Жөніндегі орынбасары: Ш. М.Құдайбергенов Қ. М. Амирова 2021 жыл



бет1/2
Дата17.02.2024
өлшемі21.89 Kb.
#492190
  1   2
Шахмат үйірмесінің жоспары-1


КЕЛІСЕМІН: БЕКІТЕМІН:
Директордың оқу ісі Мектеп директор:
жөніндегі орынбасары: ____________Ш.М.Құдайбергенов
______________Қ.М.Амирова «___»_________ 2021 жыл
«___»_________ 2021 жыл

«Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп - лицейі» КММ
2021-2022 оқу жылындағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Базылжанов Айбектің «Шахмат» үйірме жоспары.

Талдықорған қаласы
Түсінік хат
Оқушыларға шахмат ойынын үйрету олардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға зор әсерін береді. Шахмат ойнай білетін бала аз уақытта ойын шоғырландырып, туындаған жағдаятты сараптауға дұрыс шешім шығаруға үйреніп, алдына қойған мақсатына жетуге талпынады.
«Жас шахматшы» үйірмесінің оқушыларға берері көп. Шахмат ойыны мен математика пәнін байланыстыра жұмыс жүргізсе, балалардың оқу үлгерімінің артуына, оқу материалдарын қабылдауға ықпалы зор.
«Жас шахматшы» үйірмесінің бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрылған. Ойын әліппесі мен тактикасы толық қамтылған. Үйірме сабақтары баланың жеке қасиеттерін ашуға ықпал етеді.
Шахмат ойыны –балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытудың тиімді құралы. Шахматқа үйретудің алғашқы баспалдақтарын көрсету- балаларды кеңістікке бағдарлай алу қабілетін дамытуға, ойлаудың аналитикалық-синтетикалық жолдарын, ой тұжырымдарын жасау, есте сақтау, қорытынды жасай алу қабілетін, іс-әрекетін болжауды дамытуға көмектеседі.Ол оқушылардың аз уақытта ойларын шоғырландыруына, жүйелеуге, туған жағдаятты сараптауға және шешім шығаруға үйретеді және алдына қойған мақсатына жетуге, төзімділікке тәрбиелейді. Адамның ойлау жүйесін дамыта түсуде математиканың маңызы зор. Ал шахмат ойыны математикамен тығыз байланысты. Математикалық білімді көтеруде шахмат ойынына үлкен мән беріледі.
Бағдарламаның мақсаты — оқушыларды шығармашылық ізденімпаздыққа баулу, қиялын ояту арқылы ой еңбегіне тәрбиелеу.
Үйірме сабақтарынан оқушы меңгеруге тиісті қабілеттер:
1. Техникалық -оқушылардың жаттығу ойындарында, мектепішілік, аудандық шахмат сайыстарына қатысуда,
-ойын барысында шахматтық есептер мен этюдтарды шешу кезінде қалыптасатын іс әрекеттері.
2. Интеллектуалдық - оқушылардың ойынға сараптама жасауымен;
- арнайы әдебиеттерді оқуымен;
-үздік ойыншылардың ойындарын қарап талдауымен қалыптасатын іс әрекеттері.
Бағдарлама аптасына 1сағат, барлығы 33 сағатқа берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет