2015 жылдың қорытындысы бойынша облыс өнеркәсібінің дамуы
2015 жылдың қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіп саласында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Оған өнеркәсіп көрсеткіштерінің дамуы дәлел бола алады. Атап айтқанда:
Өнеркәсіп
2015 жылы өнеркәсіп кәсіпорындарымен 668,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2014 жылмен салыстырғанда 64,4 млрд. теңгеге артық өнім өндірілді (2014ж. – 604,0 млрд. тг.). Нақты көлем индексі 103,1%-ды құрады (ҚР-98,4%). Бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада 5-орынды иеленді.
2015 жылы Республикалық өнеркәсіптік өнім көлеміндегі облыс өнеркәсібінің үлесі 1,4 пайыздық пунктке артып 4,6%-ды құрады (2014 жылы – 3,2%).
2015 жылдың қорытындысымен өнеркәсіптің салалық құрылымы бойынша өндіріс көлемі келесідей:
- кен өндіру өнеркәсібінде 182,9 млрд. тг. өнімі өндіріліп, 2014 ж. қарағанда 33,5 млрд. тг. артты (2014ж. – 149,4 млрд. тг.), нақты көлем индексі – 115,6% (ҚР – 97,5%). Бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада 3-орынды иеленді;
- өңдеу өнеркәсібінде 420,5 млрд. тг. өнімі өндіріліп, 2014ж. қарағанда 23,1 млрд. тг. артты (2014ж. – 397,4млрд. тг.), нақты көлем индексі – 101,3%-ды құрады (ҚР – 100,2%). Бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада 5-орынды иеленді.
Өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларының нақты көлем индексі бойынша межеленген көрсеткіштерінің барлығы орындалды.
2015 жылы жаңа технологияларды енгізу нәтижесінде, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 1 адамға шаққанда 48,2 мың АҚШ долларын құрап (ҚР – 33,0 мың АҚШ доллары), 2014 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 17,9% артты. Бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада 8-орынды иеленді.
Облыстың шикізат емес тауарлар экспортының көлемі 2015 жылдың қаңтар-қараша айларында 1150,0 млн. АҚШ долларын құрап, жалпы экспорттағы оның үлесі 75,8% құрады (жоспар - 70,0%).
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өнеркәсіп өнімнің нақты көлем индексі 103,1% құрағанымен, үшжақты келісім бойынша жоспарланған межеге және облыс деңгейінен Бәйдібек (101,0%), Сайрам (103,0%) аудандары жете алмады.
2016 жылға жоспар.
-
Өнеркәсіп өнімінің көлемін 720 млрд. теңге, нақты көлем индексі – 101,4% жеткізу жоспарлануда;
- Өндеу өнеркәсіп өнімінің көлемін 450 млрд. теңге, нақты көлем индексі – 101,1% жеткізу жоспарлануда;
- Кен өндіру өнеркәсіп өнімінің көлемін 200 млрд. теңге, нақты көлем индексі – 102,0% жеткізу жоспарлануда;
- Өндеу өнеркәсібіндегі 1 адамға шаққанда еңбек өнімділігін 68,2 мың АҚШ долл. жеткізу;
- Өңір экспортының жалпы көлеміндегі шикізат емес тауарлардың көлемін экспорттау үлесін 72%-ға жеткізу.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 2015 жылдың 12 айында 416,0 млрд. теңгені, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 90,1% құрады. Көрсеткіштің төмендеу себебі мемлекеттік бюджеттен және ірі инфрақұрылымдық нысандарға бөлінген қаржының қысқартылуына байланысты (Азия және Бейнеу-Шымкент газқұбырлары, Батыс Еуропа - Батыс Қытай көлік дәлізі).
Облыстың инвестициялар көлеміндегі басым бөлігі - 41,4% өнеркәсіп саласына тиесілі. Өнеркәсіптің негізгі капиталына бағытталған инвестициялар көлемі 187,1 млрд. теңгені, 2014 жылға қарағанда 105,5% құрады. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне 93,3 млрд. теңгенің инвестициялары тартылып, алдынғы жылмен салыстырғанда 52,7%-ға артқан.
Индустрияландыру картасы бойынша құны 228,5 млрд. теңгені құрайтын 164 жоба іске қосылып, 13,8 мың жұмыс орны ашылды.
2015 жылы іске қосылған жобалардың 94% жоспарланған қуаттылықтың 90-100% жүктелген. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республикада алдыңғы қатарда.
2015 жылы 27 жоба (44,6 млрд. тг., 2,6 мың жұмыс орны) іске қосылды. Оның ішінде ірі жобалар:
-
«Стандарт Цемент» ЖШС – қуаттылығы жылына 1,0 млн. тонна құрайтын цемент және клинкер шығаратын зауытты кеңейту, құны 18,1 млрд. теңге, 450 жұмыс орны;
- «Әлем БТ» ЖШС – дайын тоқыма өнімдерін өндіру, құны 2 млрд. теңге, 400 жұмыс орны;
- «ЦветЛит» ЖШС – алюминий собалақтарын өндіру, құны 1 млрд. теңге, 40 жұмыс орны;
- «ЮгЭлектроПривод» тоқ және кернеу ажыратқыштарын, айырғыштардың өлшегіш трансформаторларын шығару, 0,8 млрд. теңге, 50 жұмыс орны және т.б.
2015 жылдың қорытындысы бойынша іске асқан 137 жобаның 129 жобасы 90-100%, 5 жоба 90% төмен, 3 жоба тоқтап тұр.
Инвестиция тарту мақсатында Еуропа (Германия, Швейцария, Италия, Польша, Чехия, Венгрия, Ұлыбритания, Украина) және Азия мемлекеттері (Түркия, Малайзия, Индонезия, Корея Респубикасы), сондай-ақ Ресей Федерациясына арнайы іскерлік сапар ұйымдастырылды.
Нәтижесінде 4,1 млрд. АҚШ долл. құрайтын 42 шетелдік жоба іске асырылуда. О.і құны 128 млн. АҚШ долл. құрайтын 12 жоба іске қосылған.
Сонымен қатар, ынтымақтастықты орнату мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысына АҚШ, Италия, Германия, Венгрия, Болгария, Польша, Канада, Турция, Иран, Оңтүстік Корея, Қытай және Жапония елдерінің ресми тұлғалары мен шетелдік компаниялардың өкілдері келген. Шетелдік делегациялармен келіссөздер жүргізу барысында Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық тартылымдығы мен Қазақстандағы инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларымен таныстыру рәсімі өткізілді.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылуынан бастап жалпы құны 482,1 млрд. теңгені құрайтын 997 жоба мақұлданып, 16 048 ж.о. ашылды.
Оның ішінде:
- Банк несиелері бойынша пайыздық ставкасын субсидиялауға белгіленген индикатор жалпы 334 несиені субсидиялау болса, жалпы 361 несие субсидияланды.
- Банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге белгіленген индикатор - 19 несиені кепілдендіру болса, нақты 52 несиеге кепілдік берілді.
- Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша индикатор инфрақұрылым құны 4,6 млрд. теңгені құрайтын 14 жоба болып белгіленіп, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.
- «Гранттық қаржыландыру» бойынша 22 жобаға 55,0 млн. теңге көлемінде грант бөлінді.
«Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін төмендету» үшінші бағыты шеңберінде:
- Банк несиелері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау бойынша құны 15,0 млрд. теңгені құрайтын 11 жоба мақұлданған.
Бағдарламаның іске асырылуына белсенді әрекет еткен аудан, қалалар арасында Шымкент қаласы, Қазығұрт, Мақтарал, Сарыағаш, Шардара аудандарын атап өтуге болады.
Бүгінгі таңда Шымкент қ. және барлық аудан, қалаларында
11 индустриялық аймақты құру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде
3 индустриялық аймақтың инфрақұрылымы тартылған (Шымкент қ.
(337 га), Түркістан қ. (40 га) және Созақ ауданы (50 га)).
«Оңтүстік» индустриялық аймағында жалпы құны 73,7 млрд. теңгені құрайтын 71 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, онда 5 мыңға жуық жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.
71 жобаның 38 жобасы іске қосылып, 2,9 мың жұмыс орындары ашылып, бұл жобаларға 19,8 млрд. теңге инвестиция тартылды. Индустриалық аймақ құрылғалы бері (2011 жылдан бүгінгі таңға дейін) индустриялық аймақта орналасқан кәсіпорындар – 53 млрд. теңгеге өнім шығарды.
Аудан, қалалардағы индустриалық аймақтарға орналастыруға
71,5 млрд. теңгені құрайтын, 79 инвестициялық жоба Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің шешімімен мақұлданған. Онда 8621 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бүгінгі таңда, 71,5 млрд. теңгені құрайтын 12 жоба іске қосылып, 815 жаңа ж.о. ашылды.
Ағымдағы жылы 4 индустриалық аймақтың инфрақұрылым құрылыстары аяқталады (Шардара, Түлкібас, Мақтарал, Қазығұрт аудандары) және 5 индустриялық аймақтың құрылысы 2016 жылдың 1 жартыжылдығында аяқтау жоспарланған (Бәйдібек ауданы және Кентау қаласы, Тассай, Қазақ-түрік және Бадам индустриалық аймақтары). Ал, басқа аудан, қалаларда индустриалық аймақтың құжаттары әзірленуде.
«Оңтүстік» АЭА аумағында 2010-2015 жылдар аралығында 10 жоба іске қосылды (инвестиция көлемі – 24,8 млрд. тг., 2145 жұмыс орны).
2015 жылы инвестиция көлемі 3,5 млрд.теңгені құрайтын 425 жаңа жұмыс орнының ашылуымен 2 жоба жүзеге асырылды.
-
«Бал Текстиль» ЖШС (2-кезең) – Синтетикалық иірілген жіп өндіру цехі, инвестиция көлемі 1,6 млрд.теңге және қосымша 300 жаңа жұмыс орны құрылды.
2. «Әлем БТ» ЖШС-і – Шұлық және үй тоқыма бұйымдарын өндіру фабрикасы, инвестиция көлемі 1,9 млрд.теңге, 400 жаңа жұмыс орны құрылды.
2016 жылға жоспар:
1. Индустрияландыру картасы аясында жалпы инвестиция көлемі
35,6 млрд.теңге құрайтын 27 жобаның іске қосылуын қатамасыз ету;
2. Индустрияландыру картасына жалпы инвестиция көлемі
50 млрд.теңгеден кем емес 35 жаңа жобаны енгізу;
3. Индустрияландыру картасы жобаларының жоспарға сәйкес толық жүктелуін қатамасыз ету;
4. «Оңтүстік» АЭА аумағында жалпы инвестиция көлемі 2,2 млрд.тг. құрайтын 2 жобаны іске қосу;
5. «Оңтүстік» ИА аумағында жалпы инвестиция көлемі 1,5 млрд.тг. құрайтын 12 жобаны іске қосу;
6. Облыс аумағындағы индустриялық аймақтарда («Оңтүстік» ИА-ы қоспағанда) жалпы инвестиция көлемі 5,5 млрд.тг. құрайтын 17 жобаны іске қосу;
7. Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін адам басына 68,2 мың АҚШ долларына жеткізу;
8. Өңір экспортының жалпы көлеміндегі шикізат емес тауарлардың көлемін экспорттау үлесін 71,0%-ға дейін жеткізу;
9. Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталына бағытталған инвестициялар көлемін 150 мың теңгеге дейін жеткізу;
10. Шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған инвестицияның 2015 жылға қарағанда (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда) 105,0%-ға дейін өсіру;
11. Инвестициялық климатты жақсарту саласында ынтымақтастық мәселелері бойынша инвестициялық форумдар, көрмелер, бизнес-кездесулер ұйымдастыру;
12. Облысқа инвесторлар тарту мақсатында шет елдерге (Малайзия, Корея, Польша, Мажарстан, Германия, Италия, Ресей Федерация) роуд-шоулар ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |