Сабақ тақырыбы Әнші-сазгер ақындар шығармашылығына шолу Сабақтың мақсат-міндеттері



Дата15.02.2020
өлшемі152.93 Kb.
#447988
түріСабақ
ашык сабак2



Пәні

Қазақ әдебиеті




Тобы

СТ-ЛБ-9-16

Күні

15.12.2016 ж

Оқытушы

Мұрат Индира Мұратқызы


Сабақ тақырыбы


Әнші-сазгер ақындар шығармашылығына шолу


Сабақтың мақсат-міндеттері

а) білімділік:

ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ерекшелігі және дамуына үлес қосқан әнші-ақындардың өмірі мен шығармашылықтары туралы білім беру;

ә) дамытушылық:

Оқушылардың ойлау,танымдық, шығармашылық және жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту. Өз ойын дәлелдеп, қорыта білуге,топпен ұжымдық жұмыс жүргізуге дағдыландыру.

б) тәрбиелік:

Оқушыларды сөз бен саз өнеріне баулу және мәдениеттілікке,тапқырлыққа, бірін-бірі құрметтеуге тәрбиелеу.

в) кәсіби

Жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін сабақ барысында орындап,пайдалануға үйрету.


Сабақтың типі

құрамдас;

Сабақта қолданылатын технологиялар

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Әдістері

Ой шақыру, топтастыру, ой сергіту, дебат элементі, әлемді шарлау;

Оқыту құралдары

Интерактивті тақта, слайдтар, видеоролик.

Қолданылатын әдебиеттер:





САБАҚ БАРЫСЫ


САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

ОҚЫТУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ

ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

СТУДЕНТТЕР ІС-ӘРЕКЕТІ

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ





1.Ұйымдастыру жұмыстары.

Аудитория тазалығын, студенттердің,оқу құралда-рының түгел-дігін тексеру. Студенттерді топқа бөлу

Сәлеметсіздер ме,бүгінгі сабаққа түгел келдік пе?

Өткен сабақта бөлінген рет бойынша 3 топ болып орналастық па?

Кімнің дәлелді немесе дәлелсіз түрде сабаққа қатыспағанын түгендейік.



Диалог әдісі


Амандасып,топ әкімі кімнің сабаққа келмегенін мәлімдейді. Оқу құралдарын дайындап,топқа бөлініп отырады.


Студенттердің толық сабаққа ден қоюы.



ІІ.Өткен тақырыпты сұрау.

Өткен тақырыбымыз- Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік -Кебек» пьесасы.

Тақырыпты мына мәселелер негізінде қарастырамыз:



  1. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы

  2. «Еңлік- Кебек» дастанының тарихи мазмұны

  3. «Еңлік- Кебек» дастанына әдеби талдама.

Осы қарастырылатын мәселелер мына үш түсті қалпақшаларда жасырылу-лы,сондықтан да қалпақшаларды топтардың өз таңдауларына беріледі.

Тірек сызба, баяндау.



Сұрақтарға жауап береді;



Өткен тақырыпты нақты меңгергендігі;





ІІІ. Өткен тақырыпты қорытындылау

«Ғашықтар тағдыры туралы сіздің көзқарасыңыз» сұрақ бойынша

пікір-талас туғызу.Пікір-таласты қорытындылап,түйін жасау.



«Дебат» стратегиясының элементі.

Пікір-таласқа түседі.

Нақты пікірлерін айтып,белгілі бір мәселені талдап, шешуді үйренеді.


ІV. Жаңа тақырыпты меңгеру

а) Жаңа тақырыпқа кіріспе

Осы күнде қазақтың бәрі де мас,

Жақсылардың біріне біреуі қас. 
Атқа мінген жігіттен үмітім жоқ,
Сөзімді ұқса, ойланар кейінгі жас- деп, Шәкәрім Құдайбердіұлы айтқандай өз дәуіріндегі әлеуметтік теңсіздік пен адамдар арасындағы әділетсіз қарым-қатынасты суреттеуде сал-сері атанған әнші-сазгер ақындардың өзіндік ерекшелігі болған. Олар өздерінше мәнермен   киінген. Сал-серілер өнердің үш түрін қатар самғатқан. Әрі суырыпсалма ақын, әрі әнші, әрі сазгер сал-серілерді халық жақсы  көрген, оларға айрықша  құрмет көрсеткен. Халық жадында  сал-серілерден Біржан сал, Ақан сері мен Жаяу Мұса ерекше орын алады Сондықтан да бүгінгі тақырыбымыз – Әнші-сазгер ақындардың шығармашылығы.

Құрманғазының «Адай» күйі орындалады.

Тақырыпта көптеген әнші-сазгер ақындарымыздың шығармашылығы қамтылуы керек болғандықтан өздеріңе ізденіс жұмысы ретінде мынадай тақырыпшалар берілді.
ә) Тақырып жоспары:


  1. Біржан сал-қазақ ән-жырының шамшырағы

1.1.Біржан салдың ақындық қырлары
1.2.Біржан – айтыскер ақын

  1. Ақан – сегіз қырлы, бір сырлы

Қоскөл. Медресе. Орысша. Сазгерлік. Домбыра. Ән. Құлагер.

  1. Жаяу  Мұса – әнші-ақындар тобының  көрнекті өкілі

3.1.Мұсаның балалық шағы

3.2.Шығармашылық мұрасы



«Ой-шақыру» стратегиясы;

«Жеті кілт сөзі» әдісі;



Шығармашылық жұмыс- күй орындайды;

Ізденіс жұмыстарын таныстырады, түсіндіреді,бейне роликті көрсетеді.



Жаңа материалды студенттер меңгеріп,өзара талдай алады,ұжымда-сып жұмыс істеуді және бірін-бірі тыңдап,түсіне білуді үйренеді.

V. Жаңа тақырыпты пысықтап, қорытындылау


А) Кестемен жұмыс:

1

Әнші-сазгер ақындардың аты-жөні




2

Өмір сүрген жылдары




3

Туып өскен жері




4

Салт-дәстүр




5

Ән-өлеңдері




6

Айтысы




Ә) «Жеті кілт сөзі»- әнші-сазгер ақындардың өмірі мен шығармашылығының жеті түйіндісін табу;

Б) Түйінді сөздердің негізінде қорытынды ойды бейнелеу.


Кестемен жұмыс, «Жеті кілт сөзі» әдісі;
«Әлемді шарлау» стратегиясы

Сұрақтарға жауап береді;

Бүгінгі тақырып-тан алған білім-дері мен әсерлерін әр топ плакатқа суретпен бейнелеп түсіреді.




Студенттердің шығармашылық қабілеті дамиды, ой тұжырымы қалыптасады.

VІ.Үй тапсыр-масын беру

С. Мұқанов: «Біржанның әндері сияқты Әсеттің әндері де аса биік, ырғақты қайырымы қиын болған. Сондықтан оның әндерін үйрену де қиын еді»,- деген пікір айтқан.

Үйге тапсырма: 1. «Сал-серілікті қайта жандандыруға бола ма?»- эссе

жазу.

2.«Әсет Найманбаевтың шығармашылығы»





Ізденіс жұмысы арқылы Ә.Найманбаев-тың шығарма-шылығымен танысады .

Үй тапсырмасы студенттердің өз бетінше ізденуге бейімдейді, шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Білімді бағалау

Студенттердің танымдық және шығармашылық қабілеттері,белсенділігін бағалайды.










Сабақты қорытындылау.

Қорытынды сөз: Қазақ халқы әнге бай, өнерлі халық. Халық өнерін, мәдениетін зерттеушілер бұл туралы көп пікірлер айтқан, оның ішінде: 
Д.Потанин былай деген екен: « Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді».










Сабақ жоспарында өзгертулер мен толықтырулар болуы мүмкін.



Оқытушы:

Жігіттер! Бұл өлеңді жазған мәнім:

Емес қой жастықпенен салған әнім.

Қас қайсы, қаза қайсы, таза қайсы?



Аларсың, көп ғибрат, байқағаның.

Жаңа сабақ.
2 - цикл. Кітаптағы мәтінмен жұмыс (6 минут)
3 - цикл. Жеті кілт сөздерді оқушы мен мұғалім сәйкестендіруі
Қоскөл. Медресе. Орысша. Сазгерлік. Домбыра. Ән. Құлагер.
4 - цикл. Есте сақтап, жеті сөзді дәптерге түсіру. Ес 63% (30 секунд)
Меңгерту.
5 - цикл. Қиылыс сұрақ (әр оқушы орындау матрица бойынша жеті сөздің мағынасын ашады)
6 - цикл. Сын тұрғысынан ойлау.(әр оқушы 1 тест құрастырып, бір - біріне қояды)
«Балқадиша» әнінің бейнебаянын тамашалау. (әннің шығу тарихын әңгімелеу, талқылау)
Бекіту. (Не білдің? Не меңгердің?) ТСҚ

Ақан классикалық шығармалардың бас кейіпкері

І. Жансүгіров «Құлагер»
Ғ. Мүсірепов «Ақан сері - Ақтоқты»
С. Жүнісов «Ақан сері»

Түйін. «Ұлы адамдар өз ескерткіштерінің тұғырын өзі орнатады, ал мүсінін болашақ соғады» В. Гюго(слайдтарды тамашалау)

Үйге тапсырма. 1. Оқулықтан Ақан серінің өмірін оқу
2. Хрестоматиядан өлеңдерді жаттау
Шығармашылық жұмыс Эссе «Ақан өнері бүгінде жалғасты ма?»
Бағалау. Орындық матрица бойынша


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет