1. ОҚытушы туралы мәліметтер



бет57/66
Дата07.06.2022
өлшемі2.07 Mb.
#459049
түріСеминар
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   66
oak kaz tar 2021-2022 - kopiya

Әдістемлік ұсыныстар:
Республиканың соғыстан кейінгі жылдардағы экономикалық жағдайына сипаттама беруден бастау керек. Бұл кезде елдің экономикалық жағдайы күрделі болатын, және бұл жағдайдың тек объективті қана емес, субъективті де себептері болды. Ұлы Отан соғысы жеңісін басшылық экономикалық даму модельінің дұрыстығы ретінде қарастырды. Сондықтан да соғыстан кейінгі жылдарда елдегі ауыр өндіріс салаларын жедел түрде дамытуға бағыт алынып, ал Қазақстанда бұрынғысынша тек шикізат өндіруге мән берілді. Қазақстанда ірі өндіріс мекемелерін салу туралы, мысалы қарағанды металлургиялық, Соколов-Сарыбай тауөкен комбинаты, Өскемен қорғасын мырыш комбинатының салынғандығы жайлы айтып, республикада темір жолдар салудың жеделдетілуінің сырын ашып, машина салудың даму деңгейін көрсету керек. Республикада соғыстан кейінгі жылдары қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайды талдау керек. Тың игеру экономикалық реформа ретінде маңызды болды ма? Тыңайғған жерлерге жұмсалған материалды, еңбек ресурстары ақталды ма? Тың игеру шаруашылық мәселелерін волюнтаристік жолмен шешудің үлгісі болғандығын көрсету керек.


Әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы. 5 томдық. Т. 4., А., 2000.
2. Әминов Т.М. Қазіргі Қазақстан тарихы. А., 2017.
3.Әбдіәкімов Ә. Қазақстан тарихы. А., 1997.
4. Мұхамедов М.Б, Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. А., 2007.
5. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.
6.Қазіргі Қазақстан тарихы: Хрестоматия /Б.Ғ.Аяғанның ред. – Алматы, 2010.
7. Абишева Ж.Р., Аубакирова Х.А., Бекмағанбетов Ө.Ж., Енсепов Б.Б. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы. Астана, 2019.


6-тақырып. Кеңес қоғамының саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарысы


Сабақтың мақсаты – соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның саяси-экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайына тоқталу.

1. Н.С.Хрущевтың реформасы және оның сипаты.


2. Қазақстанның КСРО-ның өнеркәсібінің дамуына қосқан үлесі. Өнеркәсіптегі дағдарыстық құбылыстардың белең алуы.
3.Республиканың әлеуметтік-демографиялық өміріндегі келеңсіз құбылыстар.
4.Қазақстандағы экологиялық дағдарыс.
5. Сталиннің жеке басына табынуды айыптау және ұлттық зиялыларды ақтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет