Кіріспе
Жобалау методологиясы қазіргі заманда жаңа ғылыми– техникалық жетістіктеріне сүйене отырып, жобалаушылардың барлық тәжірибелерін қолдану керек. Осы түйінді мәселені шешудегі ең перспективті бағыты есептеуіш техниканы қолдануымен автоматизацияланған жобалау болып табылады.
Автоматизацияланған жобалаудың мақсаттары: жобалаудың мерзімін қысқарту және сапасын арттыру, инженерлі–техникалық жұмыскерлер санын азайту, еңбек өнімділігін көбейту, материалды шығындарды төмендету.
Автоматизацияланған жобалау жүйелерінің дамуы (АЖЖ) қазіргі заманға сай есептеуіш техника, жаңа ақпараттық технологиялар, инженерлік есептерді шығарудың көптеген әдістері мен олардың оптимизациясына сүйенеді .
АЖЖ міндеттерін қарастыру жобалау негіздерін терең зерттеуді талап етеді. Бұл оқулықтың басты мақсаты студенттерге астық қоймаларын АЖЖ элементтерімен жобалау облысындағы ең қажетті мәліметтерді беру болып табылады.
Оқулық Мәскеу мемлекеттік тамақ өндірісі университетіндегі «Астық пен құрамажемді сақтау» кафедрасының, ОҒЗИ-азықастықжоба (Мәскеу каласы), Алматы технологиялық университетінің «Нан өнімдерінің технологиясы» кафедрасының, МемҒЗИ ортаазастықөнджоба (Алматы қаласы), және де С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіндегі «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының көп жылдар бойы жобалау тәжірибелерімен жазылған.
Оқулық 050728 – «Қайта өңдеу өндіріс технологиясы», 050727 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандық студенттері мен магистранттарына арналған.
1 Жобалаудың жалпы сұрақтары
-
Жобалау кезеңдері
Жоба деп – құрылысқа немесе реконструкцияға жобаланатын обьект бойынша техникалық документация (сызба, түсініктеме қағаз және смета) бірлестігін айтады.
Барлық кәсіпорындар 2 түрлі кезеңде жобаланады: бір және екі кезеңде.
Типтік және қайта қолданылатын индивидуалды жоба бойынша құрылатын кәсіпорындар және ғимараттар бір кезеңде, ал жұмыс документация бойынша құрылатын жобалар мен күрделі техникалық объектілер екі кезеңде жобаланады.
Қайта құрылатын астық сақтау қоймаларын көбінесе екі кезеңде, ал оларды реконструкциялау кезінде бір немесе екі кезеңде құрады.
Элеватор мен қоймаларды типтік жоба бойынша құрады. Бұл жобалаудың мерзімін қысқартып, материалды ресурстарды үнемдейді.
Типтік бағдарламаларын құру және қолдану-астық сақтау қоймалар мен прогрессивті технологияның режимдерін құрудағы индустриалды эффектілі әдістерді енгізу мақсаттарын жоғары дәрежеде шешуді қамтамасыз етеді.
Астық сақтау қоймалары үшін типтік бағдарламаларын жергілікті жағдай мен климаттық зона бойынша құрады. Оларды бірнеше рет қайталап қолдануға болады.
-
Жобалауға арналған тапсырмалар
Тапсырыс беруші астық сақтау қоймасын жобалауға тапсырмаларды жоба ұйымымен бірге талқылап, жобалайды.
Тапсырмалар тізімі:
1) астықтың жалпы көлемі;
-
дайындама басына түсетін қалдың өлшемі;
-
бір ай ішіндегі дайындама көлемі;
-
өндірістік және базалық элеваторлардағы астық кептіргіштердің қажетті өнімділігі;
-
астық кептіргіштер үшін қолданылатын жанармай түрі;
-
астық сақтау қоймаларының сиымдылығы;
-
астық дезинсекциясы;
-
астық қалдықтарының утилизациясы;
9) астық өңдеу кезіндегі фракция бөліну қажеттілігі.
Жобалау тапсырмаларына төмендегілер кіреді:
а) кәсіпорын, ғимарат немесе зәулім құрылыстың аталуы;
ә) жобалауға негіздеме және салу орны;
б) элеватор және қойма сыйымдылығы;
в) қарастырылатын су, электр, газ және жылу көздерімен қамтамасыз етілуі;
г) суды тазарту және төгу шарттары;
ғ) кәсіпорын немесе ғимараттың капиталды салымдарының мөлшері мен технико-экономикалық көрсеткіштер;
д) жоба және оның бөлімдерін салудағы варианнтар шарттары;
е) жобалау кезеңділігі;
з) салу мерзімі мен кезектілігі.
Жобалау тапсырмаларын жергілікті ұйымдармен келісіп шешеді. Жобалау ұйымы жергілікті ұйымнан тапсырыс беруші арқылы сәулет-жоба тапсырмасын алады. Бұл тапсырмада жер учаскесіне қойылатын талаптар мен ғимараттың биіктігі белгіленуі керек.
Техникалық документацияның құрамы мен көлемі бойынша барлық сұрақтар нормативті документтерде регламенттелген. Дипломдық жұмыс кезінде жоғарыда берілгендердің көбісі тапсырмаға берілмейді, студенттер өздері диплом алдындағы тәжірибеде бұл материалдарды жинайды.
-
Жобалық-сметалық деректерінің мазмұны мен көлемі
Екі кезеңдік жобалау кезінде жобаның мазмұны мен көлеміне төмендегілерді еңгізеді: түсіндірме қағазды, технико-экономикалық бөлімді, бас жобаны, технологиялық бөлімді, жылыту, желдету, жылумен, сумен қамтамасыз ету, электр бөлімі, құрылыс бөлімі, өндірісті ұйымдастыру, құрылысты ұйымдастыру, сметалық бөлім, тұрғын үй құрылысы.
Сондай-ақ типтік жобаларға паспортты құрады.
Бір кезеңдік жобалау екі кезеңдік жобалау сұрақтарын шешеді.
Жоба құрамына негізгі 6 сызба кіреді:
-
көлік жолдары мен инженерлік коммуникациялары бар бас жоба;
-
үйлесу сызбалары;
-
құрылыс бөлімінің сызбалары;
-
технологиялық сызбалары;
-
электротехника бөлімінің сызбалары;
-
монтаж жұмыстарын ұйымдастыру сызбалары.
Жұмыс сызбалары 2 түрлі болады:
1) жалпы жұмыс сызбалары;
2) бөлшекті жұмыс сызбалар.
Жалпы жұмыс сызбаларын өндірістік құрал-жабдықтары орналасқан жоспар және қима түрінде 1:50 масштабта орындайды. Ал бөлшекті жұмыс сызбаларды бөлшектер спецификациясымен орындайды.
Инженерлік шешімімен жанасқан көлік және басқа да коммуникацияларда салынған ғимараттарға техникалық деректерді (документация) жетілдіреді.
-
Бас жоба
2.1 Негізгі талаптар
Ғимараттар арасындағы өрт қауіпсіздік талаптарын, негізгі және көмекші ғимараттарды орналастыру бойынша санитарлы-техникалық міндеттер мен талаптарын ескеру қажет:
1) өндіріс территориясындағы ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру кезінде компоновка принциптерін сақтау керек;
2) кәсіпорын территориясында энергия, газ, су, канализация және жылумен қамтамасыз ететін жүйелер қарастырылады;
3) кәсіпорындарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын тұрақты су көзі бар су құбырлары немесе өрт сөндіруге арналған үш сағаттық су қоры бар резервуарлар қолданылады.
Санитарлы-техникалық нормалар бойынша элеваторларды жел бағытын ескеріп, елді мекеннен кем дегенде 100 метр қашықтықта салады.
Ғимараттарды өндіріс территориясында салған кезде олардың компоновка принциптерін ескеру қажет. Көмекші ғимараттарды негізгі ғимаратқа қызмет етуді ыңғайлы жағынан салады.
2.2 Кәсіпорынның астықты сақтау бойынша ғимараттары және құрылыстары
Өндірістік негізгі құрылымдар болып енетіндер: қабылдау-жіберу қондырғылары және астықты кептіргіштері бар элеватор, астық қоймалары, механизация мұнаралары, ұнды ұнтақтағыш, жармалық және қоспажем зауыттары, дайын өнімге және шикізатты сақтауға арналған қоймалар, автокөлік таразылары, өндірістік зертханалар, әкімшіліктік корпус.
Қосалқы шаруашылық - өндірістік құрылымдарға жанармайды, жанар-жағар май материалдарын, бөлшектерді және жабдықтарды сақтауға арналған қоймалар, трансформаторлық шағын станциялар, жөндеу шеберханалары, гараждар және өрт сөндіру деполары, бақылау-өткізу пунктерінің бөлмелері және т.с.с. жатады.
Тұрмыстық нысандарға жататындар: жуынуға арналған орындары бар шешінетін жерлер, дәрігерлік пункт, тамақтануға арналған бөлме (асхана немесе буфет), демалуға арналған бөлме. Көріктендіру нысандарына жататындар: аумақтың қоршаулары, сыртқы жарықтандырулар, көгалдандыру және т.б.
Астық сақтау және нан дайындау кәсіпорындарын жобалағанда кәсіпорын құрамына кіретін барлық объекттерді максималды блоктау керек (сурет 1).
1 – тарасыз сақтайтын қоймасы бар ұн тарту зауыты, 2 – тарадағы жүк зарядты станциясы бар екі қабатты қойма, 3, 4 – ұн мен кебекті тарасыз авто және теміржол көліктеріне жіберетін құрылғы, 5 – қалдық цехі, 6 – құрамажем зауытының өндірістік корпусы, 7 – оперативті корпус, 8 – астық өнімдерінің силосты корпусы, 9 – ұн өнімдері мен күнжараға арналған силосты корпус, 10 – дайын өнімнің өтетін типті силосты корпусы (таразы орнатылған автокөлік транспортына тиеу), 11 –бункерлі типті (теміржол транспортына тиеу), 12 – еденде тарадағы шикізатты сақтау қоймасы, 13, 14 – автокөлік және теміржол көліктерінен түсіру қондырғылары, 15 – май қоймасы, 16 – меласса қондырғысы, 17 – қалдықтарды жіберу қондырғысы, 18 – элеватордың РЗС – 5х175 жұмыс ғимараты, 19 – силосты корпус СКС – 3х144, 20 –автокөлік транспорттан түсіру қондырғысы, 21 – теміржол көлігінен тиеу – түсіру қондырғысы, 22 – РД – 2х25 – 70 астық кептіргіші, 23 – жұмыс ғимараты мен №1 трансформаторлық подстанция, зертхана, диспетчерлік бөлме, бөлу пункты бар силосты корпус арасын қосатын астыңғы галерея, 24 – жұмыс ғимараты мен силосты корпус арасын қосатын үстіңгі галерея, 25, 26, 28 – үстіңгі және астыңғы транспортерлі галереялар, 27 – қалдықтарға арналған бункер, 29 – административті – қосалқы корпус, 30 – зертханалы – тұрмыстық корпус, 31 – өту галереясы, 32 – энергоблок, 33 – өткізу – бақылау орны, 34 – жанармай материалдар қоймасы, 35 – дезинфекциялық барьер (территориядан тыс), 36 – дәретхана, 37 – компрессорлық бөлме, 38 – автокөліктік таразы, 39 – вагондық таразы, 40 – су өткізетін насостық станция, 41 – су резервуары, 42 – канализациялық насостық станция, 43 – котельді бөлме, 44 – котельді бөлмені мазутпен қамтамасыз ететін қондырғы, 45 – сұйық жанармай қоймасы, 46 – екі сынау қондырғысы бар зертхана (территориядан тыс), 47 – өрт депосы, 48 – қосалқы – көмекші корпус, 49 – садақ атқыштың бөлмесі.
Сурет 1 – Нанөнімдер комбинатының бас жобасы (167,2 мың тонна сыйымдылықты элеватор, 600 т/тәу өнімділікті беретін ұн тарту зауыты, 1000 т/тәу өнімділікті беретін ұн тарту зауыты құрамажем зауыты).
-
Теміржол жолдары
Бас жоспарды жобалау, негізінен подъездік жолдарды орналастыру қажеттілігіне байланысты болады. Астықты қабылдау және оны тұтынушыға босату, көліктің ауа райы жағдайына және басқадай жағдайларға қарамастан үздіксіз жұмыс істеуіне байланысты. Көліктік коммуникациялар көлік құралдарының кәсіпорынға жақындауына қолайлы жағдай жасап және жергілікті жолдардың желісімен байланысты болуы қажет. Теміржол жолдарын кәсіпорынның аумағында қажетті тиеу- түсіру жұмыстарын және жылжымалы құрамның қозғалыс операцияларын жүргізуді есепке ала отыра жобалайды. Астықты тиеуге (түсіруге) арналған қондырғыны орналастыру кезіңде жүк көтергіштілігі 63 т. дейінгі төрт өсті вагондармен жұмыс істеу мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Осы қондырғылардың орналасуы, вагондарды тіркеуден ағытпай операцияларды бір уақытта жасауды қамтамасыз етуі қажет. Теміржол подъездік жолдарын темір жол құрылысының габаритінің жақындасуын есепке ала отыра жобалау қажет (көлдеңеннен орналасқан бірінші жол осінен 3100мм, тігінен 5500мм) (2 сурет).
Аумақтағы жолдың жұмысшы учаскесінің ұзындығын (м) біруақытта берілетін вагондардың санына байланысты анықтайды және мына формула бойынша есептейді
|
(1)
|
мұнда Lқұрам— құрамның ұзындығы, м;
lэл — элеватордың ұзындығы, м;
lэ — электровоздың ұзындығы, м;
20 — құрамның басына дейін және соңындағы артық жол (10 м - ден).
Құрамның ұзындығы мына формула бойынша анықталады
|
(2)
|
Сурет 2 – Жұмысшы учаскенің ұзындығын есептеуге арналған ықшамсызба
Достарыңызбен бөлісу: |