Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2012 жылғы «___» _____________
№ ____ қаулысымен бекітілген
«Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметінің регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру» регламентiнде (бұдан әрi - Регламент) келесі терминдер мен аббревиатуралар қолданылады:
1) құрылымдық-функционалдық бірліктер - уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері және т.с.с. (бұдан әрі- ҚФБ);
2) мамандандырылған кәсіпорын – Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің мемлекеттік жер кадастрын жүргізу бойынша мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
3) тұтынушы - жеке немесе заңды тұлға;
4) уәкілетті орган - облыстың, ауданның, облыстық, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі.
2. Жалпы ережелер
2. Осы Регламент «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының, 4-тармағына, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына және «Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 ақпандағы № 102 қаулысына сәйкес әзiрлендi.
3. «Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттiк қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) уәкілетті орган және баламалы негізде жер учаскесінің орналасқан жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) арқылы көрсетiледi.
4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 35, 37 және 43-баптарының негізінде жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi қағаз тасымалдағышта уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнi немесе уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнiң телнұсқасын немесе себебi жазбаша көрсетiлген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты беру болып табылады.
7. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісіне жер учаскесінің орналасқан жері бойынша уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнi жасайтын мамандандырылған кәсіпорын қатысады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызметті алу үшін мекенжайлары осы Регламентке 1, 2 қосымшаларда көрсетiлген уәкілетті органға немесе Орталыққа жүгіну қажет.
Жұмыс кестесі:
1) уәкілетті органның - демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптасына бес жұмыс күні, сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс - сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін. Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;
2) Орталықтың - жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, аптасына алты жұмыс күні, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9-00-ден сағат 20-00-ге дейін түскі үзіліссіз көрсетіледі.
Мамандандырылған кәсіпорын мынадай мекенжай бойынша орналасқан: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 152 үй, телефоны: 8 (7232) 22-28-66.
Мамандандырылған кәсіпорынның жұмыс кестесі – аптасына бес жұмыс күнi, жұмыстың басталуы таңғы сағат 9-00-ден кешкі 18-00-ге дейiн, түскі үзіліс - сағат 13-00-ден 14-00-ге дейiн.
9. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мәселелері бойынша, оның ішінде мемлекеттiк қызмет көрсетудің барысы туралы ақпаратты тұтынушы осы Регламентке 1, 2 қосымшаларда көрсетiлген телефондар бойынша алуына болады.
10. Мемлекеттік қызметті уәкілетті органда көрсету кезінде осы Регламенттің 16 тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті орган 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде тексереді және уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнi немесе уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнiң телнұсқасын дайындау үшiн мамандандырылған кәсіпорынға жолданады.
Мамандандырылған кәсіпорын 4 (төрт) жұмыс күнi iшiнде уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнi немесе 2 (екі) жұмыс күнi iшiнде уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнiң телнұсқасын дайындайды, уәкілетті органға жолдайды.
Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына дайындалған актiнi немесе уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнiң телнұсқасын уәкілетті орган 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде тексередi, басшы (немесе басшының мiндетiн атқарушы) қол қояды, елтаңбалы мөрмен растайды, актiнi беру кiтабына тiркейдi.
Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына акті тұтынушыға қолхат беру орны бойынша жолданады.
Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнi беру тұтынушының жеке өзiне не сенiмхатты, қолхатты және тұтынушының, не сенiм бiлдiрiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты ұсына отырып, сенiм бiлдiрiлген тұлғаға жүзеге асырылады.
Тұтынушы не ол сенiм бiлдiрген тұлға актiнi тiркеу және беру кiтабына алғандығы туралы қол қояды.
Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзiмiнде келмеген жағдайда, уәкілетті орган оларды алты ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды мамандандырылған кәсіпорынның мұрағатына өткiзедi.
Орталықта құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, онда «терезелердiң» мақсаты және орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылады, сондай-ақ Орталықтың инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты мен лауазымы көрсетiледi.
Мемлекеттiк қызмет Орталық арқылы көрсетiлген кезде Орталықтың инспекторы құжаттардың осы Регламенттің 16 тармағына сәйкес толықтығын тексерудi, журналға тiркеудi және құжаттарды жинақтаушы бөлiмнiң инспекторына берудi жүзеге асырады.
Орталықтың жинақтаушы бөлiмiнiң инспекторы құжаттарды жинақтауды, тiзiлiм жасауды және уәкілетті органға жiберудi жүзеге асырады.
Қабылданған құжаттарды уәкілетті орган тексереді және 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнi немесе уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнiң телнұсқасын дайындау үшiн мамандандырылған кәсіпорынға жолданады.
Мамандандырылған кәсіпорын 4 (төрт) жұмыс күнi iшiнде уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнi немесе 2 (екі) жұмыс күнi iшiнде уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнiң телнұсқасын дайындайды, уәкілетті органға жолдайды.
Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына дайындалған актiнi немесе уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнiң телнұсқасын уәкілетті орган 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде тексередi, басшы (немесе басшының мiндетiн атқарушы) қол қояды, елтаңбалы мөрмен растайды, актiнi беру кiтабына тiркейдi және тұтынушыға беру үшiн Орталыққа жолдайды.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) тұтынушы осы Регламенттiң 16 тармағында анықталған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi 6 жұмыс күнiн құрайды, уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнiң телнұсқасын берген кезде - 4 жұмыс күнi;
2) құжаттарды тапсыру және алу кезiнде кезекте күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
3) құжаттарды тапсыру және алу кезiнде қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
12. Тұтынушы тиiстi құжаттарды ұсынбаған жағдайда мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартылады.
Мемлекеттiк қызмет көрсету мынадай негiздер бойынша тоқтатылуы мүмкін:
1) аталған жер учаскесi бойынша сот шешiмдерiнiң болуы не сот қарауы жүрiп жатқаны туралы хабарламаның болуы;
2) заңнама нормаларының бұзылуы жойылғанға дейiн прокурорлық қадағалау актiсiнiң болуы;
3) бiр учаскеге құқықты ресiмдеуге қатысты бiрнеше өтiнiштiң болуы немесе құқықты ресiмдеу үдерiсiнде осы жер учаскесiнiң басқа да пайдаланушылары анықталған жағдайда.
Жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеудi сот шешiмдерi және прокурорлық қадағалау актiлерi бойынша тоқтата тұру үшiн негiз болып табылған мән-жайлар анықталғанға дейiнгi, ал бiрнеше өтiнiштер түсу себебi бойынша тараптар арасында келiсiм орнатылғанға дейiнгi не заңды күшiне енген сот шешiмi ұсынылғанға дейiнгi мерзiмге кейiнге қалдырылған деп есептеледi.
Жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеудi тоқтата тұру туралы мәлiметтер тiркеу және есепке алу кiтабына енгiзiледi. Тұтынушыға уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнi ресiмдеудi тоқтата тұруға негiз болған құжатты және тоқтата тұру мерзiмдерiн көрсете отырып, ресiмдеудi тоқтата тұру себептерiн жою үшiн тұтынушының кейiнгi iс-қимылын көрсете отырып жазбаша хабарлама жолданады.
13. Тұтынушыдан мемлекеттiк қызмет көрсетудi алу үшiн өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн берген сәтке дейiнгi мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:
1) тұтынушы уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнi беру туралы өтiнiшті және қажетті құжаттарды Орталыққа немесе уәкілетті органға ұсынады;
2) Орталықтың инспекторы штрих-кодты бере отырып құжаттарды тексеруді және қабылдауды, өтінішті тіркеуді жүзеге асырады және құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді;
3) Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы тізілім жасайды және құжаттарды уәкілетті органға жолдайды. Орталықтан құжаттар пакетін уәкілетті органға жіберу дерегі мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде құжаттардың қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін Сканер штрих-кодтың көмегімен тіркеледі;
4) уәкілетті органның кеңсесі құжаттарды тұтынушыдан немесе Орталықтан қабылдайды, тексереді, өтінішті тіркеуді жүргізеді, өтінішті Орталықтын ақпараттық жүйесінде тіркейді, қолхат беріп, құжаттарды уәкілетті органның басшылығына қарауға тапсырады;
5) уәкілетті органның басшылығы құжаттармен танысып, уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің бастығына (қалалар мен аудандардың уәкілетті органдарында жауапты орындаушыға) жолдайды;
6) уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің бастығы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын белгілейді және құжаттарды тапсырады (облыстың уәкілетті органы үшін);
7) уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады, уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнi дайындау үшін мамандандырылған кәсіпорынға сұрауды немесе мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтату туралы дәлелдi бас тартуды немесе жазбаша хабарламаны әзірлейді және уәкілетті органның басшылығына тапсырады;
8) уәкілетті органның басшылығы мамандандырылған кәсіпорынға сұрауға немесе мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтату туралы дәлелдi бас тартуға немесе жазбаша хабарламаға қол қояды және уәкілетті органның кеңсесіне жолдайды;
9) уәкілетті органның кеңсесі сұрауды тіркейді және мамандандырылған кәсіпорынға жолдайды немесе мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтату туралы дәлелдi бас тартуды немесе жазбаша хабарламаны тіркеп, тұтынушыға жолдайды;
10) мамандандырылған кәсіпорын кеңсесі сұрауды тіркейді және мамандандырылған кәсіпорын басшылығына қарауға тапсырады;
11) мамандандырылған кәсіпорын басшылығы қарағаннан кейін құжаттарды мамандандырылған кәсіпорынның өндірістік бөліміне тапсырады;
12) мамандандырылған кәсіпорынның өндірістік бөлімі ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын тексереді және уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнi дайындайды, мамандандырылған кәсіпорынның басшылығына қол қоюға жолдайды;
13) мамандандырылған кәсіпорын басшылығы уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актіге қол қойып, уәкілетті органға жолдайды;
14) уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актінің заңнамаға сәйкестігіне сараптама жүргізеді және уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актіні уәкілетті органның басшылығына қол қоюға тапсырады.
Қателер мен дәлсіздіктер анықталған жағдайда, құжаттар сол күні оларды жою үшін мамандандырылған кәсіпорынға қайтарылады;
15) уәкілетті органның басшылығы уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актіге қол қойып, уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысына (қалалар мен аудандардың уәкілетті органдарында жауапты орындаушыға) тапсырады;
16) уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актіні елтаңбалы мөрмен растайды, актiнi беру кiтабына тiркейді және уәкілетті органның кеңсесіне тапсырады;
17) уәкілетті органның кеңсесі уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актіні Орталыққа жолдайды, бұл ретте Орталықтың ақпараттық жүйесінде тіркейді немесе уәкілетті органға жүгінген жағдайда тұтынушыға тапсырады. Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актіні уәкілетті органнан қабылдап алу кезінде Орталық түскен құжаттарды Сканер штрих-кодтың көмегімен тіркейді;
18) Орталық тұтынушыға уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актіні немесе мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтату туралы дәлелдi бас тартуды немесе жазбаша хабарламаны береді.
14. Уәкілетті органда және Орталықта мемлекеттiк қызметті көрсету үшін құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны 1 (бір) қызметкер құрайды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы
15 Кіріс (соның ішінде электрондық) хат-хабарлары уәкілетті органның қабылдау бөлімінде тіркеледі. Өтініш берушіге:
1) сұрауды қабылдау күні мен нөмірі;
2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны және атауы;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
5) мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетілген құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
16. Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнi немесе уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнiң телнұсқасын беру үшiн уәкілетті органға немесе Орталыққа мынадай құжаттар ұсыну қажет:
1) уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығын мемлекет берген жағдайда:
осы Регламентке 3 қосымшаға сәйкес уәкілетті органға уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына акт беру туралы өтiнiш;
жергiлiктi атқарушы органның уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешiмiнен үзiндi көшiрме;
уәкілетті орган бекiткен жерге орналастыру жобасының және жергiлiктi жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдардың көшiрмелерi;
салық төлеушi куәлiгiнiң (СТН) көшiрмесi;
заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi (заңды тұлға үшін);
уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнi дайындағаны үшiн қызметтің төленгенi туралы құжаттың көшiрмесi (түбiртек);
өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
2) жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамалары өзгерген жағдайда:
осы Регламентке 3 қосымшаға сәйкес немесе еркін түрде уәкілетті органға уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына акті беруге өтiнiш;
жергiлiктi атқарушы органның уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына бұрын берiлген жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгеруi туралы шешiмiнен үзiндiнің немесе жер учаскесінің сәйкестендiру сипаттамаларының өзгергендiгiн растайтын өзге құжаттың көшiрмесi;
уәкілетті орган бекiткен жерге орналастыру жобасының және жергiлiктi жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдардың көшiрмелерi;
салық төлеушi куәлiгiнiң (СТН) көшiрмесi;
заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi (заңды тұлға үшін);
уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнi дайындаған үшiн қызметтің төленгенi туралы құжаттың көшiрмесi (түбiртек);
өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшiрмесi.
3) уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнiң телнұсқасын беру кезiнде:
осы Регламентке 3 қосымшаға сәйкес уәкілетті органға уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнiң телнұсқасын беру туралы өтiнiш;
уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнің телнұсқасын дайындаған үшiн қызметтің төленгенi туралы құжаттың көшiрмесi (түбiртек);
өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жергiлiктi газеттiң уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнiң телнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған данасы.
Тұлғаның жеке куәлiгiнiң немесе сенiмхаттың көшiрмелерiн тексеру үшiн құжаттардың телнұсқалары ұсынылады, олар тексерiлгеннен кейiн тұтынушыға қайтарылады.
17. Ақпараттық қауіпсіздік талабы берілетін және қабылданатын материалдардың құпиялығы болып табылады.
18. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде мынадай ҚФБ қатысады:
ҚФБ 2 тобы:
1) ҚФБ 1 – уәкілетті органның кеңсесі;
2) ҚБФ 2 – уәкілетті органның басшылығы;
3) ҚБФ 3 – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің бастығы;
4) ҚБФ 4 – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы;
ҚФБ 3 тобы:
5) ҚБФ 5 – мамандандырылған кәсіпорынның кеңсесі;
6) ҚБФ 6 – мамандандырылған кәсіпорынның басшылығы;
7) ҚБФ 7 – мамандандырылған кәсіпорынның өндірістік бөлімі;
ҚФБ 1 тобы:
8) ҚБФ 8 – Орталықтың инспекторы;
9) ҚБФ 9 – Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы.
19. Әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк әрекеттерінің (рәсiмдердiң) реттілігі мен өзара іс-қимылының әрбір әкімшілік іс-қимылдың орындалу мерзімі көрсетілген мәтіндік кесте түріндегі сипаттамасы осы Регламентке 4 қосымшада келтірілген.
20. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-қимылдардың қисынды реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты бейнелейтін сұлба осы Регламентке 5 қосымшада келтірілген.
21. Оған сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі ұсынылатын уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнiң нысаны «Жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттарының нысандарын бекiту, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және кейбiр шешiмдердiң күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 511 қаулысымен бекітілген.
Достарыңызбен бөлісу: |