1 Өткізілген күні: 2013 жылдың 28 қазаны



Дата13.06.2016
өлшемі33.48 Kb.
#133454
Атырау облысының әкімшілік аудан орталықтары: Құлсары қаласы, Махамбет, Аққыстау, Ганюшкин және Миялы селоларының аумақтық дамуын анықтайтын «Бас жоспар» жобасындағы «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бойынша өткен қоғамдық тыңдау

хаттамасының жобасы

1
Өткізілген күні: 2013 жылдың 28 қазаны

Өткізу орны: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі 77, мәжіліс залы
Қоғамдық тыңдау: Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасымен ұйымдастырылады.

Қоғамдық тыңдауды өткізу туралы ақпарат жұртшылыққа жоба материалдарының қағаз түріндегі нұсқасымен Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасына қарасты 318 кабинетте танысуға болатындығы және электрондық нұсқасы www.atyrau.gov.kz сайтында орналастырылғандығы туралы хабарландыру «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттерінің 8 қазандағы санында жарияланды.



Қатысқандар: тізімге сәйкес аудан әкімдері және сәулетшілер, қоғамдық өкілдері.
Тыңдаудың күн тәртібі: Атырау облысының әкімшілік аудан орталықтары: Құлсары қаласы, Махамбет, Аққыстау, Ганюшкин және Миялы селоларының аумақтық дамуын анықтайтын «Бас жоспар» жобасындағы «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімін талқылау.

Қоғамдық тыңдаудың регламенті:

Басты баяндама үшін берілетін уақыт: 30 минут

Сөз сөйлеушіге – 10 минут

Облыс әкімінің орынбасары Т.Шәкімов жиналысты ашып, қоғамдық тыңдаудың төрағасы мен хатшысын тағайындады.

Қоғамдық тыңдаудың төрағасы: Әбуғалиев Сүйншбек Құрманбайұлы – «Адай Петролеум Компани» ЖШС-ның бас директоры, V шақырылған облыстық мәслихаттың депутаты, Экология, қоршаған ортаны қорғау, агроөнеркәсіп және ауылшаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі.

Қоғамдық тыңдаудың хатшысы: Хадимова Гауһар Хадимқызы – Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы, Сәулет бөлімінің бас маманы.

Төраға Атырау облысының әкімшілік аудан орталықтары: Құлсары қаласы, Махамбет, Аққыстау, Ганюшкин және Миялы селоларының аумақтық дамуын анықтайтын «Бас жоспар» жобасындағы «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бойынша қысқаша хабарлама оқыды.

«Бас жоспар» жобасындағы «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бойынша «Казгипроград»1 Жобалау институты» ЖШС-ның бас-инженер – экологы Ж.Г.Заридзе баяндады.

Қоғамдық өкілдерінің ұсыныстары мен ескерту мәселелері:



  1. Сұрақ – Қуанов Б.О.: Жайық өзеніне жақын орналасқан Махамбет селосының жағысын бекіту немесе тұрғын үйлерді көшіру жұмыстары Бас жоспарда қаралған ба?

Жауап: Махамбет селосының аумағында судан қорғану бөгеті бар, жағаны бекіту жұмыстары бойынша шаралар қаралған, су қорғау белдеуінде орналасқан мекемелер мен тұрғын үйлерді басқа жерге көшіру ұсынылды.

  1. Сұрақ – Қуанов Б.О.: Бас жоспарда Құлсары қаласының Құрсай өзені бойындағы тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттарды судан қорғанудың алдын-алу шаралары қаралған ба?

Жауап: Бас жоспарда «Аймақты инженерлік дайындау» бөлімінде тұрғын үй және өнеркәсіп аймақтарын жер асты, су тасқыны және үстіңгі ағынды су басудан қорғауға бағытталған шаралар мен ұсыныстар кешені жасақталған.

  1. Сұрақ – Қуанов Б.О.: Бас жоспарда Миялы селосының Ойыл өзенінің көктемгі су тасқыны кезінде бұрыннан бар көпірді бұзудан қорғайтын шаралар қаралған ба?

Жауап: Ойыл өзенінде орналасқан бұл көпір Миялы селосынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан. Бас жоспарда «Аймақты инженерлік дайындау» бөлімінде су тасқыны басудан аймақты қорғауға бағытталған шаралар мен ұсыныстар кешені жасақталған (күшейтілген бөгет құрылысы, өзен түбін тазарту жұмыстарын мамандандырылған мекемемен жүргізу және т.б.).

  1. Сұрақ – Жаудин Т.Х. – 2 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын көшіру қай аудандарда қаралған? Көшіру себебі неде?

Жауап: Бас жоспарда Ганюшкин және Миялы селоларының ҚТҚ полигонын көшіру ұсынылған. Ганюшкин селосы бойынша тұрғын үйлерге дейін санитарлық-қорғаныш аймағынының санитарлық ережелерге сәйкес келмеуіне байланысты, оңтүстік-шығыстан солтүстік батысқа нормативтік санитарлық қорғаныш аймағын қамтамасыз етіп Шароновка өзенінен жеткілікті қашықтыққа көшіру ұсынылған. Миялы селосының ҚТҚ полигоны орналасқан жерден оңтүстікке қарай көшіру ұсынылды.
Талқылау қорытындысы бойынша негізгі тұжырымдар:

«Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бойынша келіспеушіліктер жоқ, барлық ұсыныстар мен ескертулер жұмыс барысында ескерілсін.




Тыңдалым төрағасы:
Тыңдалым хатшысы:

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет