1-наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
1 - наурыз күні әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні атап өтіледі. Бұл мереке әлемдегі сан алуан елдердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға барлық күшті біріктіру, халықты Азаматтық қорғаныс пен Төтенше жағдайлар (АҚ пенТЖ) қызметтерін тосын оқиғаларға дайындауға бағытталған халықаралық акция болып табылады.
Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) 1931 жылы құрылған. Аталмыш ұйым көптеген жылдар бойы төтенше жағдай кезінде медициналық көмек көрсету жүйесін құру, білікті мамандар дайындау мен халықтың азаматтық қорғанысы саласында әлемдік елдердің күшін біріктіру саясатын жүргізіп келеді. Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы өз ресми атауын 1958 жылы алды. 1975 жылы осы ұйымның Жарғысы Біріккен Ұлттар ұйымының хатшылығында тіркелді. Қазіргі таңда ХАҚҰ Европа, Азия мен Африканың 70-ке жуық елін біріктіріп отыр. Төтенше жағдай саласында Қазақстан екі бірдей халықаралық ұйымының толыққанды мүшесі. Олар: Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы мен Нәубеттердің алдын алу жөніндегі Азия орталығы.
1997 жылдың 31қазанында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының Жарғысына кіру туралы» Заңы қабылданып, күшіне енді. Қазақстанның ХАҚҰ құрамына кіруі халықаралық төтенше жағдайлар құрылымдарында, сондай-ақ Орталық Азиялық аймақтағы елдердің қорғаныс жүйесінде өз орнын алуға мүмкіндік берді. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі қол қойылған ТЖ саласындағы халықаралық келісім шарттардың негізінде әртүрлі елдер мен халықаралық ынтымақтастыққа қол жеткізді.1996 жылдан бастап ТЖ министрлігінің мамандары түрлі халықаралық конференция, семинарларға қатысып келеді.
Қазіргі кезде қоршаған ортада түрлі өзгерістер мен толқулар сыр беріп жүр. Атап айтсақ, климаттың күрт өзгеруінен, табиғи және шикізат ресурстарын шектен тыс пайдаланудың салдарынан болатын түрлі апаттар, жаңадан шыққан түрлі жұқпалы аурулардың таралуы (құс, шошқа тұмауы, т.б)- осының барлығының қоршаған ортаға тигізер әсері орасан зор. Адам, табиғи және материалдық ресурстардың қауіпсіздігі мемлекет үшін басым бағыттардың бірі болғандықтан сақтандыру жүйесі күшейтіліп, төтенше жағдайларға ықпал ету қолға алынуда.
М.А.Қаскенов.
Зайсан аудандық Төтенше Жағдайлар
бөлімінің бас маманы, өққ майоры
Достарыңызбен бөлісу: |