1. ӨНеркәсіпте инновациялық Үрдістің теориялық аспектілері инновациялық қызмет түсінігі, мәні және оның түрлері


Инновациялық инфрақұрылымды дамыту



бет3/3
Дата20.07.2016
өлшемі0.71 Mb.
#212366
1   2   3

3.2 Инновациялық инфрақұрылымды дамыту

Қазақстанның ҰИЖ инновациялық инфрақұрылымының негiзгi ұйымдық институттары ұйымдық құрылымы бар, инновациялық дамудың барлық кезеңдерi мен процестерiне жәрдемдесу үшiн қажеттi және жеткілiктi қаржылық, кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз етiлген технологиялық парктер (технопарктер) және технологиялық бизнес-инкубаторлар болады.

Шетелдiк тәжiрибе көрсететiндей инновациялық саладағы шағын және орта кәсiпкерлiк өнеркәсiптi дамыған елдердiң инновациялық әлеуетiнiң алғашқы бұқаралық және неғұрлым серпiндi құрылым. Шағын және орта инновациялық фирмалар экономиканың пайда болатын салаларында, рыноктың жаңа сегменттерiн ашатын, жаңа өндiрiстi дамытатын, өндiрiстiң ғылыми сыйымдылығын және бәсекеге қабілетiн арттыратын және сонымен, жаңа технологиялық тәртiптi қалыптастыруға жәрдемдесетiн технологиялық көшбасшылар болып табылады.

Шағын инновациялық кәсiпорындарды дамыту мен қолдаудың пәрмендi тетiктерiнiң бiрi бизнес-инкубация процесi болып табылады, яғни табыстың мүмкiндiгiн айқындау әлi күрделi, оларды дамытудың әлi ерте, қауіптi кезеңiнде инновациялық жобаларға қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ технологиялық компанияларды жедел дамыту үшiн процесс. Инновациялық жүйенi қалыптастырудың бастапқы барысында инновациялық кәсiпорындарды дамытудың бастапқы барысында жинақталған, инновациялық инфрақұрылымның бөлiгi болуы тиiс, "технологиялық бизнес-инкубаторлардың" жүйесiн Қазақстанда құру инновациялық кәсiпкерлiктi дамытуда мемлекеттiң басты мiндеттерiнiң бiрi болады.

Технологиялық бизнес-инкубаторлар дербес бiрлiк және технологиялық парктердiң бөлiгі ретiнде көрiнiс бередi. Бұдан өзге, инновациялық компанияларды қаржыландыру желiсi бойынша технологиялық бизнес-инкубаторлар қаржыландырылатын жобаларды басқару және оларды ағымдағы мониторинг бойынша ҰИЖ агентiнiң функциясын орындайтын болады. Осы функцияларды iске асыру үшiн технологиялық бизнес-инкубаторлар бiлiктi менеджерлердiң, бухгалтерлердiң, экономистердiң және заңгерлердiң штатына ие болады. Бұл ретте, технологиялық инкубаторлардың қызметi инкубацияланатын шағын инновациялық компаниялар үшiн тегін болады. Технологиялық бизнес-инкубаторлардың бiрiншi кезеңдегі оларда орналастырылған инновациялық кәсiпкерлер мен инновациялық фирмаларға, ҒЗТКЖ-ға мемлекеттiк гранттарды алушыларға қызмет көрсетумен байланысты шығындарын тиiстi даму институттарын капиталдандыру жолымен мемлекет өтейтiн болады. Инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту көзқарасынан технологиялық бизнес-инкубаторлар мынадай функцияларды орындауы тиiс:

1. Жаңа технологиялық компанияларды ұлғайту және оларды "Start-up" кезеңiнде қолдау, өйткенi инкубаторлар кәсiпорынды басқаруда тұрақты көмек көрсететiн болады, қаржыландыруға қол жеткiзуге және кәсiпорынды бизнестi жоспарлау, бухгалтерлiк және заңгерлiк мәселелерiнде маркетингтiң жоспарларын жасау кезiндегi көмектi қоса алғанда, қажеттi қызмет пен технологиялық көмектiң кешенiн қамтамасыз етедi.

2. Компания иелерiн инновациялық менеджмент негіздерiне оқыту.

Тәжірибе көрсететiндей, технологиялық инкубаторлар кәсiпорындарға кез-келген басқа жерде бастайтын кәсiпорындармен салыстырғанда, олардың дамуын 7-12 есе жылдамдата отырып, "жедел мәре" бередi. Инкубаторлар бұған арнайы дайындалған мамандардың, рәсiмдердiң және әдiстердiң көмегiмен қол жеткiзедi. 2007 жылға дейiнгi кезеңде технологиялық парктердiң құрамынан Қазақстанның әртүрлi өңiрлерiнде және Қазақстанның жетекшi техникалық, аграрлық және медициналық жоғарғы оқу орындарының жанынан кем дегенде 12 арнайы технологиялық бизнес-инкубаторлар және технопарктер жанындағы 8 оқу орталықтарын құру болжануда.

Жетекшi технологиялық жоғары оқу орындары жанынан бизнес инкубаторлар мен технопарктер құру қазақстандық әзiрлеушiлер ұсынатын барлық инновациялық бастамаларды бiрте бiрте қамтуға алып келедi деп болжанады, бұл жыл сайын 300-ден астам жобаларды құрайды.

Инновациялық процестi басқарудың көзқарасынан технологиялық бизнес-инкубаторлардың желiсiн құру:

- технологиялық бизнес-инкубаторлардың аумағында жоғары технологиялық кәсiпорындардың ҰИЖ гранттық қаржыландыруы үшiн қажеттi материалдық ресурстарды жинақтауға;

- инновациялық циклдың ұзақтығын қысқартуға мүмкiндiк беретiн басқару шешiмдерiн жедел қабылдауға;

- инфрақұрылымды ұстап тұруға жүк-құжаттама шығыстарының деңгейiн азайтуға;

- инвестициялық шешiмдердi қабылдауда бюрократиялық рәсiмдердiң санын қабылдауға;

- инновациялық кәсiпорындардың басқару құрылымын оңтайландыруға;

- инновациялық жүйеде бiлiмдi алмастыру және беру үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк бередi.

Бизнес-инкубаторларда жұмыс үшiн компаниялар мен инновациялық кәсiпорындарды iрiктеу өтiнiш берушiнiң жеке басына, ғылыми дәрежелерi мен атақтарының болуына қарамастан жобалар мен идеялардың конкурсы ретiнде конкурстық негізде жүргізiлетiн болады. Бизнес-инкубаторлар өткiзетiн және ұйымдастыратын осы жобаларды рәсiмдеу, ғылыми-техникалық сараптама жасау, экономикалық есептерiн жүргiзу әлемдiк практика көрсететiндей, құрылатын технопарктерде орналастыру қажеттілігі кезiнде және ҰИЖ қаржыландыру үшiн мәлiмделген жобалардың 5-10 %-ы iрiктеуге алып келедi.

Технопарктердi деңгейлер бойынша олардың ҰИЖ элементтерi мен қатысушыларына бөлу Қазақстанның инновациялық дамуының жағдайы үшiн мейлiнше қолайлы болып табылады:

- ұлттық ғылыми-технологиялық парктер;

- өңiрлiк технологиялық парктер.

Ұлттық ғылыми-технологиялық парктер нормативтiк құқықтық актілердiң ережелерiне сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму үшiн басымдықты болып табылатын салаларды, өңiрлердi, білiм беру салаларын қарқынды (жедел) дамытуды қамтамасыз ету үшiн құрылады. Ұлттық ғылыми-технологиялық парктердiң аумақтарындағы инновациялық қызметтi ынталандыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтар мәртебесi берiледi.

Өңiрлiк технопарктер инновациялық әлеуеттi, өңiрдiң инновациялық қабiлеттiлiгiн айқындау, ашу және дамыту, өңiр экономикасының инновациялық өнiмдерге қажеттiлiгін қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Мемлекеттiк бюджеттiң қаражатын пайдалануды жоспарлау мақсатында ұлттық сол сияқты өңiрлiк технопарктердi құру мен дамыту кезiнде Технопарктердi құру мен дамытудың бағдарламасы қалыптасады.

Таяудағы екi жыл "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағын дамытудың негізгi бағыттары екiншi кезектегi құрылысты жалғастыру болып табылады.

Арасында Биотехнологиялар паркi, Ядролық технологиялар паркi, Жаңа материалдар паркi, Агротехнологиялар паркi және т.б. бар 2005-2006 жылдары құрылатын басқа ұлттық ғылыми-технологиялық парктердi дамытудың нақты бағыттары тиiстi құжаттарды әзiрлеу және бекiту барысында айқындалатын болады. Мұндай құжаттар Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы үшiн басымдықты ұлттық ғылыми-технологиялық парктердi құрудың мүмкiндiктерi мен мақсатқа сай болуының тұжырымдамалары, техникалық-экономикалық негіздемелерi, ұлттық технопарктердi дамыту жөніндегі iс-шаралар жоспары болып табылады.

Осы немесе өзге салалардың басымдықтарының негiздемелерi технологиялық дамудың әлемдiк үрдiстерiне, сондай-ақ Қазақстанның қолданыстағы ғылыми және өндiрiстiк жасап шығаруларына негiзделе отырып, ұлттық ғылыми-технологиялық тұжырымдамалары мен техникалық-экономикалық негiздемелерiн жасау жұмыстары барысында әзiрленетiн болады. Осы жұмысқа тиiстi салаларда ғылыми-технологиялық парктердi құру және басқару тәжiрибесi бар озық шетелдiк компаниялар тартылатын болады.

Ұлттық ғылыми-технологиялық парктердi дамытудың нақты бағыттарын айқындау, оларды технологиялық толтыру бойынша жұмысты ұлттық ғылыми-технологиялық парктердi құру мен дамытуға жауапты тиiстi уәкiлеттi орган ұлттық технопарктердi құру және дамыту жөнiндегi қызметтi үйлестiрудi тiкелей жүзеге асырушы ұйым ретiнде "Ұлттық инновациялық қор" АҚ-мен, сондай-ақ өзге де мүдделi органдармен бiрлесiп жүргiзетiн болады.

Ұлттық және өңiрлiк деңгейдегi барлық технопарктер үшiн 2006-2007 жж. кезеңiнде дамудың келесi кезеңдерi мынадай бағыттардағы Тұжырымдамада, технопарктердiң әрқайсысын дамыту бағдарламаларында көзделген iс-шара болады:

- технопарктердi дамытудың анағұрлым тиiмдi нысандарын айқындау жөнiндегi қажетті талдамалық, зерттеу, маркетингтiк жұмыстарды жүргiзу;

- физикалық инфрақұрылымды, оның iшiнде құрылыс, зертханалық, зерттеу базаларын құру;

- технопарктердегi жобаларға жәрдемдесудiң ұйымдық жүйесiн қалыптастыру, оның iшiнде қаржыландыру үшiн оларды ресiмдеу және дайындау;

- технопаркке жобаларды тарту, енгiзу, дамыту жүйелерiн құру, оның iшiнде технопарктердi мамандандыру салаларындағы өндiрiс пен зерттеу саласындағы отандық және шетелдiк жетекшiлердiң қатысуымен;

- оның аумағында технопарктер мен жобаларды дамыту процестерiнiң ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн дамыту;

- бiлiм беру орталықтарын ұйымдастыру, олардың қызметiнiң әдiстемелерiн әзiрлеу, оқытушылар құрамын даярлау;

- технопарктердiң тиiмдi дамуын қамтамасыз ететiн отандық және шетелдiк серiктестермен тұрақты байланыстар орнату;

- өңiрлiк технопарктер желiлерiн құру және дамыту жөнiндегi қызметін iске асыруды, тұжырымдамалық құжаттарды әзiрлеу сатысынан бастап және технопарктердiң ағымдағы қызметiне iлесумен аяқтайтын технопарктердi қалыптастыру процестерiнiң идеологиялық бiртұтастығымен қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн тиiсті уәкiлеттiк органдармен бiрлесе отырып, "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы" акционерлiк қоғамы жүзеге асырады.

Мемлекеттiк бюджет (республикалық, жергiлiктi бюджеттер, мемлекеттiң қатысуымен ұйымдардың қаражаты) қаражатының қатысуымен құрылған инновациялық инфрақұрылымның қазiргi уақыттағы субъектiлерi осы бағдарламаның ережелерiне және оны орындауға қабылданған нормативтiк-құқықтық актiлерге сәйкес өз қызметiнiң бағыттары мен тетiктерiн қайта қарауы тиiс. Мұндай ұйымдардың қызмет бейiнiн өзгертудiң мүмкiн еместігі кезiнде осы ұйымдардың құрылтайшылары инновациялық дамуды қолдау жүйесiне жататын ұйымдардың және шағын және орта кәсiпкерлiкке жәрдемдесу, жұмыспен қамту ұйымдардың қызметiн екiтүрлi түсiндiрудi болдырмау мақсатында олардың атауларына өзгерiс енгiзу тиiс. Өз кезегiнде, аталған ұйымдар ҰИЖ құру және дамыту процестерiмен байланысты бюджеттiк қаржыландыру саласында орналаспайтын болады




ҚОРЫТЫНДЫ

Біз бәсекге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салдарды дамытуға кірістік, сол арқылы қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуына жол аштық.

Әлемдік экономиканы жаһандандыру аясында Қазақстан мынадай бiрқатар проблемалармен кезiгедi: экономиканың шикiзаттық бағыттылығы, әлемдiк экономикамен елеусiз ықпалдастық, өндiрiстiк және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымағандығы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалуы, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) шығыстардың төмендігі және т.с.с. Бұл проблемаларды шешу үшін Қазақстан қоғамдық әл-ауқатының iргесi болуға қабiлетті бiлiмдерге негiзделген бәсекеге қабiлетті экономиканы құруы керек.

ХХ ғасырдың аяғына қарай ғылыми-техникалық сала ғылымның, білімнің, ғылымды қажетсiнетін салалардың, әлемдiк рыноктар бай және кедей елдер арасындағы шекараларды айқындайтыны, серпiндi экономикалық өсiмнiң негізiн құрайтыны, күштер орталықтарын қалыптастырудың маңызды факторы болып табылатыны анық болды. Ғылыми-техникалық саладағы басымдықтарды таңдау оның өзіндік даму перспективаларының шеңберiнен шығатын мәнге ие болды.

Қазiргi уақытта, өзiнiң коммерциялық қолданысын табуға инновациялық әзiрлемелердi және шығармашылық идеялардың аз үлесi ғана ие болады. Проблема, бүгiнгi күнi елде iс жүзiнде тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк база мен жобалық-конструкторлық институттар бұзылуында және ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн экономиканың нақты секторына енгiзудiң тиiмдi тетiгінiң болмауында болып тұр. Ғылымның институционалдық құрылымында соңғы жылдары болып жатқан қайта құрулар ғылыми-зерттеу институттарының меншiк нысандарындағы өзгерiстерге қарамастан жалпы алғанда инновациялық дамудың талаптарына жауап бермейдi. Ғылымда түпкілiктi нәтижелі өндiрiске жаңа өнiмдердi енгiзуге, жаңа коммерциялық тиiмдi технологияларды енгізуге әлсiз бағдар сақталып отыр. Бiрқатар салалық ұйымдар өзiндiк мәртебесi бойынша ғылыми болып қағаз жүзiнде қала отырып, iс жүзiнде зерттеушілiк қызметтi жиып қойды және тек шаруашылық құрылымға айналды.

Елдiң ғылыми әлеуетiн дамыту үшiн сараптама жүргiзу үшiн ұлттық компаниялар, iрi бизнес, ғылыми ұйымдар, даму институттары өкiлдерiнiң отандық сарапшыларынан өзге жоғары бiлiктi шетелдiк сарапшыларды тарту жолымен тәуелсiз ғылыми сараптама институтын жетiлдiру қажет. Тәуелсiз сарапшылардың еңбегін төлеу республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргізiледi. Қолданбалы ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың жоғарыда көрсетiлген қағидаттары бағдарламалық-мақсатты әдiс ретiнде де, дәл сондай жеке мега-жобалар ретiнде де кәсiпорынның, саланың нақты технологиялық проблемаларын мақсатқа сай шешуге, олардың бәсекеге қабiлеттігін көтеруге, жаңа, нақты қажеттiлік тудырған өнiмді немесе қызметтердi құруға мүмкiндiк бередi. Елдiң ғылыми әлеуетiн инновациялық процеске белсендi тарту үшiн олардың қызметiнiң ғылыми және инновациялық кәсiбiн сақтау үшiн инвестициялар тарту мақсатында ғылыми-техникалық саланың жекелеген объектiлерiн қайта жаңғырту және жекешелендiрудi жалғастыру қажет.

Қазақстан Республикасының инновациялық жүйесін дамыту үлкен және өте маңызды іс болып табылады. Инновацияны дамыту біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканы әртараптандыру жағынан атқаратын ролі зор. «High Tech Logistiс» компаниясы, яғни біздің фирма инновацияны дамытып Қазақстанның инновациясын дамытуға өз үлесін қосады деп ойлаймын.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Крылов Э.И. Анализ эффективности инвестиционной инновационной деятельности предприятия . – М.: Финансы и статистика 2006.

2. Серикбаева Б. Инновационные факторы развития // Транзитная экономика.- 2004.-ЗЧ 3.- С.106-110.

3. Комилов С. Основы развития инновационной деятельности предприятий.

4. Научное издание Наука и инновации в рыночной экономике 2005- 256с.

5. Н.А. Барлыбаева Алматы 2007-50с

6. Оқу құралы Қ.Сарбасова 2006-176б.

7. Қазақстанның ғылымы және инновациялық қызметі стат.жинақ 2007-96б.

8. Қазақстанның ғылымы және инновациялық қызметі стат.жинақ 2005-108б.

9. К.Өмірзақов Қазақстанның ғылымы мен жоғары мектебі 2007-5б.

10. Николаева Учебное пособие 2003-318с.

11. Т.И. Исахметов 2007-30с.

12. Астапов К. Инновации промышленных предприятий и экономический рост // экономист. 2005№6

13. www.google.kz/

14. www.htl.kz/



15. www.damucenter.kz/







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет