1.Сауат ашу процесіне қойылатын педагогикалық талаптар. 2.Мәтінге байланысты жүргізілетін жұмыстар. 3 .Сабақ үлгісін жазу, талдау жұмысына қатысу
1.Мұғалімнің сөзі , оқу материалдары бланың жас ерекшелігіне сай түснікті болуы тиіс.оқу материалдарының бәрі де бала үшін өте жеңіл болуы керек.Оқыту барысында балаға шамасы жетпейтін аса қиын тапсырмаларды ұсынуға болмайды.Сауат ашу кезеніңдегң негізгі оқу материлдары:-жеке сздер,сөз тіркестері,шағын сөйлемдер.Сөз балаға таныс және дыбысталу жағынан жеңіл болса,оны оқуда жазу да қиын болмайды.Оқушыларға сауат аш кезеніңде нақты ұғымды білдіретін сөздер ұсынылады.
2.Көрнекілік.Бұл-бастауыш мектеп тәжірибесінде бұрыннан қолданылып келе жатқан дәстүрлі әдіс.Бастауыш сыныптар да сабақтардың бірде біреуі көрнекіліксіз өтпейді.Сауат ашу сабақтарында қолданылатын қима әліппе мен кестелер,хемалар,ойыншықтар,түлі заттық үлгілер,плакаттар,оқу техникалық құралдар,түрлі дидактикалық материалдар сабақ спасын арттырады.Көонекі құрлдарды тиімді пайдалану мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылық жұмыс жүргізу дәрежесіне байланысты.
3.Оқу материалдарының білімділік және тәрбиелік мәні. Сауат ашу сабақтарында оқушылардың жалпы білімін, ой өрісін дамытуға аса қажетті мағлұматтармен тәрбиелейтін оқу материалдары ұсынылады. Талдауға арналған жеке сөйлемдер мен сөздер білім мен тәрбие беру талаптарына сай болу керек.
4. Жеке - дара жұмыс.Әрбір оқушымен жеке- дара жұмыс - сауат ашу жұмысына қойылатын басты талаптардың бірі. Мектепке балалар түрлі дайындықпен келеді. Ойыннан мектептегі ой еңбегіне ауысқан балалардың өзіндік ерекшеліктерін мұқият есепке ала отырып мұғалім әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізеді. Онсыз мектеп бағдарламасының барша балаға бірдей білім беру талабын ойдағыдай орындауы қиын болады.
Ең бастысы бүгінгі күнге дейін шағын жинақталған мектептерге педагог кадрларды дайындауды жүзеге асыру қажеттілігі негізге алынғанымен оны жүзеге асыру тетіктерінің жеткілікті деңгейде айқындалмағаны анық. Себебі мұғалімге шағын жинақталған мектепте жұмыс істеу қиын да, күрделігіне байланысты олардың сол ортаға жеңіл бейімделуі үшін алдын ала кәсіби даярлықтан өз деңгейінде және төмендегі жағдайларды ескеріп даярлануы шарт:
- мұғалім сабақтың жартысында сыныппен жұмыс істейде, қалған уақытта оқушылардың білімді өздігімен меңгеруге мүмкіндік береді. Өздігімен жұмысқа сабақтың 50% бөле білуі;
- мұғалімнің зейіні екі немес үш сыныпқа бөле алуы;
- оқушылардың өздігімен жұмысында мұғалім тарапынан тез арада көмек ала алмай, себебі басқа сыныптармен айналысады;
- оқушылардың өздігімен жұмысына басқа сыныппен жүргізіліп жатқан әңгімелесу немесе түсіндірулері кедергі келтіруі мүмкін;
- мұғалімнің педагогикалық әрекетінің көппәнділігі;
- шағын кешенді мектеп мұғалімі бірдей уақытта түрлі жастағы, түрлі сынып бағдарламасымен түрліше дайындалуы;
- бірнеше сыныппен бірдей уақытта сабақ жүргізу мұғалімнен тыңғылықты ізденісті, оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыруды, сабақ кестесін тиімді құруды және ұтқыр педагогикалық тактіні талап етеді;
- шағын жинақталған мектепте мұғалім күніне 8, 12 сабаққа дайындалуы мүмкін.
Ауыл мектеп мұғалімдерінің қоғамдық-саяси, психологиялық-педагогикалық, ауылшаруашылық, мәдени-ағарту жұмыстарына тұлғалық, адамгершілік дайындықтары, ауыл өміріне психологиялық дайындықтары қажет. Сондықтан шағын жинақталған мектептерге маман дайындауда мынандай бағыттар ескерілуі қажет: болашақ маманның пәндік білімін тереңдету, кеңейту (кең бейімді мұғалім), психология, педагогика салаларынан білімі мол, тәрбиелік және әлеуметтік жұмыстар бойынша тереңдетіп дайындау керек. Шағын жинақталған мектептердегі педагогтардың ауылдық социумға бағдарланған педагогикалық қызметі, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімі, төзімділігі, отанжандылығы, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуын талап етеді.
2
Мәтінмен жұмыс жүргізудің маңызы- оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға, сөздік қорын молайтуға, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беруге әсіресе әдеби және тарихи деректерді түсінуге көмектеседі. Оқушылар оқыған материалдарының мазмұнын дұрыс қабылдап, ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін оқу сабақтарында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстар оқылатын материалдың сипатына, оқушылардың жасына, дайындықтарына, білімі мен дағдылану дәрежесіне байланысты іріктеледі.
Оқушылар мәтінді дұрыс қабылдау үшін негізінен мынадай жұмыстар жүргізіледі:
1.Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық жағынан дайындау.
2.Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу.
3.Шығарманы оқу.
4.Жоспар жасау.
5.Шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.
Достарыңызбен бөлісу: |