Реферат Тақырыбы: «Қазақстан егеменді мемлекет»



бет1/2
Дата02.01.2022
өлшемі42.95 Kb.
#454066
түріРеферат
  1   2
Реферат «Қазақстан - егеменді мемлекет»


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Е. А. Букетов атындағы Қарағанды университеті

Тарих факультеті

Реферат

Тақырыбы: «Қазақстан - егеменді мемлекет»

Орындаған: ИОПиП-35 тобының 3 курс студенті Жаппарова М.Н

Тексерген: Оралбаев Н.К

Қарағанды - 2021 жыл

Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Қазақстан Республикасы

2.2 Мемлекеттік құрылысы

2.3 Қазақстан Республикасы — егеменді және тәуелсіз мемлекет

2.4 Қазақстан – демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет.

2.5 Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 Кіріспе

     Қазақстан Республикасы – ұлан-байтақ, қуатты ел. Жер қойнауында да, жер бетінде де тұнып жатқан байлық мол. Жерінің ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі он мемлекеттің қатарына жатады. 


Қазақстан 1920 жылы 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталған. КСРО құрамына 1936 жылы он бес одақтас республиканың бірі болып кірді. 

1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік егемендік туралы Декларациясын қабылдады. Содан бері 25 қазан Республика күні болып жарияланды. Ал 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. 


Қазақстан Республикасы – егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болғандықтан, 1991 жылдың 21 желтоқсанында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД), ал 1992 жылдың 2 наурызында Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді. Өзіміздің егемендік құқымызды негізге ала отырып, 1995 жылы 30 тамызда Конституция (Ата заң) қабылданды. Ата заңды құрметтеу, жақсы білу және мүлтіксіз орындау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Оның қағидалары заңды түрде қорғалады. 

Конституция бойынша мемлекет басшысы және ең жоғары лауазым иесі – Президент. Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Парламент екі палатадан тұрады. Жоғарғы палата – Сенат, төменгі палата – Мәжіліс деп аталады. Атқару қызметін Үкімет орындайды. Әкімшілік-аумақтық жағынан Қазақстан 14 облысқа, 160 ауданға бөлінеді. Мұнда 85 қала, 200-ден аса қала типтес кент бар. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1997 жылы Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.   



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет