1. Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз



Дата17.07.2016
өлшемі99.76 Kb.
#205824


1-нұсқа


1. Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз.

A) Шап.


B) Сақал.

C) Сөк.


D) Хор.

E) Үгіт.



2. Басқа тілден енген сөзді анықтаңыз.

A) Балық.

B) Мағлұмат.

C) Көшпелі.

D) Әуесқой.

E) Шаңырақ.



3. Еріндік дауыстыны белгілеңіз.

A) ә


B) е

C) о


D) и

E) а


4. Қатаң дауыссыздар қатарын толықтырыңыз: п, ф, к, қ, т, с, ...

A) Ш.


B) Д.

C) З.


D) М.

E) Ж.


5. Зат есім дегеніміз не, дұрысын белгілеңіз.

A) Зат, құбылыстың сынын білдіреді.

B) Заттың мөлшерін білдіреді.

C) Зат, құбылыстың атын білдіреді.

D) Адамның әр түрлі көңіл- күйін білдіреді.

E) Қимыл, амал-әрекеттің түрлі белгілерін білдіреді.



6. Топтау сан есімді анықтаңыз.

A) Алпыстай.

B) Отызға тарта.

C) Қырыққа таяу.

D) Екі-екіден.

E) Ондаған.



7. Жіктеу есімдігін табыңыз.

A) Мен.


B) Сол.

C) Мынау.

D) Кім.

E) Барлық.



8. Еліктеу сөзі бар тіркесті анықтаңыз.

A) Үй айналасы

B) Құлақшын бауы.

C) Өскен гүл.

D) Бүлк ету.

E) Мәдени орталық.



9. Толық мағыналы 2 сөзден тұрып, бірі екіншісіне бағына байланысатын сөздер тізбегінің атауын белгілеңіз.

A) Сөйлем.

B) Буын.

C) Сөз тіркесі.

D) Дыбыс.

E) Сөз.


10. “Су жүрек” – тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгілеңіз.

A) Аз.


B) Көп.

C) Батыл.

D) Қорқақ.

E) Момын.



11. Қай сөзде ілгерінді ықпал барын белгілеңіз.

A) Жауып.

B) Сабағы.

C) Жазса.

D) Ашса.

E) Көнбеді.



12. Сөз түрлендіруші жұрнағы бар сөзді табыңыз.

A) Бағала.

B) Күлкілі.

C) Қызғылт.

D) Көрме.

E) Үрле.



13. Дара сын есімді көрсетіңіз.

A) Өте әдемі.

B) Қызыл ала.

C) Ұзын бойлы.

D) Әдемі.

E) Әп-әдемі.



14. Болымсыз етістіктің жұрнағы жалғанып тұрған сөзді көрсетіңіз.

A) Кел(ме)й ме?

B) Отырған(жоқ).

C) Келген(жоқ).

D) Отыр(мақ).

E) Барасың(ба?).



15. Үстеуден жасалып тұрған туынды үстеуді табыңыз.

A) Бұлбұлша.

B) Шалқасынан.

C) Бұрын.

D) Осыншалық.

E) Ілгері.



16. Септеулік шылауды табыңыз.

A) Алыс пен жақынды жортқан білер.

B) Бірақ бой жағынан екеуі де қатарлас түсті.

C) Жолшыбай аптап ыстық еңсемізді көтертпей қойған-ды.

D) Колхоз үшін балық аулау маңыздырақ қой.

E) Күн еңкейе барып, қалың орманға батты.



17. Хабарлы сөйлемді көрсетіңіз.

A) Түн ұйқысын төрт бөлді, ә

B) «Көрер таңды көзімен атырды» демекпісің

C) Күләш – белгілі әнші

D) Шығарманың көркемдігі ме

E) Жазбай қойғанбысың



18. Бірыңғай бастауышты табыңыз.

A) Біздерге, қарттарға, жастар сияқты өмір сүруге тура келеді.

B) Түйе, жылқы, өгіз көлік ретінде пайдаланылады.

C) Сабаға құйылған қымызды піспекпен піседі.

D) Адамға адал дос табу қиын.

E) Ел сыры жер сырымен сабақтас.



19. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қыстырма сөзді табыңыз.

A) Егіннің өсуі: расында ғажап екен.

B) Егіннің өсуі - расында ғажап екен.

C) Егіннің өсуі, расында, ғажап екен.

D) Егіннің өсуі; расында ғажап екен.

E) Егіннің өсуі – расында, ғажап екен.



20. Ойын атауына байланысты біріккен сөзді табыңыз.

A) Айдаршөп.

B) Балтамтап.

C) Екібастұз.

D) Ұлтабар.

E) Киікоты.



21. Сөйлем түрін анықтаңыз.

Бұрын сыныпта, балалар арасында, өзін өзгеше биік санайтын оның осы арада бірінші рет сағы сынды.

A) Атаулы.

B) Жақты.

C) Жақсыз.

D) Жалаң.

E) Құрмалас.



22. Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз.

A) Күзетші сезіп қалмау үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік.

B) Оның құр мақтанғаны болмаса, қолынан ештеңе келмейді.

C) Есікте жүріп оңбайтынымды білген соң, өз тұсымнан талпынып байқадым.

D) Жақсының басына іс түссе, ашынар да ашылар.

E) Дауыс құлағына тигенше, Ботагөз бетінен алақанын алған жоқ.



23. Төл сөзге тән анықтаманы табыңыз.

A) Біреудің өзгертілмей айтылған сөзі.

B) Екі адамның сөйлескен сөзі.

C) Біреудің сөзінің мазмұны.

D) Біреудің сөзін жеткізушінің сөзі.

E) Біреудің өзгертіліп айтылған сөзі.



24. Сызықша қойылуға тиісті сөйлемді анықтаңыз.

A) Жалқаулық жаман ауру.

B) Көп адам қорқытады, терең су батырады.

C) Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

D) Басқа пәле тілден болады.

E) Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады.



25. Ғылыми стильге жататын сөйлемді табыңыз.

A) Қасына отырғызып, жөн сұрады.

B) Ол әлгі орманды картадан көрсетті.

C) Онда тас дәуіріне жататын мүліктер бары анықталды.

D) Жұмыстан соң олар табиғат аясында демалады.

E) Алыс жол атты сынайды.






2-нұсқа


1. Қызылша шаруашылығына қатысты кәсіби сөзді белгілеңіз.

A) Алмұрт.

B) Бидай.

C) Өркен.

D) Шиіт.

E) Мақта.



2. Езулік дауыстыны көрсетіңіз.

A) у


B) о

C) а


D) ұ

E) ө


3. Ұяң дауыссыздан басталған қосымшалар қатарын белгілеңіз.

A) Аналар, әкелер, қарттар.

B) Жігіттер, допты, әкелді.

C) Балажан, қамқоршы, әжелер.

D) Қыздар, жағада, жүрген.

E) Кітапты, әкелген, інісі.



4. Туынды зат есімді анықтаңыз.

A) Ана.


B) Сөз.

C) Жапырақ.

D) Достық.

E) Ою.


5. Күрделі сан есімді көрсетіңіз.

A) Он төрт.

B) Үш бала.

C) Миллионыншы.

D) Отыз орындық.

E) Бесінші сынып.



6. Өздік есімдігі бар қатарды табыңыз.

A) Түсініп оқимын.

B) Тез оқимын.

C) Мәнерлеп оқимын.

D) Өзім оқимын.

E) Баяу оқимын.



7. Сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері нешеу екенін табыңыз.

A) 4.


B) 2.

C) 3.


D) 5.

E) 1.


8. Хабарлы сөйлемді табыңыз.

A) Сағат шырылдады

B) Шіркін, дәурен

C) Маған айтпа

D) Сен қашан келесің

E) Тіліңізді тартыңыз



9. Нүктенің қойылу себебін анықтаңыз.

Түн. Қала. Тыныштық.

A) Қысқарған сөз.

B) Атаулы сөйлем.

C) Толымсыз сөйлем.

D) Жақсыз сөйлем.

E) Түбір сөз.



10. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.

A) Жоңышқа сепсе, жер тыңаяды.

B) Денем сергіп, тыңайып қалыппын.

C) Тың және тыңайған жерлерді игеру басталды.

D) Биыл тыңайған жерден мол өнім алынды.

E) Егін тыңайған жерге себілді.



11. Омонимнің анықтамасын табыңыз.

A) Мағыналары бір, жазылуы бөлек.

B) Мағыналары қарама - қарсы.

C) Мағыналары бөлек, жазылуы бірдей.

D) Жаңа мағыналы сөз.

E) Мағынасы - ауыспалы сөз.



12. Үндестік заңына бағынбай тұрған біріккен сөзді белгілеңіз.

A) Өнеркәсіп.

B) Екібастұз.

C) Талдықорған.

D) Қызылжар.

E) Қызылорда.



13. Сын есімнің шырай түрін белгілеңіз.

Көшелердегі жап-жарық шамдар жарқ-жұрқ етіп өшті де қалды.

A) Шырай.

B) Сапалы.

C) Салыстырмалы.

D) Күшейтпелі.

E) Жай.


14. Етістікті тіркесті табыңыз.

A) Малды өлке.

B) Аялы алақан.

C) Көптен тосқан.

D) Он бес адам.

E) Туған жер.



15. Мезгіл үстеуді көрсетіңіз.

A) Ілгері.

B) Едәуір.

C) Бүгін.

D) Онша.

E) Ең әдемі.



16. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулық шылауды табыңыз.

A) Дегенмен

B) Өйткені

C) Бұрын


D) Біресе

E) Бірақ


17. Қатыстық сын есімнен болып тұрған анықтауышты табыңыз.

A) Басы күндегідей ыстық емес, қоңыр салқын.

B) Ақ қардың үстінде шанамен екі адам келе жатты.

C) Ала шапанды, сәлделі бір жат адамды көрдің бе?

D) Бөлмеге жас әйел кірді.

E) Қара торы келіншек екен.



18. Бірыңғай қыстырма сөздер қатарын көрсетіңіз.

A) Амал қанша, әрине.

B) Пай-пай, ой.

C) Қарағым-ау, қап.

D) Біріншіден, шіркін-ай.

E) Жаңылмасам, уа.



19. Барлық стильдер элементі кездесетін стиль түрін белгілеңіз.

A) Ауызекі.

B) Ғылыми.

C) Іс - қағаздар.

D) Көркем әдебиет.

E) Публицистикалық.



20. Біріккен сөз қатысқан қатарды табыңыз.

A) Аяғымен кезек тебу.

B) Беті ашық шелек.

C) Еламан түршігіп кетті.

D) Қуаныш ұзағынан болсын.

E) Төргі бөлмеде.



21. Антонимді қосарлама қос сөзді көрсетіңіз.

A) Ауыл-аймақ.

B) Қысы-жазы.

C) Ат-мат.

D) Дүркін-дүркін.

E) Жарқ-жұрқ.



22. Еліктеу сөзді көрсетіңіз.

A) Ұстаз.

B) Қарш-қарш.

C) Біреу.

D) Әдейі.

E) Жиырма.



23. Атаулы сөйлемнің жасалу жолын көрсетіңіз.

Долы боран. Түнгі дала.

A) Туынды сөз.

B) Сөз тіркесі.

C) Қос сөз.

D) Біріккен сөз.

E) Күрделі сөз.



24. Қарсылықты салалас жасауға болатын қатарды көрсетіңіз.

A) Жау шегінді. Бауыржан оны білген жоқ.

B) Қасиетті мекен. Күн сәулесі.

C) Ескек қолынан түсіп кетті. Оның есі шығып кетті.

D) Шоқан ғылымға әбден берілді. Әскери қызметтен бас тартты.

E) Түн. Ышқынған дауыл.



25. Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

A) “Қазақ солдаты’’ романы талданды.

B) “Қорғансыздың күні’’ әңгімесін оқиық.

C) Қазақстан Республикасының “ Тіл туралы ” Заңы шықты.

D) “Еңбек адамды биікке жетелер,’’ - деді Ақнұр.

E) “Жақсы сөз жараны да жазар’’ дегендей, балаға әке тәрбиесі керек.









Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет