өзіне таныс мәліметтерді “миға шабуыл” әдісі арқылы ортаға салады, сонда қатысушының не білетіні, не білмейтіні анықталады.
Ізденіс тенденция кезеңі:
* Тыңдаушылар жұппен немесе топпен жұмыс істей отырып,”миға шабуыл” әдісі арқылы берілген тапсырмаларды кеңейтіп түсіндіру үшін, өз беттерінше оқулықпен немесе қосымша әдебиеттермен жұмыс істейді.
Презентация (тұсау кесер кезеңі):
* 10-15 минуттан кейін әр топ өз мәліметтерін қорғайды,осыдан кейін, оқытушы әлі де жеткіліксіз жатқан жағдайлардан қосымша ақпарат береді;
* Жаңа тақырып толық түсіндірілгеннен кейін пікір сайыс, рөлдік ойын, т.б. интерактивті әдістер арқылы жаңа тақырыпты бекітіп, пысықталады;
* Интерактивті оқыту
* ұжымдық іс –әрекетке тәрбиелейді
* тіл байлығын жетілдіреді
* шығармашылық белсенділігін
* еркін ойлауға мүмкіндік береді
* ақыл–ойын дамытады
Интерактивті оқытудың түрлері .
Бүгінгі кезде мұғалім топтық оқытудың жұмыстарының көптеген түрлерін іске қосты. Көпке белгілі – «Үлкен дөңгелек», «Зырылдауық», «Аквариум», «Миға шабуыл», «Дебаттар» және т.б. Бұлардың маңыздылығы және пайдалылығы тек келесі жағдайлар жасалғанда болады: сабақ барысында бір проблема толығымен алынса, осы проблема туралы оқушыларда алғашқы түсініктері болса (сабақта айтылған немесе өмірден алынған) сонымен қатар талқыға салынған тақырып жабық және бір бағытта болуы тиіс.
Топтық жұмыстың ең қарапайым түрі: «Үлкен деңгелек» Жұмыс 3 этаптан тұрады.
1) Топ үлкен дөңгелек түрінде өтеді. Оқытушы сұрақтар қояды
2) Белгіленген уақыт ішінде (10 минут шамасында) әр бала жеке өзі шешу жолдарын ойлайды.
3) Әр бала кезекпенен өзінің ұсынысын айтып шығады.. Топ үндемей
тыңдап шығады (сынамай, талқыламай). Әр пунктке дауыс береді.
Біріккен шешімге кірістірілуін немесе кірістірілмеуін шешеді.
Интерактивті оқытудың ең басты шарты интерактивтік тренинг оқытуда жеке қабысуы мұғалімнің белсенді әдістерін пайдалану.
Интерактивтік әдістерге:
* Рөлдік ойындар;
* Пікір сайыс;
* “Ойлан да, ойыңды айтып қал”,”Айтарыңды айтып сал”(«Мозговая атака»,«Мозговой штурм»);
* Тренинг (психологиялық,іскерлік қарым-қатынас,тұлғаны дамыту,коммуникативтік білікті дамыту тренигі);
* Жобалау әдістерін қолдану;(өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады);
Дебат.
Пікір сайысты ұйымдастырудың жолдары:
(Пікір сайыс –салыстырмалы түрде жиі қайталанатын интерактивті әдіс)
1. Мақсатын айқындау;
2. Формасын таңдау;
3. Ақпараттық кіріспе;
4. Материалдар;
5. Сұрақ-жауап;
6. Басқару;
7. Басқарушының рөлін анықтау;
8. Пікір сайыстың барысы;
Қорытынды.
Тренинг жүргізу технологиясы:
* Тренинг –қарым-қатынас жасау барысында мұғалімнің тұлға аралық және кәсіби мінез-құлқын жетілдіруді көздейді. Бұл технология ынтымақтастықта оқытуға бағытталып,”жай ғана бір нәрселерді бірге орындау емес,бірге оқу” идеясын іске асырады, мұнда оқып-үйренілетін тақырып бойынша жұмыс істеу барысында әр топ мүшесінің басқа топ мүшелерімен үнемі өзара әрекет жасау арқылы өз бетімен жұмыс істеуінің нәтижесінде қол жеткізілген белгілі бір “топтық мақсатқа” және барлық топтың жетістігіне ерекше көңіл аударылады.
* Интерактивті әдістерді қолдануда кейбір ережелерді
* есте сақтау қажет:
* Бірінші ереже. Жұмысқа балалар толығымен қатысуы керек.
* Екінші ереже. Балаларды психологиялық тұрғыдан дайындау, сабақ барысында сергіту сәті, балаларды белсенділігі үшін марапаттау, баланың өзін — өзі көрсетуіне жол беру.
* Үшінші ереже.Кабинет талапқа сай болуы қажет .* Төртінші ереже. Жұмыс орнына назар аудару қажет. Оқу орны ыңғайлы және жайлы болуы қажет. Бала өз пікірін, көзқарасын білдіріп, дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалуы қажет.
* Бесінші ереже. Оқу барысында процедураға және регламентке назар аудару қажет. Мысалы, белгіленген уақыттан асып кетпеу, бөгде кісінің пікірін сыйлау, сөзді бөлмеу, оның ар-ожданын сыйлау.
* Алтыншы ереже. Оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау .
Оқу тәрбие үрдісінде оқытудың иновациялық әдіс тәсілдерін пайдаланғанда оқушыны субъект тұрғысынан қарастырғанда оқытудың нәтижелі білімнің сапалы болатындығы және ең бастысы, оқушылардың пәнге деген жауапкершілігі қызығуы күшейеді. Оқушының өз бетінше жұмыс істеуге ынтасы оянып, оның ізденушілік – шығармашылық қабілеттері артады.Қазақ тілі сабағында оқытудың интерактивті әдіс – тәсілдерін пайдаланған тиімді . Мұндай интерактивті әдіс – тәсілдерді ұтымды пайдалану балалардың зейінін төмендетпеуге , есте сақтау қабілетін күшейтуге . Қорытындылай келе интерактивті оқыту бір мезетте бірнеше сұрақтарды шешуге жол береді. Ең бастысы ол іскерлік қатынастарды және дағдыларды дамытады. Балалар арасында қызық та қызу контактілер құру, тәрбиелік маңызы зор. Өйткені командада (топта) жұмыс атқаруды үйретеді. Басқа біреудің ойын, пікірін сыйлауға жетелейді.Біз өмір сүріп отырған әлем үнемі жаңару үстіндегі ақпараттық білімдік орта, онда қарым – қатынастық және ақпараттық технологиялардың кірісуі білім беру үрдісінің қажетті деңгейіне қол жеткізуі тиіс. Сондықтан білім беруге қойылатын талаптар үнемі өзгеруді, қазіргі маман ақпараттық және қарым-қатынастық технологияны пайдалануға дағдылануға, ақпаратты тауып, өңдей білуі, шығармашылық пен ойлап, шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет