1. Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз.
A) Шап.
B) Сақал.
C) Сөк.
D) Хор.
E) Үгіт.
|
2. Басқа тілден енген сөзді анықтаңыз.
A) Балық.
B) Мағлұмат.
C) Көшпелі.
D) Әуесқой.
E) Шаңырақ.
|
3. Еріндік дауыстыны белгілеңіз.
A) ә
B) е
C) о
D) и
E) а
|
4. Қатаң дауыссыздар қатарын толықтырыңыз: п, ф, к, қ, т, с, ...
A) Ш.
B) Д.
C) З.
D) М.
E) Ж.
|
5. Зат есім дегеніміз не, дұрысын белгілеңіз.
A) Зат, құбылыстың сынын білдіреді.
B) Заттың мөлшерін білдіреді.
C) Зат, құбылыстың атын білдіреді.
D) Адамның әр түрлі көңіл- күйін білдіреді.
E) Қимыл, амал-әрекеттің түрлі белгілерін білдіреді.
|
6. Топтау сан есімді анықтаңыз.
A) Алпыстай.
B) Отызға тарта.
C) Қырыққа таяу.
D) Екі-екіден.
E) Ондаған.
|
7. Жіктеу есімдігін табыңыз.
A) Мен.
B) Сол.
C) Мынау.
D) Кім.
E) Барлық.
|
8. Еліктеу сөзі бар тіркесті анықтаңыз.
A) Үй айналасы
B) Құлақшын бауы.
C) Өскен гүл.
D) Бүлк ету.
E) Мәдени орталық.
|
9. Толық мағыналы 2 сөзден тұрып, бірі екіншісіне бағына байланысатын сөздер тізбегінің атауын белгілеңіз.
A) Сөйлем.
B) Буын.
C) Сөз тіркесі.
D) Дыбыс.
E) Сөз.
|
10. “Су жүрек” – тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгілеңіз.
A) Аз.
B) Көп.
C) Батыл.
D) Қорқақ.
E) Момын.
|
11. Қай сөзде ілгерінді ықпал барын белгілеңіз.
A) Жауып.
B) Сабағы.
C) Жазса.
D) Ашса.
E) Көнбеді.
|
12. Сөз түрлендіруші жұрнағы бар сөзді табыңыз.
A) Бағала.
B) Күлкілі.
C) Қызғылт.
D) Көрме.
E) Үрле.
|
13. Дара сын есімді көрсетіңіз.
A) Өте әдемі.
B) Қызыл ала.
C) Ұзын бойлы.
D) Әдемі.
E) Әп-әдемі.
|
14. Болымсыз етістіктің жұрнағы жалғанып тұрған сөзді көрсетіңіз.
A) Кел(ме)й ме?
B) Отырған(жоқ).
C) Келген(жоқ).
D) Отыр(мақ).
E) Барасың(ба?).
|
15. Үстеуден жасалып тұрған туынды үстеуді табыңыз.
A) Бұлбұлша.
B) Шалқасынан.
C) Бұрын.
D) Осыншалық.
E) Ілгері.
|
16. Септеулік шылауды табыңыз.
A) Алыс пен жақынды жортқан білер.
B) Бірақ бой жағынан екеуі де қатарлас түсті.
C) Жолшыбай аптап ыстық еңсемізді көтертпей қойған-ды.
D) Колхоз үшін балық аулау маңыздырақ қой.
E) Күн еңкейе барып, қалың орманға батты.
|
17. Хабарлы сөйлемді көрсетіңіз.
A) Түн ұйқысын төрт бөлді, ә
B) «Көрер таңды көзімен атырды» демекпісің
C) Күләш – белгілі әнші
D) Шығарманың көркемдігі ме
E) Жазбай қойғанбысың
|
18. Бірыңғай бастауышты табыңыз.
A) Біздерге, қарттарға, жастар сияқты өмір сүруге тура келеді.
B) Түйе, жылқы, өгіз көлік ретінде пайдаланылады.
C) Сабаға құйылған қымызды піспекпен піседі.
D) Адамға адал дос табу қиын.
E) Ел сыры жер сырымен сабақтас.
|
19. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қыстырма сөзді табыңыз.
A) Егіннің өсуі: расында ғажап екен.
B) Егіннің өсуі - расында ғажап екен.
C) Егіннің өсуі, расында, ғажап екен.
D) Егіннің өсуі; расында ғажап екен.
E) Егіннің өсуі – расында, ғажап екен.
|
20. Ойын атауына байланысты біріккен сөзді табыңыз.
A) Айдаршөп.
B) Балтамтап.
C) Екібастұз.
D) Ұлтабар.
E) Киікоты.
|
21. Сөйлем түрін анықтаңыз.
Бұрын сыныпта, балалар арасында, өзін өзгеше биік санайтын оның осы арада бірінші рет сағы сынды.
A) Атаулы.
B) Жақты.
C) Жақсыз.
D) Жалаң.
E) Құрмалас.
|
22. Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз.
A) Күзетші сезіп қалмау үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік.
B) Оның құр мақтанғаны болмаса, қолынан ештеңе келмейді.
C) Есікте жүріп оңбайтынымды білген соң, өз тұсымнан талпынып байқадым.
D) Жақсының басына іс түссе, ашынар да ашылар.
E) Дауыс құлағына тигенше, Ботагөз бетінен алақанын алған жоқ.
|
23. Төл сөзге тән анықтаманы табыңыз.
A) Біреудің өзгертілмей айтылған сөзі.
B) Екі адамның сөйлескен сөзі.
C) Біреудің сөзінің мазмұны.
D) Біреудің сөзін жеткізушінің сөзі.
E) Біреудің өзгертіліп айтылған сөзі.
|
24. Сызықша қойылуға тиісті сөйлемді анықтаңыз.
A) Жалқаулық жаман ауру.
B) Көп адам қорқытады, терең су батырады.
C) Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
D) Басқа пәле тілден болады.
E) Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады.
|
25. Ғылыми стильге жататын сөйлемді табыңыз.
A) Қасына отырғызып, жөн сұрады.
B) Ол әлгі орманды картадан көрсетті.
C) Онда тас дәуіріне жататын мүліктер бары анықталды.
D) Жұмыстан соң олар табиғат аясында демалады.
E) Алыс жол атты сынайды.
|