1 Қосымша № корпоративтік дебеттік карточкаларды беру және қолдану тәртібі туралы шарт



Дата05.07.2016
өлшемі377.69 Kb.
#180832
«Корпоративтік дебеттік карточка» банктік өнімінің сипаттамасына

1 Қосымша


______ корпоративтік дебеттік карточкаларды беру және қолдану тәртібі туралы шарт



201_ж. «__» _____________
«БТА Банкі» Акционерлік қоғамы, әрі қарай «Банк» деп аталатын, ___________ ж. № __________ Сенімхат негізінде әрекет ететін _______________________ тұлғасында бір тараптан, және

___________________________________, әрі қарай «Клиент» деп аталатын, __________________________________ негізінде әрекет ететін __________________________________ тұлғасында екінші тараптан, әрі қарай бірлесіп «Тараптар», ал жеке алғанда «Тарап» деп аталатындар төмендегілер туралы осы Шартты (әрі қарай - Шарт) жасады:
Шартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар:

Авторлау– Эмитенттің карточкалық операцияны жүзеге асыруға рұқсаты.

Авторлау бойынша сұрату – карточкалық операция жүргізу үшін Эмитентте сауда және сервис Эквайері/Кәсіпорнымен жүргізілетін сұрату.

Авторланған жауап - Эмитентпен сауда және сервис Эквайері/Кәсіпорнына жіберілетін авторлау бойынша сұратуға берілген жауап.

Карточканың күшін жою – Карточканы жарамсыз деп тану және оны қолданыстан шығару.

Банкомат – Карточка ұстаушыларына қолма-қол ақшаларды алу және карточканы қолданумен Банктің басқа да қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беретін электронды-механикалық құрылғы.

Карточканы оқшаулау – карточканы қолдану арқылы карточкалық операцияларды жүзеге асыруға толығымен немесе уақытша тыйым салу.

Шот бойынша үзінді – шоттағы ақшалардың қозғалысын көрсететін, берілген төлем карточкасын қолдану арқылы жүзеге асырылған төлемдер туралы ақпараттан тұратын, карточка ұстаушысына берілетін банктік құжат.

Карточкалар шығару – Тараптармен қол қойылатын шарттың және карточка ұстаушысының өтініш-сауалнамасының негізінде олардың ұстаушыларына карточкалар беруді қарастыратын операция.

Дауыстық авторлау –бұл сатушы немесе кассир авторлау бойынша сұратуды телефон арқылы беретін авторлау.

Ғаламдық қолдау қызметі – саяхат кезінде ХТЖ карточка ұстаушыларына жедел көмек көрсететін халықаралық қызмет. Аталған бағдарламалар/қызметтер ХТЖ-мен Банктің карточка ұстаушыларына ұсынатын қызметтерінің орнын басу үшін емес, оларды толықтыру үшін жасалған.

Карточка ұстаушысы/Ұстаушы – осы Шартқа сәйкес карточканы пайдалану құқығына ие, клиенттің өкілі болып табылатын жеке тұлға.

Клиент – Банкпен шарт бекіткен және банктік шоттің иесі болып табылатын заңды тұлға.

Корпоративтік дебеттік карточка (әрі қарай – Карточка) осы шарттың негізінде клиенттің уәкілетті өкіліне берілетін төлем карточкасы. Карточканы пайдалану арқылы жасалатын төлемдер шоттағы ақшалардың шегінде жүзеге асырылады.

Карточка бойынша операция – тауарлар мен қызметтерді қолма-қол ақшасыз төлеу, қолма-қол ақшаларды алу, шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізу және осы Шарт пен Банктің ішкі құжаттарымен белгіленген жағдайларда басқа да операцияларды жүзеге асыру үшін карточка немесе оның деректемелерін (карточканың нөмірі, әрекет ету мерзімі) қолдану арқылы жүзеге асырылған операция.

Қолжетімді баланс – Клиенттің банктік шотындағы ақшалардың қалдығымен бірге ақшалар сомасы.

Ақшаларды пайдалану лимиті - Клиентпен карточка ұстаушыларына белгіленген, карточка ұстаушыларына белгілі бір уақыт арылығында (ай, апта, тәулік) қолжетімді болатын ақша сомасының ең жоғары мөлшері.

Импринтер – слиптегі карточканың алдыңғы жағының бедерін алуға мүмкіндік беретін механикалық құрылғы. Сауда және сервис Эквайері/Кәсіпорнымен дауыстық авторлау режимінде карточка бойынша карточкалық операцияларды жүргізу барысында слипті ресімдеу үшін қолданылады.

Картотека – клиенттің шоттарындағы ақша сомасы жеткіліксіз болған жағдайда, Банкпен көрсетілген қызметтер үшін комиссияны төлеуге қажетті берешекті есепке алу тіркелімі.

Халықаралық төлем жүйесі/ХТЖ – аталған жүйенің ішкі ережелеріне сәйкес төлем карточкаларын қолдану арқылы төлемдердің жүргізілуін қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдар, құжаттамалар мен ұйымдық-техникалық іс-шаралардың жиынтығы.

Овердрафт – карточка ұстаушысының оның банктік шотындағы ақша қалдықтары бойынша шағындарының артуы.

ОМжТКҚБ – On-line мониторинг және төлем карточкаларын қолдау бөлімі.

Төлем карточкасы – карточка ұстаушысына төлемдерді жүзеге асыру, қолма-қол ақшаларды алу, валюта айырбастауды және Эмитентпен белгіленген жағдайларда және тәртіпте басқа да операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараттан тұратын, электронды терминалдар немесе басқа да құрылғылар арқылы банктік шотқа қолжетімділік құралы.

Сауда және сервис кәсіпорны – CTL жүйесіне қосылған, өзінің тауарлары мен қызметтері үшін карточка арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдайтын, кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға білімінсіз жүзеге асыратын заңды тұлға немесе жеке тұлға.

Карточкаға қызмет көрсету пункті – сауда және сервис кәсіпорындары, қолма-қол ақшаларды беру пункті, банкоматтар.

Қолма-қол ақшалар беру пункті – карточканы қолданумен POS-терминал немесе Импринтер арқылы қолма-қол ақшаларды қабылдау және/немесе беру операцияларын жүзеге асыруға арналған арнайы жабдықталған орын.

Жұмыс күні –Қазақстан Республикасындағы банктер банктік операцияларды жүргізу үшін ашық болатын күн.

Деректемелер - төлем карточкасының оның ұстаушысы, эмитент пен ХТЖ-не тиесілі екендігін белгілеуге мүмкін беретін төлем карточкасындағы және/немесе онда сақтаулы ақпарат.

Авторлау сомасы – Эмитенттің рұқсатымен карточканы қолданумен карточкалық операцияларды жүзеге асыруға арналған ақшалар сомасы.

Алаяқтықтың жоғары тәуекелдеріне ие елдер – Австралия, Австрия, Албания, Белоруссия, Бельгия, Болгария, Босния, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Гонконг, Греция, Дания, Египет, Израиль, Үндістан, Индонезия, Ирландия, Испания, Италия, Канада, Катар, Кипр, Қытай, Корея, Косово, Латвия, Литва, Малайзия, Мальдивы, Мексика, Молдова, Монтенегро, Нигерия, Нидерланды, Норвегия, Біріккен Араб Эмираттары, Пәкістан, Польша, Португалия, Ресей Федерациясы, Румыния, Сербия, Сингапур, Словакия, Словения, АҚШ, Тайланд, Тайвань, Тунис, Түркия, Украина, Филиппины, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Швеция, Шри-Ланка, Эстония, Эфиопия, Жапония.

Слип – сауда және сервис эквайері немесе кәсіпорнының дауыстық авторлау режимінде карточка бойынша карточкалық операцияны жүргізу барысында қағаз таратқышта Импринтердің көмегімен құрылатын төлем құжаты. Карточка ұстаушы жүргізілген операцияның сомасымен келісетін жағдайда кассир мен карточка ұстаушысының қолдарымен куәландырылады. Карточка ұстаушысының тауарлар/қызметтер үшін банктік шоттан ақшаларды шығарып алуына негіз болып табылады.

Стоп - парақ – жоғалған, ұрланған және оқшауланған карточкалар нөмірлерінің тізімі.

Шот - клиентке карточканы қолдану арқылы онымен/ұстаушымен операцияларды көрсету үшін ашылатын банктік шот.

Ішінара оқшаулау - карточка ұстаушысы/клиенттің «Business» түріндегі жоғалған/ұрланған карточкалардың деректемелерін Стоп-параққа енгізуден бас тартуы.

Чек – карточканы қолдану арқылы карточкалық операцияның жүзеге асырылу айғағын растайтын құжат.

CTL - «Card Tech LTD» компаниясының ХТЖ микропроцессорлық карточкаларын шығару мен қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етуі.

CVV - кодәрбір карточка үшін дербес берілетін және қосымша қорғаныш құралы ретінде қызмет атқаратын, карточканың артқы жағына енгізілген карточканың үш таңбалы сәйкестендіру коды.

PIN-код – карточка ұстаушысына берілетін және карточка ұстаушысын сәйкестендіруге арналған дербес сәйкестендіру нөмірі, 4-таңбалы сандық құпия код.

POS-терминал – автоматты режимде карточка бойынша карточкалық операцияны авторлау үшін қолданылатын электронды терминал. Эквайерлермен карточка бойынша қолма-қол ақшаларды беру үшін немесе сауда және сервис кәсіпорындарымен тауарлар/қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз төлемдер жаау үшін пайдаланылады. Чекті басып шығарады, онда карточка ұстаушысы жүргізілген карточка операциясының сомасымен келісетін жағдайда, кассир мен карточка ұстаушысының қолдары қойылады.

Эквайер – банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банк немесе ұйым, ол кәсіпкермен жасалатын шарттың талаптарына және/немесе төлем карточкасын пайдаланумен төлемді жүзеге асыру кезінде кәсіпкерде құрылған төлем құжатының талаптарына сәйкес олар кәсіпкердің пайдасына түскен ақшаларды қабылдауы және/немесе кәсіпкермен жасалған шартпен қарастырылған басқа да іс-әрекеттерді орындауы керек. Сонымен қатар төлем карточкасы бойынша қолма-қол ақшаларды беруді жүзеге асыратын банк те эквайер болып табылады.

Эмитенттөлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыратын банк.


  1. Шарттың мәні

    1. Осы Шарттың тәртібі мен талаптарында Банк _________ валютасында, №_________ Шотын ашуға, клиенттің уәкілетті өкіліне шығаруға және Қазақстан Республикасының заңнамасы, Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес Шотқа қызмет көрсетілуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.

    2. Клиент осы Шартқа сәйкес карточканы қабылдауға және қолдануға міндеттенеді. Карточка ұстаушысы болып клиенттің уәкілетті өкілі табылады. Тараптар шарттың ережелерінің карточка ұстаушыларына да таралатындығымен келіседі.



  1. Шотты жүргізу

    1. Шотты жүргізу Банкпен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    2. Банк клиенттің шоты бойынша төмендегілермен байланысты операцияларды жүргізеді:

  • Банктің клиенттің ақшасының болуы және пайдалануы;

  • ақшаларды клиенттің пайдасына қабылдау (есепке алу);

  • карточка ұстаушыларының карточканы пайдалануы арқылы үшінші тұлғалардың пайдасына төлемдер жасауы;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасы және/немесе осы Шартпен қарастырылған негіздемелер бойынша клиенттің ақшаларын өндіріп алу туралы үшінші тұлғалардың өкімдерін орындау;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасы және/немесе осы Шартпен белгіленген тәртіпте клиенттен ақшаларды (қолма-қол ақшамен/қолма-қол ақшасыз) қабылдауды жүзеге асыру;

  • карточка ұстаушыларына Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен белгіленген тәртіпте банкоматтар мен қолма-қол ақшаларлы беру пунтктерінде қолма-қол ақшаларды беру;

  • клиенттің сұранысы бойынша шот бойынша үзінділер мен анықтамалар беру;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасы және/немесе осы Шартпен клиент/карточка ұстаушысыга басқа да банктік қызмет көрсетуді жүзеге асыру.

    1. Шот бойынша барлық операцияларды Банк клиент/карточка ұстаушысының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жіберілген клиент/карточка ұстаушысының нұсқауларының негізінде жүзеге асырады.

    2. Карточкаларды пайдалану арқылы шот бойынша барлық шығыс операциялары шоттағы ақшалардың қалдығының шегінде жүзеге асырылады.

    3. Шот бойынша сыйақы төлеу жүргізілмейді.




  1. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

Банктің құқығы бар:

    1. Қолданыстағы заңнама, сонымен қатар осы Шартпен қарастырылған жағдайлар мен негіздемелер бойынша клиенттің шотың біржақты тәртіпте жабуға.

    2. Клиенттен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес төлемнің жүргізілу және валюталық операциялардың жүзеге асырылу негіздемесін растайтын құжатттарды сұратуға.

    3. Клиент/карточка ұстаушысы осы Шарттың талаптарын бұзған жағдайда, осы Шарттың әрекет етуін кідірте тұру және/немесе тоқтату, оқшаулау және/немесе шот бойынша карточка ұстаушысына берілген барлық карточкаларды стоп-параққа енгізуге.

    4. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасымен белгіленген жағдайларда клиенттердің қажетті құжаттарды ұсынуын талап етуге.

    5. Осы Шарт пен Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайларда клиенттің шоты бойынша операциялар жүргізуден бас тартуға.

    6. Банк бөлімшесінің операциялық залына Банктің жаңа тарифтерінің енгізілуінен кемінде бес операциялық күн бұрын хабарлама ілу арқылы клиентке міндетті түрде хабарлаумен Банк тарифтеріне өзгерістер енгізу.

    7. Ақша болмаған немесе олар жеткіліксіз болған жағдайда, басқа банктерде ашылған басқа шоттардан төлем талап-тапсырмаларын ұсыну арқылы Клиенттің алдын-ала хабарламасы мен қосымша келісімінсіз төлем ордерінің негізінде шот немесе Банкте ашылған басқа да шоттарды тікелей дебеттеу арқылы төмендегі сомаларда ақшаларды акцептісіз тәртіпте өндіріп алуға:

  • Банктің ХТЖ-нен алатын хабарламадарының сомалары;

  • сауда және сервис эквайерлері немесе кәсіпорындарымен ұсынылған карточка ұстаушысымен сатып алынған тауарлар/қызметтер үшін төлем жасау чектері/слиптерінің сомалары;

  • банкпен белгіленген тарифтерге сәйкес Банктің комиссиялық алымдарының сомалары;

  • клиент/карточка ұстаушысының осы Шарттың талаптарын және карточканы пайдалану талаптарын бұзуы салдарынан Банктің кез келген шығындарының сомалары;

  • осы шарттың аясында шығарылған барлық карточкаларға қатысты карточкалық операциялардың сомалары;

  • жіберілген Овердрафттардың сомалары;

  • клиенттің шотына оған тиесілі емес қате аударылған ақша сомалары;

  • клиентке Банктің банкоматында қателікпен артық берілген ақша сомалары;

  • карточкалар клиенттің кінәсінен ұсталған жағдайда, карточканың сауда және сервис кәсіпорындарында және басқа банк банкоматтарында ұсталуы бойынша комиссия сомалары.

Осы Шартқа қол қою арқылы клиент Банкке шарттың осы тармағымен белгіленген тәртіп пен талаптарда клиенттің Банк алдындағы міндеттемелері бойынша берешектің тұтас сомаларын акцептісіз тәртіпте өндіріп алу (шығарып алу) құқығын береді.

Клитенттің шотында (шоттарында) ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, Банктің төлем құжаттары (төлем ордерлері, төлем талаптары – тапсырмаларғ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған акцептісіз тәртіпте жүзеге асырылатын басқа да төлем құжаттары) төлем құжаттарында көрсетілген барлық сома өндіріп (шығарылып) алынғанға дейін Картотекада сақталуы керек.



Банк міндетті:

    1. Клиент пен үшінші тұлғалармен Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімдерде қолма-қол ақшасыз аудару арқылы енгізілетін ақшаларды шотқа есепке алуға.

    2. Клиенттің талап етуімен клиентке/карточка ұстаушысына шот бойынша үзінділер ұсынуға. Карточка ұстаушысына шот бойынша үзінді клиентпен берілген сенімхат болған жағдайда ұсынылады.

    3. Клиенттен клиенттің шоты бойынша операциялар жүргізу турады нұсқауын алған жағдайда, оны орындау немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіп пен мерзімдерде негіздемелі түрде оны орындаудан бас тартуға.

    4. Клиенттің шотына қойылатын нұсқауларды Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіп пен кезектілікте орындауға.

    5. Клиенттің ақшаларының және клиенттің шоты бойынша жүргізілетін операциялар бойынша құпиялылықтың сақталуын қамтамасыз етуге. клиенттің шоты бойынша операцияларға қатысты мәліметтер Қазақстан Республикасының занамасымен белгіленген тәртіпте ғана үшінші тұлғаларға жариялануы мүмкін.

    6. Клиент/карточка ұстаушысына қызмет көрсету уақытында Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтауға.

    7. Клиенттің тиісті өтініші, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да жағдайларда шотты жабуға.

Клиенттің құқығы бар:

    1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіп пен шектерде өз бетімен, өзінің қалауы бойынша шоттағы ақшаларға иелік етуге.

    2. Өз шотының ағымдағы жағдайы бойынша ақпарат алуға.

    3. Шот бойынша карточкалық операция жүргізілген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде даулы карточкалық операцияны (слип немесе чек болған жағдайда) қарастыру туралы өтінішпен Банкке хабарласуға. Олай болмаған жағдайда жүргізілген карточкалық операция расталған болып есептеледі және бұдан кейінгі шағымдардан Банк бас тартуы мүмкін. Банкке келіп түскен даулы карточкалық операцияны реттегенге дейін шот бойынша бұрын дебеттелген ақшалар Банкпен қалпына келтірілмейді.

    4. Карточка ұстаушылары үшін белгілі бір мерзімге ақшаларды пайдалану лимитін белгілеуге.

    5. Банкке төлем карточкасын пайдалана отырып шотты оқшаулау/оқшаулаудан шығару, қайта шығару және/немесе шотты жабу туралы өтінішпен хабарласуға.


Клиент міндетті:

    1. Клиенттің танысуы үшін кез келген уақытта Банктің кез клеген бөлімшесінде және Банктің сайтындағы www.bta.kz мекенжайы бойынша интернет желісінде қолжетімді болатын Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес Банк қызметтері үшін төлем жасауға.

    2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген төлемдер/аударымдарды жүзеге асыру және төлем құжаттарын ресімдеу, валюталық операциялар жүргізу ережелерін сақтауға.

    3. Шоттан қолма-қол ақшаларды шығарудың, соның ішінде осы Шарттың 9.3-т. көрсетілген сомадан жоғары сомаға карточканы пайдалана отырып ақшалар шығарудың болжамды күнінен 5 (бес) жұмыс күні бұрын Банкке хабарлауға.

    4. Банктің барлық жағдайлар туралы хабарлауға: заңды мекенжай, байланыс телефондары, карточка ұстаушыларының өзгеруі; карточкалардың жоғалуы немесе ұрлануы.

    5. Хабарламада өзінің төлем тапсырмасының деректемелері мен анықталған қате деректемелерді көрсете отырып, клиенттің шоты бойынша үзіндіні алғаннан кейін үш жұмыс күнінің ішінде Банкке рұқсат етілмеген нұсқаулардың орындалуы, клиенттің шоты бойынша қате жүргізілген операциялар (соның ішінде орындалған төлем тапсырмалары мен ақшалардың қате есепке алыну айғағы) туралы жазбаша түрде хабарлауға.

    6. Клиенттің нұсқау алған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей клиенттің шотына үшінші тұлғалармен қойылған клиенттің рұқсатын талап ететін төлем талап-тапсырмаларын құптау немесе оларды негіздемелі түрде құптаудан бас тарту немесе оларды Банкке қайтаруға.

    7. Банктің талап етуімен Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайлар мен негіздемелер бойынша кез келген ақпарат пен құжаттарды ұсынуға.

    8. Овердрафттың туындауына жол бермеуге. Овердрафтқа жол берілген жағдайда, оның туындаған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінің ішінде шотқа ақша енгізу арқылы овердрафт сомасын өтеуге.

    9. Ай сайын шот бойынша үзіндінің негізінде өз шотының жай-күйін бақылауға.

    10. Клиент карточка ұстаушыларын осы Шарттың талаптарымен таныстыруға және карточка ұстаушыларының осы шартта көрсетілген талаптар сақтауы бойынша толық жауапкершілік көтеруге міндетті.

    11. Шотқа қате аударылған ақша туралы айғақты аталған айғақ туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде хабарлауға.

    12. Ұстаушылардың карточкаларды сенімді түрде сақтауын және карточка ұстаушыларына өзінің PIN-коды мен кез келген үшінші тұлғаларға карточка деректемелерінің ияланбауын қамтамасыз етуге.

    13. Банкке тәулік бойы, демалыссыз және мереке күндерінсіз жұмыс істейтін ОМжТКҚБ телефондары бойынша карточкалардың жоғалуы, ұрлануы немесе уәкілетті емес тұлғамен қолданылуы туралы дереу хабарлауға. ОМжТКҚБ телефондарының нөмірлері карточкалардың кері жағында Банк банкоматтарында көрсетілген, сонымен қатар Банк бөлімшелерінің ақпараттық бұрыштарына орналастырылған.

    14. Карточка/лар карточка ұстаушысымен/ұстаушыларымен алаяқтықтың жоғары тәуекеліне ие елдерде қолданылған жағдайда, карточка/лардың алаяқтықтың жоғары тәуекеліне ие елдерде қолданылуы тоқтатылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде карточка/лардың қайта шығарылуын қамтамасыз етуге. Аталған талап орындалмаған және осыған байланысты алаяқтықтың жоғары тәуекеліне ие елдерде карточка бойынша карточкалық операцияларды алаяқтық туындаған жағдайларда, клиенттің аталған карточкалық операциялармен келіспеуге және ақшалардың өтелуін талап етуге құқылы болады; бұл жағдайда Банктің барлық шығындары мен Банкке тиген залалдарды клиент Банк клиентке жіберген жазбаша талапта көрсетілген мерзімнің ішінде сөзсіз тәртіпте өтеуі тиіс.

    15. Карточкалық операциялар жасалған уақыттан бастап 3 (үш) ай мерзімінің ішінде карточканы пайдаланумен байланысты барлық құжаттарды (чектер, слиптер, қызметтер мен тауарлар бойынша төлем жасау бойынша шоттар) сақтау және оларды Банктің талап етуімен ұсынуға.

    16. Осы Шарт бұзылған жағдайда клиент Банкке осы Шартқа сәйкес шығарылған барлық карточкалырды қайтаруға міндеттенеді.

    17. Қазақстан Республикасының заңнамасы, Банктің ішкі нормативтік құжаттары мен осы Шартпен қарастырылған басқа да міндеттерді орындауға.




  1. Карточка шығару. Карточкаларды пайдалану тәртібі.

    1. Банк карточка шығару туралы оң шешім шығарған және клиент Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен Банктің ішкі құжаттарымен қарастырылған қажетті құжаттарды ұсынған жағдайда, Банк Банкпен анықталған мерзімдерде осы шартқа №1 Қосымша көрсетілген карточка ұстаушыларын төлем карточкасын шығарады, карточка ұстаушыларының уақытша қолдануы үшін ұсынады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен осы Шарттың талаптарына сәйкес карточкаға қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді.

    2. Банкпен шығарылған/қайта шығарылған карточка/ларды алу үшін карточка ұстаушысы/ұстаушылары Банкке келіп, Банктің карточканың алынғанғын куәландыратын құжаты мен карточканы оны ұстаушысының алғандығы туралы айғақты растайтын басқа да куәлікке қол қоюы керек.

    3. Банк карточка шығару туралы шешім қабылдаған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күннің ішінде карточкасы ұстаушысы карточканы алу үшін Банкке келмеген жағдайда, Банк карточканың күшін жоюға құқылы. Банк карточканың күшін жойған жағдайда, карточка шығару мен қызмет көрсету бойынша Банктің комиссиясы клиентке қайтарылмайды.

    4. Карточкалар Банктің меншігі болып табылады және карточка ұстаушыларына тек клиенттің шотындағы ақшаларға қолжетімділік құралы ретінде беріледі.




  1. Сақтандыру депозиті

    1. Осы Шарттың аясында карточкалар шығару жағдайында клиенттің таңдауы үшін карточканы сақтандыру депозитімен/сақтандыру депозитінсіз карточка ашу ұсынылады. Клиент сақтандыру депозитімен карточка ашуды таңдаған жағдайда, клиентке шотқа (150 000 теңге/1 000 USD/1 000 EURO) мөлшерінде сақтандыру депозитін салу керек (клиенттің шотын жүргізу валютасына қарай).

    2. Сақтандыру депозиті шотқа қамтамасыз ету ретінде салынады, оны Банк шот бойынша овердрафттың туындауы және клиент тарапынан оның өтелмеуі салдарынан Банкке келтірілген шығындарды (олар туындаған жағдайда) өтеу үшін қолданады. Осыған байланысты Банк клиенттің осы шарттың әрекет ету мерзімінің ішінде сақтандыру депозиті сомасына өкім жасау құқықтарына шектеу қояды.

    3. Осы Шарттың әрекет ету мерзімі/карточканың әрекет ету мерзімі аяқталғанан кейін/карточка ұрланған, жоғалған, бұзылған жағдайда, егер клиент карточканы қайта шығаруды қаламаса, аталған кезең ішінде Банк клиенттің шоты бойынша овердрафттың туындауы анықталмаған жағдайда, сақтандыру депозитіндегі ақша клиент шотты жабу және/немесе карточканы оқшаулау туралы өтініщ берген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн өткеннен кейін клиентке қайтарылады.

    4. Осы Шарттың 5.3.-т. көрсетілген уақыт ішінде клиенттің шоты овердрафттың туындау айғағы ақыталған жағдайда, овердрафт сомасын өтеу шоттан ақшаны (сақтандыру депозитін) акцептісіз тәртіпте өндіріп алу және/немесе клиенттің шотын тікелеу дебеттеу арқылы клиентпен енгізілген сақтандыру депозиті сомасының есебінен жүргізіледі. Клиент Банктен тиісті хабарлама алған күннен бастап 30 (отыз) күннің ішінде шотта сақтандыру депозиті сомасының болуын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Клиент шотта сақтандыру депозиті сомасының болуын қамтамасыз етпеген жағдайда, Банктің шот бойынша шығыс операцияларын кідіртуге құқығы бар.

    5. Клиенттің шоты бойынша сақтандыру депозитінің мөлшерін асатын овердрафт туындаған жағдайда, клиент Банктен тиісті хабарлама алған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күннің ішінде шотта сақтандыру депозитінің сомасынан асатын мөлшерде овердрафт бойынша берешекті өтеуше қажетті және жеткілікті ақша сомасының болуын қамитамасыз етуге міндетті.

    6. Осы Шарттың 5.3.-т. көрсетілген мерзім ішінде клиенттің шоты бойынша овердрафттың туындау айғағы анықталмаған жағдайда, Банк ақшаларды клиенттің № _____________________ шотына аудару арқылы сақтандыру депозитінің қайтарылуын қамтамасыз етеді.

    7. Карточкадағы сақтандыру депозитінің қолданылған сомасы автоматты түрде ақшалар шотқа есепке алынған уақытта толықтырылады.

    8. Сақтандыру депозиті сомасының қайтарылуы клиенттің шотты жабу туралы өтінішінің жағдайларында және соның негізінде жүргізіледі.

    9. Сақтандыру депозитінде орналастырылған ақша сомасына сыйақы есептелмейді.




  1. Карточкаларды қайта шығару

    1. Осы Шарттың аясында шығарылған карточкалардың әрекет ету мерзімі аяқталған жағдайда, карточкаларды қайта шығаруды Банк төмендегі тәртіпте жүзеге асырады:

  • карточка/ларды қайта шығару мүмкіндігі/мүмкінсіздігі Банкпен Банктің ішкі құжаттарына сәйкес карточка/лардың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік бұрын анықталады.

  • карточка/лардың әрекет ету мерзімі ақталғанға дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Банк клиентке ол бойынша карточка/лардың қайта шығарылуы жүргізілетін карточка ұстаушыларының тізімімен бірге жахбаша түрде хабарлама жебіредіү

  • Банктен жазбаша хабарлама алған уақыттан бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей клиент тізімде көрсетілген барлық карточка ұстаушыларына карточка/ларды қайта шығару қажеттілігі туралы жазбаша түрде растауға немесе карточка/ларды қайта шығару қажет карточка ұстаушыларының өзгертілген тізімін ұсынуға міндеттенеді.

  • клиенттен онда көрсетілген карточка ұстаушыларына карточкаларды қайта шығару қажеттілігі туралы жазбаша нысандағы растаманы алғаннан кейін Банк шоттағы ақша қалдығын сақтау арқылы карточка/лардың қайта шығарылуын қамтамасыз етеді.

    1. Клиент карточканың әрекет ету мерзімінің аяқтауына байланысты карточка/ларды қайта шығаруды қаламайтын жағдайда, клиент/карточка ұстаушысы клиенттен алынған тиісті жазбаша өтінішпен Банкке хабарласуға және әрекет ету мерзімі аяқталған карточка/ларды өткізуге міндетті.

    2. Әрекет ету мерзімінің аяқталуына байланысты, сонымен қатар жоғалу/ұрлану себептеріне байланысты карточка/ларды жаңа мерзімге қайта шығару клиенттің мөрімен куәландырылған қол қою құқығына ие клиенттің уәкілетті тұлғасының қолы қойылған фирмалық бланкіде ресімделген клиенттің хатының негізінде жүзеге асырылады.

    3. Клиенттің нотариалды куәландырылған сенімхат болған жағдайда, карточка/ларды жоғалу/ұрлануы бойынша бұрынғы мерзімге қайта шығару карточка ұстаушысының карточканы қайта шығару туралы өтінішінің негізінде жүзеге асырылады.

    4. Карточканы қайта шығару кезінде төлем клиенттің Банк кассасына комиссия төлеу (Банктің белгіленген тарифтеріне сәйкес) немесе шоттан ақшаларды акцептісіз тәртіпте өндіріп алу арқылы (қалдық қалған жағдайда) жүргізіледі.

    5. Қайта шығарылған карточканы алу үшін карточка ұстаушысы Банкке карточка ұстаушысымен қол қойылған және Банктің бөлімшесінде тіркеуден өткен төлем карточкасын қайта шығару туралы өтінішті, жеке басты куәландыратын құжатты, клиентпен карточка ұстаушысына берілген сенімхатты ұсыну және Банктің карточканың оны ұстаушымен алынғандығын куәландыратын құжатына қол қоюы керек.




  1. Карточкаларды оқшаулау

    1. Карточканы оқшаулау төмендегідей жүзеге асырылады:

  • клиенттің шотында орналастырылған ақшаларға өкім жасауға шектеулер қоймау арқылы – бұдан әрі карточканың ұрлануы/жоғалуына байланысты жазбаша өтініштерді міндетті түрде ұсынудың негізінде, сонымен қатар үшінші тұлғалардың клиенттің шотына рұқсат етілмеген қолжетімділігі жағдайында.

  • клиенттің шотында орналастырылған ақшаларға өкім жасауға шектеулер қою арқылы – Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған процедураларға сәйкес және/немесе осы Шартпен қарастырылған басқа да жағдайларда мемлекеттік органдар және/немесе лауазымды тұлғалардың шоттар бойынша шығыс операцияларын кідірту, шоттағы ақшаларды қамауға алу туралы шешімдері/қаулыларының негізінде.

    1. Төмендегі жағдайларда Банк өзінің бастамасы бойынша осы Шарттың аясында шығарылған карточка/ларды оқшаулауға құқылы.

  • клиент/карточка ұстаушысы осы Шарт және/немесе Қазақстан Республикасының талаптарын бұзса;

  • Банктің пікірі бойынша клиент/карточка ұстаушысы, Банк және/немесе үшінші тұлғаның шығындарына әкелетін жағдайлар болса;

  • клиент/карточка ұстаушысымен рұқсат етілмеген карточкалық операциялардың жүргізілу қаупі төнсе;

  • карточка және/немесе шот алаяқтық операциялар, ақшалардың заңдастырылуы (жасырынуы) және/немесе лаңкестік және/немесе басқа да заңға қайшы қызметті қаржыландыру үшін қолданылатындығы туралы күдіктер жеткілікті деңгейде болса;

  • клиент/карточка ұстаушысы жол берілген овердрафттар немесе Банк алдындағы басқа да кез келген берешекті өтемесе (қайтармаса);

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына осы Шарт бойынша операцияларды шектейтін өзгерістер енгізілсе.

    1. Аталған жағдайларда карточканы оқшаулаудан шығаруды Банк оның оқшаулануына әкелген негіздемелер болмаған жағдайда жүргізеді.

    2. Клиент Банктің онымен/карточка ұстаушысымен белгілі бір карточкалық операциялардың (онда карточка ұстаушысының қатысуы немесе қатыспауы) легитимділігін анықтау үшін жедел түрде байланысуына қажетті маңызды байланыс нөмірлерін ұсынуға міндетті.


    1. Осы Шарттың талаптарына сәйкес, сонымен қатар кез келген негіздемелер бойынша (клиент пен карточка ұстаушысының арасында еңбек қатынастарының тоқтатылуы, өлімі және т.б.) карточка ұстаушысының карточканы пайдалану өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда, Клиент Банкке карточканы оқшаулау немесе күшін жою туралы дереу жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

    2. Жоғалу/ұрлану/ карточканың уәкілетті емес тұлғамен қолданылуы жағдайында клиент/карточка ұстаушысына ауызша, одан кейін міндетті түрдегі карточканы оқшаулау туралы жазбаша талаппен (әрі қарай - Талап) хабарласу керек:

  • Банкке (ОМжТКҚБ телефон соғу арқылы) немесе Банктің кез келген филиалына карточка ұстаушысының орналасқан жері бойынша жеке хабарласу;

  • Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде болу себебінен Банкпен хабарласу мүмкін болмаған жағдайда, ХТЖ-нің ғаламдық қолдау қызметіне хабарласу.

7.7. Талапта келесілер көрсетіледі: карточка ұстаушысының тегі, аты, әкесінің аты, қосымша ақпарат: оның туған күні, карточканың нөмірі мен әрекет ету мерзімі, карточканың оқшаулану себебі, байланыс деректері – мекенжайы және телефон нөмірі.

7.8. ОМжТКҚБ Талапты талаптың тіркеу нөмірін, күні мен хабарласу уақытын, хабарласқан тұлғаның аты-жөнін, карточка нөмірін, оқшаулау мәртебесін көрсетумен «ОМжТКҚЮ қызметімен карточкаларды оқшаулау және оқшаулаудан шығару журналында» тіркейді және карточканы оқшаулауды жүргізеді.

7.9. Талапты Банк филиалы немесе ХТЖ ғаламдық қолдау қызметіне берген жағдайда – карточканы оқшаулау ОМжТКҚБ тіркелгеннен кейін 20 минут өткеннен соң күшіне енеді.

7.10. Ауызша түрдегі талап Банкке ауызша талап күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күнінің ішінде ұсынылатын карточка ұстаушысының жазбаша өтінішімен расталады. Карточка ұстаушысы шетелде болған немесе белгіленген мерзімде Банкке келудің мүмкін болмауының басқа да себебі болған жағдайда, карточка ұстаушысы/клиент үш сағат өткеннен кейін телефон арқылы ОМжТКҚБ қайтадан хабарласады, шетелден келгеннен соң немесе алғашқы мүмкіндік болған уақытта Банкке талапты растайтын жазбаша өтініш ұсынады.

7.11. Клиент онымен/карточка ұстаушысымен жоғалған/ұрланған карточканы мерзімінде оқшауламау бойынша Банкке келтірілген шығынның толық мөлшерінде жауапкершілік көтеретіндігімен келіседі.

7.12. Карточка ұстаушысы карточка оқшаулау күшіне енгенге дейін жүзеге асырылған карточкалық операциялар үшін тәуекел мен жауапкершілікті алатындығымен келіседі және карточканы оқшаулау күшіне енгеннен кейін аталған жауапкершіліктен босатылады.

7.13. Клиент жоғалған/ұрланған карточкалардың ішінара оқшаулануы бойынша тәуекел мен жауапкершілікті көтереді.

7.14. Карточка ұстаушысының жазбаша өтінішінің негізінде Банк карточканы оқшаулағаннан кейін жаңа нөмір мен PIN-кодпен бірге шот бойынша жаңа карточка шығарылады.

7.15. Бұрын жоғалған деп мәлімделген карточка анықталған жағдайда, клиент/карточка ұстаушысы дереу бұл туралы Банкке хабарлауы, одан кейін карточканы Банкке қайтаруы керек.

7.16. Егер келесі іс-әрекеттер Банкпен карточка ұстаушысының кінәсінен орындалған жағдайда, клиент Банкке сөзсіз тәртіпте карточканы шығаруғ оқшаула, стоп-параққа енгізумен байланысты барлық шығындарды өтеуге міндетті.

7.17.карточка ұстаушысы/клиентпен бұрын жоғалған/ұрланған/уәкілетті емес тұлғамен қолданылған деп мәлімделген карточканы оқшаулаудан шығаруды Банк клиенттің жазбаша өтінішінің негізінде жүзеге асырады.

7.18.Стоп-параққа енгізілген карточкалар оқшауланбайды.




  1. Карточкалық операцияларды жүргізу тәртібі

    1. Карточка ұстаушысы карточканы төлемді жүзеге асыру, сонымен қатар қолма-қол ақшаларды алу, валюта айырбастау және Банкпен анықталған шарттарда басқа да операцияларды жүргізу үшін қолданады.

    2. Шотта қаражат жеткілікті болған жағдайда, Банк шоттан бенефициардың пайдасына ақшаларды Банкке клиенттен аударым туралы жазбаша өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде аударады.

    3. Банктің ЭТЖ-мен есеп айырысу валютасы теңге/АҚШ доллары/еуро болып табылады. АҚШ доллары/еуродан өзге валютадағы ХТЖ арқылы жасалған карточкалық операцияның сомасы Банкпен осы карточкалық операция бойынша есеп айырысу күні ХТЖ-мен белгіленген бағам бойынша АҚШ доллары/еуроға айырбасталады.

    4. Егер шот АҚШ доллары/еуродан өзге валютада жүргізілетін болса және карточкалық операция ХТЖ арқылы жасалған жағдайда, Банк Банкпен шоттан ақшаны өндіріп алу күнінде белгіленген АҚШ доллары/еуро бағамы бойынша карточкалық операция сомасына тең шотты жүршізі валютасында шоттан ақшаны сөзсіз тәртіпте өндіріп алады.

    5. Қазақстан Республикасының аумағындағы сауда және сервис кәсіпорындарында жүргізілген карточкалық операциялар тек қана теңге бойынша жүргізіледі. Егер шот АҚШ доллары/еурода жүргізілетін болса, Банк Банкпен шоттан ақшаны өндіріп алу күнінде белгіленген бағам бойынша теңге арқылы карточкалық операциясы сомасына тең сомада АҚШ доллары/еуро бойынша шоттан ақшаларды сөзсіз тәртіпте өндіріп алады. Карточка ұстаушысына Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде картотека бойынша қызмет көрсетілетін жағдайда, карточкалық операциялар тиісті ХТЖ және/немесе эквайер арқылы жүзеге асырылады.

    6. Шотты ақшалай толықтыру клиент/карточка ұстаушысымен немесе үшінші тұлғалармен қолма-қол ақшалар арқылы немесе қолма-қол ақшасыз тәртіпте шотақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудару арқылы жүргізіледі. Банк тиісті деректемелерді көрсетумен, Банк барлық қажетті құжаттарды алған және ұстаушының дұрыс деректемелерді көрсеткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде оған келіп түскен ақшалай қаражаттарды карточка ұстаушысының пайдасына аударады.

    7. Осы Шарт арқылы клиент Банкке оған клиенттің пайдасына бұдан әрі айырбасталған соманы оның шотына есепке алу арқылы шотты жүргізу валютасынан өзге валютадағы келіп түскен ақшаларды айырбастау бойынша өкілеттіктерді береді. Айырбастау Банкпен айырбастау күнінде белгіленген бағам бойынша жүзеге асырылады. Айырбастауды жүргізу үшін Банк айырбастау уақытындағы Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес комиссия ұсталады.

    8. Клиент/карточка ұстаушысының сұратуы бойынша Банк клиенттің өтінішінің негізінде Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес сұратылып отырған кезең үшін шот бойынша үзінді ұсынада. Карточка ұстаушысына шот бойынша үзінді клиенттен нотариалды куәландырылған сенімхат алынған жағдайда беріледі.

    9. Өзіндік қызмет көрсету режимінде карточкалық операцияларды жүзеге асыру барысында карточка ұстаушысы қолданылатын техникалық құрылғылардың (Банкоматтар, «Cash & Pay» және т.б.). нұсқаулықтарын қатаң түрде сақтауға міндеттенеді.

    10. Банк жүргізілген карточкалық операциялары, Банктің төлем жасалмаған комиссиялары, қате аударылған ақша, клиенттің Банк алдындағы кез келген берешегі, оның ішінде клиент/карточк аұстаушысының овердрафттары бойынша берешегінің сомаларын осы шарт бойынша немесе клиенттің Банкте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ашылған басқа да шоттарын тікелей дебеттеу арқылы өндіріп алады. Шотта ақша болмаған жағдайда, Банк карточкалық операциялары, Банктің төлем жасалмаған комиссиялары, қате аударылған ақша, клиенттің Банк алдындағы кез келген берешегі, оның ішінде клиент/карточка ұстаушысының овердрафттары бойынша берешегінің сомаларын – клиенттің Банкте, сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлердегі банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер және/немесе ұйымдарда ашылған кез келген басқа да шоттарынан клиент/карточка ұстаушысының шотына акцептісіз тәртіпте орындалатын төлем талап-тапсырмаларын қою арқылы өндіріп алуға құқылы болады.

    11. Карточкалық операциялар жүргізу үшін шотта қаражаттың жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында клиент Банкке карточканы оқшаулау күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге авторлау сомасына ақшаларды оқшаулау өкілеттіктерін береді.

    12. Авторлау сомасы осы Шартпен қарастырылған негіздемелер бойынша оны шоттан шығрып алғанға дейін немесе Банк авторлау сомасына карточка операциясының орындалмағандығы туралы растаманы алғанға дейін шығынлар лимитінен есептен шығарылады.




  1. Карточкалық операциялар бойынша лимиттер және шектеулер

    1. Клиент карточка ұстаушысы/ұстаушылары үшін белгіленген кезең үшін ақшалардф пайдалану лимитін белгілеуге, сонымен қатар бұл турал Банккеөзгертудің болжамды күнінен 5 (бес) жұмыс күні бұрын алдын-ала хабарлау арқылы карточка/лар бойынша лимиттердің мөлшерлерін өзгертуге құқылы.

    2. Карточка ұстаушысы/ұстаушыларынан және/немесе уәкілетті тұлғалардан жіберілетін Клиентпен карточка ұстаушысы үшін лимитті шығару/өзгерту/шектеу бойынша сұратулары – клиенттен белгіленген үлгідегі өтінішті алынбаған жағдайда Банкпен қарастырылмайды.

    3. Банк берілген төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын төлемдер сомасына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін шектеулер қоюға құқылы. Банк карточкалардың барлық түрлері үшін қолма-қол ақшасыз нысанда және 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшеріндегі қолма-қол ақшаларды шығару үшін шығыс операцияларының күніне тәуліктік лимитін (әрі қарай – Тәуліктік лимит) белгілейді, оның ішінде:

  • Карточка ұстаушысы банкоматтар мен Банктің бөлімшелері арқылы қолма-қол ақшаларды шығарған уақытта «Visa Business/MC Business» карточкалары бойынша күніне 500 000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде шектеу белгіленеді.

  • Карточка ұстаушысы банкоматтар мен Банктің бөлімшелері арқылы қолма-қол ақшаларды шығарған уақытта «Visa Business Electron» карточкалары бойынша күніне 400 000 (төрт жүз мың) теңге мөлшерінде шектеу белгіленеді.

    1. Клиент/карточка ұстаушысы карточканы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін операцияларды жүзеге асыру мақсатында қолданған жағдайда, Банк қолма-қол ақшаларды шығару лимитін арттыру және/немесе карточка бойынша қолма-қол ақшасыз операцияларды жүргізуден бас тартуға құқылы.




  1. Банк қызметтерін төлеу тарифтері және тәртібі

    1. Банк комиссиялары қолданыстағы тарифтерге сәйкес және Банкпен белгіленген тәртіпте алынады.

    2. Тарифтер клиенттің танысуы үшін кез келген уақытта Банктің барлық бөлімшелерінде және Банктің Интернет желісіндегі www.bta.kz. мекенжайы бойынша сайтында қолжетімді болады.

    3. Осы Шарттың аясында карточканың жылдық қызмет көрсетуі бойынша төлем төмендегі әдістер арқылы жүзеге асырылады:

  • клиенттің ағымдағы шотынан қолма-қол ақшасыз төлем (аударым) арқылы;

  • клиенттің карточка шығарылған шоты бойынша ақшаларды акцептісіз тәртіпте өндіріп алу арқылы:

  • Банктің кассалары арқылы қолма-қол ақшаларды енгізу арқылы.

Карточканың жылдық қызмет көрсетуі бойынша жылдық төлемді Банк карточка шығарылған күні жыл сайын/ай сайын алып отырады.


  1. Тараптардың жауапкершілігі

    1. Міндеттемелерді орындамау осы Шарт бойынша қызметке тыйым салатын немесе шектейтін: апаттық жағдайлар, әлеуметтік, климаттық катаклизмдер, әрекеттер, билік органдары мен лауазымды тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешімдерінің негізінде орын алған жағдайда, сонымен қатар Банктің кінәсінен тыс орын алған қызмет көрсету жүйесінің тоқтауы, сонымен қатар техниканың істемей қалуы, бағдарламалық қамтамасыз ету мен Тараптарға қатыссыз себептермен деректерді жіберудегі іркілістер салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы/тиісті түрде орындалмауы бойынша жауапкершілік көтермейді. Осы Шартпен қарастырылған тежеусіз күш жағдайлары орын алған жағдайда, Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі аталған жағдайлар жалғасатын уақытқа қарай кейінге қалдырылады.

Клиент/карточка ұстаушысы төмендегілер үшін жауапкершілік көтереді:

    1. Карточканы тиісті түрде қолданбау және/немесе осы Шарттың кез келген басқа да талаптарын орындалмауы, тиісті түрде орындалмауы үшін Банкке және/немесе үшінші тұлғаларға тиген толық залал көлемінде;

    2. Карточка ұстаушы/ларының карточканы қолдану талаптарын және осы Шарттың басқа да шарттарын орындамауы немесе тиісті түрде орындамауы үшін Банкке және/немесе үшінші тұлғаларға тиген толық залал көлемінде;

    3. Клиент/карточка ұстаушы/лары Банкке карточканың жоғалғандығы немесе уәкілетті емес тұлғамен пайдаланылғаны және Банкпен карточканың оқшауланғандығы туралы хабарлағанға дейін Банк және/немесе үшінші тұлғаларда үшінші тұлғалардың карточканы рұқсатсыз пайдалануы нәтижесінде туындаған шығындар;

    4. Үшінші тұлғаларға PIN-код нөмірі мен карточка деректемелерін (CVV – код, әрекет ету мерзімі, кодты сөз, карточка нөмірі) жариялағаны үшін Банкке және/немесе үшінші тұлғаларға тиген толық залал көлемінде;

    5. Осы Шартқа сәйкес Банкке ұсынылған ақпараттың толыққандылығы мен шынайылығы үшін. Клиент 5 (бес) күнтізбелік күн мерзімінің ішінде Банкке карточка ұстаушысының өтінішінде немесе онымен Банкке ұсынылған құжаттарда берілген ақпараттың, мәліметтердің, деректемелердің, инициалдардың және т.б. кез келген өзгерісі туралы хабарлауға міндеттенеді. Дұрыс емес немесе толық емес ақпарат ұсынылған жағдайда, карточка ұстаушысы Банкке осымен байланысты туындаған шығынды толық көлемде өтеп береді;

    6. Жоғалған/ұрланған карточканың мерзімінде оқшауланбауы, сонымен қатар шотқа рұқсат етілмеген қолжетімділік жасаған жағдайларында Банкке келтірілген шығындардың толық көлемі бойынша;

    7. Банкке овердрафттар, шотқа қате есепке алынған ақшаларды қайтармау/мерзімінде қайтармау жағдайында қайтарылмаған/мерзімінде қайтарылмаған соманың мөлшерінде, сонымен қатар әрбір қайтаруды кешіктірген күн үшін Банкке қайтарылмаған ақша сомасынан 0,1% мөлшерінде есептелетін өсімпұлды есепке алумен;

    8. Клиент/карточка ұстаушысына осы Шартты бекіту мен орындаумен байланысты белгілі болған Банк туралы құпия ақпараттың жарияланғаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйекс мұндай ақпаратты жариялау салдарынан Банкте туындаған залалдардың толық көлемі бойынша;

    9. Карточка ұстаушысымен осы Шартта қарастырылған тәртіпте ұсынылған өтінішке сәйкес Банктің карточка операциясы бойынша Тәуліктік лимитті арттыру/алып тастау нәтижесінде Банкте туындаған залалдар үшін Банкту туындаған шығындардың толық көлемі бойынша.

    10. Дұрыс PIN-кодты,енгізу арқылы жүргізілген кез келген операция карточка ұстаушысымен жасалған болып есептеледі және шағым жасауға болмайды.

Банк төмендегілер үшін жауапкершілік көтереді:

    1. Банк осы Шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) үшінші тұлғаларға шеттететін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Банктің үшінші тұлғаларға шоттың болуы, ақша қалдығы, шот бойынша ақшалардың қозғалысы туралы ақпаратты жариялауы.

    2. Клиенттің пайдасына түскен ақшаларды шотқа есепке алуды кешіктіру (Банк барлық қажетті және тиісті түрде ресімделген төлем және басқа да құжаттарды алған жағдайда), сонымен қатар Банкке осы Шартқа сәйкес карточка ұстаушысының берген нұсқауларын орындауды кешіктіру.


Банк төмендегілер үшін жауапкершілік көтермейді және клиент келіседі:

    1. Карточка қандай да бір үшінші тұлғамен төлеуге қабылданбаса;

    2. Карточка ұстаушысының келген еліндегі валюталық шектеулер, сонымен қатар банкоматтар мен банк бөлімшелеріндегі қолма-қол ақшаларды алу сомаларына белгіленген шектеулер қандай да бір деңгейде карточка ұстаушысының мүдделерін қозғаса;

    3. Карточка бойынша сатып алынған, содан кейін сауда және сервис кәсіпорнына қайтарылға тауар үшін Банк тауардың құнын тек қолма-қол ақшасыз тәртіпте, ақшаларды клиенттің шотына есепке алу арқылы, сауда және сервис кәсіпорнының кредиттік чегі/слипінің негізінде өтейді.

    4. PIN-код немесе кодты сөз үшінші тұлғаларға Банктің кінәсінсіз белгілі болған жағдайда.

    5. ХТЖ мен сауда және сервис кәсіпорны/қолма-қол ақшаларды беру пунктінің арасында байланыс болмаса, соның салдарынан карточкалық операция жүргізу туралы сұрату Банкке түспеген жағдайда.

    6. Карточкаларға қызмет көрсету пункті Банктің авторлау туралы жауабын алмаған жағдайда.

    7. Карточка ұстаушысының жоғалған/ұрланған карточканы мерзімінде оқшауламауының салдары үшін, сонымен қатар үшінші тұлғалардың шотына рұқсат ену жағдайында;

    8. Уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылған актілерінің негізінде ақшалар қамауға алынған немесе шот бойынша операциялар кідіртілген уақытта шот бойынша карточкалық операция жүргізу мүмкін болмаған жағдайда;

    9. Оларды Банк тікелей бақылай алмайтын ХТЖ, электронды құрылғылар, банкоматтар қызметінде іркіліс болғанда, соның нәтижесінде:

  • Эквайермен жүргізілген авторланған сұрату Банкпен алынбады;

  • Банкпен жіберілген авторланған жауап Эквайермен алынбады.

    1. Банктің қызмет көрсету желісіне жатпайтын қолма-қол ақшаларды беру пунктерінің карточка бойынша қолма-қол ақшаларды бергендігі үшін қандай да бір қосымша сыйақы, комиссияларды (Банк тарифтеріне жатпайтын) алуы.

    2. Банк пошта және/немесе телефон тапсырыстары арқылы карточканы (оның деректемелерін) тауарлар және/немесе қызметтерді Интернет арқылы қызметтерді төлеу үшін пайдалана отырып жүргізілген карточкалық операциялар бойынша жауапкершілік көтермейді және ондай шағымдарды қарастыруға қабылдамайды.

    3. Үшінші тұлғалармен қамтамасыз етілетін, пайдаланылатын және/немесе қызмет көрсетілетін жабдық, электр энергиясын және/немесе байланыс пен желі тораптарын берумен байланысты қандай да бір апаттар, жүйедегі іркілістер үшін жауапкершілік көтермейді.

    4. Банктің келесілерге қатысы жоқ: клиент пен карточка ұстаушы/лары арасындағы барлық дауларға; клиент/карточка ұстаушы/лары мен бенефициар арасында барлық дауларға.




  1. Даулар және келіспеушіліктер

    1. Тараптар Банк пен клиенттің арасында осы Шартты іске асыру барысында туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктердің ерікті түрде және өзара келісім принциптері арқылы реттелеуі үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Банк пен клиент арасындағы даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жүргізу арқылы шешілмеген жағдайда, аталған мәселелерді шешу Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған тәртіпте Қазақстан Республикасының сот органдарының қарауына жіберіледі.

    2. Осы Шартпен қарастырылмаған басқа барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.




  1. Басқа шарттар

    1. Осы Шратқа барлық өзгертулер мен толықтырулар олар жазбаша түрде құрылған және Тараптармен қол қойылған жағдайда жарамды болып есептеледі.

    2. Шарт оған Тараптар қол қойған уақыттан бастап күшіне енеді және шот жабылғанға дейін әрекет етеді.

    3. Банк Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда немесе клиен Шарт бойынша міндеттемелерін қатаң түрде бұзған жағдайда бұл туралы клиентке Шартты бұзудан 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрін хабарлау арқылы кез келген уақытта бұзуға құқылы. Аталған жағдайда Банктің карточкаларды қайта шығаруы жүзеге асырылмайды және карточкалар Банкпен көрсетілген Шартты бұзу күні күштерін жояды. Клиент Банк алдындағы берешегін Бантің хабарламасында көрсетілген Шартты бұзу күнінен кемінде 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын өтеуге міндеттенеді. Клиент Шарттың осы тармағымен қарастырылған міндеттерді орындамаған жағдайда, Шарт белгілі бір бөлігінде клиент Шарт бойынша өз міндеттемелерін толығымен орындағанға дейін әрекет етеді.

    4. Клиент бұл туралы Банкке Шартты бұзудың болжамды күнінен кемінде 30 (отыз) жұмыс күні бұрын хабарлау арқылы осы Шартты бұзуға құқылы. Бұл жағдайда Банк карточканы қайта шығармайды және карточкалар клиетпен көрсетілген Шартты бұзу күні күштерін жояды. Шартты бұзу туралы жазбаша хабарлама бере отырып, клиент Банкке Шартқа сәйкес шығарылған барлық карточкаларды қайтарады. Банкке Шартты бұзу туралы жазбаша хабарлама беру уақытында клиент Банкке шот бойынша шығарылған карточкаларды түгел қайтармаса, клиенттің Шартты бұзу туралы жазбаша хабарламасы Банкпен қайтарылмаған карточкалар оқшауланған, клиент оларды оқшаулау сомасын төлеген және Банк қызметкері оларду оқшаулай айғақтарын тексергеннен кейін ғана қабылданады. Клиент Банк алдындағы берешегін онымен Банкке Шартты бұзу туралы хабарлама келіп түскен күннен бастап кемінде 5 (бес) күнтізбелік күннің ішінде өтеуге міндеттенеді. Клиент Шарттың осы тармағымен қарастырылған міндеттерді орындамаған жағдайда, Шарт белгілі бір бөлігінде клиент Шарт бойынша өз міндеттемелерін толығымен орындағанға дейін әрекет етеді.

    5. Қазақстан Республикасының валюталық және/немесе басқа да заңнамасына сәйкес карточкалық операция жүргізу үшін клиент/карточка ұстаушысының қосымша құжаттар (лицензиялар/тіркеу куәліктері/хабарлама туралы куәліктер және т.б.) ұсынуы талап етілсе, клиент аталған құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзім мен тәртіпте ұсынуға міндеттенеді.

    6. Клиент Банкке Қазақстан Республикасының валюталық және/немесе басқа да заңнамасымен белгіленген негіздемелер бойынша және соның шектерінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен басқа да мемлекеттік органдарға клиент/карточка ұстаушысымен жүргізілген карточкалық операциялар туралы ақпарат ұсыну құқығын береді.

    7. Шарт қазақ және орыс тілдерінде 2 данада жасалды және әрбір Тарапқа бір данадан беріледі. Шарттың қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаларының арасында айырмашылықтар болған жағдайда, Шарттың орыс тілінде жасалған нұсқасы басым күшке ие болады.


  1. Тараптардың заңды мекенжайлары мен төлем деректемелері:

Банк:

Клиент:

«БТА Банкі» АҚ

Қазақстан Республикасы, 050051,



Алматы қ., Самал-2 ы/а., Жолдасбеков к-сі, 97





Қолы, МО
______________________


Қолы, МО
______________________



201_ж. _________№ ____ корпоративтік дебеттік карточкаларды беру және қолдану тәртібі туралы шартқа №1 Қосымша
Клиенттің нұсқауы бойынша Банк келесі шарттарда карточка ұстаушыларына корпоративтік дебеттік карточкаларды шығарады:




Карточка ұстаушысының аты-жөні

Карточка ұстаушысының СТТН

Карточканың нөмірі

Карточканың типі

Карточканың әрекет ету мерзімі

Ақшаларды пайдалану лимиті

1.



















2.



















3.



















4.



















5.



















6.



















7.



















8.



















9.



















10.



















11.



















12.






















Банк:

Клиент:

«БТА Банкі» АҚ

Қазақстан Республикасы, 050051,



Алматы қ., Самал-2 ы/а., Жолдасбеков к-сі, 97












Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет