І нұсқа
1. Қола дәуірінде далалық малшылар мәдениетін құрушылар
A)дахтар
B)аримаспылар
C)андрондықтар
D)исседондар
2.Қимақ мемлекеті билеушісінің лауазымы
A)сұлтан
B)гурхан
C)хан
D)қаған
3. Kөшпелілерде малдың жаппай қырылуы
A)Ерулік
B)Қызмұрындық
C)Күзеу
D)Жұт
4. XX ғасыр басында қазақ өлкесіне шетел капиталының ену себебі
A)су жолының қарқынды дамуы
B)пайдалы кен орындары қызықтырды
C)қазақтарға экономикалық көмек көрсету
D)жеңіл өнеркәсіпті дамыту мақсаты
5. «Жылымық» кезеңіндегі Қазақстанда орын алған ірі әлеуметтік наразылық
A)Желтоқсан оқиғасы
B)Жаңаөзен оқиғасы
C)Теміртаудағы толқу
D)Қарағанды кеншілер ереуілі
6. Kүйші Ықылас Дүкенұлының патша шенеуніктері мен байларды әжуалаған шығармасы
A)«Жанбота»
B)«Бес төре»
C)«Ақ сиса»
D)«Айтбай»
7. Cынтасты мәдениетіндегі ең ірі қоныстар
A)Арқайым, Сынтасты
B)Беғазы, Дәндібай
C)Ботай-Терсек
D)Тасты-Бұтақ
8. 1597-1598 жж. Ташкент түбінде бұхарлықтарды жеңген хан
A)Жәңгір
B)Хақназар
C)Тәуекел
D)Бұрындық
9. XIX ғасырдың 60-жылдардағы реформа бойынша генерал-губернаторлыққа кірген облыстарды сәйкестендіріңіз
1. Түркістан; 2. Батыс Сібір; 3.Орынбор
A. Орал, Торғай; Б. Ақмола, Семей; С. Жетісу, Сырдария
A)1-Б, 2-С, 3-А
B)1-C, 2-Б, 3-А
C)1-C, 2-А, 3-Б
D)1-А, 2-Б, 3-С
10.Tүркістан (Қоқан) автономиясына қатысты дұрыс дәйектерді анықтаңыз
1. Ташкенттен большевиктердің жазалаушы отряды келіп, Қоқан қаласын өртеп жіберді;
2. Ресейден келген большевиктердің басшылығымен Түркістан АКСР құрылды;
3. Түркістан (Қоқан) автономиясының төрағасы болып Әлихан Бөкейханов тағайындалды;
4. Түркістан АКСР астанасы Семей қаласы болды;
A)2, 3
B)1, 4
C)1, 2
D)1, 3
11.
... «X-XIII ғасырдың басында қала мәдениетінің дамуында өзгерістер байқалды. Бұл ретте жаңа дін – ислам маңызды рөл атқарды. Ислам мәдениеті бірінші кезекте қала тұрғындары арасына тарады. ...
X-XII ғғ. қала халқы VIII-IX ғасырлармен салыстырғанда 20-30 есеге өсті. Ірі қалаларды мыңдаған халық мекен етті. Бұл шаруашылық пен феодалдық қатынастардың дамуымен түсіндіріледі.
Фараб аймағы бай өңірлер қатарына қосылды. ... Отырықшылық және қала өмірі Орталық Қазақстанға, Ертіс алқабына да тарайды». ...
Tарихи білімдеріңізді пайдаланып, ортағасырларда қала кәсіпшілігі дамыған өңірлерді анықтаңыз
A)Каспий маңы
B)Жайық алабы
C)Сырдария бойы
D)Есіл өңірі
12. Mәнмәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, ортағасырларда мәдениет пен ғылым орталығы ретінде даңқы шыққан қаланы анықтаңыз
A)Отырар
B)Талхиз
C)Қойлық
D)Баршыкент
13. Mәнмәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, ортағасырлық ақсүйек қауымының қалаларда жер телімдерін иелену себептерінің бірін анықтаңыз
A)өзара соғыстарды тоқтату үшін
B)омарта кәсіпшілігін дамыту үшін
C)малшаруашылығын дамыту үшін
D)керуен сарайларын салу үшін
14. Mәнмәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, ортағасырлық қалаларға қатысты дұрыс дәйектерді анықтаңыз
I. X ғасырда Отырар қаласы орналасқан Фараб аймағы бай өңірлер қатарына қосылды;
II. X-XIII ғасырдың басында Жетісудың солтүстік-шығысында қала мәдениетінің жаңа шоғыры қалыптасты;
III. X-XIII ғасырдың басында қала мәдениетінің дамуында өзгерістердің пайда болуына жаңа дін – буддизм ықпал етті;
IV. Ислам мәдениеті бірінші кезекте көшпелілер арасына тарады.
A)III, II
B)I, II
C)I, II, IV
D)III, IV
15. Мәнмәтінді және тарихи білімдерді пайдалана отырып, X-XII ғғ. қалалар аумағының кеңеюінің себептерінің бірін анықтаңыз
A)сауда жолдарының қашық орналасуы
B)қолөнер кәсібінің дамуы
C)суқұбырларының жүргізілуі
D)малшаруашылығының өркендеуі
16.
Kартаны және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, Е.Пугачев көтерілісіне қатысқан ұлт-азаттық көтеріліс басшысын анықтаңыз
A)И.Тіленбайұлы
B)И.Тайманұлы
C)К.Қасымұлы
D)С.Датұлы
17. Kартаны және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, ұлт-азаттық көтерілістің болған уақытын анықтаңыз
A)1783-1797 жж.
B)1837-1847 жж.
C)1868-1869 жж.
D)1836-1837 жж.
18. Kартаны және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, Сырым Датұлы әскери көмек көрсету туралы келіссөз жүргізген ел
A)Сібір хандығы
B)Бұхар әмірлігі
C)Парсы патшалығы
D)Хиуа хандығы
19. Tарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, 1786 жылы Кіші жүз жерінде хан билігін реформалаудың жобасын ұсынған басшыны анықтаңыз
A)О.Игельстром
B)П.К.Эссен
C)М.Сперанский
D)Д.Ч.Бульжер
20. Tарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, кіші жүз жерінде О.Игельстром жүргізген реформаның мәнін анықтаңыз
A)қазақ жерін ресей патшалығының меншігі деп жариялауы
B)хан билігін жойып, расправалар құруы
C)қазақ даласын округтер мен болыстыққа бөлуі
D)қазақ жерін бес сатылы әкімшілік-аумақтық бөлініске бөлуі
ІІ- нұсқа
1.Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталған ірі қоғамдық ұйым
A)Қазақстан жазушылар одағы
B)Қазақстан журналистер одағы
C)Қазақстан халқы Ассамблеясы
D)Бала құқығын қорғау ұйымы
2. ХV-XVI ғасырларда жазылған «Жәмиғ-ат-тауарих» шығармасының авторы
A)Әбілғазы Баhадүр
B)Усман Кухистани
C)Мұхаммед Хайдар Дулати
D)Қадырғали Жалаири
3. 1841 жылы Жәңгір ханның бастамасымен ашылған мектеп
A)әскери училище
B)медресе
C)зайырлы
D)жәдидтік
4. «Келешек күннің болашағын білуде тарих анық құрал болады» деп көрсеткен Алаш қозғалысының көсемі
A)Ә.Бөкейхан
B)М.Тынышбаев
C)М.Дулатұлы
D)А.Байтұрсынұлы
5. Б.з.б. I мыңжылдықтың соңында Жетісу, Тарбағатай және Тянь-Шань аумағында құрылған мемлекет
A)Сармат
B)Ғұн
C)Қаңлы
D)Үйсін
6. ХVII ғасыр соңы мен ХVIIІ ғасыр басында жасалған заңдар жинағы
A)«Жасақ»
B)«Алтын ғасыр»
C)«Есім ханның ескі жолы»
D)«Жеті жарғы»
7. Хақназар ханнан кейін Бұхара ханының қолдауымен хан сайланған
A)Бұрындық
B)Қасым
C)Шығай
D)Тәуекел
8. Қарақытайлар мемлекетінің Жетісудағы саяси ықпалының күрт өзгеруіне себеп болған оқиға
A)Күшліктің Жетісуға келуі
B)Хорезмшахпен күрес
C)Шыңғысханның жаулап алуы
D)Мұсылмандарға қолдау көрсетуі
9. ХVIII ғасырда Ресей мемлекеті қазақ жерлерін отарлау үшін ерекше мән берді
A)әскери бекіністер желісін салуға
B)темір жол құрылысын жеделдетуге
C)салық мөлшерін азайтуға
D)өнеркәсіптер ашуға
10. Aзия мен Еуропаның арасында Жошы ұлысында құрылған мемлекет
A)Моғолстан
B)Хулагу мемлекеті
C)Алтын Орда
D)Әмір Темір мемлекеті
11.
...Индустрияландыруды бастау туралы шешім 1925 жылы желтоқсан айында БК(б)П XIV съезінде қабылданды. Мәскеудің ойынша Қазақстан жеделдете индустрияландырылған негізгі аудандардың біріне айналуы тиіс болды. БК(б)П ОК саясатын белсенді Ф.И.Голощекин республикада өндіруші өнеркәсіп пен шикізатты тасып әкетуге арналған теміржол құрылысын жақтады. Осылайша, Қазақстандағы КСРО-ның өнеркәсіптік дамыған аймақтарының шикізат базасына айналдыру көзделді. Өндірісті дамыту үшін бірінші кезекте теміржол желілері керек болды, Алматыдан Семейге дейінгі Түркістан-Сібір (Түрксіб) теміржолының құрылысы ҚазАКСР-дағы индустрияландырудың алғашқы нысандарының біріне айналды.
Mәнмәтін бойынша индустрияландыру жылдары салынған теміржолды анықтаңыз
A)Орал-Рязань
B)Мойынты-Шу
C)Түрксіб
D)Орынбор-Ташкент
12. Mәнмәтін бойынша БК(б)П XIV съезінде қабылданған шешімді анықтаңыз
A)Индустрияландыру
B)Әскери коммунизм
C)Ұжымдастыру
D)ЖЭС
13. Cызбаны пайдаланып индустрияландырудың қиындықтарына жатпайтын белгілерді анықтаңыз
A)дәстүрлі әлеуметтік құрылымның қалдықтары
B)мамандардың тапшылығы
C)табиғи ресурстардың тапшылығы
D)инфрақұрылымның әлсіздігі
14. Mәнмәтіндегі берілген сызба бойынша Қазақстандағы индустрияландырудың келеңсіз жағын анықтаңыз
A)Қорғасын өндіруден Одақ бойынша І-ші орынды иеленді
B)Өнеркәсіп өндірісі артты
C)Кәсіби мамандар басқа аймақтардан келді
D)Түсті металдардың негізгі өндірушісіне айналды
15. Мәнмәтінді және тарихи білімдерді пайдаланып дұрыс дәйектерді анықтаңыз
Достарыңызбен бөлісу: |