2. Охарактеризуйте флору и фауну Тупкараган-Таулымангышлакского района.
Түпқараған ауданы – Маңғыстау облысының батысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. Шығысында Маңғыстау, оңтүстігінде Мұнайлы ауданымен шектеседі. Аудан Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Орталығы – Форт-Шевченко қаласы.
Екі бөліктен тұратын аудан Каспий теңізінің шығысындағы Түпқараған түбегін, Маңғыстау үстіртінің теңіз жағалауы бойын және Бозащы түбегінің батыс бөлігін алып жатыр.
Ауданның батысы Каспий теңізі жағалауымен шектескенмен теңіздің жағалауға ықпалы шамалы. Ауданның оңтүстік және шығысында қыс қатаңырақаласы Қаңтар айының жылдық орташа температурасы –8 – 10°С, шілдеде 28 – 30°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 180 – 220 мм. Қар жамылғысы ұзақ жатпайды және оның қалыңдығы 10 см-ден аспайды. Түпқараған ауданында жел 7 ай бойы тұрақты соғып тұрады, орташа жылдамдығы 8,0 м/с. Жазда құрлықтан теңізге қарай соғатын жел басым. Топырақ жамылғысынан құмдақты қиыршық тасты сұр топырақ, шалшықты-батпақты келген солтүстігінде сор топырақ қалыптасқан. Шығыс, оңтүстік-шығысында қиыршықты-құмдақты сұр топырақ дамыған. Өсімдік жамылғысында бұйырғын, жусан, т.б. сораң шөптер басым. Ауданның солтүстігінде Бозащы артезиан алабы жатыр.
Түбектің топырақ құраушы тау жыныстарын 1 – 1,5 м тереңдіктегі әктастарды жапқан саздақтар құрайды. Әктас жер бедерінің көтеріңкі бөліктерінде (әсіресе теңіз жағалауларында) жер бетіне шығып жатыр. Жазық жерлердің солтүстігіндегі шөлдің сор-сортаңды шақпақтасты қоңыр топырағында астық дақылды-бозжусанды (сарпент бозы, мортық, таспашөп), бұталы-бозжусанды және бидайықты-бозжусанды өсімдік топтары өседі; ал ойлы-қырлы жерлерінде олар бозжусанды- бұйырғын, тасбұйырғын және бұталы-бозжусан топтарымен алмасады. Түбек жері жайылым ретінде пайдаланылады.
3. Охарактеризуйте флору и фауну Каратауского района.
4. Охарактеризуйте флору и флору Каратау (Восточный и Западный Каратау)
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы жерінде орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 110 км-ге созылып жатыр, енді жері 12 км. Батыс Қаратау және Шығыс Қаратау жоталарынан тұрады. Ең биік жері – Шығыс Қаратау жотасында орналасқан Бесшоқы тауы (556 м).
Үстіртті келген тау беткейлері сай, жыра, шатқалдармен тілімденген. Тау баурайларында бұлақтар (Сарыбұлақ - Батыс Қаратауда, Жаманүшқұз - Шығыс Қаратауда) бар. Батыс және Шығыс Қаратау аралығында Маңғыстау ауданының орталығы – Шетпе ауылы орналасқан.
Пермь кезеңінің метаморфтанған құмтас, әктас және конгломераттарынан түзілген. Қаратау жотасының жер қойнауында темір, мыс кентастары, көмір, мұнай, газдың мол қоры барланып ашылған. Қаратау сілемдерінен су алатын 20 шақты орын бар. Олардың ішінде ең ірілері- Тұщыбек, Шайыр, Шетпе, Қарақұдық, Онды, Жармыш, Ағашты, Аусары, Күркүреуік, Керіз, Доллы апа. Бұлардағы су мүмкіндігі 1,5-тен 6,3 л/с дейін, ал атпалы түтіктердегі 5-15 л/с ке дейін, кей жерлерде 23 л/с дейін (Қарақұдық), кей жылдары бірсыпыра су көздерінің (Тұщыбек, Шайыр) өнімділігі көктемде 15-25 л/с жетеді. Пайдаланатын су қоры әп түрлі әдіспен есептегенде 260 л/с деп бағаланады.
Беткейінде жусан, қараған, етегінде тасбұйырғын өседі. Аңғары – жайылым.
Достарыңызбен бөлісу: |